Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ас адамның арқауы

і аборигендерде бұндай жаралар жоқ еді.Күнделікті тамақтық рационнан доңыз етін алып тастағаннан кейін ғана проблема толық шешіледі. (Х.Х. Реккевег 1977.)

Күкірт және оның қосылыстары организмнің орталық жүйке жүйесінің қызметіне нұқсан келтіріп, астеновегетативті, вегето-тамырлық бұзылыстардың, невроздардың дамуына ықпал етеді. Сондай ақ шеткі нервтердің невралгиясы мен невриттеріне, шонданай нервінің невритіне (ишиаз) себеп болуы мүмкін.

Организмдегі өлшемнен тыс күкірттің болуы шеміршек, бұлшықет және сүйектерге сіңіп, буындарға тұз жиналуына, сүйектердің мықтылығы мен регенерациялық қасиеттерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Қалқанша безінің қызметін бұзатын заттарды зобогенді заттар деп атайды. Зобогенді заттар суда, топырақта, тағамдық өнімдерде болуы мүмкін. Сондай ақ кейбір химиялық қосылыстар да зобогенді қасиетке ие: сульфамидтер, парааминсалицил қышқылы және басқалар. Көбіне зобогенді заттардың құрамында екі валентті күкірт болады (Л. Ироусек және басқалар, 1959).Организмге тамақ арқылы түсетін зобогенді заттардың құрамындағы екі валентті күкірт өте жиі амин қылқылдардың құрамындағы сульфгидрилді немесе дисульфидтік байланыстар түрінде кездеседі.Эндемиялық зоб кезінде қалқанша безінің аминқышқылдық құрамы өзгереді: тирозиннің, триптофанның мөлшері айқын түрде азайып, цистиннің – құрамында күкірті бар аминқышқылының мөлшері 50%- ға жуық көбейеді. Осылай зоб кезінде цистин алмасуы айқын бұзылысқа ұшырайды (И.И. Соколова, 1961).

Жоғарыдағыдай мәліметтерге ие болған Л. Н. Шафор өзінің әріптестерімен бірге «йодтың жеткілікті болған жағдайында сульфаттар, күкірті бар амин қышқылдары- метионин, цистин, цистеин қалқанша безінің қызметіне қаншалықты әсер етеді» деген сұраққа жауап іздеді.

Тәжірибе салмағы 90-130г шығатын ақ егеуқұйрықтарға жасалды. Егеуқұйрықтарды 5 данадан 7 топқа бөлді. Зерттеуден екі сағат бұрын жануарларға құрсақ ішілік индикаторлық дозада 2 микрокюри радиоактивті йод енгізілді. Ал бір сағат қалғанда тері астына зерттелетін зат енгізілді. Бірақ екі топ егеуқұйрықтарға инъекция жасалмады. Ол бір топ егеуқұйрыққа екі ай бойы күкіртті амин қышқылдарына бай диета (доңыз етінің, құлағының, терісінің ботқасы (студень)) жүргізілген, және тағы бір топқа екі күн бойы зобогендік қасиеті жақсы мәлім болған 6-метилтиоурацил тамаққа қосып беріліп отырды. Бақылау тобына дистилденген су енгізілді.

Без қызметінің активтілігі Б-2 МС-4 санағышында 2, 4, 6, 8, және 24сағаттардан кейін тексеріліп отырды. Қалқанша безінің радиоактивті йодты сіңіру қабілеті енгізілген дозаның проценттік қатынасында көрсетіліп отырды.

Жүргізілген тәжірибе мынадай мәліметтер берді: бақылау тобындағы егеуқұйрық қалқанша бездерінің сіңіру қабілеті өзеріссіз бір қалыпты болады, цистин цистеин метионин комплексін және метилтиоурацил құйған топта сіңірілу қабілеті нашарлағаны байқалды, ал доңыз өнімдерімен бағылған топта ерекше жағдай байқалған. Ол топтың егеуқұйрықтары азып кеткен және айқын агрессивтілік таныта бастаған. Бұл олардың қалқанша бездерінің гиперфункциясын дәлелдейтін көрініс еді.

Трихинеллез туралы
Доңыздың етін жеуден пайда болатын тағы бір ауру – тихинеллез. Трихинеллез – қоздырғышы нематодтар класына жататын, нәжіс – ауыз механизмімен берілетін, жедел өтуімен, қызба, бұлшықеттердің ауыруы, ісінуі және айқын аллергиялық құбылыстармен сипатталатын табиғи – ошақтық зоонозды биогельминтоз.

Этиологиясы – тихинеллалардың 5 тобынан тұратын жұмыр құрттар болып есептеледі. Трихинеллалар – кішкентай нематодтар, ұзындығы 1-3 мм. Басқа нематодтардан айырмашылығы, олар – тірідей туатын гельминттер.

Ересек трихинеллалар иенің ішегінде өмір сүреді, личинклар (жас трихинеллалар) көлденең жолақты бұлшықеттерге (Жүрек бұлшықетінен басқа) өтеді, онда жыныстық ересек күйіне дейін дамиды.

Трихинеллалардың даму циклының ерекшеліктері – ол бір организмде өтеді, яғни ақырғы және аралық иелері адам және 50-ден астам жабайы және үй жануар организмі. Аш ішектің және тоқ ішектің басталар жерінде ересек даралары (тіршілік ұзақтығы 45 күн) көптеген (1,5 мың шамасында) тірі личинкаларды туады, олар ішек қабырғасынан өтіп, лимфа капиллярларына және қан ағымына түседі, организмді аралап, дене бұлшықеттеріне орналасады. 3-4 аптадан кейін олардың айналасын қалыңдығы 0,2-0,6 мм дәнекер тіндік қабық қоршайды, 6-18 ай өткеннек кейін ол әктеліп қатаяды. Личинкалар тіршілігін 5-10 жылдан 40-50 жылға дейін сақтайды.

Паразит жаңа иенің организміне құрамында қабықтанған личинкалары бар аңдардың етімен түседі. Асқазан сөлінің әсерінен личинкалар қабықтарынан құтылады, сонан соң 1-1,5 тәулікте аш ішекте ересек күйге жетеді. Кейін осы даму циклы қайталанады.

Сонымен трихинеллалар дамуы ақырғы және аралық иенің қатысуымен өтеді. Бұл жағдайда бір организм кезегімен әуелі ақырғы, одан кейін аралық иенің рөлін атқарады. Мысалы, ересег кезінде адамның немесе жануарлардың ішегінде өмір сүреді, ал личинкалық сатысында – бұлшықетте (аралық ие) болады. Паразиттің даму сатыларын мынадай сызба түрінде көрсетуге болады: жұмыртқа жасушадан личинкаға дейін дамуы → личинкалардың қаңқалық бұлшықеттерге миграциялануы (ақырғы ие) → личинканың бұлшықетте капсуламен қоршалуы → капсуладан босауы және ересек еркек және ұрғашы) түрге дейін дамуы → ішектегі бұлшықеттік түрі (аралық ие) → ұрғашысының ұрықтануы → жаңа личинкалардың тууы. Цикл аяқталды.

Адам организмі трихинеллар үшін биологиялық тұйықтық болып табылады, себебі адам етін ешқандай жануар жемейді. Инвазия жабайы және үй жануарлары арасында таралады. Үй жануарларының ішінде ең үлкен эпидемиологиялық қауіп тудыратыны (тіпті жалғыз қауіп тудырушы десек те болады) шошқалар. Негізінен шошқа, иттер және мысықтар деп алынады, бірақ иттер мен мысықтардың етін адам жемейтін болғандықтан олар тек трихинеллездің антропургиялық ошағын құрайды, яғни залалданған ит немесе мысықтың өлексесін, тамақ қалдықтарын, нәжістерін жегенде залалданады. Бәрімізге белгілі болғандай шошқа өте лас жануар болып келеді, ол абсолютті түрде тағам талғамайды, сондықтан тек жалғыз трихинеллезді емес бәлкім кез келген ауруды жұқтырып алу қаупі ең жоғары болған хайуан. Шошқа сонымен қатар ауру кемірушілерді жеу арқылы трихинеллездің табиғи ошағы мен антропургиялық ошағының байланыстырушысы болып та табылады.

Адамдар арасында трихинеллезді қабылдаушылық өте жоғары. Трихинеллезбен сырқаттанушылық көп жағдайда топтылығымен сипатталады, яғни залалданған жануардың шикі немесе шала пісірілген етін тамаққа пайдаланған жанұяның барлық мүшесі немесе одан да көп адамдар ауруға шалдығуы мүмкін. Статистикаға жүгінсек трихинеллез ауруымен 28 млн. Адам ауыратындығын, ал осы санның 21 млн.АҚШ – та тұратындығын хабарлайды.Бұған қоса Америкада бұл дертке шалдығушылар саны жыл сайын 350 мың адамға артып отыр.

Патогенезі және клиникалық көрінісі. Трихинеллез ауруынык клиникалық өтуі барысындағы көріністер негізінде паразиттің зат алмасу өнімдерінің және ол өлгеннен кейінгі заттардың организмге сенсибилизациялық әсерімен, соған байланысты, дамыған аллергиялық реакциямен анықталады. Бұларға ие тіндері бұзылғаннан кейін аутосенсибилизация қосылады. Аурудың ішкі ағзаларында инфильтраттар, қан тамырларының аллергиялық асқынулары байқалады.

Гельминтті жұқтырғаннан кейін аз уақыт аралығында әлсіз иммунитет пайда болады. Қайтадан ауыруы мүмкін, ол жеңіл түрде өтеді. Жиі байқалатын клиникалық белгілеріне бет пен қабақтың ісінуі, бұлшықеттерінің ауыруы, дене қызуының көтерілуі, қанда жоғары деңгейде эозинофилия болуы жатады. Бұлшықеттерінің ауыруы кесел басталғаннан 1-3 және одан да көп күндер өткеннен кейін пайда болады және ауырғандардың көпшілігінде кездеседі. Ауыру алдымен аяқтың, сонан соң бөксе, арқа, іш, қол, майын, шайнау, тіл, жұтқыншақ, көз еттерінде пайда болып, 1-3 аптаға созылады және оқтын – оқтын қайталануы мүмкін. Инвазия пәрменді болып, организмнің реактивтілігі төмен болса, ал біз жоғарыда доңыз етін ұзақ жүйелі түрде пайдаланушылардың реактивтілігінің төмен болатындығы жайлы айттық, ауру өте ауыр өтіп, миокардитпен, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, өкпе қабынуы немесе менингоэнцефалитпнен асқынып, өлімге де әкелуі мүмкін. Аурудың ауыр түрінде өлім – жітім  емесмин10-30℅ жетеді. Бұған қоса доңыз етін жейтін мү адамдардың көбі спирттік ішімдік, темекі, есірткі сияқты заттармен өте жиі уланып, Алланың кіршіксіз етіп жаратқан иммундық жүйесіне қиянат жасап жататындары тағы бар.

Кейбіреулер: «қайнату және қазіргі заманғы стерилдеу әдістерін қолдану арқылы ет құрамындағы паразиттерді жоюға болады»- дейді. Алайда АҚШ-та өмір сүру деңгейі жоғары дәрежеде , адам денсаулығына жауап беретін мамандар, аурулардың алдын алу үшін ең соңғы әдіс тәжірибелерін қолданады. Бірақ бұған қарамастан Америка халқының трихинеллезге шалдығу жиілігін жоғарыда көрсетілген статистикадан көрдік.

Доңыз етінің адам мінезіне әсері
Адамдар мен жануарлардың табиғаты мен мінездерінің қалыптасуында жеген қоректерінің де рөлі бар. Мысалға, арыстан, қасқыр сияқты етпен қоректенетін аңдар жыртқыш болып келсе, керісінше сиыр, қой, қоян сияқты шөппен қоректенетін жануарлар жуас болып келеді. Қазақта адамның мінезін суреттеген кезде жылқы мінезді, қой мінезді деуі осы айтқандарымызды айқындай түседі.

Расында адамның мінезіне оның жеген асы белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Тіпті етін жеген малдың кейбір мінездерін адам өзіне сіңіріп алуы да мүмкін. Доңыз шөпқоректі болғанымен, табиғатында жыртқыш болып саналады, оның торайлары өз асын тұмсығымен жыртып тастайды, ал ересек доңызға жақындаудың өзі қауіпті. Доңыздар туғаннан кейін құтырып кетеді де, торайларын уақытында ажыратып үлгермесе, оларды өзі жеп қояды. Доңыз тышқан, көртышқан сияқтылармен де қоректене береді. Ол өзінің ұрғашысын қызғанбайтын, мей

12345
скачать работу

Ас адамның арқауы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ