Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Араб халифаты және Исламның таралуы

nbsp; етуге  болады.  Ол  1947  жылы  Кайрде  басылып  шықты.  Құранға  сүйене  отырып  Хейкал  ислам  діні  іскерлік  пен бәсекелесті (конкуренция)  қолдайды  деген  тұжырым  жасайды.  Мұсылман өркениетін  рухани  негіз,  ал  батыс өркениетіне  қарсы қылады. Оның  пікірінше,  мұсылман  өркениетіне  рухани  негіз,  ал батыс  өркениетіне  экономикалық  негіз  тән.  Батыс  пен  мұсылман  әлемі  арасындағы тағы  да бір ерекшелік – Батыс  мемлекет  пен  шіркеу  арасында  тынымсыз  күрес  жүріп отырса,  мұсылмандар  әлеміне  бұл екі институт  бір –біріне  толықтырып,  тығыз  ынтымақтастық  өмір  сүруде.

    Хейкаль  исламның  социалистік  сипатына да  жағымды баға  береді.  Орыс  авторларының  ішінде В. Соловьевтің  “Магомет” деген  Мұхаммедтің  өмірбаяны  жөніндегі  шығармасы  кең  танымал  болды. Ол  Санкт – Петербурда  1896 ж.  жарық  көрген  болатын (Алматыда – 1990) [41]. Сондай – ақ  М.Н.  Петровтың  “Магомет   Пройсхождение  ислама”  атты еңбегі  де  көңіл  аударарлық.  Мұхаммед  пайғамбардың  өмірі  мен қызметін  проф.  А. Е.  Крымский  едәуір  зерттеді. Ол “Источники  для  истории  Мұхаммеда” деген  деректер  жинағын  жариялады.  Сонымен  қатар “История  мусульманства”  және  “История  арабов”  деген еңбектерінде  ислам  дініне  көңіл бөлді.  Вашингтон  Ирвингтің  “Жизнь  Магомета”  деген  кітабы  орыс  тіліне  аударылып,  оған,  Н. А. Добролюбов  пікір  жазған.   В. Ирвингтің  бұл еңбегі тарихи  роман жанрына жақын, яғни ғылыми  құндылығы  төмен.

     Ислам  дінінің  шығуына  советтік  ғылыми  әдебиеттерде  әжептәуір көңіл бөлген.  Бірнеше  теориялар  қалыптасты. Оның  біріншісі  М.Н. Поеровскийдің  тарихи  концепцияларының  ықпалы мен  қалыптасқан.  М.А.  Рейснердің  сауда – капиталистік  теориясы дүрілдеп  тұрған  Марксизм – Ленинизм  іліміне жат бұл тория 20-шы  жылдардың аяғы мен  30-шы  жылдардың  басында  кеңінен  жайылды.  Сонымен қатар  “көпшілік”  және “егіншілік”  теориялары да  белгілі болды.  Көпшілік  теориясы  бойынша  ислам  алғашында  Аравияның  бедуиндер  бұқарасының  мүддесін  көздеді,  солардың  идеологиясы  болды.  Ал  екінші  теория  шаруашылық  өмірдегі  диқандардың  рөлін  шектен  тыс  асыра көтермелеп,  алғашқы  ислам “кедей шаруалардың  идеологиясы болды”  деген  пікірді  дәлелдеуге  тырысты.  Мұхаммедтің  өмірбаянын,  ислам  дінінің  шығу себептерін  белгілі орыс жазушысы  В. Панова  (1905 – 1973 жж.)  мен  оның  ұлы, әйгілі  арабтанушы  Ю. Бахтин  бірлесе зерттеген.  Олардың  60- шы жылдары  жазылған “ Мұхаммед  пайғамбардың өмірі: Тарихи  толғау”  атты  еңбектері  кезінде Жазыл рап  сериясына  арнайы  жазылғанымен  жарық көре  алмай  қалған болатын.  Шын  мәнінде  бұл тарихи  толғау  әлем  әдебиетіндегі  тарихи   деректерді   ең  мол  қамтыған  Мұхаммед  Ғалаиһи С-Саламның  толық өмірбаяны [39].  Бұл  өмірбаянды “Жазушы”  баспасы  қазақ  тілінде  1993  жылы  басып  шығарды.  “Ислам әлемі  баспасы  дүниеге келіп,  діни  кітаптар  шығаруды  қолға  алды (“Егемен Қазақстан”  21. 03. 1997ж.). Енді  Мұхаммед пайғамбарға,  арабтарға арналған  әдебиеттер көптеп  шығарылады  деп  сенеміз.  Ол  еңбектердің  Қазақстан  тарихын,  байыта түсетініне күмән  жоқ.    Зерттеу барсысында Қазақстандық зерттеушілерінің көзқарастары өзара  және  басқа да зерттеушілерінің пікірлері мен қатар талданып салыстырмалы тарихи зерттеу әдісі қолданылды. Бітіру жұмысын жазуда Батыс пен Шығыстың  өзара ықпалдастығы  Еуразияшылықтың  тарихи  тамырлары  жөнінде соңғы  жылдары жаңаша  тұрғыда  көп зерттеу  жұмыстарын жүргізіп жүрген  Қазақстандық тарихшы  Қ.Т. Жұмағұлов еңбектері бағыт- бағдар беретін әдістемелік теориялық негіз ретінде қолданылды [18, 19, 20, 21].

     Бітіру жұмысын жазуда алға қойған мақсат - міндеттер:

    Қоғам ішіндегі әртүрлі әлеуметтік топтардың  ынтымағын қамтамасыз ете білу де, үш материктің көп ұлтты халықтарынан құрылған мемлекеттің ІҮ ғасырдан астам уақыт өмір сүруінің  бір себебі болды. Араб халифатының әлеуметтік - экономикалық қатынастарды шешу тәжірибесін  үйрену  қазіргі  кездегі   мәселенің бірі. Бірақ өкінішке орай  бұл маңызды мәселе  дұрыс шешімін таппай отыр. Халифаттың  көптеген елдерді оңай әрі тез жаулап  алуының, оларды өз қол астында тапжылтпай  ұстап отыруының себептерін зертеу, ұғу, тағлым алу біздің мемлекетіміздің жарқын болашаққа  жетуіне едәуір үлес қосады деп санаймыз. Сол себепті де біз өз бітіру  жұмысымыздың тақырыбы етіп “Араб халифатының құрылуы  және  оның жаулап алушылықтары”  мәселелерін  таңдап алдық.

     Бұл мәселе әлі күнге  дейін  дұрыс шешімін  таппай  келе жатыр. Біздің  республикамыздың саяси-экономикалық жағдайын нығайтып, өркениетті елдер  қатарына  қосылу  үшін,  2030 жылға қарай   “Орталық Азия Барыс”  атану үшін араб халифатының  әлеуметтік - экономикалық жағдайын жаңа,  жалпы  адамгершілік  құндылық тұрғысынан саралау қажет.

     Бітіру  жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде таңдап алған тақырыбымның маңыздылығын дәлелдеуге, бітіру жұмыстың мақсат – міндеттерін ашып көрсетуге басты назар аударылды.

     Бірінші тарауда ислам  дінінің қалыптасуы туралы деректерге, зерттеулерге шолу жасалынды. Ол діннің қалыптасуының алғы шарттарын  әлеуметтік – экономикалық  негіздерін ашып көрсетуге  тырыстық. Бұл тарауда  сонымен  қатар халифаттың  құрылуының  алғы шарттары,  тарихы баяндалды.

     Екінші  тарауда  деректер мен  зерттеулерге  сүйене отырып алғашқы төрт тақуа халифаттардың тұсындағы араб жаулап алушылықтарының себеп -  салдары,  феодалдық қатынастарға талдау жасалынып баяндалды.

     Бітіру жұмысы осы екі тарауда  баяндалған  мәселелерден туындайтын қорытындымен аяқталады.

    Бітіру жұмысының соңында  пайдаланылған деректер мен зерттеу еңбектерінің тізімі келтірілген.

 

І – ТАРАУ.  АРАБТАР  МЕМЛЕКЕТІНІҢ  ҚҰРЫЛУЫНЫҢ         АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

 

1.1                         Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі

 

     Ислам  Меккеде  өмірге келді. Мекке – Хиджаздың ең үлкен  елді  мекені. Оның төңірегі құлазыған  шөл  дала,  өсімдік те – аз:  түйе  жейтін жантақ,  қой-ешкіге  жетерлік  шағын  жайылым  ғана  болды.  Жері  егін  егуге мүлде жарамсыз, азын аулақ  түйе, ешкі, қой  сияқты  түлік  түрі  аяғынан  тозып, азық айырдан  демесең,  мал  ұстауға да  мейлінше  қолайсыз. Құдықтар  суы  өте  тереңнен  шығады.  Сондықтан  да Меккенің  тұрғындары  не мал  өсірумен, не егіншілікпен  айналыса алмады. Мекке  сауда  керуенінің  жолындағы  зәмзәм бұлағының  бойында  өмірге келген [35].  Зәмзәм  суының  шипалы қасиеті  бар.  Сондықтан  Мекке  бірден  қасиетті  мекенге айналды. Зәмзәм  бұлағында Каоба  Храмы араб  бедеуилерінің  атамзаманнан табынатын  орны  болған [13].  Ол  храмды   Абрам (Ибрахим)  мен оның египеттік күңі   Ажардан  туған  баласы  Исмайл  салғызған  деген  аңыз сақталған,  тек  Палестинаға  келгеннен  кейін,  пұшпағы  қанамаған  бедеу  әйелі  Сара  өз  қожасынан  бала  болмайды  деп  ойлаған  соң,  Египет  перғауыны

12345След.
скачать работу

Араб халифаты және Исламның таралуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ