Қонақ үй туристік кешендер менеджменті.
Другие рефераты
Жоспар:
I.Кіріспе
1.1 Менеджмент ұғымы, тарихы……………………..1
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1 Қонақүй туристік кешендер менеджменті…..2
2.2 Басқару әдістері…………………………………………..6
2.3 Басқару стилі……………………………………………..10
2.4 Қонақүйді басқару қызметтері………………….13
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Менеджмент немесе басқару ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың басында Америкада пайда болды. Оған бірқатар факторлар түрткі болған. Соның ішінде елдің демократиялық, азаматардың еңбек сүйгіштілігін, білім алудың жоғары мәртебесін, сондай ақ мемлекеттің экономикаға араласпайтындығын атап өткен жөн. Ел ескіліктің кертартпа догмаларынан да болған. Ал монополияларды құру оларды басқарудың күрделуіне әкеп соқтырды. Осындай жағдайларда бизнес қажеттіліктерінен жауап ретінде ғылыми менедмент пайда болды. Ғылыми менедменттің негізін қалаушысы болып Редерик Уинслоу Тейлор деп саналады. Ол елдің қоғамдық және ғылыми өміріне ерте араласты. Сол жылдарда АҚШ – тың өнеркәсіп орталығы, реформаторлардың әртүрлі қозғалыстарының өнер кәсіпті жаңарту идеяларымен саналуан пікір таластардан бұрқанып жатқан жері Филадельфия деп саналады. Топтардың бірін менеджерлердің әсіресе, адамдармен техникаға бүкіл билікті әбден, сеніп тапсырған, шеберлердің рөліне наразы кәсіпқой инженерлер құрады. Олар машиналық модель деп аталатын өздерінің альтернативті жобасын ұсынады. Оның маңызы кәсіпорынды басқару машинаны құрастырғандай, дәл әрі болжамды болуы тиіс дегенге салды. Басқалары – бұл консервативті не орынды бағыттағы бизнесмендер өнеркәсіп иелері және саяси қайраткерлер енген еңбек реформаторлары олардың назарында жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өзара қарым қатынастары, социо – мәдени орта мен еңбек жағдайы мәселелері әртүрлі қайырымдылық жобаларымен бағдарламалары, мысалы, еңбек моралін жақсарту, өндірісте толық комфорт жасау тұрғын үй жағдайларын әлеуметтік сақтандыруды науқастармен қарттарға күтім жасауды жақсарту. Бұл ағымдар Ф. Тейлорға әртүрлі ықпал етті. Өз өмірін механикалық шеберханада қарапайым жұмысшының оқушысынан бастап, ол заводтың бас инженеріне дейін көтерілді.
Ғылыми басқару ұғымын тұңғыш рет 1910 жылы теміржол компаниялармен жанжал кезінде жүқ жіберуші фирмалардың мүддесін қорғаған Луис Брандейс енгізді.
Жоғарыда еңбек ресурстарын басқару проблемелары теориялық және методологиялық тұрғыдан қаралған, ал ұйым кәсіпорын деңгейінде бұл проблемалар персоналды басқару мәселелері болып табылады. Басқаша айтқанда жұмысқа алынған адамдарды фирма мейлінше тиімді қолданып өзінің көздеген мақсатына – максималды пайда түсіруге ұмтылады. Қанша өндіріс автоматтандырылса да оның негізінде еңбек жазылады – дамның материалдық игілік жасау бағытта күш салуы. Адамдардың еңбегін ғылыми негізінде ұйымдастыру туралы анықтама берсек, оны белгілі принциптер, ережелер мен шарттар жиынына сүйеніп берілген техналогия құрал жабдықтар, еңбек заттар жағдайында әр жұмыскердің еңбегінің шығыны мен нәтижесі арасында оптималды қатынасын құру. Бұл ұғыммен өндірісті ұйымдастырумен байланысты көп сұрақтар тығыз араласады. Бірақ та өзіне тән ерекше ой- желісі, тезистері бар. Біріншіден, қай қызмет саласын алсақ та уақыт мөлшерін орнатудың керектігі. Ол фирмадан жасаланатын көп есептер негізінде жатады: жұмыс ұзақтығы, өндіріс циклы, қуаты, жалақы және т. б.
Екіншіден, жұмыс атқару кезінде міндеттер мен жауапкершілікті анық бөлу. Бөлу негізі ретімен әр жұмыстың күрделігі мен ерекшелігі, орындаушылардың дайындық дәрежесі біліктілігі, жасы, адал ниеттілігі және де оған тән жеке қасиеттерін көз өткірлігі реакция жылдамдығы, ықыластылығы және т. б. ескеру керек.
Қонақ үй туристік кешендер менеджменті
Соңғы уақытта біздің сөздік қорымызға «менеджер», «менеджмент», «маркетинг» ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып шығады екен. Алайда сөзбе сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді.
«Менеджмент» (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол,күш» деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:
1. Адамдармен қарым – қатынас жасау әдісі, үлгісі;
2. Билік және басқару өнері;
3. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
4. Басқару органы, әкімшілік бөлігі (І)
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз максатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше, басқару процессі — өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайға қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін) қолдану.
Тіпті маман болмағанның өзінде де, біздің кез келгеніміздің басқару ғылымды мен өнері туралы азын – аулақ хабарымыз болатыны сөзсіз.
Қонақ үй менеджменті – қазіргі кездегі нарықтық экономика жағдайында қонақ үй мекен жайларын тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.
Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге асыру үшін қонақ үй кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.
Қонақ үй менеджменттегі басты нәрсе — әр бір қызметші қонақ үй кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою («алдына мақсат қойған менеджмент»). Ескі стильдегі қонақ үй кәсіпорын басшылығынан қазіргі қонақ үй менеджерлердің түбегейлі өзгешелігі де осында.
Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны – қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.
Қонақ үй кәсіпорынның ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан орындарды ұсына алуы не бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Қонақ үй шаруашылығында – ең алдымен қызметшілер. Осыдан келіп бұл терминнің үшінші анықтамасы шығады: менеджмент – бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.
Қонақ үй кәсіпорындағы адамдар қызмет көрсету процесінің маңызды элементі болып табылады. Жаңа қонақ үй шаруашылығын құрарда жаңа инвестицияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды рынок капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу анағұрлым күрделі іс.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықтық қатнастарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайынын жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын ұйымдастыру. Қонақ үй шаруашылығының жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды көздеу керек.
Сонымен, Менеджменттің 2 ұғымы бар.
Бірінші ұғым. Менеджмент – бұл басқару, басшылық ету органы. Екінші ұғым. Менеджмент – бұл адамдарды басқару.
Менеджерлер деген кім? Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен, тек ғылыми ізденістерімен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол, әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, клиниканы меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.
Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл – басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез – келген адам да менеджер, әдетте, егер компания меншік иесін есептемесін, бұлар тағайындалатын адамдар. АҚШ-та басшы кадрларды сайлау деген болмайды.
Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен, американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады.
Европалықтардың түсінігінше – менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастырушы адамдар.
«Менеджер – бұл жауынгер, оның үрейленуге және қателесуге қақысы жоқ, өзінің жанұясы – фирмасының гүлденуі үшін күресуге әзір болуы тиіс». Жапониядағы менеджерлер мектебінің – негізгі жапон корпорацияларының болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу орындарының жүздеген тыңдаушылары осы өсиетті күн сайын қайталайды.
Оның біріншісі – қолда бар ресурстардан нағыз тұтас өндірістік бірлік құру. Бұл жағынан алғанда менеджер оркестр дирижеріне ұқсас. Алайда дирижердің қолында композитор жазған партитура болады да, оны тек түсіндіріп берумен ғана шектелетін болса, менеджер — әрі композитор, әрі дирижерлік міндетті атқарады.
«Өндірістік бірлікті» құру міндетін шешу үшін менеджерге бүкіл әлсіз буындарды жою, барынша дамытуды қамтамасыз ету, ұйымдық мәселелердің барлық күшті жақтарын, бірінші кезекте адам ресурстарын пайдалану үшін тырысуына тура келеді. Кәсіпорынның күнделікті іс — әрекеті менеджердің кэз алдында әрдайым елестеуі, ал қол жеткен нәтижелер барынша үйлестіріп отыруы тиіс. Дирижер оркестрді қалай тыңдай білсе, менеджер де әрдайым тыңдай білуі,
| | скачать работу |
Другие рефераты
|