Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ТӘТІҚАРА АҚЫН (1705 — 1780 жж.)



 Другие рефераты
БҰХАР ҚАЛҚАМАНҰЛЫ (1684 — 1782 жж.) ҮМБЕТЕЙ ТІЛЕУҰЛЫ (1706 — 1778 жж.) АҚТАМБЕРДІ САРЫҰЛЫ (1675 — 1788 жж.) Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығы

Лекция мақсаты: Тәтіқара ақынның шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету.

Сұрақтар:

  1. Тәтіқара ақынның (XVIII ғ.) өмірі мен ақындық өнері.
  2. Цин басқыншыларына қарсы күреске арналған шығармалары.
  3. Ақынның әдеби мұрасындағы Абылай бейнесі.

Тәтіқара — Абылай ханның тұстасы. Қалмаққа қарсы жорыққа қатысып, сол жорықтарды жырлаған ақын.

Ш.Уалиханов Тәтіқараның кезінде ірі ақын болғандығын айта келіп, оны Абылай қолының жыршысы деп орынды ескертеді және Абылай қолының жаудан сасқан бір шағында айтқан Тәтіқара өлеңінің мазмұнын баяндап береді. (Ш.Уалиханов.5 т. шығ. жинағы.1- том. А.,1961). Профессор Е.Ысмайылов та Бұхар мен Тәтіқараны Абылайдың қалмаққа қарсы күресін шыншылдықпен жырлаған ақындар деп көрсетеді. Соған қоса, ол Тәтіқараны өзі көрген жортуыл туралы жырлар шығарған эпик ақын деп санайды. «Ер Тарғын», «Қобыланды» сияқты жырларды оқиғаның куәсі болған Сыпыра жырау шығарып, ал онан соң Үмбетей, Тәтіқаралар таратуы ықтимал,-дейді. (Е.Ысмайылов. Ақындар. А., 1956. 44-бет).

Академик Ә.Марғұланның ескертуі бойынша, Тәтіқара жырау — ХVІІІ ғ.  1 жартысында жасаған қазақтың ірі ақыны, жыршы- импровизатор. Оның өлеңдері мен жырларынан тек ауыз әдебиетінің ерекшеліктері ғана емес, жазба әдебиетке тән сипаттар да байқалады.

Тәтіқара Бөгенбай қолымен бірге қалмаққа қарсы шабуылдарға қатысып, өзінің жалынды жырларымен жауынгерлерге рух берген. 1946 жылы «Әдебиет және искусство» журналының 7- 8 сандарында Тәтіқараның «Қамыстың басы майда, түбі сайда» деп басталатын өлеңінің шығу тарихы жарияланады. Мұнда Тәтіқара қол бастаған батырлар ісін, олардың ерлік дәстүрін үлгі ете сөйлеп, қалың қолды ілгері ұмтылуға үндейді. Алдағы судан да, жаудан да тайынбай, батыл шабуылға бастайды.

Тәтіқара — кезіндегі шындықты жасырмай жырлаған батыл ақын. Ол Абылай бастаған қолдың жаумен кейбір айқаста табансыздық көрсеткен жерлерінің де болғандығын жасырмайды. Ақын Абылайдың жеңістері бір өзіне байланысты емес, халық ерлігіне байланысты, қазақтың қол бастаған сан батырларының жанқиярлық пен қаһармандық көрсетулерінің жемісі дейді. Кейбір қолжазба деректер Тәтіқараны Абылайға сын сөздер айтуға батылы жеткен ақын деп танытады. Асылы, Тәтіқара да Бұхар сияқты ханның астам көңілін басарлық ауыр сөздер айтуға батылы жеткен беделді адам болса керек. Кей тұста ақын Абылайды жақтаушыдан гөрі әшкерелеуші, сыншы боп танылады («Кеше тоқыраулы судың бойынан…», «Кебеже қарын, кең құрсақ…»).

Халық аңызы бойынша, Тәтіқара кейін сарай маңынан біржола қуылып, жасы ұлғая келе жоқшылық көріп өледі. Тәтіқара шамамен 1780 жылдары 75 жасында дүние салады. Ол қартая келе мұқтаждықты көп көреді. Өзінің халін біле келген билерге айтқан қартайған кездегі бір өлеңінде Тәтіқара өз басына түскен ауыр жағдайды баяндайды. («Ассалаумағалайкум, жақсылар мен жайсаңдар»). Ол ішер асқа, қонақасыға, қонар қонысқа зар болып, өз еңбегімен күнелткен, қара лашықты кедей боп, қиындық көріп өлген, сонда да ешкімге бас имей өткен, өткір тілді шешен ақын болған.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

  1. «Қамыстың басы майда, түбі сайда» өлеңінің шығу тарихы.
  2. Тәтіқара жырларындағы өмір мен қоғамға көзқарас.
  3. Ақын шығармаларының сөз өнеріндегі орны.

Әдебиет:

1.Ай, заман-ай, заман-ай. А., 1991.

2. Бектуров Ж.  Художественно-композиционные особенности   поэзии

жырау и акынов. (Автореферат дисс.) А., 1990.

3. Бес ғасыр жырлайды. (екі томдық). А., 1989.

4. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1973.

5. Мағауин М. Қобыз сарыны. А., 1968;  Ғасырлар бедері. А., 1991;

Қазақ тарихының әліппесі.  А., 1994.

6. Мәдібай Қ. Хандық дәуір әдебиеті.  А., 1996.

7. Сүйіншәлиев Х.  Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. А.,1967

Қазақ әдебиетінің тарихы.  А., 1997.

8. Негимов С. Өлең өрімі. А., 1980;  Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі.  А., 1991.

скачать работу


 Другие рефераты
Архитектура Москвы
Проблемы экологии на предприятии ОАО Сибур-Волжский
Модели управления персоналом
Клетка. Взаимодействие между организмами


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ