Бактериялардың құрылыс ерекшеліктері
Другие рефераты
Теңiздер мен мұхиттар балдырлары әртүрлiлiгiмен сипатталады. Олардың көпшiлiгi аса iрi, бiрақ жағалаудағыы таяз жерлерге, әсiресе 30-50 м тереңдiкте тiршiлiк етуге бейiмделген. Осындай балдырлардың жағалаулардағы көптiгi сонша, тiптi су асты ормандары деп атауға болады.
Дүние жүзiлiк мұхит су өсiмдiктерiнiң қызықты өкiлдерiне толы. Жаңа Зеландия және Отты Жер мен көршiлес оңтүстiк елдiктiң теңiздерi iрi, алып балдырларымен аты шыққан аймақтар.
Оңтүстiк жартышар теңiздерiнде ең iрi балдыр алмұртты макроцистис кездеседi. Оның жалпы ұзындығы 150 деп 300 м дейiн және одан асады. Макроцистис дегенiмiз «iрiжасушалы« дегендi бередi. Шынында осы балдырдың жасушалары iрi болып келедi, басқа өсiмдiктермен салыстырғанда тiптi алып жасушалар.
Алмұртты макроцистистiң ешқандай да алмұрты жоқ, бiрақ оның алмұрт тәрiздi көптеген томпақтары бар. Осы томпақтардың iштерi қуыс, сыртқы тығыз қабығы оған су өткiзбейдi, сондықтан бұл балдырлар жүзiп, қалқып жүре алады.
Ламинариялар теңiз капустасы деген атпен белгiлi, олар адамдарға үлкен пайда келтiредi. Азия, Еуропа және Американың көптеген елдерiнде ламинарияларды тамаққа, малға азыққа, өндiстiк өңдеуге пайдаланылады. Олардан альгинат, маннат, ламинарин сияқты құнды препараттар алынады. Әсiресе Қытай мен Жапонияда ламинарияны өте ертеден және кеңiнен пайдаланылады. Олардан көкөнiстiк уылдырық, салаттар, консервлер тiптi кәмпиттер жасайды.
Теңiздер мен мұхиттарда әртүрлi қызыл балдырлар немесе багрянкалар көптеп кездеседi. Олар солтүстiк теңiздерде де мекен дейдi, бiрақ негiзгi мекенi оңтүстiк жылы аймақтар.
Багрянкалар өз көлемдерi бойынша еш уақытта қоңыр балдырға жете алмайды және теңiз толқындары таралмайтын терең жерлерде өседi.
Багрянкалардың денелерi өте нәзiк, осал. Олардың түстерi алуан түрлi, ашық қызылдан тiптi қараға дейiн болады. Осы түстерiнiң әртүрлiлiгi олардың кескiнiмен бiрiгiп су асты патшылығының әсемдiгiн бередi. Өйткенi багрянкалар кейде жiп тәрiздiлерi, кейде жапырақ тәрiздi қабаттама, кейде мүк топтамасындай, ал кейде нәзiк тарамдалған ергежейлi ағаштай болады.
Багрянкалардың адам үшiн практикалық маңызы зор. Мысалы Солтүстiк теңiздегi мекендейтiн балдырлардың бiрi – хондрус. Оны құрғатылған күйiнде тыныс жолдары ауруларын емдеуде дәрi ретiнде пайдаланады. Басқа багрянкалардан таза микроорганизмдер культурасын алу үшiн дүние жүзiнiң барлық зертханаларында пайдаланылатын агар-агар өңдiредi. Осы агар-агар тамақ өндiрiсiнде, және кинофотопленка жасауда да аса қажеттi шикiзат болып табылады. Кондитерлер, нан пiсiрушiлер агар-агарды аздап қамырға қосады, сонда әртүрлi бәлiштер (пирожный), бисквиттер мен нандар ұзақ уақыт қатпай сақталады.
Егер сiздерге теңiздерде пайдалы өсiмдiктердi өсiруге болады десе сенбеген болар едiңiздер, себебi, теңiз бау-бақша немесе алқап емес.
Ал, шын мәнiсiнде теңiз бау-бақшалары бар. Оларда тек қана су өсiмдiктерiн « себу» емес, тiптi жаңа, жетiлдiрiлген iрiктемелерiн шығаруға да болады. Теңiзде өсiмдiктерден жақсы өнiм алу, және осы ерекше шаруашылықты тиiмдi ету, әрине ғалымдардың ерекше тынымсыз зерттеулерiнiң нәтижесi.
Теңiзде, әсiресе оның жағалауларында әртүрлi өсiмдiктердiң аса көп екенi белгiлi. Ал, осылардың тек кейбiреулерi ғана тұқымнан көбейетiн жоғарғы сатыдағы гүлдi өсiмдiктер. Iрi теңiз өсiмдiктерiнiң көпшiлiгi балдырлар, ал олар аса ұсақ бiржасушалары – зооспоралары көмегiмен көбейедi. Олардың бұлай аталу себебi судағы микроскоптық жануарларға ұқсас суда еркiн қозғалатын, талшықтары көмегiмен жылдам жүзедi. Олардың аса ұсақтығы сондай олар тек микроскоптың көмегiмен көрiнедi.
Теңiз капустасының зооспоралары пiсiп жетiлген табақшалары бетiнде ерекше қапшықтар – зооспорангияларда түзiледi. Олардың саны аса көп. Бiр планарияның өзiнде 12 000 000 зооспоралар болады. Осыншама зосопоралар суға шыққанда су мөлдiрлiгiнен айырылып лай су тәрiздi болады.
Бiраз уақыт суда жүзiп жүрiп зооспоралар оның түбiне тұнады. Егер олар тастарға түссе, онда оларға бекiнiп, өседi. Бiрақ, олардан бiрден теңiз капустасы өсiп жетiледi деп ойлауға болмайды. Әуелi зооспоралар жiңiшке, нәзiк, тарамдалған жiпшелер — өскiндерге айналады. Бiр өскiндерден (аталықтар) ұсақ, қозғалмалы сперматозойдтар , басқаларынан (аналықтар) – iрiрек қозғалмайтын жұмыртқа жасуша түзiледi. Сперматозоидтар жұмыртқа жасушаларына жүзiп келiп олармен қосылады. Осыдан соң жұмыртқа жасуша бөлiне бастайды да, одан жас өскiнше жетiлiп бiрте-бiрте ол ересек теңiз капустасы өсiмдiгiне айналады.
Зооспоралар шыққан соң бiр – екi айдан соң ламинария қаусап бiрте-бiрте өле бастайды. Солтүстiк суық теңiздерде теңiз капустасы екi-үш жыл тiршiлiк етедi, ал оңтүстiк жылырақ суларда барлық дамуы бiр вегетациялық кезеңде өтедi.
Теңiз капустасын қолдан өсiру үшiн ең әуелi себетiн материал жинау қажет. Жазда теңiз капустасы жақсы өсетiн жерлерден пiсiп жетiлген зооспарангилерi бар iрi балдырларды жағалауға алып шығып, аздап кептiредi. Осылай етудiң себебi зооспоралардың тақташалардан суға шығуын бiр мезгiлде болу үшiн.
Зооспоралардың өнуi + 10 С. температурада жақсы жүредi. Мысалы, жылы сулы Қытай және Жапония жағалауларында қолдан төменгi температуралы бассейндер жасайды. Көбiнесе осындай бассейн қызметiн ескi корабльдер қойнаулары атқарады. Бұл қолдан әдейi төменгi температураны ұстап тұру үшiн жасалған ерекше «теңiз жылыжайлары«, осыларда «көшеттер» арнайы өсiрiледi. Осы бассейндерге тастар, жiптер, бамбук таяқтарын, және пiсiп жетiлген теңiз капустасының кептiрiлген кесектерiн салады. Осыдан суға түскен бетте көптеген зооспоралар шығады. Бассейндердегi су аса көп емес, толқын жоқ, сондықтан зооспоралар осында тасталған заттарға жақсы бекiнедi де осыларда теңiз капустасының барлық даму кезеңдерi өтедi, тiптi жас өскiншесi өсiп жетiледi. Сонымен бекiп өскен «көшет» дайын. Ендi оны тек күзде теңiзге шығару қажет, мiне сонда плантация, «бау-бақша» болады.
Егер теңiз капустасын теңiздiң ашық жерлерiнде өсiрсе, онда ол жерде толқын болғандықтан тасқа өсiрiлген өскiндердi пайдаланады. Бұл жағдайда сүңгуiрлер жұмыс iстейдi. Олар теңiз түбiне тастарды орналастырады және жас капустаның қалай дамып келе жатқанын тексерiп, бақылайды. Бұл күрделi де қымбат жұмыс. Қолайлысы «бау-бақшаны» суы толқымайтын, қорғалған шығанақтарда, тыныш жерлерде өсiрген. Осындай жерлерде теңiз капустасы өскiндерi бар тастар емес жiптер мен бамбук таяқтарын пайдаланады. Таяқтарды саты тәрiздi етiп байлап якорьларға бекiтедi, сонда олар шығанақта теңiз бетiнде қалқып жүредi. Осы әдiс бойынша теңiз капустасын күту, баптау және жинау оңай.
Қала мағындағы шығанақтар мен тыныш жерлерде, ағын сулар келiп қосылып тұратын маңайларда капуста жақсы өсетiнi байқалған. Осыдан ғалымдар жас теңiз капустасын тыңайтқыштармен үстеп қоректендiру мүмкiндiктерiн қарастырды. Теңiздi қалай тыңайтуға болады? Теңiз «бау-бақшаларына» қанша тыңайтқыш себу керек?
Шынымен теңiз суын тыңайтуға болатыны анықталды. Онда азоттық, фосфорлық қосылыстар аз. Бiрақ тыңайтқыштар толқындармен, ағынмен ағып, шайылып кетiп теңiз капустасы оны пайдалана алмауы мүмкiн. Фаянстан жасалған ұзынша келген цилиндр ыдысқа суда ерiген минералды тұздар бар ерiтiндiнi құяды. Ыдысты мықты тығынмен жауып ерекше корзиналарға салып жүзiп жүрген бамбук таяқтарына 1 м тереңдiкте iлiп қояды. Тұздар ерiтiндiлерi ұзақ уақыт бойы ыдыс қабырғасындағы ұсақ тесiктер (поралар) арқылы бiрте-бiрте суға сiңiп (өтiп) теңiз капустасы оны сiңiрiп отырады.
Теңiз капустасының түсiмiн балдырларды кептiрiп олардың құрғақ массасы бойынша анықтайды. Теңiз «бау-бақшаның» әрбiр гектарынан 10 т дейiн кептiрiлген капуста алынады. Ал егер өсiру техникасын жетiлдiрiп, қолдан жасалған тыңайтқыштарды көбiрек пайдаланса, онда 30 т дейiн мол түсiм алуға болады.
Су түбiнде өсетiн iрi балдырлардын басқа теңiздер мен мұхиттардағы су қабатында микроскоптық балдырлар өте көп. Олар суда жүзiп, қалқып жүредi, оны фитопланктон (грек сөзi «фитон» — өсiмдiк және планктос – кезген) деп атайды. Тiптi арктикалық теңiздердiң жоғарғы қабатындағы 1м3 суда осындай балдырлардың 20-30 млн.дараларын бақылауға болады. Осыдан, олардың ұсақ теңiз жануарларының қоректенуiне, ал ол жануарлардың кәсiптiк балықтар қорегi болуына қандай маңызды екенiн бiлуге болады. Көпшiлiк көк-жасыл балдырлар фитопланктон құрамына кiредi, олардың өте көп мөлшерде дамуы «судың гүлдеуi» деген атпен белгiлi, себебi су жасыл түске боялғандай болады.
Бентос (грек сөзi «benthos»-терең) – су түбiнде шөккен, судың астынғы қабатында мекендейтiн жануарлар, өсiмдiктер және бактериялар жиынтығы. Көбiнесе бентосты фитобентос және зообентос деп екiге бөледi. Фитобентостың теңiздердегi көпшiлiк бөлiгiн жасыл, қоңыр, қызыл балдырлар құрайды. Тұщы су фитобентосының құрамына жасыл балдырлар мен жоғарғы сатыдағы өсiмдiктер кiредi.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|