Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әлем таныған тұлға (Шоқай)

қ” газетінде Әлихан, Мұстафа, Міржақыптың қолдары қойылған “Алаш ұлына” деген үндеуі жарияланады. Үндеу 12 сәуірде жарық көргенімен, бұл құжат Петроградта дайындалып, осы үш тұлғаны, яғни Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Шоқайдың қаламынан туындайды.

 

М.Шоқайдың “Алаш ұлына” секілді маңызды құжатты дайындауға тартылуы қазақ жері мен халқының тұтастығын ойлаған Әлихан мен Міржақыптың әуел бастан оны ұлт-азаттық қозғалысының оңтүстік қанатының жетекшісі ретінде санауынан деп нық сеніммен айта аламыз. М.Шоқай әуелі Түркістаннан Убайдолла Қожадан, оған іле-шала сәуір айында Орынборда ашылатын Торғай облысы қазақтарының сиезіне Ә.Бөкейхановтан та шақырту алады. Мұстафа Петроградтан Орынборға 1 сәуірде жолға шығады.

 

Кейін жиында М.Шоқай: “Қазақ даласындағы автономиялық өкіметтің іргесін қалай бастаған бұл сиезд қазақ, өзбек, татар халықтарының бастары біріккен, еркіндікке ұмтылысы мен туысқандықтың айқын көрінісі болды”, деп бағалайды.

 

М.Шоқайдың 10 сәуірде Ташкентке оралған бойында М.Тынышпаевтың Ә.Бөкейхановқа жазған хатында: “Мұстафа Орынбордағы қазақтардың ұстаған жолы мен біздің көзқарасымыз туралы айтып берді... Мен сіз бен біздің көз­қарасымыздың бірдей болып шыққандығына аса қуандым”, деуі осы тұжырымды толықтыра түседі. М.Шоқай дүниетанымының ерекшеленуіндегі Алаш идеологиясының шешуші рөл атқарғандығын мойындай отырып, оған түркі мұ­сылман қозғалысы жетекшілерінің ой-пікірлері де әсер еткендігі, жалпы алғанда оның екі ғасыр тоғысындағы саяси ағымдар мен оқиғалардан нәр алғандығын ескеруіміз қажет.

 

Мұстафаның гимназияда оқып жүрген шағын өзі “біздер – жәдидшіл жастар” деп жол-жөнекей, бір-ақ рет еске алуында үлкен мән бар. Басқа уақытта және бірде-бір еңбегінде ол өзін “жәдидшілмін” деп атамайды. Себебі ол жәдидшілердің тар шеңберлі идеялық платформасынан Ақпан төңкерісінен біраз бұрын шығып кеткен-ді. Ресми құжаттарда 1922 жылы 23 қаңтарда ГПУ қызметкерінің РК(б)П Қазақ облыстық Бақылау комиссиясына жеткізген хабарында Т.Рысқұловтың 1924 жылдың сәуір айында М.Сталинге жолдаған баяндамасында М.Шоқай жәдидтер қозғалысының қайраткері емес, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтер секілді “алашордашыл қайраткер” деп көрсетіледі. (РГАСПИ. Ф.17. Оп. 85. Д.77. Л.204). Мемлекеттік Саяси басқармасының қызметкері Қазақ Республикасында саяси платформасы анық үш ағым немесе “топ” бар екендігін “анықтап”, оның біріншісіне Алашорданың негізін қалаған және ұйымдастырған деп Ә.Бө­кейхановты, М.Дулатовты, Х.Досмұхамедовті, М.Шоқайды және тағы басқа бел­сенді тұлғаларды жатқызады. Жоғарыда аталған баяндамасында Т.Рысқұлов М.Шоқайдың Түркістанды “тәуелсіз буржуазиялық автономия” ретінде жариялауда толықтай Алашорда платформасында тұрғандығын, Ташкенттегі “Бірлік туы” мен “Улуг Түркістан” газеттерінің Орынбордағы “Қазақ” газетімен бір ұстанымда екен­дігін еске салады. Мұстафа Түркістандағы оқиғаларды қазақ даласының саяси өмірінен бөліп қарамайды. А.-З.Валиди: “Қазақ халқының көрнекті қайраткерлері: жазушы Ахмет Байтұрсынов, Бөкей ордасының аса құрметті адамы Шахингерей Сұлтан Бөкейханов, Ташкенттен Мұстафа Шоқаев, Жиһаншах Досмұхамедов Торғай облысының комиссары Ғалихан Бөкейхановтың резиденциясында әртүрлі жиындар өткізіп жүрді”, деп жазады “Естеліктер” атты еңбегінде. Мұндай басқосуларда Түркістандағы жағдайдың әңгіме өзегі болып тұрғандығы сөзсіз.

 

Түркістан мен қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысы ошақтарының арасын­дағы байланысты нығайтуда М.Шоқайдың 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Бірінші жалпықазақ сиезіне арнайы шақыртылуы маңызды қадам болды. Түркістандағы саяси ахуалдың күрделілігіне байланысты Мұстафа сиез жұмысына қатынаса алмады, бірақ ол сырттай Құрылтай жиналысының депутаттығына кандидат және Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне депутат ретінде бекітілді. 1917 жылдың желтоқсанында Түркістан Мұхтариятының Уақытша үкіметі М.Шоқайды Орынборға Башқұртстан мен қазақтардың ұлттық ұйымдарымен байланыс орнату, сонымен бірге “Оңтүстік-Шығыс казактары одағының” саяси ұстанымы жайында мәліметтер жинау мақсатында ісспарға жібереді. М.Дулатов 1929 жылы 30 қарашада ОГПУ тергеушілеріне берген жауабында М.Шоқай Орынборға сиездің (ІІ Жалпықазақ съезін айтады. – К.Е.) соңына қарай келді деп көрсетеді. Сиезде Мұстафа Түркістан Мұхтарияты жөнінде баяндама жасап, Жетісу мен Сырдария қазақтарының Мұхтариятқа қосыла қоймағандығын айтып береді.

 

Кейін шетелде жүріп жазған “Түркістанда” деген еңбегінде Мұстафа Алаш автономиясының қалай құрылғандығына тоқталып, съезде екі пікірдің орын алғандығы туралы, біріншісінің болашақта Ресей Федерациясының автономды бөлігі – Сібірмен қосылуды жақтағанын, келесілерінің Алашорда мен Түркістанның толық бірігуін қолдағанын айтады. Бірі түркілік орталықтан шеттеп қалудың жөнсіз­дігін айтса, екіншілері оған басқаша уәж келтіреді. Сиез Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының Ресейдің болашақ мемлекеттік құрылысын түпкілікті шешкенге дейін Қазақ өлкесі Сібірмен де, Түркістанмен де қосылмай, дербес автономия ретінде өмір сүреді деген ымыралық шешімге келеді:

 

“Бірақ делегаттардың көпшілігі Сібірмен қосылуға қарсылық білдірді. Орынбор сиезінің кейбір ерекшеліктеріне қарағанда қырғыз (қазақ – К.Е.) өлкесі мен Түркістан өздерін біртұтас аймақ ретінде түсінді”, деп көрсетеді М.Шоқай. Осы түсініктің бір көрінісі – Түркістан автономиялық үкіметінің мүшесі М.Шоқайдың Алашорда үкіметінің де мүшесі болып сайлануы. Тіпті Алаш партиясы бағдарламасының алғашқы нұсқасын дайындайтын комиссия құрамына Мұстафаның де енгізілуі жоғарыдағыдай көзқарастан туындаған секілді.

 

Түркістан қазақтарының тағдыры жөнінде М.Шоқай мен Ә.Бөкейханов бір тоқтамға келіп, бұл мәселені арнайы шақырылатын Сырдария қазақтарының сиезінде шешу жөнінде ұйғарады. Түркістан Мұхтариятын большевиктер жаныштағаннан кейінгі уақытта М.Шоқайдың Халел Досмұхамедовпен жақын қарым-қатынаста болғанын айтуымыз керек. 1918 жылдың маусым айында Самара қаласында өтетін Құрылтай жиналысы мүшелерінің кеңесіне қатысуға бағыт ұстаған М.Шоқай мен әйелі Мария Яковлевна 1 мамырда Ташкенттен шығып, жолай Х.Досмұхамедовтің ауылына тоқтайды. Кейбір зерттеушілер Мұстафа 18 мамырда Жымпиты селосында ашылған Алашорданың батыс қанатының ІІ сиезіне қатысты дейді. Бұл жағдай әлі де зерттей түсуді қажет ететін секілді. Қалай болғанда да сол жолы олардың арасында қазақ, өзбек халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы олардың большевиктерге қарсы біріккен іс-қимылдары жөнінде кеңінен әңгіме болғандығы қисынсыз емес.

 

М.Шоқай Самарада құрылған үкімет (Комуч) құрамына А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов және тағы басқа қазақ зиялыларымен бірге енеді. 22 тамызда ол алаш қайраткерлерімен бірге Челябіде өткен Комуч пен Сібір үкіметінің Мемлекеттік кеңесіне қатысады. Мұстафаның 1918 жылдың жаз айларындағы қызметі эсерлер мен кадеттердің жиындарына қатысуымен шектелмейді. Осы кезеңде ол Торғай даласында қазақтардың тұрмы­сымен, елдегі саяси ахуалмен кеңінен танысады. 1918 жылдың қыркүйегінде Алашорда басшылығы Сібір үкіметіне бі-рін-бірі тану жөнінде келісімнің жобасын ұсынады. Онда Алашорданың ең басты міндеті ретінде Алаш территориясын большевиктерден азат ету және Түркістан мен Жетісуға көмек көрсету, болашақта Алаш, Сібір, Башқұртстан мен Түркістан федерациясын құру деп белгіленеді.

 

Зерттеушілер назарынан тыс алып келген осы бір құжаттың мән-мағынасына үңілсек, оны Алашорданың Түркістанмен не болмаса Сібірмен бірігуі жөніндегі екі­ұдай пікірдің екі ұстанымдағы Ә.Бөкейханов пен М.Шоқайға ортақ ұйғарымға келуінің көрінісі екендігі анық. Заңды күшіне енбегенімен, жоба федеративтік құрылым жөніндегі бұл екі тұлға пікірлерінің жаңа жағдайда біршама өзгеріске ұшырағанын дәлелдейді. Бірнеше пікір алмасулар нәтижесінде түркі мұсылман зиялылары Уфада өтетін Мемлекеттік мәжіліске ортақ платформа негізінде қатысуға келіседі. 8 (жаңа стиль) қыркүйекте ашылған кеңеске қазақ облыстарынан және Түркістаннан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов, М.Шоқай және тағы басқалар қатысады.

 

1929 жылы Прагада жарық көрген “Орыс тарихы мұрағаты” деген жинақта осы кеңеске қатысқан делегаттар мен ұйымдарға соңғыларының ішінде Алашорда және Түркістан Уақытша үкіметіне қысқаша сипаттама беріледі. Онда қазақтар басқалардың бәрінен де артық ұйымшылдық көрсетіп, Қазақ автономиясын жариялады және орталығы Семейде Алашорда Уақытша комитетін құрды делінеді. Кеңесте Бүкілресейлік өкімет билігін ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрылып, оның құрамына М.Шоқай мен Ә.Бөкейханов та енеді. Олар Кеңес президиумынан орын алады. Мұнда Мұстафа Ресей мемлекеті деңгейіндегі қайраткер ретінде танылады. Оған М.Шоқайдың Кеңес төрағасының екінші орынбасары болуына қоса мандат және қаржы комиссияларының құрамына сайлануы дәлел бола алады.

 

13 қыркүйектегі Кеңес отырысында үкімет жауапкершілігі, яғни оның қызметіне бақылау қою мәселесі көтеріледі. Осыған байланысты Құрылтай жиналысын ұйымдастыру керектігі, не болмаса үкіметтің Мемлекеттің Кеңес алдында жауапты болуы жауапкершілік тетіктері, тағы басқа тақырыптар төңірегінде пікірталастар өрістейді. Оның барысында Бүкілресейлік үкімет қызметі бағдарламасының жобасы дайындалып, оның азаматтық іс саласындағы міндеттері былайша анықталады:

 

1. Сібірдің саяси автономиясын, сонымен бірге өзін-өзі басқаратын облыстардың автономиясын мойындау жолымен федеративтік демократиялық құрылысты нығайту; 2. Қысқа уақыттың ішінде осы құрам негізінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысын шақыру; 3. Ресейді мекендейт

12345След.
скачать работу

Әлем таныған тұлға (Шоқай)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ