Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бейнелік шығармалар мен мүсіндік композициялар

й батыл қатынастарды байқауға болады /28/. «Әкенің портретінде» (1974) суретші ауыр ойға шомған қалыптан тыс адамның образын жасайды. Оның мүсіні күш-қуатқа және салмақтылыққа толы. Толық, әрі салмаққа ие оның басына көлемді форма берген. Бұл көлем өткен өмір драмасын сездірсе, ал таяп келе жатқан кәрілік түрлі-түсті жазықтардың жылжуымен құралған. Ой мен сезім қозғалысы модельдің бетіндегі майда түстердің шашырауына және бір-біріне қарай жылжуына үн қосады.
Келісті дене бітімі киімде қою көк және күрең қызыл түсті дақтардың қарсылығы арқылы жасалады. Мұндағы бейнеленген адамның ғана емес, оның арқасындағы кеңістікте басты роль ойнайды. Сол жақта опырылып күңгірт тартқан әр нәрсенің көлеңкесі болса, ал ол жағында ұшы-қиырсыз жайылған кеңістік көрінеді. Осы сипаттаудың формасында Сезанн мен ертеректегі кубизмнің әсері байқалады. Алайда, оның негізінде Нидерланд суретшілерінің. әсіресе Ян ван Эйктің портреттік бейнелердің әсері жатқан секілді. Сөзсіз Айтбаев «Кардинал Альбергатидің портретін», әсіресе, тізерлеп тұрған ван дер Пале образының дәл сипаттамасын, форма құрудағы шамасы мен қуатын білген және бағалаған. Қайсы елде болмасын қандай да бір бағытта туындаған стильді бейнелеу тілін басқа дәуірде, өзге кеңістікте өмір сүрген суретші тікелей пайдалануы мүмкін еместігі түсінікті. Модель мен суретшінің кездескеніндей, тарихтың, дүниетанымның және эмоциональдық жағдайдың қайталанбайтыны секілді әр адам да бөлек-дара. Дегенмен, біз бір-біріне ұқсамаған адамдарды бірыңғай эпитеттермен – күшті, ақылды, қайратты деп сипаттай аламыз. Нәзік сезімтал суретші өзінің алдында тұрғаннан дәл белгіленген сәйкестік тууы үшін кенепке белгілі тәртіппен орналастырылған түрлі-түсті қоймалжыңнан осы күштің, осы ақылдың және осы қайраттың өлшемін іздейді. Альбомдарды жиі парақтасақ біз өзімізге жақын адамдардың бет әлпетіндегі бүгінге дейін белгісіз нәрселерді таңдана байқап жатамыз. Суретшінің жан дүниесіндегі әке образы өзге де кескіндемешілердің көптеген модельдерінде танылуы және кеңістіктегі түйірлерден жиналған болуы мүмкін. Көзбен шолатын және еститін, біртіндеп біздің жанымыз бен санамыздың қалыптасу өнердегі образдар мүше-мүшеге бөлінбеген сезім мен көрініс кесегі және біздің Өзгенің нәзік те дәл (бірақ түпкілікті емес) баға беруіне бейім етеді.
Өзге суретшілер өз мінезінең күшіне және 60-шы жылдардағы идеалдарынан, көңіл-күйден байланыстарын жоғалтпай тұлғаның оптимистік қуатын ашық та қызу бейнелеуге тырысады. Мысалы, Сахи Романовтың «Автопортреті» (1973). Немесе, қарым-қатынастың тыныштағы және нәзіктігі – Айша Ғалымбаеваның «Сарықұлованың портретінде» (1974-1975) көрініс тапқан. Ольга Прокопьеваның әлеммен романтикалық байланысындағы дүниелері – «Замандас» (1976) және «Фигаро роліндегі КСРО халық әртісі Е.Серкебаев» /29/.
70-ші жылдары әсіресе, шығармашылық проблемаларына байланысты туындалар жиі жасалынды. Әли Жүсіпов өзін «Автопортретінде» (1974) жұмыс процесінде бейнеленген. Суретші кенеп алдында, яғни көрермен жаққа қарап тұр. Оның қимылға толы фигурасы бір сәт кілт тоқталып-көтерілген қылқаламы тына қалғандай әуеде. Екінші қолы ашық алақанымен көрермен жаққа бұрылған. Бұл ишара нені білдіреді? Немесе, ол неге мұндай қыр көрсетіп тұр? Ақ жарқындық па, мейірімдік пе, қорғансыздық па? Я, бұл жәй сілтеу ме теңіз пейзажына, өйткені сапарынан кейін шеберханасы су, құм, аспанмен тоғысқандай. Шынында пленер үшін пейзаждың көлемі өте үлкен. Демек, суретші өзінің натуралық әсерін шеберханада өңдейді. Кенепке бояуды тигізбес бұрын ойланып алады. Шеберхананың кеңістігі тақуа. Мұнда тек суретшінің өзі, қылқалам, пейзаж, қабырға жанындағы болашақ жұмыстың эскизі және екі кергіш қана бар. Тіпті мұндай композиция орналасатын бояулар мен палитралар да жоқ. Бұл картина жанмен жазылады деген тұспал шығар? Өнер әлем мен өзіңдегі қандай да бір құпияны қаншалықты түсіну процесі ме немесе кенепті бояумен шатпақтаған жұмыстың қандай да бір нәтижесі ме? Және аяқ астындағы қызыл түс өмірдің қуаты ма, онсыз ештеңе жасалынбайды ма?
Михаил Рапопорт «Есте Сақталған портреті» (1976) графикалық туындысында тура осындай, аяғының алдында және арқасында ертегіші ұсқынындағы маэстро бар өзінің тұрғындары мен ағаштары орналасқан өз шеберханасы ішінде және қала кеңістігіндегі тұратын суретшінің образын салады. Ескен Сіргебаев 1978 жылы Салихитдин Айтбаевтың портретін жасайды. Фигураның пластикасы мынадай: бұл талантты кескіндемешінің білетін әрбіреу мүсіндік композициямен кездескенде қуанышқа бөленеді. Ол екі бөлімнен тұрады: қолдарын айқастыра көкірегіне қойған суретшінің фигурасы және натюрморт. Мүсінші бір көріністі ғана таңдамаған. Бұл композицияға динамиканы және шындықты береді: суретші жаңа ой немесе күдік туа қалған жағдайда кез-келген уақытта мольберттің алдында қалшиып тұрып қалуы мүмкін. Айтпақшы, бұл композицияның әрбір бөлігі жеке тұрғанда да өзінше мазмұнға ие /30/.
Өнер кеңістігіндегі адам – Александр Ророкиннің акварельдік «Портреттің» (1980) тақырыбы. Композицияда жас әйел бейнеленген. Оның фонында Павел Филоновтың шығармаларындағы – «Жұмысшылардағы» (1916) көне пластикадағы адамның дене тұрпаты мен «Жануарларындағы» (1926) антропоморфтық хайуана фрагменттері қызмет етіп тұр. Модель таңғалған кездерімен қарсы алдына қарап тұр. Оның иығына дейін абайлап көтерген оң қолы шынайылықты айқын сездіріп тұр. Сол қолының ашық алақаны сенгіштікпен, мейірімдене көрермен жаққа қаратылған. Еріндердің тарс жабылуы модельдің жан-дүниесіндегі, қуанышты күйде еліктірген Филоновтың магиялық кеңістігіндегі көңіл толқынын беруге міндеттелген рупор сияқты. Фигура суретші мен дәл осы сәтте оның алдында тұрған символикалық әлем арасындағы медиумның, делдалдың міндетін атқарады. Оның арт жағында сүйікті суретшінің кейбір шығармалары ғана емес, оның образдарының барлық компендиумы берілген. Сондықтан да олар Орыс Мұражайына тиесілі болғандықтан оның бітімі қиялдан алынған. Сол үшін ол Филонов туралы, оның шығармашылығының артықтығы туралы армандау ғана. Модельді «меңгеруді» тек Қастеев атындағы мұражайдан көруге болады.
Бұл жылдары көп суретшілер Павел Филоновтың шығармашылығына беріліп қызықтады. Оны Зальцманнан және оның чех альбомындағы картиналық репродукцияларынан білді /31/. Ал 1967 жылы мұражай коллекциясына түскен суретшінің бұдан бұрын айтқан төрт графикалық туындысынан көріп оған қызығушылықты күшейте түсті. Ол кезде мұражай Т.Г.Шевченко атындағы қазақ мемлекеттік өнер галереясы деп аталып, оны Любовь Георгиевна Плахотная басқарған болатын. Ал 1976 жылы бұл мұражай Әбілхан Қастеевтің аты берілді. Сол жылдары бұл туындылар ылғи да экспозициядан тұрды. Орыс мұражайының залдарында 1929 жылы көрмесі ашылмағаннан кейін Филоновтың шығармашылығы жарық тақырып болатын. Бірақ шеттегі бастықтар ол туралы ештеңе білген жоқ. Филоновтың жұмыстарымен ( тіпті репродукцияларымен) таныс көптеген суретшілер формамен саналы түрде жұмыс істеп жатқан «формалистерге» назар аударды.
Филоновқа қызығу Сергей Кимде өзінше өрнек тапты. Асқан шебер өз маңайына зер сала отырып-ақ жаңа әлемді ашуға ұмтылыса да, сол тұстағы акварельшілер үшін нәзік ойларға қол жеткізудің тәсілдеріне жол ашты. Бәлкім, Филоновтың «Городовой формуласы» (1912-1913) графикалық жұмысы, ондағы айқыш-ұйқыш, трамвайлар, арбалар және қала кеңістігіндегі басқа да ұсақ-түйектер қызықты фон Кимнің характеріне жақын болуы ықтимал. «Галия Қапақлы портреті» (1981) акварелі өте нәзік жұмыс. Ондағы қыздың бет-әлпеті мәңгілік аса қолдан келмес шеберлікпен жасалып, елеусіз түстердің қозғалысынан-ақ байқалады. Свитер тоқымасына бұтақтар, жапырақтар және бұзаудың басы қоса өріліп суреттелген. Міне, осындай-ақ Филонов әдісінің әсерін тануға болады. Қыз мүсінінің артында үйлер, көшелер мен қала шетіндегі ағаштар көрінеді. Бұған қарағанда Нидерланд суретшілерінің картиналарындағы артқы планда сол замандағы қала өмірінің көптеген қызықты дүниелері жадыңа түседі. Тағы қалауыңа қарай таңдаулы көне корей кескіндемесі мен қайта дәуірленген Италияның жас қыздарының нәзік портреттерін де еске алуға болады. Әр елдің және уақыттың қаншалықты ғажап шығармаларын біз өмір сүретін әлем туралы және шындықпен кездесуде оянатын сезім туралы әрбіріміз әдеміліктің жеке сезімін айтуға міндеттіміз. Сергей Ким сол жылдары балалар мен қариялардың портреттерін аз жазған жоқ. Оны, біріншіден, болуы керек нәрсенің бірақ енді ғана әлсіз сұлбасына жарық түсіп, енді ғана басталып келе жатқаны мазалайды. Екіншіден, балалық кезінің мөлдір тазалығын сақтаған жеке адам қалыптасып болған толғандырады.
Үкі Әжиевтің «Автопортреті» (1981) акварелі көркемсурет өмірінде айтарлықтай оқиға болды. Павел Яковлевич Зальцман оны Жан Батист Шарденнің автопортреттерімен қатар қоюға әбден болады деп есептейді. Сөзсіз, өзгелерге ылғи да көңіл аударып отыру (Әжиев он шақты ғана портрет жазған жоқ) өзіне өзгелер сияқты қарай білуге үйретті. Өзіңе өзге секілді қарай білу суретшінің қоғамдық мәртебесіне байланысты шығармашылық жеке тұлғаның ең маңызды жағы. Нәтижесінде біздің алдымызда бір жақты баға беруге жатпайтын образ пайда болады: өз көзқарасынан көп аңғарып, қорыта білетін адамның құмарта қарауы; кейбір менмендік тәкаппарлығының, шеттетілген әртістік натурасының үйлескен, оның алдында әлем сұлулығы мен өз толқуын бере білетін мейірмандығы мен жомарттығы, байсалды еңбекқордың мойынұсынуы, тентек тағдырдың өжеттігі мен маэстроның өзіне-өзінің сенімділігі. Кәрі шеберлердің картинасын еске түсіретін жұмыстардың бояуы өнер мен адам жанындағы өз жауапкершілігін түсінетін суретші образының бекзаттығын көрсетеді. Автопортрет «Әбілхан Қастеевтің портретінен» кейін 12 жылдан соң салынған. Осы жылдарда суретші мәртебесі мен шығармашылықтың мәніне Әжиевтің көзқарасында не өзгеріс болды? Камералық, (әйтпесе, әлем шеберхана көлеміне қарай тартылып, қысылып қалады) Әбілхан Қастеев бар д
12345
скачать работу

Бейнелік шығармалар мен мүсіндік композициялар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ