Алғашқы саяхаттанушылар
Другие рефераты
Океания тұрғындары. Ең алғашқы саяхаттар Океания бойынша болған. Кішкентай челноктық каноэлар (ұзақтығы 40 футтан аспайды) Маркиза аралына Туамату архепилагына және біріккен аралдарға Микронезия және Тынық мухиты арқылы Онтүстік Шығыс Азиядан басталған саяхаттарға пайдаланылды. Біздің заманымызға дейінгі 500 жылдарда біріккен аралдардан бастап полинезиялықтар Гавайға 2000 миль ұзақтыққа саяхаттанған. Навигация күннің және жұлдыздың орналасуымен мухиттің толқындығымен, құстардың ұшуымен бақыланған. Су мен тамақ запастарының толықтыру мәселесі әлі шешілмеген.
Жерорта теңіз тұрғындары. Батыс цивилизациясының көне тарихында саяхаттар сауда, коммерция, діни, емделу және оқу мақсаттарымен жүзеге асырылған. Жаңа аймақтарды зерттеу мақсатымен алыс саяхаттарға көне грек ғалымдары (Геродот б.з.д. 5 ғ.) және басқа елдің зерттеушісі (Пифей б.з.д. 4 ғ.) жіберілді. Б.з.д. 776 жылдан бастап, жыл сайын олимпиядалық ойындарға тек Эллададан ғана емес, сондай-ақ Жерорта теңізінің басқа мемлекеттерінен де мыңдаған спорт жанкүйерлері және өнер сүюшілер ағылып келе жатты. Бұл кезеңде арнайы үлкен үйлерді салу жатқызылды. Оған атлеттер және көрермендер демалып орналасатын. Әр түрлі елдер туралы біздің заманымызға дейінгі жинақталған географиялық мәліметтер көне географтар Страбон (б.з.д. 63-20ж.), және Клавдий Птоломей (б.з.д. 90-168ж.) толық жазған және олар Ежелгі Рим туризм тарихына өз үлесін қосқан. Бұл империяның байлылығы және үлкен аумағы туризм үшін ең қажетті құрамдас болып келді. Римдіктер жолдар торабын Жерорта теңізінің аймағында орналасқан атақты храмдарды, әсіресе Египет пирамидаларын көру үшін қолмен салды. Рим империясының гүлдену кезеңінде бай жанұядан шыққан римдіктер үшін Грецияға сапарға бару көбінесе өздерінің білімін толықтыру қажеттілігімен байланыстырады. Кейіннен Грецияға саяхаттар сауықтыру сипатын алды. Онда әр түрлі фестивальдар, атлеттік жарыстар және әртүрлі сауықтырулар өткізілді. Біздің заманымызға дейінгі 1-ші ғасырда Рим империясында мемлекеттік тұрақты аулалар пайда болды. Олар қаланың бас көшесінде орналасқан. Ол бойынша Римнен келген мемлекеттік қызметтер жүрген Ұлы Александр басқарған уақытта (б.з.д. 334ж.) Туркиядағы Эфес қаласы антикалық заманда ең маңызды сауда орталығы және Бас қала болып есептелді. Оған туристтер акробаттарды, сиқыршыларды, жонглерлерді көруге келетін. Бірақ та Рим Империясының құлдырауы (б.з.д. 1ғ.) туризмнің құлдырауына әкеп соқтырды. Бай саяхатшылар ағымы қысқартылып, жолдар жарамсыз болды. Мемлекетте қылмыскерлер, қарақшылар, ұрылар көбейе бастады және бұл саяхатқа қауіп төндірді. Келесі ғасырлар ішінде және ХV ғасырдың ортасына дейін саяхаттың бір түрі ретінде Еуропаның қажылыққа баруы есептелінді.
Еуропалықтар. Орта ғасырлық Еуропада адамның жаппай қозғалысы Крест жорығы заманында байқалды. Бұл кезде еуропалық серілер бөтен байлықты жерді алу мақсатымен көпестердің артынан аңдып жүрді. Еуропа өзендерін, көліктерін, материгін және елдерін көргендер өзінің еңбектерінде сипаттап көрсетті. Олар: А. Никитин, М. Полло, В. Гамма, Х. Колумб және т.б.
15ғ. аяғы – ХVІІ ғ. 2-ші жартысында ұлы географиялық ашулар үшін алғы шарттар құрыла бастады. Әлем картасындағы ашылған географиялық орындар саны азайды.
Американдықтар. ХVІ гасырда Солтүстік Американың үлкен континентін испандықтар зерттеді. Олар өздерінің саяхаттарына жылқыларды пайдаланды. Елдер бойынша Американың алғаш саяхаттары жаяу және жылқымен жүзеге асырылды. Кейіннен каноэлар мен қайықтар пайдаланылды. Жол салынған кезде пошталық каретада саяхаттар орын алды. Темір жолының салынуы бүкіл елде саяхаттардың танымал болуына әкеп соқтырды. 1850ж. «Американ Экспресс» компаниясының негізі қаланды – ол жол чектерін кеңінен пайдаланды және әртүрлі туристтік қызметтерді көрсетуді жүзеге асырды. Америка бойынша саяхат тарихында маңызы бар бір оқиға болып екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі сапарлар табылады. Мұнда 12 млн. астам американдықтар 1941-1945 жылдары қорғаныс күштеріне қызмет көрсетті.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|