Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Араб халифаты және Исламның таралуы

рдың қолында ”, - дейді ибн Хаукаль. Бұдан аталған қалалардың саманилер жаулап алған территорияларда емес жергілікті түріктердің келісімен Мауереннаһрдан қоныс аударғандардың салған қалалары екеніне көз жеткізуге болады.

     Саманилер жаулар алған Талас та, бейбіт қоныстанушылар негізін салған жаңа қоныстарда Орталық Азияда сауда қызметтерн кеңінен өрістетті, осы қалалардың әрқайсысынан, түркі халықтарының бірі – қимақтар еліне – Ертіске қарай сауда жолы жатты. Мұсылман мәдениетнің шекаралас аудандарының бірі Хорезм болды. Үш жағын дала қоршап жатқан, Хорезм ежелден – ақ көшпенділермен кең сауда-саттық байланыстарын жасап келген болатын, бұл сауда мұсылман дәуірінде одан әрі кеңінен өрістеді. Мал шаруашылығы өнімдерінен басқа дала халқы аңшылық және соғыс арқылы түсірген олжаларымен де сауда жасап отырған. Хорезм базарларында түрік және славян құлдары, дала түлкісі, бұландары мен құндыз терілері өте жоғары бағаланған. Аталған тауарлардың бір бөлігі хорезм базарлары арқылы транзиттік жолмен ара қарай – Алдыңғы Азия елдеріне жөнелтіліп отырған. Хорезмдіктер Сырдария бойындағы қоныстарды салуға ат салысқан болуы мүмкін, бірақ олардың негізгі қызметі батыс пен солтүстік-батысқа қарай, еділ өзені бассейініне қарай бағытталды. Бұлғарлардың ислам дінін басқа түрік халықтарынан бұрынырақ қабылдауын көпшілік зерттеушілер дәл осы, хорезмдіктермен арадағы сауда байланыстарымен түсіндіреді. Араб авторы әл – Истахридің ( ІХ ғ.) жазбаларында: “оғыздар, халлуктар және басқалар мұсылмандықты қабылдады. Олардың бәрі ғазилер. Фараб, Кенжиде, Шаш арасындағы жерлерде көшпенділер көп. Олардың бәрі мұсылман. Ешкімге бағынбайды”, - делінген.  Бұл дерек Сыр бойындағы түріктердің ІХ ғ. өзінде –ақ мұсылман дінін қабылдағанын айқын түрде дәлелдейді.

     Сонымен, саманилер дәуірінде де Орталық Азия даласына исламның таралуы тек жаулаушылық жолымен ғана емес, бейбіт жолмен де, соның ішінде мұсылман дінін қабылдаған соғдылықтардың бейбіт қоныс тебуі және сауда жолдары арқылы жүргенін көреміз.

     Орталық Азия аймағының одан арғы исламдануы қарахандар билігі дәуірінде яғни Х ғ. аяғы – ХІ ғ. басына жатады. Қарахандар түркі мемлекеттерінің тарихында тұңғыш рет ислам дінін мемлекеттік дін етіп жариялады. Қарахандық билеушілердің ішінде өзін алғаш рет мұсылманмын деп жариялаған қаған Сатұқ – Боғра хан (955-956 жж.) болды, ол өзіне Әбд Әл-Керім деген мұсылман есімін қабылдайды. Ал оның баласы Боғра хан Харун Ибн мұса исламды мемлекеттік дінге айналдырады. Зерттеуші С.Сыздықов түрік тарихшысы Мүнәжжімбасшы шейх Ахмедтің “Қарахандар шежіресі” еңбегінен алынған мына бір деректі келтіреді: “Бурахан (Харун Боғра хан) діншіл, білім сүйгіш еді. Иман-хатибке өзі үшін дұға оқытқанды ылғи да: “тәңірім саған табынуда жеткіліксіздік көрсеткен және ылғи да сенің ықтиярыңды орындамақ үшін еңбек еткен Сулейман ұлы Харуннің халін жақсылыққа жеткізе көр” – деп айтуын тапсыратын. Өзіне ылғи да Тәңірі жіберген құлы деп айтылуын және солай жазылуы керектігін құптайтын. Әр жұма күні білімділерді жинайтын”.

     Қарахандар мұсылман дініннен тек өзінің идеологиялық қаруын ғана көрген жоқ, сонымен бірге қоғамдық діни бірлік негізін де тұрақтандыруды көздеді: исламның бұл жағдайдағы қызметі қоғамда әлеуметтік интеграция мен құқықтық тәртіп орнатуға сайды. Қарахандар қоғамы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан Араб халифаты қоғамына ұқсас еді. Бұл ұқсастық тарихи дамудың жалпы заңдылықтарымен анықталалы. Нақ осы қоғамның тарихи дамуы, - деп жазады Т.С.Сайдбаев, - арабтарға тәуелсіз жүрсе де бірақ оған ұқсас болғандықтан, исламды үстем идеология ретінде қабылдауға алып келді және оның топырағына исламды енгізудің негізгі себебі ретінде қызмет етті. Орыс тарихшысы Н.П. Остроумовтың: “Көне арабтардың тұрмысы мен рухани даму дәрежесі Орта Азия халықтарының ішінде Түркістан көшпелілерін еске түсіреді”, деген сөздері де осы ойымызды дәлелдей түседі.

     Сонымен бірге, қарахандардың ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдау фактісін тек қоғам дамуының объективті заңдылықтары мен немесе мемлекеттің идеологиялық қажеттіліктері мен ғана түсіндіу бұл мәселеге біржақты қарағандық болар еді. Іс жүзінде, түркілердің рухани сұраныстарына жауап бергендіктен, яғни діннің негізгі қағидалары халықтың жүрегіне жақын болып, оның діни дәстүрлеріне қайшы келмегендіктен де ислам діні көп ұзамай мемлекеттік дінге айналған болуы керек. Қарахан мемлекетінде исламның мемлекеттік дін статусын алуы бұл діннің Орталық Азия халықтарының жаппай дініне айналуы үшін қолайлы жағдайлар туғызды. Мысалы, В.В. Бартольд осыған байланысты қолжазба деректерден алынған (Бағдад жылнамасы) мынадай мәліметті келтіреді: 960 ж. ислам дінін 200000 киіз үйден (кибитка) тұратын түріктердің бір тайпасы қабылдады. Өкінішке орай, бұл мәлімет тек Бағдад жылнамасында ғана кездеседі екен, ал араб географиялық әдебиетінде де, самани мемлекетінде жазылған шығармаларда да мұндай мәлімет жоқ. Бізге дейін жеткен міліметтің көмескілігі осымен байланысты: бұл түрік тайпасы қалай аталғаны. Олардың қай жерде өмір сүргені жайында ештеңе айтылмайды.

     Көпшілік шығыстанушы – зерттеушілер мұндай бір қызғылықты фактіні баса көрсетеді: қарахандар өздеріне көрші түрік тайпаларына, егер олар ислам дінін қабылдайтын болса, өз мемлекетіндегі жерден еркін түрде пайдалануға рұқсат беріп отырған. Сондай-ақ Махмұт Қашқаридің Арсылан ханның “дінсіздермен” соғыс туралы мәліметтерін келтіруге болады: Арсылан хан жағында 40 мың мұсылман әскері, ал олардың қарсыластары жағында 700 мың әскер болған делінеді. Бірақ соған қарамастан қарахандар жеңіске жетеді. Махмұт Қашқаридің еңбегінде келтірілген аңызда дінсіздердің саны едәуір асырылып берілген болуы мүмкін. Алайда қарахандардың әскери жорығы ғазауат формасында болуының өзі өте маңызды факт.

     Сонымен, қарахандардың әскери табыстары Орталық Азия территориясында исламның кеңінен тарауына ықпал етті. Қарахандар тұсындағы Шығыс Түркістандағы мұсылман иеліктерінің шекарасы туралы Махмұт Қашқари мәлімет береді. Шығыс түркістанда отырықшы аудандар басты екі жолдың бойында – Гучен мен Турфанға апаратын солтүстік жол мен Хотаннан Тарим өзені құятын Лобнорға баратын жолдар бойында жатқаны белгілі. Махмұт Қашқариден біз осыған байланысты мынадай мәлімет аламыз: “Усми – Тарим – Ислам жерлерінен ұйғырларға қарай ағатын және сонда құмға сіңіп кететін үлкен өзеннің аты” [50].

     Х ғ. ислам Сырдарияның төменгі ағысында мекен еткен оғыз халқының бір бөлігі қабылдады. Исламды қабылдаған оғыздардың қолбасшысы – Селжүк өз әрекетін мұсылман қалаларын кәпірлерге (пұтқа табынушы оғыздар) төлеп тұрған алымнан босатудан бастайды. Оғыздардан шыққан селжүк және осман әулеттерінің ислам өркениетіне қосқан үлесі жалпыға мәлім.

     1043 ж. күзінде Орталық Азия даласында көшіп-қонып жүрген түріктердің бір бөлігі мұсылман дінін қабылдайды, “жазда олар бұлғарлармен көрші қонатын, ал қыста Баласағұн маңында қыстайтын”, - дейді В.В. Бартольд. Бұл қыпшақ тайпалары болса керек. Олардың жаз жайлауы Еділ бойында, бұлғарлармен көршілес жатқан. Бұлғарлардың қатарында бұрынырақ ислам дінін қабылдаған отырықшы қыпшақтарда болған еді. Бұны Плано Карпини мен Гильом Рубрук сияқты еуропалық християн миссионерлері де көрсетеді. Г. Рубрук өзінің ХІІ ғ. ортасында Монғолияға   жасаған саяхаты кезінде Еділдің өңірінен өтіп бара жатып, бұлғарлар туралы: “Мұнда Мұхаммедтің заңын қай “албасты” (дьявол) әкеліп тастағанына таңым бар”, - деп жазады. Жалпы алғанда, түркі тілдес тайпалардың исламдануы біркелкі болған жоқ: Еділ бойы (бұлғарлар) мен Жетісуда қарлұқтар мен түркештер Х ғ. бойында жаңа дінге өту қарқынды жүріп, Мауереннаһр, Хорасан және Таяу Шығыстың мұсылман орталықтарымен тығыз байланыстар орнатылса, ал қимақ-қыпшақ тайпалары бұл істе біраз артта қалып қойды. Бұған себеп болған отырықшы аудандар мен қалалардан территория жағынан алшақтық, көшпенді тұрмыстың басым болуы еді. Алайда бұл тұжырымды біржақты қабылдауға да болмайтын сияқты. Жалпы, Орта Азияны мекен еткен ірі тайпалардың бірі – қыпшақтардың солтүстік бөлігінің исламдануы жөнінде тарихнамада үлкен дау – талас орын алған. Сондықтан да бұл мәселеге ерекше тоқталуды жөн көріп отырмыз.

     Қазақ тарихындағы исламның рөлін барынша төмендетіп көрсетуге тырысуға байланысты, кеңес тарихнамасында қыпшақтар ХІІІ ғ. дейін ислам өркениетінене тыс болды деген пікір үстем болды. Осыған байланысты кеңес идеологтары “пантүркішіл” ғалымдарға ортағасырлық қыпшақтар тарихындағы ислам факторын аса асыра бағалағаны үшін, алакөздік танытып отырды. Тек “пантүрікшілдер” ғана емес, сондай –ақ беделді орыс-еуропа ғалымдары да көшпелі қыпшақтар арасындағы исламның жетістіктерін атап көрсеткен болатын. Атап айтқанда, ХІХ ғ. атақты орыс тарихшысы Н.И. Веселовский: “татар басқыншылығының алдында половецтердің басым бөлігі мұсылман дінін тұтынды” –деп жазады.

     Батыс тарихнамасында орта ғасырлық қыпшақтар таза көшпелі халықтар ретінде көрсетілген. Бұған А.Ю. Якубовский мен Б.Д. Греков ең алғаш рет қарсы пікір айта отырып, егіншілікпен айналысатын аудандармен шекаралас жерлерді мекен еткен қыпшақтар бірте-бірте отырықшылыққа өте бастады деп атап өткен еді. Мұндай фактілерді Жетісу мен көшпенділікпен күн кешкен түргештердің, оғыздар мен қарлұқтардың және т.б. көшпелі халықтардың ІХ-ХІ ғғ. жаппай отырықшылыққа өткені белгілі. Бұл процесс түріктермен көршілес соғдылықтар мен хорездіктердің елеулі түрде түріктенуіне алап келген болатын. Кеңес даласын археологиялық және этнографиялық

Пред.1112131415След.
скачать работу

Араб халифаты және Исламның таралуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ