Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Арнайы экономикалық аймақтардың пайда болуы және қалыптасу мақсаттары

елдің халық шаруашылығындағы роліне, жүк айналымына, кеме айналымына, мамандандырылуына, қызмет түрлері және басқа да технико-экономикалық критерийлерге, яғни географиялық орналасуы мен портқа тапсырылған тереңдікті қамтамасыз ету әдістеріне байланысты жіктеледі.

Теңіз көлік порттарын технико-экономикалық критерийлер бойынша зерттеудің біртұтас жіктемесі критерийлердің көптігі мен кеме жүрісінің даму қарқынының жоғарылауымен байланысты порт функцияларына айтарлықтай әсерін тигізіп, жіктеудің барған сайын жаңа түрлерін пайда болдыруда.

Әртүрлі елдерде айтылған жіктемеге әр түрлі критерийлер негіз болады: Англияда порт деңгейі елдегі барлық порттар бойынша жүк айналымындағы үлес салмағына байланысты анықталса, Норвегияда қабылданатын кемелер  типтерінің мөлшеріне, Польшада жүк айналымы мен кеме айналымының ара қатынасымен анықталатын порттың мәніне байланысты.

Жоғарыдағы сызбада (1 сурет) көрсетілгендей шаруашылық қызметтің түрі ретінде екі ішкі жүйе ретінде қарастыруға болады: жалпы және арнайы пайдаланудағы көлік. Аталған ішкі жүйелердің өз алдына ішкі құрылымы бар. Ақтау теңіз порты инфрақұрылымдық сипатқа ие, себебі ол материалдық өндірістің жалпы жағдайларымен байланысты жалпыэкономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси маңыздылығы бар, мемлекеттік және басқа да функцияларды атқарады. Шаруашылық қызметтің түрі ретінде ол салалық сипатқа ие бола отырып, ұдайы өндіріс процесіне белсенді түрде ықпал етеді, яғни, ұдайы өндірісті жандандырады немесе баяулатады, айналымдағы отын мен шикізаттың және де басқа да жылдық өнімдердің массасын көбейтеді.  Белгілі-бір өлшемде географиялық сфераға, пайдалы қазбалар, еңбек және басқа да ттабиғи ресурстарға өз әсерін тигізеді.

Қазақстанның әлемдік көлік жүйесіне интеграциялануы ресурстарды сақтау мен тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін техникалық даму концепциясын таңдау мен әлеуметтік және экономикалық даму алғышарттарына сәйкес жоғарылап отыр. Осыған байланысты еңбек және материалдық ресурстарды рационалды пайдаланудың мәні жыл өткен сайын өсу үстінде. Осы бағытта жоғары еңбек сыйымдылығы мен энергия сыйымдылығы орын алып отырған жағдайда порт жұмыстарын тиімді ұйымдастыру еңбек сыйымдылығын төмендеті мен технологиялық процестерді жеделдетуге мол мүмкіндік береді.

Ақтау теңіз порты жүктерді теңіз жағалауына дейін жіне кері тасымалдау сияқты күрделі, негізгі функцияларды атқарады. Ол кемелердің қолайсыз жағдайлардан сақтау және әртүрлі сипаттағы қамтамасыз етулерді жүзеге асырады. Порт территорияларында кеме жөндеуді жүзеге асыратын кеме жөндеу кәсіпорындары орналасқан.

Ақтау көлік желісінің қызмет етуі мен дамуы төмендегі 2 суретте сызба ретінде келтірілген.  Суреттен көріп отырғанымыздай, Ақтау теңіз портының техникалық деңгейінің қалыптасуы мен экономикалық даму негізі болып  көліктік-экономикалық байланыстың тиімділігін бейнелейтін жүк ағымдары табылады. Алғашқы жүк ағымдары өнеркәсіп өндірісі мен тұтыну деңгейіне байланысты. Сонан соң порттың даму шеңберінде порттың қуаттылығы жүк ағымы динамикасы мен құрылымын айқындайтын негізгі фактор болып табылады. Міне сондықтан Ақтау порты жүк тасымалдау қажеттілігіне сәйкес жекелеген аумақтық-өндірістік кешеннің қызметін айқындайтын кәсіпорынға айналды. Сондықтан біртұтас көлік жүйесіндегі барлық элементтердің өзара әрекет ету тиімділігін реттеп отыратын базалық порт ретінде Ақтау портының ролі үнемі жоғарылап отыр. Жүк ағымы динамикасы Ақтау портының даму деңгейін сипаттайды, ал құрылымы айтарлықтай мөлшерде тиімді қызмет етуіне жағдай жасайды.

Сонымен қатар порт жұмысының бизнес жоспар методологиясы көрсеткіштері бизнес жоспар көрсеткіштерінде көрсетілуге тиісті процестердің экономикалық мәнімен өрнектеледі. Бірінші кезекте бұл өндірістік көрсеткіштерге қатысты. Экономикалық жүк айналым көрсеткіштері арқылы порт қызметімен байланысты көліктік-экономикалық байланыстар айқын көрінеді. Сондықтан, бизнес-жоспарды жетілдіруде экономикалық жүк айналымның сандық және сапалық сипаттамаларын барынша нақты анықтау ең маңызды мәселе болып есептеледі. Экономикалық жүк айналым көрсеткіші жүк айналымы бойынша экономика салалаларының қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін көрсетеді және порттың технико-экономикалық даму масштабын сипаттайды.

Теңіз портының жұмысын бизнес-жоспарлау ресурстарды барынша толық пайдаланудағы жеткен өндірістік нәтижелерді қарастырады. Бизнес жоспарға қойылатын маңызды талаптардың қатарына көлік флотына қатысты порт ішіндегі шаруашылық пен көлік байланысы қуаттылығының ара салмағы да жатады.

Сонымен қатар экономикалық заңдыолықтардың талаптары мен экономикалық, техникалық және әлеуметтік мақсаттардың порттың дамуы үшін нақты жағдайларды шешілуі бизнес жоспар арқылы қарастырылуы қажет. Порт жұмысының масштабының өсуіне байланысты көліктік бизнес жоспар тәртібі мен клиентурасына деген қойылатын талаптар да өсіп отыр. Порт жұмысының тиімділігінің жоғарылауы шаруашылық қызметті басқарудың кешенділігі негізінде құрылуы қажет. Кешенділікке порттағы жекелеген шаруашылықтардың қызмет етуі мен дамуын тиімді теңестіру арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан, ағымдағы экономикалық мақсаттардың және теңіз портының қуаттылығын арттырудағы стратегиялық міндетердің сәйкес келуі мақсатында жүк айналымын жүргізудегі техникалық процестердің үздіксіздігі және оның бизнес жоспары кеңінен қолданылуы қажет.

Қазақстанда порттарды жіктеу халық шаруашылығындағы ролі, жүк айналымы, атқаратын қызметі сияқты критерийлерге негізделеді, атап айтқанда өндірістің жекелеген салаларына қызмет ететін өндірістік және жолаушыларға қызмет ету болып бөлінеді. Қызмет көрсету көлеміне байланысты теңіз порттары 3 топқа  бөлінеді. [43]

бірінші – негізгі базалық порттар, мұнда қызмет көрсетудің барлық түрлері жүргізіледі, базалық порттарға кемелер мен параходтар, сондай-ақ кемелер тіркелген пунктер қатысты.  Мұндай порттарда жылына өңдеуге жатқызылатын кемелердің саны 800-ден кем емес, құрғақ жүк тасымалы айналымы бойынша 6 млн т, сұйық жүк тасымалы бойынша 12 млн т

екінші – шектеулі қызмет көрсететін порттар, жылына өңделетін кемелерлің саны 600 ден кем емес, құрғақ жүктасымалы бойынша 1,5-6 млн т, сұйық жүк бойынша 6-12 млн т.

үшінші – минималды көлемдегі қызмет көрсету порттары, оларсыз қалыпты кеме қатынасын қамтамасыз ету мүмкін емес.

Ғылым мен тәжірибенің жетістіктеріне сәйкес ресурстар жағдайы және әлеуметтік-экономикалық мақсаттар кешенді инновациялық-технологиялық бағдарламалар жасауды талап етеді. Кешенді бағдарламада алғашқы кезекте техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуды қамтамасыз ететін жеке мәселелер ескерілуі қажет. Теңіз көлігінің даму бағдарламасы ішінара жүкті тиеу процесінің негізгі техникалық параметрлерін, атап айтқанда өндірістік қорларды техникалық жетілдіру бағыттары мен деңгейін қарастыру қажет.  Біздің ойымызша, теңіз көлігінің дамуы өндіріс қуаттылығын арттырудың нысандары мен сатыларын: өндіріс процесінің автоматтандырылуы мен кешенді механизациялау деңгейін арттыру, тиеу-түсіру машиналарын қолдану деңгейін жоғарылату, техникалық құралдарды пайдалану сенімділігін арттыру,  көлік байланыс қызметінің кординациясын жақсарту, прогрессивті технолгияларды пайдалануды жеделдету, жүктерді контейнерлік және пакеттік өңдеу, жүк сақтауды жақсарту мен жеткізу мерзімін қысқарту және т.б.  Портты дамытудың бизнес жоспарының ақырғы нәтижесі флот қызметін интенфикациялаудың тиімді жолдарын таңдау болып табылады.

Қазақстанның көлік нарығындағы шиеленіскен бәсеке жағдайында көлік түрлерінің әртүрлі типтеріндегі кәсіпорын қызметін интеграциялау мәселесі басты орынға ие болып отыр. Тасымалдау процесінің мәні сан мыңдаған жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылардың және көлік кәсіпорындарының арасындағы өзара белсенді байланысты анықтайды. Нарықтың дамуы бұл жағдайда тағы бір өлшемді — әр түрлі меншік формалары кәсіпорындары арасындағы ара қатынасты анықтайды.

Магистраль көлігінің өндіріспен интеграциялануы – көлік жүйесін басқарудағы басыңқы мақсаттардың бірі. Бұл мәселенің масштабы тасымалданатын жүктердің 80 пайызына жуығы өндіруші кәсіпорындардан өндірістік кәсіпорындарға жеткізілетіндігінде. Қаржылық-өндірістік топтар құру осы мәселені шешуге негіз болады.

Ақтау портындағы кәсіпорындардың ара қатынасын жақсарту осы кәсіпорындардың құқықтық статусына тәуелсіз синэргиялық тиімділікке қол жеткізеді. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, өндіріс кәсіпорындарын акционерлендіру, көлік шаруашылығын бірнеше жеке кәсіпорындарға бөлшектеу біріктіру процесінің актуальдылығын арттырады.

Ақтау портындағы жүк тасымалын тиімді ұйымдастырудың бір бағыты – теңіз порты базасында біріккен жергілікті көлік шаруашылығын құру.

Біріккен көлік шаруашылығының тиімділігін нарық заңымен өмір сүруші индустриялық дамыған елдер растап отыр. Сонымен, Рур (ФРГ)  аудандарының бірінде теміржол және теңіз порттарының біріккен қызметі құрылды. Бір көлік шаруашылығына теміржол, теңіз және автомобиль көлігінің техникалық құралдары біріктірілген. Біріккен көлік шаруашылығының жалпы тасымал көлемі 50 млн. т, яғни ФРГ – дағы жалпы тасымалданатын жүктің 18 пайызы. Біріккен көлік шаруашылығына келісім негізінде 3 теңіз порты енгізілді. Тасымалдау жұмысынан басқа біріккен көлік шаруашылығына бір көлік түрінен екінші көлікке тиеу сияқты барлық жүк операцияларын орындау жүктелген.  Біріккен көлік шаруашылығы 55 металлургия зауыты мен 2 электростанцияға ішкі және сыртқы тасымалдау операцияларын көрсетті. [42]

Ақтау портының ерекшелігіне сәйкес біріккен көлік шаруашылығын құру және оның экономикадағы ролін арттыруды жоғарылату келесі мазмұнда жүзеге асырылуы тиіс:


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ