Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақша теориясы

р;  1995 жылы  1994 жылғы үлгідегі  номиналы  1000 теңгелік  банкноттар;  1996  жылы  1996 жылғы  үлгідегі  номиналы  2000  теңгелік  банкноттар; 1997 жылы номиналы  1,  5,  10,  20,  50  теңгелік  монеталар (жаңа дизайны);  1999 жылы  1998 жылғы  үлгідегі  номиналы  5000 теңгелік  банкноттар;  2000 жылы  1999  жылғы  үлгідегі  номиналы  200 және  500  теңгелік  банкноттар (дизайны  өзгертілген).

2001 жылы:  2000 жылғы  үлгідегі  номиналы  1000 және  2000  теңгелік  банкноттар  (дизайн  өзгертілген);  2001  жылғы  үлгідегі  номиналы  100  теңгелік  банкноттар (дизайны  ішінара  өзгертілген);  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігінің  10 жылдығына  арналған  2001 жылғы  үлгідегі  5000 теңгелік  мерейтойлық  банкноттар;  2001 жылғы  үлгідегі  5000 теңгелік  банкноттар (дизайны  ішінара өзгертілген).

2002 жылы:  2003 жылғы  үлгідегі  номиналы  100  теңгелік  банкноттар;  1999 жылғы  үлгідегі  номиналы  200  және 500 теңгелік  банкноттар (дизайны  ішінара  өзгертілген ) шығарылды.

2003 жылы:  2003 жылғы  үлгідегі номиналы  10000 теңгелік  банкноттар.

1993  жылға  дейін  айналыста кеңес  рублі  болды, сонан соң  Ресей жаңа  рублін  енгізді.  1993 жылдың  күзінде  Қазақстан ТМД  елдерінің  ең  соңында  рубль  аймағынан  шықты. Ұлттық  валютаны  енгізу  туралы  Жоғарғы  Кеңес пен  Үкіметтің  бірлескен  қаулысы  қабылданды. Президенттің  Жарлығы  шықты. Осылайша,  1993 жылдың  15 қарашасы  төл  теңгеміздің  туған  күні  деп саналады.

Егер де бүгінгі  таңдағы  қаржылық  жүйеге , біздің  валютаға  келетін  болсақ,  қазіргі  кезеңде  теңге  нығайтылды деп айту  әлі  ерте.  Оның  бағамы  тек  тұрақтанды  деуге  болады.  1999 жылға  шейін  теңге  бағамын  жасанды түрде ұстап  тұрдық. Бірақ  басты  проблема  валюталық  бағамда емес. 1996-1998 жылдар  барлық  күш  инфляциямен  күреске  жұмсалды. Үкімет  теңгешілдік  саясатты жүргізе  отырып, ақша  тапшылығын  тудырды. [6,4 бет]

-Тәуелсіз  мемлекеттің  міндетті  рәміздерінің  бірі – оның  ұлттық  валютасы  болып  табылады. Кез-келген мемлекеттің  тарихына оның  бір-ақ  рет  енгізілетін  өз  валютасының  тарихы  да  кіреді. Басқа  көптеген  елдердің  ұлттық  валютасының  тарихы  сан  ғасырлар  бойы  қалыптасқан. Барлық  ұлттық  валюта  елдің  өткенін, бүгінгісін  және  болашағын  бейнелейді. Ал  теңгенің – Қазақстан Республикасы Ұлттық  валютасының  тарихы – Президенттің  1993 жылғы  15 қарашадағы  Жарлығынан  басталады. Алайда  сол  күнге  дейін  теңгенің  сыртқы  сипатын  жасау  бойынша  ұзақ жылдар  мен  айлар  бойы  қатарлы  еңбек пен  табанды  жұмыс  жүргізілген  болатын. Алғашқы  кезде  теңгенің  бірінші  шығарылған  қатары  мынадай  номиналдардан  тұрды 1,3,5,10,20,50 және 100  теңге. Бір  теңге  құны   1,2,5,10, 20  және 50  тиын  болатын  100  тиыннан  тұрды. Жеті  банкнот  жасау  үшін  Т.Сүлейменовтың  басшылығымен  суретші  дизайнерлер  командасы  құрылды. Оған  М.Әлин, А. Дүзелханов  кірді. Оларға  ерекше  әрі  өте  жауапты  жұмыс  жүктелді. Банкноттың  дизайны  көркемдік  жағынан  алғанда  эстетикаға  сай  әрі  алдағы  уақытта  оларды  көптеп  шығаруға,  яғни  полиграфиялық  басылым  тұрғысынан  алғанда  барынша  ыңғайлы  болуы  керек. Біріншіден, банкноттар  тарихи  тұжырымдама  тұрғысынан  алғанда  шын  мәнінде  қандай  болуы  керек  екенін  шешу  қажет  болды. Екіншіден, оларда  бейнеленген  тарихи  тұлғалардың  бет-әлпетін  барынша  дәл  түсіру  керек-тін.

Металл  ақша – ерекше  әрі  маңызды  тарихи  дерек  көзі. Олар  бүгінгі  күнге  тарихи  тұлғалардың  тұтас  бір  портреттік  галереясын,  түрлі ескерткіш  бейнелерді  алып  келді, олардағы  суреттерде  мифологиялық  сюжеттер, тұрмыс-салт  көріністері  бейнеленді.

1994  жылы  ұсақ  қағаз  тиындардың  орнына  құны 2; 5; 10;  20; және 50 тиындық  латунь  металл  ақшалар  шығарылды. Қазіргі  уақытта  Қазақстан Республикасының  аумағында  "нейзильбер"  қоспасынан  жасалған  1993 жылдың  үлгісіндегі  құны  1; 3; 5; 10 және 20 теңгелік, 1997 жылдың  үлгісіндегі   "нбрасс"  қоспасынан  жасалған  құны  1; 5; 10 теңгелік  және  "нейзильбер"  қоспасынан  жасалған 20,50  теңгелік  металл  ақшалар айналыста  жүрді. 1997  жылғы  үлгідегі  (жаңа металл  ақша  қатары) металл ақшаларды  айналымға  қосу  оларды  халықтың  пайдалануы  үшін  барынша  қолайлы  етіп  шығаруға, металды  аз  жұмсауға  деген  ұмтылысқа, сондай-ақ  металл  ақшаның 50 теңгелік  қосымша  құнының  енгізілуіне  байланысты  болды.

Республикада  ақша  айналымында  металл ақшамен  қатар  мерейтойлық  және  ескерткіш  металл  ақшалар да  қолданылуда. Мерейтойлық  және  ескерткіш  металл ақшалар  белгіленген  құнға  сәйкес  төлем  қабілетіне  ие, бірақ олар  негізінен  мәдени-ағарту  мақсатында  шығарылған. Әдеттегідей  олар  қатаң  шектеулі  таралыммен  шығарылады  және  Қазақстан Республикасының  аумағында  және  шет  елдерде  коллекциялық  құнымен  сатуға  арналған. 1995-2000  жылдардағы  кезең  ішінде  "нейзильбер"   қоспасынан  он бір  ескерткіш  және  мерейтойлық  металл ақша, тоғыз күміс және "prool"  сапасымен бір алтын  ақша  шығарылды.

Банкноттармен  металл  ақшаларды  әзірлеу саласындағы  жетістіктерге  қарап  Теңге – тәуелсіз, егемен Қазақстанның  рәмізі екендігін,  еліміздің  кешегі  күнінің  айғағы, сенімді  бүгініміздің  дәлелі  және  жарқын  болашағының  кепілі  болып  табылады.  [5,3 бет ]

-1999 жылы  біздің  өсуімізге  жаңа мүмкіндіктердің  көкжиегі  ашыла  бастады. Осыған  байланысты  теңгенің  экономикалық  өсімге  тікелей  қызмет етуін  қамтамасыз  ету  қажет  болды. Бұған  дейін  теңге  құлдырай  бара  жатса  Ұлттық  банк  өзіндегі  алтын-валюта  қорынан қосымша  ақша  жұмсап, оны  реттеп отыратын. Бірақ бұл  әрекет  жасанды  бағамның  жасалуына жол  ашты. Теңгенің  шын  бағамын  белгілеу  үшін  оны  еркін  жүзеге  жіберу  керек  болды.. Елдегі  инфляция  қазір  соңғы  үш жылда  5-6 пайыздан  асқан жоқ.

- Ел экономикасының стратегиялық  даму  көрсеткіштеріне  болжам  жасала  отырып, 2006-2007 жылдары  теңгені  еркін  айырбасқа  жіберу  туралы  мемлекетте  бағдарлама бекітілді. Осыған  орай  теңге  үш жылдан  кейін  барлық  экономикалық  кеңістіктерде  АҚШ-тың  доллары  сияқты  еркін  айырбасталатын  валютаға  айналмақ.Мұндай  жағдайда  теңге  өзінің өміршеңдігіне  негіз  қалайтын  болады. Дей  тұрғанмен  болашақта  құрылатын  біртұтас экономикалық  кеңістікте  ортақ  валютаның  болуы  қиял  емес. Теңге  халқымыздың  бірнеше  ғасырлар  бойы  қол  жеткізе  алмай  келе  жатқан  асқаралы армандарының  бірі  болатын.  [4,3 бет ]

         Қорғау  элементтері, пайдаланатын  техникалық  тәсілдер, орындалу  күрделігінің  жиынтығы  бойынша  Қазақстан  теңгесі  қолданылып  жүрген валюталардың  жетекші  ә

12345След.
скачать работу

Ақша теориясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ