Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақша теориясы

ры тұтастай көлемінің 70 %-дан астамы тек Ресеймен ғана жасалынуымен деп бағамдай беріңіз. Осындай жағдайда біздің рубль аймағынан бірден шығып кетуіміз өнеркәсібімізді өз қолымызбен тұншықтырумен теңеді. Осыған байланысты шамалы да болса уақыт ұтуымыз керек болды. Әрине Ресейдің өз валютасын енгізуге деген талпынысын біз Қазақстанға байланысты рыноктарын оңтайландырып жаққанынан-ақ біліп отырдық. Оның өз қазба байлықтары рыногына қарай икемделуі Қазақстаннан жөнелтілетін тауар көлемін күрт кемітетінінде алдын- ала есептедік. Сондықтан бізге басқа рыноктар тапқанша уақытты соза түсу тиімдірек болды.

Енді теңгені құпия жағдайда жасаудың таза техникалық себептеріне келсек. КСРО тарап, егемендігін алған 15 елдің ішінде 1992 жылы Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана рубль аймағын сақтап қалды. Қалған 11-нің түгелге жуығы өздерінің ұлттық валюталарын енгізіп үлгерген болатын. Осы жерде біз Кеңес Одағының валютасынан бас тартып, өз ақшамызды шығаратынымызды ашықтан-ашық жария еткенімізде, бұрынғы одақтас республикалар аумағында жарамсыз болып қалған миллиардтаған ескі ақшалар елімізге құйылатын еді. Ал оның соңы өмірге жаңа келген теңгеміздің  құнын бірден жоғалтып, апатқа әкеп соқтыратыны анық еді.

-1992 жылдың қаңтарында  Елбасының тікелей тапсырмасымен ұлттық валютаны дайындауға кіріскенімізде, бірінші кезекте жаңа ақшаның аты қандай болады деген мәселе тұрды. Соған байланысты тарихшылардың, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің,  ақын-жазушылардың көптеген ұсыныс пікірлері  жинақталды. Сарапқа салғанда, пікір білдірушілердің басым бөлігі "алтын",  "сом" және "теңге" деген атауларға тоқталған екен. Біз осы үш атаудың қайсысы ұлттық нышанымызды дәл айқындап, негізге сай бола алатыны туралы республика Ғылым академиясының ғалымдарымен ақылдастық. Академик ағаларымыз бастаған білгір ғалымдар теңгенің жүздеген жылдар бұрын Орталық Азия аумағында айналымда болғанын және археологиялық қазбалар арқылы дәл біздің еліміздің аумағында айналымда болғанын нақты деректер келтіреді.  Қазақтың  тарихы тым тереңде жатыр және ұлы адамдарға кенде емес. Ежелгі тарихымызда да айтулы тұлғалар аз еместігі  және тәуелсіздіктен кейін есімдері қайта жарыққа шыққан ел перзенттерінің ұлықтауға тұрарлық еді. Сонымен бірге біржақты кетіп қалмай белгілі адамдар бейнелері өмір сүрген ортасына  қарай қазақтың барлық өңірінен тең қамтылу қажет болды. Бұл ұлтымыздың  ішкі мәселесі десек, сыртқы саясатта елдегі орыс ұлтының құқықтарын ескеру, көрші Ресеймен достық  қарым-қатынасты қаперде ұстауымызға тура келді. Осы талаптар негізінде көне тарихымыздың жарық жұлдызы әлем мойындаған ғұламамыз Әл-Фараби, қазақты тұтас ұлт ретінде ұйыстырған  Абылай, абыз ақын Абай, дәулескер  күйші Құрманғазы, жыр сүлейі Сүйінбай және Ресей елі арасында байланыс орнатқан Әбілхайыр хан, қазақты орыс еліне танытқан Шоқан Уәлиханов сияқты бабаларымыздың портреттері бірауыздан қабылданды.

- Ұлттық валютаны алғаш енгізгенде әлемдік тәжірибе бойынша 1 теңгелікке классикалық номинация түрін жасадық. Ал барлық елдерде одан кейінгі  және  жүздің  сыртындағы валюталар елдің  экономикалық деңгейінің көрсеткішінің  анықтауышы қызметін атқарады. Сондықтан да  елде инфляция болған жағдайда олардың  айналымнан  шығып  қалуы табиғи құбылыс. Сондықтан да кейіннен жарыққа шыққан 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік купюрлерді шығарғанда ақша шығаратын мекеменің жаңа дизайнға шығын шығармауын есептеп  классикалық   негіз  ретінде  алынған  1 теңгеліктің  нұсқасы  қалдырылды. Әрі  Әл-Фараби  бабамыздың суретінің тұруы ешкімге ешқандай дау туғыза қоймас.

Теңгені  шығарар  алдында  біз алыс- жақын елдердің тәжірибелерін көп  зерттедік. Бізге уақытша валюта шығару тиімсіз болды. Осыған орай бірден  негізгі валютамызды шығаруға  тәуекел  еттік. Дизайн  жасаумен айналысқан еліміздің 4 азаматы әлемдегі ең мықты деген  валюталардың  қорғаныштық қабілетін зерттеді. Біз  үшін  теңгені  басу  басты шаруа емес еді. Теңге  Лондондағы кәсіпорында  небәрі  4 айда  басылып  шығарылды. Мемлекет  басшылығымен  оны  1 қыркүйекте   шығару  тапсырылды. Бірақ ол үшін алдын-ала көптеген маңызды міндеттерді  бітіріп  алуға  тиіс  едік.

Егер  ақша  дегеніміз  не деген  сауалға  жауап  іздесек,  онда  оның  қоғамда  үш  түрлі  негізгі  қызмет  атқаратынын  айтқан  жөн. Біріншіден, теңге  айналым  құралы болып  табылады, яғни  тауарлар мен  қызметтерді сатып  алу  мен  қайта сатуда  пайдаланылады. Бұл  базардағы ресурс иелері  мен  өндірушілердің  кез-келген  тауар мен қызметті  сатып  алуға  пайдалануына  мүмкіндік  беретін  өте  қолайлы  әлеуметтік  құрал. Теңге  айырбас  құралы  ретінде  қоғамды  баспа  бас  айырбастың  қолайсыздығынан  құтқарады. Тауар  айырбасына  қолайлы  жағдай  туғыза  отырып , ақша  қоғамға  географиялық  мамандану және  адамдар  арасындағы  еңбек  бөлінісі  жемістерін  пайдалануға  мүмкіндік  туғызады. Яғни  теңгенің  арқасында  біз  әлемнің  көптеген  елдерінен  тауар  ала аламыз.

Екіншіден, теңге  бағаның  өлшемі болып  табылады. Қоғам  ақшаны  түрлі  байлық пен ресурстар  бағасының  салыстырмалы  өлшемі ретінде  пайдалануды  қолайлы  көреді. Жолды  шақырыммен, салмақты килограммен  өлшейтініміз  сияқты  байлық  пен  қызмет  құнын  ақшамен  өлшейміз. Мұның  артықшылығы  айқын. Ақша  жүйесінің  арқасында біз  бір  тауардың  құнын  анықтау  үшін  оған  айырбасқа  жүретін  басқа  тауарды  іздестіріп  жатпаймыз. Мәселен, малдың  бағасын  астықпен,  мәшинемен, шаймен  немесе басқа  заттармен  өлшеп  шығарып  жатудың  қажеті  шамалы. Ақшаны  жалпы  атау  ретінде пайдалану, кез келген  өнімнің  құнын  ақша  арқылы  бағалау  деген  сөз. Оны  бұлайша  пайдалану  адамдарға  түрлі  тауарлар  мен  ресурстардың  салыстырмалы  бағасын  оңай  бағамдауға  мүмкіндік  туғызады. Мұндай  салыстыру  дұрыс  та тиімді  шешім  қабылдауды  жеңілдетеді. Яғни  ақшамен  жалпы  ұлттық  өнім  мөлшері  және  басқа да  экономикалық  көрсеткіштер, барлық  төлемдер  мен  қарыз,  несие  міндеттемелері  өлшенеді.

Үшіншіден, теңге  салым  құралы  ретінде  қызмет  етеді. Ақша  тауар  ретінде  пайдалануға  әлдеқайда  қолайлы, ол арқылы  байлықты  салым  ретінде  сақтау  ұтымды. Бұл  тұрғыдан  алғанда  ол  қозғалмайтын  мүліктер  (жеке меншік) және  бағалы  қағаздармен (акция,облигация,т.б.) қатар  байлықты молайту  құралы болып  табылады. Әдетте, ақша  деп  қолда  бар, айналыста  жүрген  металл және  қағаз  ақшалар,  сонымен  қатар  чектік  салымдар, яғни  банктегі , түрлі  сақтық мекемелеріндегі  чектер  түсініледі. Металл  және  қағаз  ақшалар  мемлекет міндеттемесі болса, ал  ағымдағы есеп  шоттар  коммерциялық  банктер мен сақтық  мекемелерінің  міндеттемелері болып  табылады. Сол  сияқты  ақшамен қатар  түрлі  қаржылық  міндеттемелер  формасы  ретінде  мемлекеттік  бағалы  қағаздар, т.б. өмір сүреді. Олар  тікелей қарым қатынас  құралы  қызметін  атқармағанымен , жедел  қолма қол  ақшаға  немесе  чекке  айнала  алады. Нарықтық  қарым  қатынастың  келешек  дамуына  орай  мұндай  міндеттемелердің  саны  мен  көлемі  өсе  түсетін  болады. Ақшаның  бағасы  немесе  сатып  алу  пәрмені  дегеніміз  сол  ақшаға  сатып  алуға  болатын  тауарлар  мен  қызмет  көлемі.

Тәуелсіз  еліміздің  экономикасын  тұрақтандыруда, экономикалық  өсу  мен  экономикалық – қаржылық тәуелсіздігімізді  қамтамасыз  етуде  ұлттық  валюта – теңгенің  рөлі  айтарлықтай.

Алғашқы  кезде  Теңгенің  бірінші  шығарылған  қатары  (1 теңге = 100 тиын) мынадай  номиналдардан  тұрады: 1, 3,  5,  10,  20,  50  және 100 теңгелік банкноттар,  1,  3,  5,  10,  20  теңгелік  монеталар,  1,  3,  5,  10,  20  және 50 тиындық  монеталар (бастапқыда  қағаздан  жасалған).

Кейіннен  айналысқа : 1994 жылы 1993 жылғы  үлгідегі  номиналы  200 теңгелік  және  1994 жылғы  үлгідегі  500 теңгелік  банкнотта

12345След.
скачать работу

Ақша теориясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ