Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Албания Республикасы



 Другие рефераты
Андорра Княздігі Германия Федеративтік Республикасы Абхазия Республикасы Санкт-Петербург

Албания, Албания Республикасы (албанша: Republika e Shqipërisë) — еуропаның оңтүстігінде орналасқан шағын ел. Солтүстігінде Черногория және Сербиямен, оңтүстік-шығысында Грекия және Македониямен, шығысында Косовомен шектеседі. Албания албанлардың жалғыз мемлекет емес, олар Косово және Македонияда тұрады.

Мазмұны

  • 1 Жағрапиясы
  • 2 Халқы
  • 3 Мемлекеттік құрылым
  • 4 Экономикасы
  • 5 Тарихы
  • 6 Әкімшілік құрылысы

Жағрапиясы

Жердің көп бөлігі тау жоталары мен үстіртті аймақта орналасқан. Таулы аңғарларынан құлай аққан тасқынды өзендер теңізге қарай құлаш ұрады. Бұл өзендер Андрия теңізін жиектей 150 км-ге созылып жатқан құнарлы жазық алқап арқылы өтеді. Алқаптың ені 15 км-ден 35 км-ге дейін барады. Бұл жактың ауа райы жұмсақ. Таулы аудандарда сәл қаталдау. Қыста жиі боран соғып, аяз 20 градусқа дейін барады.

Халқы

  • Халықтың саны — 3 600 000 адам;
  • Халықтың жылдық өсімі — 0,55% (елдегі эмиграция деңгейі өте жоғары дәрежеде);
  • Қалада тұратын халық — 47 %;
  • Этникалық ұлттар — албандықтар — 90 %, гректер — 8%, және басқалары (влахтар, цығандар, сербтер, македондықтар) — 2%.
  • Діндері — мұсылмандар — 70%, православиялықтар — 20%, католиктер 10%.

Мемлекеттік құрылым

Албания Президенттік Республика болып есептеледі. Елбасшысы — Президент. Елдің Парламенті бірпалаталық Халықтық Қеңес деп аталады. Аталған кеңесте 140 депутат бар, олардың 100 депутаты можаритарлық система бойынша бірмандаталық округтерде сайланады. Қалған 40 депутаттар партиялық тізім бойынша сайланады. Барлық депутаттар 4 жылға сайланады.

  • 2009 жылдың сәуір айынан бастап Албания НАТО мүшесі болуда.
  • 2009 жылдың 29 сәуірінде Албания Еуропа Одағына ресми түрде аталған Одаққа мүше болу туралы өтінішін жіберді.

Экономикасы

Елдің өнеркәсіп және мәдениеторталығы, Албанияның елордасы – Тирана. Мұнда көп заводтар және фабрикалер орналасқан. Албания халық шаруашылығының басты саласы – ауыл шаруашылығы. Құнарлы жері бүкіл территориясының тек қана бір бөлігін алып жатқандықтан, албандар батпақты жерлерді құрғатып, тау төскейлерін бақ отырғызыға пайдаланады. Олар бидай, күріш, арпа, сұлы егеді, бұршақтұқымдас өсімдіктер, лимон, жүзім сондай-ақ зәйтүн ағашын отырғызынады. 2005 жылғы деректерге сәйкес Албанияның Жалпы Ішкі Өнімі (ЖІӨ) 6,9 млрд евро құраған. Адам басына шаққанда — 1 900 евро. Албания Еуропаның ең кедей мемлекеттерінің бірі. ЖІӨ экономика құрылымындағы пайызы:

  • ауыл шаруашылық саласы — 22 %;
  • өндіріс саласы — 15 %;
  • құрылыс саласы — 10 %;
  • сауда, туризм, қызмет көрсету сферасы — 19 %;
  • транспорт және байланыс — 13 %.

2008 жылдың деректеріне сәйкес ауыл шаруашылық саласында жұмысшылардың 58 % істеген, өндіріс саласында — 15 %, қызмет көрсету саласында 27 %. Жұмыссыздық деңгейі 12,5 % тұрақталды. 2008 жылы экспорт — 1,3 млрд АҚШ долларын құрады. Басты сатып алушы елдер — Италия 57 %, Грекия 11,8 %, Қытай 5,8 %. 2008 жылы импорт — 4,9 млрд АҚШ долларын құрады. Басты импорт жіберуші елдер — Италия 30,7 %, Грекия 12,5 %, Түркия 6,9 %, Германия 6,3 %, Швейцария 4,6 %, Ресей 4,2 %.

Тарихы

Албания бұл — орта ғасырлардың атау. Гректер осы мемлекет Albaētia немесе Arbanētia деп атады. “Алба” сөзі илирикша (бұрынғы Грекияның тілі) “төбе” мағынаны білдіреді. Албания бірінші Грекияның, ал сосын Рим Империясының провинциясы болған. 395 ж. Рим Империясы екі мемлекетке бөлінді (Батыс Рим және Византия).

1912 ж. албандар Осман Империясынан шығып өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Бірақ 1939 ж. италияның фашистері Албанияға кіріп – аннексия жасайды.

1944 ж. партизандар өз мемлекетін жауыздан босатып, 1946-1976 жж. Албанияны – Албан Халық Республикасы деп атайды.

1976 ж. социалистер Албания Социалистік Халық Республикасы деп жариялады.

1991 ж. бастап Албания демократиялық республикасы.

Әкімшілік құрылысы

 

Әкімшілік құрылысы

Албанияда 12 провинциялар (албанша: qarkqarku, немесе prefekturëprefektura), 36 аймақтар және 351 райондар бар.

wikipedia information)

скачать работу


 Другие рефераты
Мемлекеттік меншік құқығы
АЛАШ ИДЕЯСЫ – ҚАЗАҚ ИДЕЯСЫ
Способы получения радионуклидов для ядерной медицины
Юнг. Аналитическая психология


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ