Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

БАЛДЫРЛАР ОРТАСЫНДАОРГАНИКАЛЬІҚ ЕРИТІН ЗАТТАРДЫҢ ТОПТАЛУЫ



 Другие рефераты
МУТАЦИЯНЫ ТОПТАСТЫРУ МУТАГЕНЕЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗГЕРГІШТІГІ БАЛЛЫРЛАР ОРТАСЫНЫҢ ӨСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Адам туберкулезінің серологиялық балауында моноклоналды антиденелерді колдана отырып ИФТ және ИФР әдістерін кою

Табиги судағы ерігіш органикалық заттардың қосындысы күрделі қоспалардан тұрады. Балдырлардын, клеткадан тыс өнімдерінің химиялық табиғатын үш топқа бәледі:

Азоттық заттар алмасуының әнімдері;

Кәмірсулардық алмасуының әнімдері;

Физиологиялық активті заттар /12/.

Көпшілік галымдар азоттық заттардың бәлінуіне кәңіл аударады, себебі бұл қосылыстар кәп мөлшерде сыртқы ортага бөлініп отырады. Anabaena cylindriса клеткасынан бөлінген азотқарайтын заттың, азоттұтынудағы жалпы массасының 30-50 процентін құраған /13/.

Азоттық заттардың алмасуынын клеткадан тыс бәлінетік өнімдер: төменгі молекулалық белоктар, полипептидтер және бос аминқышқылдары. Бос аминқышқылдары зкзометаболиттердің белгілі мөлшерін гана құрайды. Сыртқы ортаға балдыр клеткасындз, синтезделетін аминқышқылдары мен пептидтердің 45 проценті гана кіреді.

Балдырлар сыртқы ортаға ірі молекулалы белоктарды шығара-ды деген мәліметтер бар. Mысалы: екі ай бойы өсіріліп жатқан Nostos musiorum балдырының ортасынан активті перооксидаза та-былған, сонымен заттардың трансформациялық процесінде маңызды роль атқаратыны дәлелденген.

Балдырлардың экзометаболиттерінің ішінде көмірсуларда маңызды орын алады. Nostos musiorum ортасынан клеткадан тыс по-лисахаридтердіқ 37,3 процент мөлшері анықталган. Моносахарид-тердің қүрамы глюкоурон қышқылы және пентоза, ксилозамен шектелген.

Балдырлар клеткаларының ескі өсу ортасына қараганда, жас қарқынды өсетін клеткалардың өсу ортасындагы көмірсулардың мөлшері әлдеқайда көп болган.

Әдебкеттердегі мәліметтерден көмірсулар мен азоттық зат-тардың алмасуына өнімдері балдырлар клеткаларынан бөлінетін қосылыстардың биологиялық активтілігін арттыратынын көруге болады. Мысалы, хлорелладан бөлікгөн полинуклеотидпептид, балдырлар клеткаларының бөлінуін, оның дамуын төздөте отырып, авто  және жоспораның шығуын тездетуге көмектеседі.

Өсудің лагарифмдік кезеңінде ортадагы органикалық қосылыстар мөлшері логарифмдік және стационар фазамен салыстырганда бес есе көп /13/.

Экзометаболиттардің ішіндегі гликопептидтер активтілігі жөнінде мәліметтер баршылық. Anabena клеткасын өсіріп жатқан сұйық ортадан жоғары активтілік көрсететін екі гликопептид табылган. Оның бірі гетероцистаның дамуын тежейді, екіншісі кұшейтеді. Ягни, клеткалар неғұрлым жас болса, ортага заттарды беліп шыгару қабілеті жоғары /14/.

Балдырлардың экстрацеллюлярлы сұйықтыгының құрамында фи-тогормсндардың болатындыгы көрсетілген /13/.

Фитогормондардың болуы балдырлардың даму мезгілінен бастап әртүрлі деңгейде пайда болады. Ауксиннің максималды құрамы 6 күндік балдырлар өсіріліп жатқан ортада байқалады, ал өсу кезеңінде гиберреллин тәрізді заттар яайда бслады да, акусин тәрізді  заттар азаяды,   өсудің тежегіштік саны әседі  /16/.

Балдырлар фенолдарға бай. Фенолдар өсу процесін реттеуде маңызды роль атқарады. Балдырлар клеткасы өсіп жатқан ортага 0,48-1,0 процент мг/л шамасындай фенолды қосылыстарды бөлгені анықталган /15/.

Клеткадан тыс бөлінген    фенолдар    өсу    процессін    тежейді жене клеткалардың бөлінуін қамтамасыз етеді.     Фенолдардың 3,46 мг/л мөлшерінде балдырлар ортадағы өсуін тоқтатады.     Клеткадан  тыс    фенолдык, заттар:     кумариндер,    күрделі  эфирлер болып отыр. Жогары концентрациялы фенолды    қосылыстар    альгицидтік қасиет    көрсетеді. Фенолды қосылыстар өсімдік ұ-лпасына еніп хинондар түзеді.   Клеткадан тыс өнімдердің бірі,   үшқыш қосылыстардың бөлінуі.     Ортаның ескіруіне байланысты үшқыш қосылыстардың сапалық құрамы және тежегіштік әсері  тәмендейді  /15/.

Ұшқыш қосылыстар құрамында карбонильді, терпенді қосылыс-тар, бензол туындылары, органикалкқ қосылыстар болады және эфирлер,  спирттер кездеседі /17/.

Балдырлар клеткаларында витаминдердіңде жинақталатындыгы дәлелденген. Бұл қасиет витаминдер алуда маңызды. Альгологиялық таза ортадан (Nostos punctiforme) штаммынан, рибофлавин, пиридоксин және фоль қышқылы табылган /18/. Балдырлардың клеткадан тыс өнімдерінің алуантүрлілігін бір жтйеге келтіру үшін мына төмендегі  жіктеу ұсынылады:

- сенсорлық әсердің метаболиттері информациялық кызметті жеткізуші;

-тропикалық әсердің метаболиттері  (тагам тізбегіне қатысушылар);

-организмдердің өсуіне және дамуына әсер етуші    метаболиттері —   онтогонистік метаболиттер,   зақымдаушы топтар.

Суда балдырлар топталып, әртүрлі заттарды бөліп шығаруынан, сондай-ақ «судың гүлденуінен» суға әртүрлі улы қосылыстар түсіп    суды    ластайды.     Осындай    зиянды   әсерден    адамдар және жануарлар уланған жағдайлар болған /18/.

Удың бөлінуіне әртүрлі факторлар әсер етеді. Балдырлардың бір бөлігі «у» бөліп шығарғанмен, олардың басқа барлық түрлерін «у»  бөліп шығарушылар қатарына жатқызуга болмайды. Мысалы, он тоғыз зерттеліп жатқан штаммдардан тек қана сегіві ғана «улы» болып келді /19/.

Аралас ортадағы токсин бөліп шығаруда табиғи популяцияның түраралық әсер етуі ықтимал.  Жеке ортада өсіргенде «улылық» көрсетпеген, бірақ аралас ортада байқала бастаған.  Мысалы, Aphanizomenon flos-aguae- бес штаммасы микроцистистің қатысуынан соқ улылық қасиет көрсеткен /19/.

Улы заттар тұщы суда көбейіп жәндіктер мен балықтардың қырылуын тудырады. Суда нейротоксиннің көбеюі 30 минуттың ішінде таралып, жануарлардың тыныс жүйелерін зақьшдайды /19/.

Балдырлардың метаболиттер өсу процестерінің жоғарғы деңгейіндегі жүйесіне әсер етеді және оларды практикада қолдануға болады. Мысалы, Gomphoshaeria aponia балдырын, пирофитті балдырлар тудыратын «қызыл гүлденуге» қарсы қолданады. Балдырлық метаболиттер кең спектрлі антибиотикалық әсерге ие. Жоғары бактериоцидтік және бактериостатикалық әсер, Microcystis aeruginosaның  улы метаболиттері ішек таяқшасын, сальмонелла сүзегіне және стафилококк әсеріне байқалды /20/.

Қазіргі кезде улы қосылыстардың табиғаты анықталды, яғни экзотоксин (алколоид) және әндотоксиндер (белок) бөлініп алынып, олардың балдырлардағы түрлері ашылуда /21/.

Көк-жасыл балдырлардағы биологиялық активті қосылыстар жасыл өсімдіктердің өсуіне әсер етеді. Балдырлардың ауылшаруа-шылықтағы өсімдіктер алқабына пайдаланғанда, олардың өсімін, түсімін арттырып, дамуын тездетіп, өнімділігін жоғарылатқан. Қазіргі кездегі атмосферадағы азоттұтынудың белсенді жүруін реттейтін 100 жуық балдырлар белгілі /22/.  Nostoc-ты күріш алқабына пайдаланудан, топырақта азоттың көбейгені байқалған, яғни егістікке 80 кг/га  мочевина  жіберілгенмен  бірдей болған. Тек қана көк-жасыл балдырларды пайдаланып, қосымша минерал тыңайтқыштар қоспағанның  өзінде,  күріш  астығының өнімділігін 430-841 кг/га өсіретіндігі байқалған /23/.

Көк-жасыл балдырлардың биологиялық активті  заттарының құрамына өсу тежегіштері, улар, ингибиторлар, өсімдіктің өсуін реттеушілер және антибиотиктер жатады.

Бұл заттар табиғаты жағынан өзіндік ерекшелігі бар, химиялық заттар. Мысалы, цианобактериялардың планктонды түрлерінің нейро және гепатотоксиндер түзуі өте қызықты.Ладож өзенінің 35 бассейнін бақылау барысында цианобактерияның биомассасында гепатотоксин түзушілік қабілетінің болуы байқалады /22/. Балдырлардың жоғарыда аталған қасиеттеріне байланысты (олардан бөлінітін биологиялық белсенді заттар құрамын анықтай келе) белсенді заттар медицинада және басқа да салаларда қолданылуда.

Балдырлар — болашагы зор зерзат. Жершарында, су қоймаларында топ-топ болып таралып, өсіруге де оңай және көп шығында шығармайды.

скачать работу


 Другие рефераты
Передача данных в компьютерных сетях
Взаимодействие человека и организации
Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
Прикосновенность к преступлению


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ