Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Аустралия



 Другие рефераты
АЙДЫҢ ТАБИҒАТҚА ЖӘНЕ ТІРШІЛІККЕ ТИГІЗЕТІН МАҢЫЗЫ Азғыр-Тайсойған сынақ полигоны Бауырмен жорғаушылар Имунитет пен лимфа

Австралия (лат. australis — оңтүстік) — оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ол 10°41′ оңт. ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11′ оңт. ендіктегі оңт.-шығ. мүйіске дейін және 113°05′ шығ. бойлықтғы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34′ шығ. бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Аум. жағынан Жер шарындағы ең кіші құрлық (7,63 млн км²). Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мүхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур т-дері қоршаган. Жағалаулары аз тілімделген. Ірі шығанақтары — солтүстігінде — Карпентария, оңтүстігінде — Австралияның үлкен шығанағы.

Аустралия

Австралияның туы Австралияның елтаңбасы
Әнұраны: «Алға, керемет Аустралия»
Тәуелсіздік күні Доминион: 1 января 1901 ()
Вестминстерлық статут: 11 желтоқсан 1931 (9 қыркүйек 1939)
Австралиялық Жарғы: 3 марта 1986
(Великобритания)
Ресми тілі Ағылшын
Астанасы Канберра
Үлкен қалалары Сидней, Мельбурн, Брисбен, Перт, Аделаида
Басқару түрі Конституциялық монархия
Королева
Генерал-губернатор
Премьер-министр Елизавета II
Квентин Брайс
Кевин Радд
Шекарасы
• Барлығы
• % . д/ж 6 орын
7 686 850 км²
1
Халқы
• Барлығы (2009)
• Тығыздығы д/ж 52 орын
21,585,178 адам
2,7 адам/км²
ЖІӨ
• Барлығы (2007)
• 1 адамға д/ж 16 орын
766,8 млрд. $
36 400 $
Валютасы Австралиялық доллар (AUD)
Интернет-домены .au
ISO коды AUS
Телефон коды +61
Сағаттық белдеуі UTC +8 … +10

Австралияның солтүстігінде Кейп-Йорк түбегі, шығыс, солт.-шығ. жағалауын бойлап (ұз. 2300 км) Үлкен тосқауыл рифі жатыр. Оңтүстігінде Тасмания ар-нан Австралияны Басс бүғазы бөлген. Оңтүстігін бойлай Үлкен Австралия шығанағы орналасқан. Еуропалықтар үшін Австралия құрлығын 1606 ж. голландиялық теңіз саяхатшысы В. Янсзон ашқан.
Жер бедері
Австралия жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95%-тен астамының биікт. 600 м-ден аспайды. Орограф. ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады.
• Батыс Австралия таулы үстіртінің орташа биікт 400—500 м, үстірттің шығысында (кұрлықтың орталық тұсында) Макдоннелл жотасы (1.510 м), солтүстігінде Кимберли алқабы (биікт. 936 м), оңт.-батыста Дарлинг (582 м) жоталары жатыр.
• Орталық ойпаттың биікт. 100 метрден аспайды, ал Австралиядағы ең темен жер — Эйр к-нің маңы (мұхит деңгейінен 12 м төмен орналасқан). Ойпаттың оңт.-батысында Флиндерс, Маунт-Лофти жоталары бар.
• Құрлықтың бүкіл шығыс бөлігін ұзына бойы созылған Үлкен суайрық жот асы алып жатыр. Оның тау беткейлері жадағай келген, шығыс беткейі тік құлама және қатты тілімделген, батыс беткейлері біртіндеп төбелерге және көлбеу жазықтарға ұласқан. Австралияда ең биік жер — Косцюшко тауы (2.230 м) құрлықтың осы тұсында орналасқан.
Геологиялық құрылысы және кен байлықтары
Құрлықтың іргетасын, негізінен, Австралия платформасы мен Шығыс Австралия геосинклинальді белдеуі құрайды. Платформа құрлықтың батысын, Сент-Винсент шығанағына дейінгі орталығын және оның Арафур т. астындағы бөлігін, Жаңа Гвинея аралының оңтүстігін қамтиды. Геосинклиналь белдеуі Кейп-Йорк түбегінен басталып, Тасмания аралымен бітеді. Австралия платформасының түпкі негізі (архей-төм. протерозой) күшті метаморфтану салдарынан гнейс пен гранитке айналған жанартаулық жыныстар мен терригенді шөгінділерден тұра-ды. Архей жыныстары Пилбара мен Калгури жақпарларында, солтүстікте Кимберли үстірті мен Антрим тауларында және Арнхемленд түбегінің солт.-батысында кездеседі. Протерозой шөгінділері Батыс Австралияның Наллагайн, Кимберли үстірті ойыстарында, Карпентария шыганағының оңт.-батысында көп ұшырасады. Платформаның солт.-батысындағы Үлкен құмды шөлде триас, юра шөгінділеріне толы Каннинг ойысы, Үлкен шығанақтың солт. жағасында палеоген жыныстары басып жатқан кайнозой дәуірінің Юкла ойысы бар. Шығыс Австралия геосинклиналь белдеуі батыстан шығысқа қарай біртіндеп алмасатын каледондық (Аделаида) және герциндік (Жаңа Англия) жүйелерден құралған. Солтүстік-тен оңтүстікке қарай Карпентария шығанағы, Үлкен Артезиан және Муррей алаптары сияқты бірнеше ойыс жатыр.
Құрлықтың архей, протерозой, кембрий, ордовик жыныстарында, алтынның (Калгури, Кулгари, Бендиго, Балларат), уранның (Рам-Джангл, Мэри-Катлин, Радиум-Хилл), түсті металдардың (Брокен-Хилл, Маунт-Айза, Клонкар-ри) ірі кен орындары, оңт. мен бат-ндағы протерозой шөгін-ділерінде темір мен марганец-тің, ал солтүстігіндегі Уайпа кен орнында боксит кентасы бар. Үлкен артезиан алабы мен Амадея ойысында, Виктория жағалауындағы әр түрлі геол. жүйелерде мұнай мен газ мол. Құрлыктың шығысы мен ба-тысында титан мен цирконийдің аса ірі кен орындары орналасқан.
Ауа райы
Құрлықтың басым бөлігін тропиктік (18°—30° оңт. ендік), ал солтүстігі мен оңтүстігін субтропиктік белдеу алып жатыр. Шығыс жағала-уының климаты — тропиктік теңіздік, Күн радиациясы үнемі жоғары, ашық күндер басым.
Сондықтан Австралияның барлық аймағында темп-pa жоғары және тұрақгы (20 -28°C ға дейін), тек қыс айларында (шілде — тамызда 12 -20°С температуpa төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы 40°C болатын аудан құрлықтың солт.-батысында, абс. максимум — Клонкарриде (53,1°C).
Тұрақты аяз тек оңт.-шығ-тағы Австралия Альпісінде (-22°С-қа дейін) байқалады. Үлкен суайрық жотасының Тынық мұхиттан соғатын ылғалға бөгет жасауы, құрлықтың бүкіл орталық аймағының климатының кұрғақ болуына әсерін тигізеді. Австралия жерінің 40%-ке жуығында жауын-шашын мөлш. 250 мм-ден аспайды.
Құрлықтың солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашын мөлш. 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Бұл аймаққа экватордан келетін ылғалды муссонның әсері бар.
Гидрология

Аустралияда өзен, көлдер аз. Материктің 60%-ын қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кебетін өзен арналары — криктер тән. Олар қалдық көлге құяды. Өте таяз, суы тұзды болып келетін, жағалаулары қалың тұз қабыршақтарымен жабылған көлдер – қалдық көлдер. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында көп. Ең ірісі – Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик.
Аустралия өзендері жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді.
Үнді мұхиты алабына Аустралияның ең үлкен өзені – Муррей жатады. Муррей мен оның ірі саласы Дарлинг Үлкен Суайрық жотасынан басталып, Үнді мұхитына құяды. Муррей өзені жыл бойы Аустралия Альпісінен келетін сулар есебінен толығады. Құрғақ кезеңде Муррейдің деңгейі күрт төмендейді, ал Дарлинг төменгі ағысында мүлде тартылып қалады.
Аустралияда 33 артезиан алабы (жер асты сулар) бар. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.
Аустралия Одағы

Аустралия материгі мен көршілес орналасқан Тасмания аралын бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр. Қазіргі кезде халық саны 21млн адамнан асады. Елдегі қала халқының үлесі 86% -дан асады. Мемлекеттің байырғы халқы аборигендер метистермен қосқанда халықтың 1%-ын құрайды. Азиядан қоныс аударған қытайлар мен үнділердің саны көп.
Аборигендер бір-бірінен тілдік айырмашылықтары арқылы бөлінетін 200-ден астам тайпалардан құралған. Аборигендар аңшылық кәсіпті жақсы меңгерген.
Еуропадан қоныс аударған ағылшын ұрпақтарынан материктің келімсек халқы – Аустралиялық ағылшындар қалыптасты.
Аустралия Одағы – шаруашылығы дамыған ел. Тау-кен өнеркәсібі дамып, қалыптасқан. Машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібі өркендеген. Аустралия меринос қойларының саны жөнінен дүние жүзінде
1-ші орында. Елдің оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста бидай егіледі. Жағалық жазықтарда ананас, банан, қант қамысы, ірі қалалардың маңындағы суармалы жерлерде бау-бақша өсіріледі.

Рефераты на русском, казахском, украинском, английском, узбекском и т.д.
Бесплатный Сайт рефератов: www.temakosan.net

скачать работу


 Другие рефераты
Важнеейшие особенности и проблемы современного агропромышленного комплекса
Жүрсін Ерман
Бухгалтерский учёт в банках
Защита прав субъектов корпоративных отношений


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ