Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Араб халифаты және Исламның таралуы

bsp; берген.

     Халифатқа  кірген  территориялардың  исламдану  процесі  баяу  жүрді  және  оның  өзіндік  ерекшеліктері  болды.  Мысалы,  Омея  әулеті  кезінде  (661 – 750 жж.)  мұсылмандар  христиандар  мен зороастийліктердің  діни  істеріне  араласпаған. Құранда исламға тек, жаңа діннің басты жауы болып табылатын пұтқа табынушыларды өткізу қажеттілігі жөнінде ғана айтылады. Мұсылмандықты таратуда күш қолданбау “жаңа дінді” халықтың көпшілігінің өз еркімен қабылдау процесін тездетті. Бұл турасында Г.Э.Фон Грюнебаум былай деп көрсетеді: “ислам әлемі көптеген әр түрлі діни қауымдардың бейбіт қатар өмір сүру мәселесінің шешімін таба білді. “Қасиетті жазбалары бар халықтардың” (“Люди писания”), соның ішінде, ең алдымен, иудейлер мен христиандардың, ал олардан кейін зорастрийліктердің, егер олар билікке, әсіресе атқару өкіметі органдарына қатысуға ұмтылмаса, жеке ісіне қол сұғылмайтын болды”.

     Ұлан-байтақ Орталық Азия аймағына исламның ықпалы УІІІ-ІХ ғғ. бастап тарай бастады. Исламның бұл аймаққа енуі тез арада іске асқан бір мезгілді акт болған жоқ, ол бірнеше ғасырларға созылған, ұзақ бір процесс болды.

     705 ж. арабтар Амудариядан шығысқа қарай жатқан жерлерді жүйелі түрде жаулауға көшті. Кутейба ибн Муслим, ат-тарабидің мәліметі бойынша осы Балхтың бірқатар аудандарын басып алып, 706 жылы Пайкендке қарай жүрді. Түріктер мен соғдылықтардың біріккен күші араб әскеріне қарсы ойсырата соққы береді. Алайда Кутейба ибн Муслим одақтастар арасындағы алауыздықты пайдаланып, ақырында қаланы басып алады, бұдан кейін ол Бұқара мен Самарқандты алады. 714 ж. Ферғана мен Исфиджап жауланып алынды. 705 ж. Хорасанның әмірі етіп тағайындалған кутейба ибн Муслим әл-Бахили ақтық деміне дейінгі өмірін Мәуреннаһрдың мұсылмандануы үшін жұмсаған.

Мұсылман діні мен мәдениетінің ықпалы Орталық Азия аймағында 766 жылы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда саяси үстемдікке қол жеткізген қарлұқтар арасында ең алғаш рет тарай бастағандығын айттық. Олар исламды Халиф Махдидің тұсында-ақ (775-785 жж.) қабылдаған деген пікір бар. В.В.Бартольд: “бұл пікір қарлұқтардың тек бір бөлігіне ғана қатысты болса керек, өйткені қарлұқтар мемлекетінің көп бөлігін саманилер тек ІХ ғасырдың ортасынан бастап-ақ өздеріне қаратып, ислам дінін енгізген”, - дейді.

     Алайда, бұл жерде В.В.Бартольд ислам дінінің түріктер арасында тек жаулап алу арқылы ғана емес, керісінше, көбіне бейбіт жолмен тарағанын ескермеген сияқты. Ислам дінінің қарлұқтар арасында бұл ерте тарауын 751 жылғы атақты Талас шайқасымен байланыстыруға болады. Жоғарыда айтылып кеткендей, бұл шайқас орталық Азия аймағы Қытай мен Аббаси халифаты өкіметтерінің қайсысына қарайды деген мәселені ғана емес, ол сондай-ақ бұл аймақ халықтары қиыршығыстық және араб-мұсылман өркениеттерінің қайсысының ықпалына түседі деген мәселені де шешіп береді. Талас шайқасында жеңіске жеткен арабтар бұл жерде тек бір гарнизонын ғана қалдырып, ал басым бөлігі Мәуереннаһрға қайтып кеткені белгілі. Алайда еркіндік сүйгіш түріктер (қарлұқтар) осы оқиғадан кейін өздеріне қауіп төндіріп тұрған екі империяның ішінде араб халифатының қол астында (қамқорлығында) болу анағұрлым тиімді екенін түсінді. Сондай-ақ талас шайқасынан кейін, арабтармен жақын араласа бастаған түріктер, олардың дінімен танысады, өйткені осы кезеңде Жетісу түріктері арасында ислам мәдениеті тез қарқынмен тарай бастаған еді. Бұл діннің өздерінің рухани сұраныстарына жауап беретіндігін ұғынған қарлұқтар оны өз еріктерімен қабылдаған деген болжам жұмсауға болады.

     Сондай-ақ, талас өңірім мен жетісуда ислам дінінің УІІІ ғасырда-ақ тарай бастауын, бұл аймақтың Ұлы Жібек жолындағы маңызды пункт болғандығымен де түсіндіруге болады. Орта Азияда ислам үстемдікке жетісімен-ақ мұсылмандар бұрынғы сауда керуендерін жөнелте бастады. Қытай тарихынан біз мұсылман керуендері УІІІ ғасырда-ақ қарлұқтар елі арқылы жоғары Енисейге, қырғыздар еліне барып тұрғанын білеміз, мұсылман деректерінде де, орхон жазбаларында да осы сауда жолдары туралы мәліметтер кездеседі: Саян жотасы орхон жазбаларында да, мұсылман деректерінде де кегмен деп аталады. Сондай-ақ ертіске баратын екі жол туралы да мәліметтер бар. Арабтар, әрине, көбіне сол дәуірдегі негізгі бәсекелесі, аса қуатты мемлекет – Қытайға баратын сауда жолдарын көп зерттеген, сондықтан да осы жол туралы және оның бойындағы тұратын түрік тайпалары туралы мәліметтер мұсылман деректерінде өте көп. Исламның басты артықшылығы, әрине, мұсылман әлемінің сол дәуірдегі өркениетті халықтар арасындағы мәдени (материалдық және рухани) біріншілігіне байланысты еді. Дала халықтары әр кез отырықшы елдердің өнімдеріне, әсіресе, киім-кешек, тұрмыс бұйымдарына зәру болды. Отырықшы елдер мен далалықтар арасында болған, ол қай жерде жүрмесін –Қытайда ма, мұсылман елдерінде ме, көшпенділерге ең алдымен маталар қажет болды. Көшпенділермен сауда отырықшы халықтарға да тиімді болған, олар көшпенділерден анағұрлым арзан бағаға мал шаруашылығы өнімдерін, әсіресе ет алып отырған. Орта азиядағы түріктерге шекаралас жатқан мұсылман елдері үшін де өз кезегінде дала халықтарымен сауданың үлкен маңызы болды, Хорезм шеберханаларында дала халықтары үшін арнайы маталар шығарылып отырылған. Түріктер арасында исламды таратуда орта азиялық көпестер үлкен рөл атқарды. Махмұт қашқари өз “көпесі” бар адамды білдіретін “баста” деген терминді келтіреді. “Баста” белгілі бір мұсылман көпесі мен байланыста болады, оны жақсы біледі. Көпес үнемі соның үйіне тоқтайды, “оған ислам елінен киім-кешек, әйеліне орамал, біраз бұрыш, тары, жүзім және жаңғақ әкеліп тұрады”.

     Таяу Шығыс, парсы елі және Орта Азиядан келген көпестер жай ғана көпестер емес еді, олар пайда табуды ғана көздеп қоймай, сондай-ақ дін мен мәдениетті таратушылар да болды. Сауда мен дін ол дәуірде бір-біріне қайшы келмеді (Мұхаммед пайғамбардың өзі діни қызметінің алдында саудамен айналысқан еді). Сауда керуендерімен, немесе бейбіт қоныстанушылар, дін уағыздаушы және саяхатшылар ретінде арабтар УІІІ ғ. өзінде-ақ Орталық Азияға – Ертіс бойындағы қимақтарға, шығысында – ұйғырларға, батыста – бұлғарлар мен хазарларға дейін жеттті.

     Мұсылмандардың тауарларымен және жалпы өмірімен таныса отырып түріктер олардың мәдениетін, соның ішінде дінін де қабылдауға асыққан. Монғолияны мекен еткен халықтар жайында мұсылман әдебиеті ештеңе де айтпайды, алайда біз қытай деректерінен 924 жылдың өзінде-ақ Монғолияда мұсылман көпестерінің болғандығы жөнініде мәлімет аламыз.

     Көріп отырғанымыздай, Орталық азияның қиыр Шығыс аудандарының өзіне УІІІ ғ. бастап-ақ мұсылмандар еніп, өз дінін уағыздай бастаған және оның негізгі жолы бұл дәуірде сауда жолдары болған.

     Түріктер арасында исламның кеңінен тарауы, В.В.Бартольд атап көрсеткендей, Орта Азияда ирандық саманилер әулеті билік құрған кезден басталады. Саманилер арабтар бастаған “дін жолындағы қасиетті соғысты” одан әрі жалғастырып, әлі де болса ислам дініне өтпеген түріктерге қарсы жорықтарын бастады. 839-840 жж. Саманилердің билеушісі Нух ибн асад испиджабқа жорық жасап, қаланы бағындырды, сөйтіп жүзімдіктер мен егістіктерді қоршап, қамал тұрғызды. 859 ж. оның ағасы Насыр І ахмед Ибн Асад Шауғарды жаулап алды. Фарабтың мұсылмандардың қолында болғаны туралы Ибн хордабектің: “Фарабтың бас қаласы Кедерде мұсылмандар мен түрік-қарлұқтардың  жасақтары болды”, - деген мәләметі дәлел бола алады. Тек ІХ ғ. аяғында ғана, атап айтқанда, 893 ж. Талас өңірі басып алынды. Сол кезде Жетісуда билік құрған Қарлұқ мемлекетінің қағаны Оғұлшақ қадырхан өз ордасын Тараздан қашғарға көшіреді де, саманилерге қарсы соғыс әрекетін жүргізе береді.  Қарлұқ қағандығы дәуірінде, негізінен, Оңтүстік Қазақстан жерінің аз ғана бөлігінде араб үстемдігі орнығады. Бұл қосып алынған аудандардың халқы  мұсылман  әулеттерінің  ортақ  ұраны  “дін  жолындағы  күреске” тартылады.  Мұндай  соғысқа  қатысу  мемлекет  тарапынан  ынталандырылып  отырылғанын  айта  кету  керек.  “Мауереннаһрда Испиджаптан  басқа  харадж  салығы  салынбаған  бірде-бір  қала  жоқ”, - дейді  әл – Истахри. Испиджаб аймағының  қандай да  болмасын ақшалай салықтан басталуы – дін жолындағы күреске ынталандырудан  туындаса керек.  Испиджаб, сондай-ақ, араб деректерінде “дін үшін соғыс оргыпы” деп көрсетіледі.  Х ғасырдың географтары онда ғазилердің (дін жолындағы күрескерлер) өте көп болғандығы атап айтады.

      Алайда, саманилердің бұл жаулаушылық жорықтары тек шекаралас, жақын аудандарға ғана ұйымдастырылды, және де жауланып алынған жерлердің өзінде жорықтардан тәуелсіз Мауереннаһр тұрғындарының өз бетінше бейбіт қоныстануы жүріп жатты. Бұл дәстүр соғды дәуірінде – ақ басталған еді. Мауереннаһрда ислам көпшілік халықтың дініне айналғанын кейін мұсылмандар бұрын соғдылықтар бастаған қоныс аудару әрекетін әрі қарай жалғастырды. Осылайша, Сырдарияның төменгі ағысында үш мұсылман қаласы – Жент, Хувара және Янгикент (арабша ал-Карьят, ал-Хадиса, парсыша Дих-и-Нау) пайда болды. Араб географтарының хабарлауы бойынша бұл қалалардың халқы мұсылмандар еді, бірақ олар мұсылман емес оғыздардың билігінде болған. “Ал Жаңа қоныста мұсылмандар тұрады, бірақ ол Гуздар мемлекетінің астанасы, мұнда қыс айларында гуз патшасы тұрады. Оған таяу жерде Джент пен Хора орналасқан, ол екуінде де мұсылмандар тұрады, ал билік гузда

Пред.1112131415След.
скачать работу

Араб халифаты және Исламның таралуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ