Халықаралық несие
Другие рефераты
Халықаралық несие – валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарымдылық және пайздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар аумағындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.
Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.
ҚР – ң жетекші халықаралық қаржылық ұымдарға мүше болуы, экономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Халықаралық валюта қорымен 185,6 млн. СДР ( арнайы қарыз құқығы ) сомасын « стенд - бай » несиесі шеңберіндекелісімге қол қойылды.
« Стенд – бай » — резервтік несие – кредитор қажет болған жағдайда және көрсетілген талаптар орындалған кезде ( бұл жағдайда сөз Қазақстандағы экономикалық реформалардың бағыттары бойынша ХВК – мен келісімнің шарттары орындалуы туралы болып отыр ) ақшалай қаражаттың белгілі – бір сомасы келісілген уақыт аралығында несиеге берілетіні туралы келісім.
Келісімнің әрект етуінің барлық кезеңі бойында ХВҚ миссиясымен « стенд - бай » бағдарламасының жүзеге асуының нәтижелеріне талдау жасалынды және кредитор зайымның кезекті траншын бөлу туралы шешім қабылданды.
Қысқа мерзімді бағдарламаның жетістікті орындалуы ХВҚ – ның 1996 – 1997 жылдары орта мерзімді бағдарламасы туралы келісім жасауға мүмкіндік береді.
1993 жылы Халықаралық қайта құру және даму банкімен 1993 жылғы құрылымдық реформалардың үкіметтік бағдарламасын қолдауға бағытталған 180 млн. АҚШ доллары сомасында медеттік займ бөлу туралы және Қазақстанның экономикалық қаржылық, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы сияқты секторларына техникалық көмек көрсетуге бағытталған 38 млн. АҚШ доллары сомасында тезникалық көмек қарызын бөлу туралы келісімге қол қойылды.
Еуропалық Халықаралық қайта құру және даму банкі « Қазақстанғда шағын және орта кәсіпорындарды дамыту » бағдарламасына 100 млн. ЭКЮ сомасында несие бөлді. Бұл бағдарлама экономиканың төмендегідей секторларындағы жобалар кіргізілді: қонақ үй шаруашылығы, алтыны бар рудаларды қайта өңдеу, диірмен құрылысы, косметика өндірісі, құрылыс және медицина саласындағы жобалар.
Жапонияның экспорт – импорт банкі ХҚДБ – мен қатар қоса қаржыландыруға заем бөлді.
Азияның даму банкі мен ҚР арасында 1994 жылы 40 млн. АҚШ доллары сомасында арнайы көмек займы туралы келісімге қол қойылды.
Халықаралық займдарды пайдалануды екінші деңгейдегі банктер де белсенді қолдануда.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|