Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Арнайы экономикалық аймақтардың пайда болуы және қалыптасу мақсаттары

с реттеу шаралары қолданылмайды. Көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкету таңдалған кедендік режимнің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылатын тауарлар кедендік төлемдер және салықтар алу мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс орналасқан деп қарастырылады.

4. Тауарлардың арнайы экономикалық аймақтың аумағынан шығуы тауардың шыққан жері туралы сертификатпен расталады. Көрсетілген сертификат болмаған жағдайда, тауар:

1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету кезінде  кедендік әкету баждарын алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында — қазақстандық тауар ретінде;

2) Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу кезінде кедендік әкелу баждарын және салықтарды алу, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында – шетелдік тауар ретінде қаралады.

Еркін кеден аймағының кедендік режиміне тауарларды кедендік ресімдеудің ерекшеліктері

1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелінетін және еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылатын тауарлар, сондай-ақ өздеріне қатысты еркін кеден аймағының кедендік режимі өзгертілетін тауарлар кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кедендік ресімдеуге жатады.

2. Еркін кеден аймағының кедендік  режимі өзге кедендік режимге өзгертілген жағдайда шетелдік тауарларды кедендік ресімдеу, тарифтік емес реттеу шараларын қолдану, кедендік баждарды және салықтарды төлеу таңдалған  кедендік режимнің шарттары мен талаптарына сәйкес  жүргізіледі. Бұл ретте қолданылатын (пайдаланылатын) тауарларға қатысты тауарлардың кедендік құны Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгіленген қолдану (пайдалану) уақыты ішіндегі  амортизация нормаларын ескере отырып, еркін кеден аймағының кедендік режиміне сәйкес айқындалады.

Еркін кеден аймағының кедендік режимінің аяқталуы
Еркін кеден аймағының кедендік режимі:

1) тауарларды өзге кедендік режимде кедендік ресімдеумен;

2) тауарлармен қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасалған және алынған тауарлар арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу үшін пайдаланылған жағдайда аяқталады.

Қазіргі кезде Қазақстанда арнайы экономикалық аймақтардың дамуы жаңа сатылардан өтуде. 2000ж 28 шілдеде Астана қаласының арнайы экономикалық аймағының жағдайлары жеңілдетілді. «ҚР арнайы эконмикалық аймақтар туралы» заңына өзгерістер енгізіліп, жаңа типтегі арнайы экономикалық аймақ – «Астана-жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Қазір осы аймақтармен қатар «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы қызмет етуде.

Теңіз көлігі қызметінің әртүрлі аспектілері бар, олар – техникалық, технологиялық, ақпараттық, экономикалық, құқықтық және т.б..  Алайда, теңіз порттарының көлік жүйесіндегі қызметінің негізінде көлік дамуының бағыттарын, көліктің белгілі-бір түрінің қолданылу қажеттілігін, көлік кешенінің  қызмет ету тиімділігін анықтайтын экономикалық процестер тұрады. Осы бөлімде теңіз көлігінің экономика саласы ретіндегі  негізгі экономикалық сипаттамалары қарастырылған және оның қызметін бағалайтын көрсеткіштер келтірілген.

Сонымен бірге теңіз және басқа көлік, кәсіпорындар, аймақтар  мен елдер арасында тасымалды жүзеге асыра отырып, экономикаға едәуір әсер етеді. Көліктің қоғам өміріне әсері әртүрлі және көпжақты. Ол өндіріс пен тұрғындардың орналасуындағы, экономикалық өсуді қамтамасыз етуде, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру және өмір сүруін өзгертудегі географиялық және құрылымдық алға  жылжуға әсер етеді. Халықаралық еңбек бөлінісін қамтамасыз ете отырып, әлемдік экономикада, мәдениетте және халықаралық қатынастарда ірі өзгерістерге әкеледі.

Қазақстан көлігі экономиканың маңызды саласы болып табылады және оның келесі түрлері бар: теміржол, теңіз, өзен, әуе, автомобиль, құбыр желісі. Көліктің негізгі міндеті- қызмет көрсетуді жақсарта және уақтылы жеткізе отырып, қажетті көлемде және бағыттарда жүк пен жолаушы тасымалына деген әлеуметтік және экономика салаларының қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету.

Су (теңіз және өзен) көлігі Қазақстанның біртұтас көлік жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан территориясы бойынша елдің   поселоктары мен ауылдарын, қалаларын қосып отырған отандық көлік коммуникациялары  болып табылатын өзендер ағып жатыр. Сол себепті, тек қана экономикалық емес, сондай-ақ географиялық жағдайларға байланысты су көлігі Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі экономикалық байланыстарын қамтамасыз етуші маңызды фактор болып табылады.

Сондай-ақ теңіз флоты аралас «өзен-теңіз» жүзу кемелерін пайдалана отырып, коммуникацияларды белсенді түрде игеруде екендігін айта кету қажет.

Қазақстанның су көлігі келесі негізгі міндеттерді шешеді:

  • елдің әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялауға бағыттауды жүргізуге байланысты соңғы жылдары ерекше маңызға ие болған, теңіз сыртқы сауда тасымалдарды қамтамасыз ету;
  • тұрғындар миграциясы мен әртүрлі жүк тасымалы қажеттілігі күрт артатын жаз мезгілінде ішкі жүк және жолаушы тасымалын қамтамасыз ету;
  • жүктің ірі партияларын тасымалдауға қабілетті іс жүзіндегі жалғыз көлік түрі болып табылатын Каспий аймағында көлік қызметін көрсету;
  • ел бюджетіне валюталық кірістерді ұлғайту; әскери-теңіз флотының стратегиялық резерві ретінде елдің қорғаныс қабілетін күшейту.

Теңіз көлігі жүзеге асыратын жүк тасымалдауды теңіз тасымалы деп атайды. Теңіз тасымалдары әдетте аралас теңіз бассейндерінде немесе жүк экспорты және импортын қамтамасыз етуші сыртқы-сауда тасымалдарына бөледі. Қазіргі кедегі бүкіл әлем бойынша теңіз көлік құралдарымен бір жылда тасымалданған жүк көлемі көліктің қалған түрлерінің барлығымен тасымалданған біржылдық жалпы жүк көлемінен артық. Теңіз порттарының әлемдік жүк айналымы тұрақты түрде өсуде. Әлемдік тасымалдар өсуінің болжамы келесі көрсеткіштермен сипатталады: 1980 ж. – 5 млрд.т,            1990ж. – 7 млрд.т, 2000ж. – 10 млрд. т, 2008 ж. – 35-45 млрд.т.

Әлемдік теңіз тасымалында мұнай, темір кені, бидай, көмір, минералды тыңайтқыштар , табиғи газ және басқа жүктердің тасымалы үздіксіз өсуде.

Әлемдік сауда коньюктурасының өзгеруіне байланысты теңіз көлігімен тасымалданатын жүктердің құрамы да өзгереді. Сондықтан соңғы кезде теңіз порттарындағы әлемдік жүк айналымында газ, мұнай, мұнай өнімдері, химиялық және контейнерлік жүктер үлесі артып келеді. Мұнай мен мұнай өнімдеріне жалпы тасымалданатын жүк көлемінің 55%, темір, көмір, астық, тыңайтқыштар 20% -ға жуық, басқа да жүк түрлері – 25% үлес салмағы тиесілі.

Теңіз көлігін сыртқы сауда тасымалында негізгі көлік ретінде пайдалану теңіз көлігінің экономикалық маңыздылығын ғана емес, саяси маңыздылығын да айқындайды. Теңіз көлігі әр түптегі континенттер мен аралдарда орналасқан елдер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Авиация саласының қаншама қарқынды дамуына қарамастан, ол қазір де жақын болашақта да жүк тасымалындағы, әсіресе массалық жүктерді тасымалдаудағы теңіз көлігін алмастыра алмайды.  [45]

Теңіз көлігі темір жол және автомобиль көлігімен салыстырғанда экономикалық та экологиялық та жағынан тиімді. Су жолдары форс-мажорлық оқиғаларда барынша қауіпсіз.

Кез – келген көліктің қызмет етуінің негізгі көрсеткіші ретінде жүктердің межелі жерге, көзделген орынға жеткізілу жылдамдығы саналады.  Темір жол көлігі мен теңіз көлігі арқылы жүк тасымалын салыстыратын болсақ, тасымалдау қашықтығы мен жеткізілу орнын ескеру қажет.   Егер жүк Еуроапдан Үнді мұхиты арқылы Суец каналымен Жапонияға тасымалданатын болса бұл жүктің Транссібір магистралы арқылы тасымалдану ұзақтығы 2 есе аз уақыт алады, бұл жерде аталған жүкті теміржол арқылы тасымалдау артықшылығы көрініп тұр.

Теңіз көлігі тау-кен, көмір, мұнай өндірісі, алтын өндірісі сияқты өндірістің басқа да салаларындағы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Теңіз порттары теңіз көлік жүйесін құраушы негізгі элемент болып табылады. Теңіз порттары төмендегідей болып бөлінеді:

-   Теңіз сауда порты; — Теңіз балық порты;

-       Теңізге мамандандырылған порт.

Теңіз порттарының қызмет ету аясындағы назар аударатын басты мәселе ол теміржол және автокөлік, кей жағдайда құбыр көліктері қиылысатын көлік желісі болып табылатын порттардың қалыпты қызмет етуі үшін екі арада құрлық арқылы қатынас жолдары болу қажет.  Құрамында аумақтық сұрыптау станциялары мен парктерден басқа сұрыптау порт станциялары, тиеу-түсіру және байланыс жолдары кіретін теміржол құрылғылары маңызды роль атқарады.   Сұрыптау порт станциялары портқа келетін және порттан кететін отарбаларды қайта құру үшін қызмет етеді. Порт станциялары порт территориясынан тыс, бірақ портқа тікелей байланысты жақын жерге орналасады. Шет елдерде бірнеше аудандардан тұратын жүк көлемі көп аса ірі порттарда аудандық станциялар мен парктер орналасады, олар жүк майдандарына тікелей байланысты жақын жерлерге орналастырылады.

Жолаушы-жүк операцияларын қамтамасыз етуге арналған негізгі элементтерден басқа порт шегінде келесі қосымша элементтер болуы тиісті: бункерлік және құрылыс базалары, техникалық, қызметтік және резервтік флот тұрақтары, кеме жөндейтін кәсіпорындар причалдары мен портқа негізделетін жағалау ұйымдарының объектілері және көлік кемелеріне қызмет көрсету объектілері.

Әлемдік тәжірибеде теңіз порттары қызмет етуі мен мақсатына, кемелерге қызмет көрсету аудандарына,

1234
скачать работу

Арнайы экономикалық аймақтардың пайда болуы және қалыптасу мақсаттары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ