Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Буылтық құрттар типі



 Другие рефераты
Гүлді өсімдіктердің топтарға бөлінуі Буынаяқтылар Балықтар класы Бактериялардың құрылыс ерекшеліктері

Буылтық құрттар типi – жоғарғы сатыдағы құрттар (~9000 түр). Буылтық құрттардың денесi кезектесiп қайталанып орналасатын сегменттерден немесе метамерлерден құралған. Олардың әрқайсысының бүйiрiнде метамерлi және жұптасып өсiндiлер немесе параподия деп аталатын алғашқы аяқтары орналасады. Денесi бас, тұлға, аналь бөлiмдерiнен тұрады. Дененiң екiншi қуысы немесе целом қуысы бар.

Буылтық құрттардың негiзгi белгiлерi:

§        Буылтық құрттардың денесi бас бөлiмнен (простомиум), сегменттелген тұлға бөлiмiнен және құйрық бөлiмiнен (пигидий) тұрады. Бас бөлiмiнде сезiм мүшелерi орналасады.

§        Терi, бұлшық ет қапшығы жақсы дамыған.

§        Дененiң екiншi қуысы немесе целом қуысы бар; әр сегментте жұп целом қуысы бар. Бас және құйрық бөлiмдерiнде целом қуысы жоқ.

§        Ауыз тесiгi перистомиум сегментiнде орналасқан. Асқорыту жүйесi ауыз қуысынан, жұтқыншақтан, ортаңғы және құйрық бөлiмiнде аналь тесiгiмен аяқталатын артқы iшектен тұрады.

§        Буылтық құрттарда жақсы дамыған қан айналу жүйесi тұйық.

§        Зәр шығару қызметiн нефридиялар атқарады. Әрбiр сегментте бiр жұп нефридиялар орналасқан.

§        Нерв жүйесi жұп ми ганглиясынан, жұтқыншақ асты ганглиясынан, жұтқыншақ  маңындағы сақина-коннективадан және құрсақ нерв тiзбегiнен құралған. Құрсақ тiзбегi — әрбiр сегментiнде орналасқан нерв ганглияларынан тұрады. Еркiн тiршiлiк ететiн түрлерiнде сезiм мүшелерi жақсы дамыған.

§        Полихеттер дара жыныстылар; олигохеттер және сүлiктер гермафродиттер.

§        Буылтық құрттардың жұмыртқаларына спиральдi детерминативтi бөлшектену тән.

§        Төменгi сатыдағы буылтық құрттардың дамуы метаморфоз арқылы, личинкалары-трохофора кiрпiкшелерiнiң көмегiмен жүзiп жүредi.

§        Буылтық құрттар типi екi тип тармағына бөлiнедi: белдеусiздер және белдеулiлер. Белдеусiздер тип тармағына көпқылтандылар класы, ал белдеулiлерге – азқылтанд

Көпқылқанды буылтық құрттар класының өкiлдерi (~5300 түр) теңiздерде еркiн жүзiп, кейбiреулерi бекiнiп тiршiлiк етедi. Паразиттiк тiршiлiк ететiн өкiлдерi де кездеседi.  Көпқылқанды құрттар су биоценозындағы қоректiк тiзбекте маңызды бөлiктi құрайды. Палоло құртын адамдар қорек ретiнде қолданады.

Азқылтанды буылтық құрттар класының өкiлдерi (~3400 түр) тұщы суларда тiршiлiк етедi, теңiздерде өте сирек кездеседi. Олар су түбiнде жорғалап немесе iнде отырып тiршiлiк етедi.

Құрлықта кездесетiн түрлерi, мысалы жауын құрты топырақта тiршiлiк етедi.

Жауын құрттары ауыл шаруашылығында үлкен рөл атқарады. Ч. Дарвин олардың топырақты құнарлатудағы пайдалы маңызын атап өткен. Бiрiншiден, олар топырақты қазып, өсiмдiк тамырының топыраққа еркiн жайылуына ықпалын тигiзедi, судың, ауаның топыраққа еркiн жайылуын реттейдi. Соның нәтижесiнде өсiмдiктердiң өсуiне жағдай жасалады. Жауын құрттары топырақты қопсытады. Тұщы су олигохеттерi су экономикасында маңызды рөл атқарады, себебi олар кейбiр жерлерде бентос биомассасының 5-60% құрайды және балықтардың негiзгi қорегi болып табылады.

Қазiргi уақытта балық шаруашылығы қажеттi құрттардың кейбiр түрлерiн қорек ретiнде өсiп-өндiруде.

Сүлiктер класы олигохеттердiң өте өзгерген ұрпақтары болып табылады. Сүлiктер еркiн тiршiлiк ететiн жыртқыштар немесе iрi жануарлардың қанымен қоректенетiн эктопаразиттер. Сүлiктердiң 400 түрi белгiлi. Балық сүлiктерi балық шаруашылығына зиян келтiредi. Адамға және малға қауiптi сүлiктердiң бiрi – жылқы сүлiгi.

БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ

Полихета класының алғашқы өкiлдерi теңiз суларын мекендеп, судың түбiнде немесе қабатында жүзiп,белсендi түрде түршiлiк етедi; басқа түрлерi қорғаныш түтiкшелерде тiршiлiк ететiн, отырыңқы жануарлар. Кейбiр түрлерi паразиттiк тiршiлiк етуге көшкен.

Буылтық құрттар судағы биоценоздың қоректiк тiзбегiндегi маңызды бөлiмi, Палолоқұртын адамдар қорек ретiнде қолданады.

Белбеулiлер тип тармағы екi класты қамтиды:  Олигохеттер және Сүлiктер. Белбеу – жақсы байқалатын мүше, ол жерге жұмыртқалар салынады, сонан соң спермамен  ұрықтанады.

скачать работу


 Другие рефераты
Стратегический менеджмент
Пьер де Ферма
Англия
Первичная клеточная оболочка и ее структурные особенности


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ