Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әлем таныған тұлға (Шоқай)

Әділов те М.Шоқайды жақсы білетін. Сонымен бір ведомстводағы қызметтес бұл адам­дардың, олардың ішінде Х.Досмұхамедовтың Н.П.Архангельскиймен таныстығы заңды нәрсе.

 

Оның үстіне Халел Н.П.Архангельскийді М.Шоқаймен Петербургте бірге оқып жүрген кезінен білуі де мүмкін. Сол себепті Х.Досмұхамедовтің Н.П.Архангель­скиймен кездесулерінде сөз арасында М.Шоқайды еске алып қалуы ғажап емес. Мұны айтып отырғанымыз, тікелей осы екі адамның аралығындағы қарым-қатынастар бастауларын іздестіруге емес, Өзбекстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты қорында сақталған 1922 жылдың 12 мамырында М.Шоқайдың белгісіз бір адамға жолдаған жауап хатына байланысты. Онда: “Қымбатты NN! Осы жылдың 23 қаңтарындағы сіздің қысқа жазылған хатыңыз мен үшін сюрприз болды. Маған жеткенше ондаған мемлекеттерді басып өткен хатыңызды (сондықтан да оның бағасы арта түседі) 2 мамырда алдым”, делінеді.

 

Бізге хаттың көшірмесі мен Н.П.Архангельскийдің хатқа аннотациясы жетіп отыр. Хаттың кімге арналғаны туралы ол былайша түсініктеме береді: “1920-1922 жылдары Түркістан Автономиясы Республикасында кеңес мектептері мен мәдени-ағарту мекемелерінде жұмыс істеп жүрген Австрия армиясынан тұтқынға түскен славяндар мен венгрлерді кездестіргенмін (олардың бәрі бірдей еліне оралмады, мысалы: Ташкентте Голянт Степан Семенович неміс тілінің, Павел Семенович Гузар география пәнінің мұғалімі болды).

 

Түркістан Халық Ағарту Комиссариатының Ғылыми Кеңесінде істеп жүргенімде, есімін жазып алмаппын, маған бір музыкатанушы чех келіп тұратын”. Мұнан ары қа­рай Архангельский осы чехқа Мұстафадан алғаш рет бір хат келгенін, өзі сол хаттың көшірмесін түсіріп алғанын, бірақ кімге жіберілгенін, яғни чехтың аты-жөнінің есінде қалмағанын баяндайды. “Өзім М.Шоқайды 1911-1916 жылдары Петербургте болған кезімнен білетінмін, 1911 жылы Түркістан [студенттері] жерлестігінің мен төрағасы да, ол хатшысы болды”, оны жұрт Ташкент гимназиясын 1910 жылы алтын медальмен бітірді”, дейді. Сонымен бірге Архангельский Петербургте Мұстафамен, басқа да мұсылман студенттермен жақсы қарым-қатынаста болғанын, оның көмегімен 1916 жылы Жетісудағы көтеріліс жөнінде құрылған комиссия баяндамасының тыңдалуына байланысты Мемлекеттік Думаның Мұсылман фракциясы отырысына қатынасқанын еске алады. Архангель­ский “кеңес елінің ұстамды аза-маты” ретінде көрінуге және М.Шоқаймен ешбір қарым-қатынасының жоқтығын білдіруге тырысып, хат авторына қарай “тас лақтыруды” да ұмытпайды. Сонда Мұстафаның жауап хаты кімге жіберілген? М.Шоқай Ташкенттен 1918 жылдың 12 қаңтарында кеткенін, Париждегі эмигрант­тардың тыныс-тіршілігін, П.Милюковтың “Екінші Орыс революциясының тарихы”, А.Деникиннің “Орыс бүлігінің очерктері” деген зерттеулердің, А.Толстойдың, Г.Гребеншиков сияқты жазушылардың роман, повестерінің жарық көргенін, “Последние новости”, “Современные записи”, “Русская мысль” секілді басылымдардың барлығын хабарлайды.

 

Егер хат, Н.П.Архангельскийдің айтуынша, музыкант чехқа жолданған болса, М.Шоқай Париж бен Берлиннің музыкалық өмірінен бір ауыз сөз жазбауы мүмкін емес. Бұл қалалардағы саяси өмір мен баспа жұмыстары жөніндегі мағлұматтар “музыкант чехты” онша қызықтыра қоймайтыны да белгілі. Жалпы алғанда, Мұстафа өзі мен хатты алушыға ортақ, таныс тақырыптарды қозғайды. Оған М.Шоқайдың “Нарбутабеков қайда, бұрынғыша Бакуде ме, әрбір шығып сөйлеген сөзінде өзіне-өзі қарсы шығып жүрген болар”, немесе “жан-жақтан хат алып тұрамын, айтпақшы, Ислам байғұс қатты ауырып қалды” деуі дәлел бола алады. Бұл жерде Мұстафа өзінің серіктес жолдастары Ташпулат Нарбутабеков пен Шах-Ислам Шагиахмедов туралы айтып отыр. Мұстафаның “NN, маған Түркістандағы баспа ісі туралы жазсаңыз... [қырғыздар туралы мәселе]. Ташкенттегі қырғыз газетін кім басқарады” деген сауалдары да “музыкант чехқа” емес, өзімен қатарлас, мұраттас адамдардың біріне арналғандығын білдіреді. Чех Түркістандағы баспа ісі, қазақтардың жағдайы, “Ақ жол” газеті жөнінде қандай тұщымды мағлұмат бере алуы мүмкін?!

 

Егер хат Ә.Оразаев, не У.Қожаев пен В.Чайкинге жолданса, онда М.Шоқай “сіздің қысқа жазылған хатыңыз мен үшін толық сюрприз болды” деп жазбас еді. Әдебиетте әңгіме өзегі болып отырған құпия хат П.П.Архангельскийдің өзіне арналған делінеді. Олай деп есептеуге негіз жоқ сияқты. Біріншіден, мұрағаттағы хат-тұпнұсқа емес, оның көшірмесі. Екіншіден, Н.П.Архангельский Білім комиссариатының Ғылыми Кеңесінде жұмыс істеген, кейін ұзақ жылдар мұғалім болған, яғни оны Мұстафамен идеялас болды, не большевиктерге қарсы қозғалыстарға қатысты деген тұжырым жасауға келмейді.

 

“Современные записи”, “Русская мысль” журналдары, олардың төңірегіне топтасқан бұрынғы Директория төрағасы Н.Д.Авксентьев немесе орыс философы, кадет партиясы жетекшілерінің бірі П.Б.Струве, орыс жазушысы Д.С.Мереж­ковский, ішкі Ресейден Түркістанға қоныс аударушылық жөнінде де Мұстафа Н.П.Архангельскиймен пікір бөлісіп жатпас еді. Сол себепті М.Шоқайға хат жазып және одан өз есімін құпиялап жауап алып отырған адамның Халел Досмұхамедов екендігі нанымдырақ көрінеді. Ал, оның жан-жақты білімді болғаны баршаға мәлім. Мұстафаның “қазақ газеті”деп отырғаны да “Ақ жол” газеті екендігі аян. Ол Париждегі өмірдің қымбатшылығы, әйелімен бірге жұмыс істегеннің өзінде күнкөріс тапшылығын тартып отырғандары, 1922 жылдың сәуір айында Берлинде болғаны, достарының сонда тұруға шақырып жүргені, бірақ Парижден басқа жаққа кетпейтіні жөнінде сыр шертеді.

 

Осыдан кейін Х.Досмұхамедов қандай әрекет жасауы мүмкін? Өзбек ғалымы М.Абдурашидхонов “Тангланган асарлар” кітабында осыған байланысты бір қызықты мағлұмат келтіреді. Ол – Мүнәуар Қаридың ОГПУ тергеушілеріне берген жауабы: “1924 жыл болса керек. Убайдолла Қожа мен И.Қашқынбаев, Х.Досмұхамедов ресторанда отырдық. Түскі ас іштік. Бұл есімде. Бірақ қай ресторанда екені дәл есімде жоқ. Алдымызда ішімдік те бар еді. Әңгіме арасында қазақ және өзбек (Шоқаев, Садреддин-хан) эмигранттары туралы сөз қылдық. Осы күнге шейін оларға жәрдем бермегенімізді еске алып, өзімізді, яғни қазақ және өзбек зиялыларын кінәладық. Қазақ зиялылары Шоқаевқа, өзбек зиялылары Садреддин-ханға жәрдем беруі керек деген пікірге келгеніміз де есімде. Басқа нәрселер есімде жоқ”. Мұнан Х.Досмұхамедовтың М.Шоқайдың шетелдегі тұрмыс жағдайын жақсы білетіндігі және қазақ зиялыларының оған материалдық көмек беру ісін ұйымдастыруды өз қолына алғандығы жайында түйін жасауға болады.

 

Олай болса, Н.П.Архангельскийдің 1922 жылы Халелге келген хаттың көшірмесін кезінде бір себептермен алып қалып, оны 1972 жылы (сексенге шыққан жасында) түсіндірмесімен қоса мұрағатқа тапсыруы қисынға соғады. Халелдің ол кезеңде әлі ақталмауы себепті Архангельский “музыкант чех” туралы ертегіге жүгінген.

 

Бұл пікірді Х.Досмұхамедовтің 1919 жылы М.Шоқай мен оның әйелін Кавказ бағытында шығарып салуымен, В.Чайкиннің хаттарына қарағанда, 1921-1922 жылдары Мұстафа тағдырына қатысты мәселелермен айналысуымен, мекен-жайы жөніндегі мағлұматты да В.Чайкин, не У.Қожаев пен Ә.Оразаевтан алуы мүмкіндігімен тиянақтауға болады.

 

Сол кезеңде ОГПУ органдарында Х.Досмұхамедовтің М.Шоқаймен Германияда оқып жүрген түркістандық студенттер арқылы хабарласып тұрғандығы жайлы материалдар жинастырылады. Мағжанның Ташкенттегі ғылыми-педагогикалық қызметіне, онан кейін Мәскеудегі Жоғары көркем әдебиет институтына оқуға түсуіне тікелей жәрдем беруі, мектеп оқулықтарын жазу үшін Білім комиссариатында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Қожанов, М.Әуезов және басқа да қазақ зиялыларын шоғырландыруы Х.Досмұхамедовтің М.Шоқаймен ынтымақтастық қозғалысынан тыс тұрмағанын көрсетеді. Ал, оның Қазақстан бойынша ОГПУ бастығының орынбасары Альшанскийге М.Шоқаймен ешбір байланысының жоқтығын айтуы түсінікті нәрсе. Дегенмен NN мен Мұстафа арасындағы байланыстың мұнан ары қарай қалай өрбігендігі жөніндегі деректің жоқтығы бұл мәселеге түпкілікті жауап беруге мүмкіндік бермейді. Қалай болғанда да Мұстафа бұрын таныс, ниеттес адамнан хат алып, оған жауап хатында өз ойларымен бөліседі. Бірақ Ташкенттен 23 қаңтарда жіберілген хаттың Париждегі Мұстафаға 2 мамырда ғана кешігіп жетуі жұмбақ көрінеді. Асылы, хат Түркияға, не батыс елдерінің біріне бара жатқан “сенімді адам” арқылы жіберілсе керек.

 

М.Шоқайдың елдегі таныстарымен, ұлттық қайраткерлермен байланыстар орнату жұмыстарына Түркістаннан Германияға оқуға барған жастар үлкен көмек береді. Бұлардың ішінен Ғазымбек Бірімжанов пен Мұстафа Бөкейхановты ерекше атауымыз керек. Жоғары білімді оларға Германияға бара жатқан талапкерлер құрамына арнайы енгізіліп, Кеңес өкіметіне қарсы ішкі және сыртқы күштер арасында байланыс орнату жөнінде қауіпті де жауапты міндеттер жүктеледі. Олар М.Шоқайды елдегі жағдаймен, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Мүнәуар Қари, У.Қожаев, С.Қожановты “Түркістан ұлттық Бірлігі” ұйымының қызметімен таныстырады.

 

Ғ.Бірімжанов Германияға барған бойда С.Қожановқа хат жолдап: “Мұстафа өте нашар тұрады, студент-практиканттар оған көмектескісі келеді, бірақ ол одан бас тартты және “бұл ақша өздеріңе керек болады, өйткені алда көп істер күтіп тұр” дегенді айтты”, деп хабарлайды. Ғазымбектің Алаш қозғалысының танымал қайраткер екендігі бұрыннан-ақ белгілі болатын. С.Сейфуллиннің 1937 жылы өзінің Н.Төреқұловпен қарым-қатынасы жөнінде Л.Мирзоянға жазған хатында: “Әзімбек Бірімжанов Бөкейхановпен бірге атышулы Алашорда үндеуіне қол қойған Алаш партиясы орталық комитетінің белгі

12345След.
скачать работу

Әлем таныған тұлға (Шоқай)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ