Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Азғыр-Тайсойған сынақ полигоны



 Другие рефераты
АСТАНА — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕРІНІҢ НЫШАНЫ АЙДЫҢ ТАБИҒАТҚА ЖӘНЕ ТІРШІЛІККЕ ТИГІЗЕТІН МАҢЫЗЫ Аустралия Бауырмен жорғаушылар

Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпияда сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га. жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғи әсем де шұрайлы жайылымдар еді. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбританияда, Қытай, Франция, Үндістан, және Пәкістанда сыналған. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр Ресей мен Лонбор, Қытай, Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар.

Атырау облысы Қазақстан республикасының экологиялық зардапты облыстар қатарына жатады. Дегенмен соңғы жылдары облыста табиғи байлықтарын игеруге баса көңіл бөлінуде. Аймақтың экологиялық және социалдық жағдайларына олардың шеккен зардаптарына әлі күнге дейін мән берілмей келеді.
Адамзаттың күшті геологиялық күшке айналатынын оның ойымен еңбегімен биосфераның қайта құрылуы мүмкіндігін ғалымдар бұдан бірнеше жыл бұрын дәлелдеген «Табиғатты бағындыруға және оны қалпына келтіруге болмайтыны, бірнеше жылдардан кейін кейбір процестерді өзгертуге де болмайтыны ақиқат. Міне, сол кезден бастап табиғи орта адамзаттан кек алуға кіріседі» деп Вернадский 1943 жылы өз пікірлерін айтқан еді.
1950-1994 жылдарда жердің биосферасында 2049 ядролық сынақтар жүргізілген, оның ішінде АҚШ-та – 1032, Невадада – 715, Семейде – 456, ал Азғыр бөлімінде – басқа сынақтарды есептемегенде осы жылдардың ішінде 24 атомдық жарылыс басқада бірнеше мыңдаған снарядтар жарылыс сынағынан өткен. Сол ракеталардың сынақтарынан қалған қалдықтарын, пайда болған апандары әлі күнге дейін Азғыр-Нарын-Тайсойған жерлерінен кездестіруге болады.
Осы тәжірибелердің нәтижесінде байқалғаны сынақ бөлімдері судың, ауаның ластануына, топырақтың эрозияға ұшырауына соқтырып, Қазақстан жерінің 1/3 бөлігіне қамтыған. Бұл айтылғандардың бәрі адам денсаулығына әсер етіп, өмір сүру ұзақтығын төмендетіп, адам ағзасының ауруға қарсы тұратын қабілетінің азаятыны жиі байқалуда. Ядролық жарылыстардан кейін кең тарайтын ядролық улы, ауыр металдар,радиоактивтік элементтер газ не, шаң күйінде тарайтыны, соның әсерінен осы бөлімшелерде өсімдіктрдің азаюы, кейбір жерлерде жабайы жануарлардың жойылып бара жатқаны анық. Кейбір деректер бойынша «Халықтың өсіп-өнуі жануарлар мен өсімдіктердің өсіп-өнуінен ешбір айырмашылығы болмайтыны» олардың өсуі, саны ғажайып жылдамдықпен өсетіні белгілі, ал Азғыр сынақ аймағында адамдардың тұрақтануы да сиреп бара жатқаны да байқалады.
Нарын құмында ядролық сынақ жүргізген жылдарда, тұрғын үйлер, мектептер, мәдениет сарайлары, мал қоралар құлап сынып жарамсыз болғаны, оған қоса құдықтарда құлап адамдарды ауыз сусыз қалдырғаны нәтижесінде сынақ жасалған жерлер аласарып қалғаны баршамызға белгілі. Осы зоналарда зерттеуші ғалымдар жасаған мәліметтер бойынша сынақ жасалған жерде үңгір пайда болып және тұзды сумен толып шамамен 200 метрге дейін тереңдікте болатыны белгілі. Жер асты суы арқылы қуыс кеңейіп, біртіндеп жердің беткі қабатына жақындап адамдарға, жануарларға зиянын тигізетіні тұжырымдалған. Кейбір мәліметтерге жүгінсек, сол сынақ жасалған жерлердің сәуле шыгаратын тұздары бар топырақты екі метр тереңдікте көму арқылы тазарту жұмысы жүргізілген. Соңғы мәліметтерге қарағанда сынақ жасалған жердің топырағында әліде сәуле беретін зиянды элементтер бар болуы мүмкін деп тұжырымдауда. Сәуле шашатын зиянды ауыр тұздарды әдейі көмбелерде көміп бетін бетонмен әр жерден жауып тастаған жерлердің жанынан ұзындығы 100м; ені 500м көл пайда болған, көлдің суы қара түсті, тірі жәндік, жануарлар көзге шалынбады.
Зиянды сәуленің таралуы ядролық құрылымдардың булануы арқылы ауаға таралатыны және олар тұрақтанғаннан кейін ыдырап зиянды элементтер жиынтықтарыжер астындағы қуыста сәуле шығаратын элементтердің жиналатыны ғылымда дәлелденген. Жоспар бойынша сынақ жаслатын жер алдын ала бұрғылау жұмысы жасалып, керекті тереңдікке дейін бұрғыланған жер цементтеліп беті жабылуы керек. Осы жұмыстардың кезінде шала жасалуынан зиянды сәуленің ауаны, суды, топырақты, өсімдіктерді улап жануарларға, адамдарға зияны тигізетіні белгілі.
Ленинградтық ғалымдардың тұжырымдауынша кейбір бөлімдерде радицезий, радиостронций-90 және плутоний тұздары мөлшерден 11-17 есе артық екенін анықтаған. Аталған зиянды-улы тұздар жер асты суы, топырақ арқылы таралатынын, аталған элементтер азық-түлік тізбесі арқылы адамдардың күнделікті тағамдарына енуі мүмкін деп ғалымдар жорамалдайды.
Осы сынақ зонасындағы өсімдіктер мен топырағын зиянды химиялық тұздарын тексергенде олардың мөлшерден әлде қайда жоғары екендігі зерттелген, бұндай жағдай сәуле шығаратын тұздар топырақтың өсімдікке жайылып баратқанын ескертеді. Қазіргі кезде радиациялық жағдай бірқалыпты болғанымен, сынақ кезінде бірнеше рет нуклидтердің ауаға тарағанын, олар кезінде адамдардың, ауылшаруашылық малдарға үлкен зиянын тигізгенін ескерген артық болмас.
Азғыр зонасында жер асты суы ауыр металдар тұзымен ластанғаны топырақта – алюминий, магний, калций, калий тұздары керекті мөлшермен салыстырғанда сегіз есе артық екені анықталды. Жылдар өткен сайын жерастындағы қуыс біртіндеп улы тұздары таратпау қасиетінен айырыла бастайтыны, сол кезде қуыс жер асты суымен толып радионуклидтер топырақтан басқа жерлерге таралатыны белгілі.
Биосфера адамдардың өмір сүруі үшін баға жетпейтін маңызды орта болып саналады, ал экосистеманың ең басты элементі өсімдіктер екені заңды құбылыс. Сол себепте өсімдіктер химиялық элементтер сіңіруіне қатысатын ауадағы оттегінің мөлшерін бір қалыпты сақтауға, көмірқышқыл газын бөліп шығаруға қатысып, нәтижесінде барлық тіршілік атаулының дұрыс өмір сүруіне жағдай жасайтында осы өсімдіктер. Өсімдіктер керекті химиялық элементтерді жапырақтары, тамырлары, тағы да басқа бөліктеріне топырақтан сіңіру арқылы алатыны белгілі, сол себепті микроэлементтердің топырақ құрамы мен байланысы ең басты жағдай болып саналады. Өсімдіктер топырақтан ерітінді түрінде микроэлементтерді қабылдап бойына сіңіре алатыны, ал енді сіңіру жүйесі негізінен топырақ ерітіндісінде микроэлементтердің аз болған кезінде ғана жүзеге асырылады.
Сынақ зонасындағы өсімдіктер бойындағы ауыр тұздарға тексеру Қалмақ университетінің химия лабораториясында бірлесіп жүргізілді. Көп жылдардан бері зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қарағанда көптеген әртүрлі химиялық элементтер өсімдіктердің әр бөліктерінде әр түрлі мөлшерде сақталатыны анықталды.
Полигон өсімдіктерінде мырыш, қорғасын, кадмий, қалайы мөлшерден жоғары, ал мыс пен марганец мөлшерден төмен екені анықталды. Осындай зиянды элементтердің көбейіп, не азайып кетуінен кейбір өсімдіктердің жойыла бастағаны байқалады. Өсімдіктер мен топырақ құрамындағы кейбір химиялық элементтерді зерттеу мақсатында құм өсімдіктерінің кейбір ерекшеліктерін ескере отырып, келесі тексеру жүргізген тұздардың калий мен натрий сынақ жүргізілген жерлердің топырағын, өсімдіктерін жинап, олардың әрбір бөлігі химиялық тексеруден өткізілді. Жиналған өсімдіктердің ішінде – шабындық жалбыз, түйе тікенек, жүзгін, құм жусаны, құм сұлысы, кекіре және құм желкегі. Өсімдікте қандай да болмасын микроэлементтер жетіспесе, олардың өсіп дамуы, өсу мөлшері кемитіні, болмаса әрі қарай дамуы тоқтайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. Өсімдіктердің биологиялық өсіп-өнуі үшін калий мен натрий, бірінші орындағы қажетті, әсіресе оларға минералды сіңіру үшін ең басты элементтер болып саналады. Ең қажетті элементтер дейтін себебі калий суды сіңіру және тасымалдауға қатынасса, натрий судың алмасуына және өсімдіктер бойындағы қысымды реттеуге оның иондары ұлпаларының ұлғаюына кедергі жасап судың өсімдік денесіне таралуын тежейді. Тексеру нәтижесінде калий мен натрий элементтері негізінен өсімдіктердің ұлпаларында, жапырақ бүршіктерінде жиналатыны белгілі болды. Өсімдіктерде калий жетіспегенде жапырақтары сарғайып тіршіліктерін тоқтата бастайды.
Азғыр сынақ зонасының жағымсыз жақтары жалғасып жатқан экосистемаға өз әсерін тигізуде. Олар топырақты радиациялық қалдықтармен әсіресе жер асты және жер үстіндегі болған жарылыстар әсерінен ластанған. Жалпы сынақ зонасында негізінде қоңыр сусыз құм топырақ жиі кездеседі. Топырақ физикалық, химиялық құрамына қарай ластануға әртүрлі бағытта жауап береді. Сол себепте, топырақтың ылғалдығының әр түрлі болуына байланысты және әр түрлі биологиялық құрамының түрліше болуы, топырақтың өзін-өзі тазалауымен, оның артық зиянды заттарды қабылдауымен оны тасымалдауымен ерекшелінеді. Зона төңірегіндегі топырақтың ластануы, ондағы ауыр тұздардың жиналуы мен органикалық қосылыстар, экосистеманың метаболикалық дамуына үлкен әсерін тизізеді.
Өсімдік жамылғысы биосфераның орта түзуші екені белгілі, сол себепті тіршілік ортасын түзуге биосфераның рөлі құнсыз, базалық элемент — өсімдік болып саналады. Өсімдіктердің қажеттілігі: олардың химиялық элементтерді, неорганикалық заттардан органикалық заттардың жасақтануына, атмосферадағы оттегі қорын ұстап тұруына, көмірқышқыл газын сіңіруіне байланысты, яғни барша тіршілікті қамтамасыз ететін қолайлы жағдайды туындатады. Сонымен қатар, өсімдіктер көптеген пайдалы қасиеттерге ие, оның ішінде судың айналасын қамтамасыз етуге, топырақ бетінің құнарлығын түзуге, рельефтің түзілісіне ішкі және сыртқы факторлардың өзара байланысына қатысады. Бұл зоналарда өсімдік жамылғысының әртүрлері кездеседі, олар ландшафтылар мен аймақтарға климаттық қайталанбас әртүрлігін жасақтайды. Өсімдік жамылғысы мен табиғаттың сақталуы, адамзат өміріне ең қажетті жағдай. Ядролық және атомдық жарылыстар жүргізілген бөлімшелер мен мал жайылымдарында өсімдіктердің дегредацияға ұшырағаны байқалады. Бұл ботаникалық құрамның өзгеруіне және пайдалы өсімдіктердің жабайы және улы өсімдіктермен алмасуына әкеліп соқтыруда. Қазіргі кезд

123
скачать работу


 Другие рефераты
Меры борьбы с загрязнением атмосферы
Русский космизм
СУЩНОСТЬ И ЦЕЛИ УПРАВЛЕНИЯ ВОЙСКОВЫМ ТЫЛОМ
Регистрация паранормальных явлений


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ