Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

АҚТАМБЕРДІ САРЫҰЛЫ (1675 — 1788 жж.)



 Другие рефераты
ҮМБЕТЕЙ ТІЛЕУҰЛЫ (1706 — 1778 жж.) ТӘТІҚАРА АҚЫН (1705 — 1780 жж.) Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығы Махамбет Өтемісұлы

Лекция мақсаты: Ақтамберді жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету.

Жоспар:

  1. Ақтамберді жырау Сарыұлы (1675-1788 жж.) өмірі мен шығармашылығы.
  2. Орта жүздің батыры, рубасы.
  3. Ақтамберді мұрасындағы патриоттық тақырып.
  4. Жырау мұрасының жариялануы, зерттелу деңгейі.

Ақтамберді жырау — суырып салма сөз өнерінің жетік өкілі. Шығармалары табанасты шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу арқылы жеткендердің бірі. Халық оны жоңғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік көрсеткен батыр, өзінің өжет те, өткір сөздерімен қалың қауымға әсері күшті болған жалынды жырау деп санайды.

Ақтамберді — тарихи тұлға. Оның есімі қазақ халқының тарихында аталады, ел аңыздарына сай бағаланады. «Қазақ ССР тарихы» берген бағаға көңіл аударатын болсақ, ол — жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқан батыр, ерлік қимылды аңсаған қаһармандық күрестің жалынды жыршысы, замана қауымына танымал жырау, аты әйгілі ақын. Ел жауына қарсы аттанған батырлар қатарында оны ХVІІІ ғ. жырауы Үмбетей атаған. ХІХ ғ. белгілі ақыны Дулат Бабатайұлы өзінің «Ер Еспембет» дастанында жырлаған.                    «Күмбір-күмбір кісінетіп» деп басталатын шығармасы — ақынның алдына қойған арманын танытатын патриоттық туынды. Одан тұлпар мініп ту ұстап, ел шетіне қорған боп ерлік атын шығаруды аңсаған батыр адам үні естіліп тұрады. Ақтамберді есімін ақын Сара да еске алады. Ол Біржанмен айтысында өз елінің атақты ақыны, аруақты батыры деп мақтан етеді. Өзі атадан жалғыз боп, 15-16 жасқа дейін жоқ-жітік көріп, шерлене сөз толғап, болашағын ойлап аласұра өседі. («Жағалбай деген ел болар», «Жел, жел есер, жел есер»,  «Жағама қолдың тигенін», «Жауға шаптым ту байлап» т.б.).               Ақтамберді сөздері — ақыл-нақыл ретінде келетін дидактикалық толғаулар. («Балаларыма өсиет»). Жырау толғаулары берер ақылдың шегі жоқ, бәрінде де адамгершіл пікірлер ұсынылып, жат мінездер сыналады. Адамның артықшылығы жомарт, жайдары мінезінде, ақылы мен білімінде деп атап көрсетеді. Асыл ару, ақылды жас, жайдары да білімді, пейілді, өзіне-өзі сын көзімен қарай білетін, дандайсымай кішіпейіл жүретін ұяты мен ары таза әділ азаматты ардақтайды. Ақыл нақылдарының ішінде талай адамгершіл нақылдар, өмірдің өзінен ойып алған бейнелі өсиеттер, ұзақ өмір тәжірбиесін қорытқан тұспалдар көп.

Жырау өз арманына жетеді: сақал-шашын ақ қырау басып, қартайған шағында ол талай жеңістердің куәсі болады, туған жердің бір бөлігі иесін қайта тапқан күнді де көзімен көреді. Жау қолынан азат етілген шығыс облыстарға қазақ рулары қайтара қоныс аударған кезде атамекенді жатырқап қалған жұртты орнықтыру жолында қарт батырдың белсенді қызмет атқарғандығы аңғарылады. Ақтамберді 90 жас жасап, 1788 жылы шамасында дүние салған, өз заманының талабына сай жыр толғап өткен әрі батыр, әрі жырау. Оның шығармалары елі, халқы үшін еңіреп өткен ер тұлғасын, жақсылыққа бастап, адамгершіл ой түйген терең ойлы ақыл иесі абзал азаматты танытады. Өзінің өрелі ойларын жыр кестесіне тізе білген жүйрік тілді шешен ақынды көрсетеді.

Ақтамбердінің мазары Семей облысы, Абай ауданында.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

  1. Жырау толғауларындағы жақсы мен жаман орны, ағайынның ара-қатынасы, қыз-жігіт сипаты.
  2. Арғымақ аттың сыны мен сипаты.
  3. Жырау шығармашылығындағы елдік рух пен ерлік дәстүрлері.
  4. Ақтамберді өлең-толғауларының көркемдік ерекшеліктері.

Әдебиет:

  1. Ай, заман-ай, заман-ай. А., 1991.

2. Бектуров Ж.  Художественно-композиционные особенности   поэзии

жырау и акынов. (Автореферат дисс.) А., 1990.

3. Бес ғасыр жырлайды. (екі томдық). А., 1989.

4. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1973.

5. Мағауин М. Қобыз сарыны. А., 1968;  Ғасырлар бедері. А., 1991;

Қазақ тарихының әліппесі.  А., 1994.

6. Мәдібай Қ. Хандық дәуір әдебиеті.  А., 1996.

7. Сүйіншәлиев Х.  Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. А.,1967

Қазақ әдебиетінің тарихы.  А., 1997.

8. Негимов С. Өлең өрімі. А., 1980;  Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі.  А., 1991.

скачать работу


 Другие рефераты
Максимильен Мари Изидор де Робеспьер
Крестовые походы
Вторая Половина Палеозоя
Академия наук СССР 1925-1936 гг.


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ