Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бейнелік шығармалар мен мүсіндік композициялар

ұр» (Патшалықтың 3-кітабі, 19-тарау, 12-өлең). Бұл мәтіннің символикасына берілудің керегі жоқ, әрқайсысы өзінше пікірді білдіреді. Құндақтаулы жатқан баладай ересек адам қандай түс көруде? Шындық оның түсіне кіре ме? Композиция ондағы элементтер арасында өзара байланыс жоқ сияқты жылдам байланыс принциптері бойынша құралған. Оның сыртқы тәуелсіз өмір сүруі бейнедегі сөздердің енгізуі арқасында болып отыр. Енді табиғат, адам және жаратқанның даналығы арасында жасырын байланыстарды аңдауға болады. Мұндай жағдайда Хайруллин үшін адам портретінің мәні оның сыртқы дене бітіміне ұқсай беруінде емес.
Егер Хайруллинді адам тіршілігі, әлемнің үсті алаңдатса, ал Тимур Асылбековты жердегі проблемалар ойландырады. Оның шығармашылығына бұрыннан белгілі «Әкелер мен балалар» тақырыбы жасырын арқау болады.
«Ұлымның портреті» (2001) көрме үшін арнайы жасалған жалғыз шығарма. Кейбір айнадай кескінге қол жеткізу мақсатындағы дүние. Осыдан 100 жыл бұрын Николай Хлудов ұлттық мәдениетті қатаң сақтаған бейнедегі суретшінің алдында қысыла-қымтырыла отырған жас қазақ әйелінің портретін салған болатын. Бұл жас ұлан кескіндемеші-әйелдің назарына қалай ілікті? Интернациональды киім киген ол қандай болады? Жер шарының көп бөлігінде балалар осылай киінеді. Оның қою қара шашы жалпы Шығыс адамы екенін көрсетеді. Ол нәзік және әдемі, салмақты және өзіндік ұстанған бағыты бар. Көзілдірікті жігіттің саусақтары серпінді. Кітаптар ма, компьютер ме, рояль ма? Ол ғаламдандыруды жақтайды, ол үшін бүкіл әлем дегеніміз – Интернет жүйесі. Мұның маңайында сары алтындай көп қабатты күн сәулесінің кеңістігі бар. Және ол сол жарықтың үстімен солдан оңға қарап келеді. Сол бағытта оқитындар мен жазатындар үшін бұл жаңа ғана өткеннен болашаққа қадам басқан мәңгілік қозғалыс. Алайда ол кенептің бетіне қалай басылған. Текемет немесе сырмақтағы қазақтың ою-өрнегі сияқты. Сірә, ол қазақстандық әлемге кедергілердің үстінен қарауға әзір.
Катина салу – ұзақ қажырлықпен жететін жұмыс.
Суретші, өзінің түпкі мақсатының композициялық түйінін тауып, сол арқылы тақырып негізі мен картинаның мән-мағынасын ашуға тырысады. Бұл өте күрделі жұмыс. Оған суретші бар шеберлік машығы мен іс-тәжірибесін, шабытын жұмсайды, қаншама уақытын сарп етеді.
Болашақ шығарма жазу жайлы нақтылы бір ой, елестету пайда болғанда эскиз жасау басталады. Көп толғанып, ізденудің арқасында ойлаған тақырыбыңыз біртіндеп тереңдей береді. Картина салуда, композиция негізі мен колорит шешуші орын алады. Эскиз жасау үстінде негізгі ойды қалай ашуға болатынына баса көңіл бөлінеді. Көріністерді, адамдарды, пейзажды, т.б. орналастыруда алғашқы бөліктердің мағынасын ашпай-ақ басты ойды іздестіру шарт. Сонымен қатар түстің құрылыстарын, дақтарды, олардың ара қатынасын ойластырады. Кейде кейбір заттар картинадағы жарық пен көлеңке, өң-түс қалай болатынын анықтайды.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей картинаға кірісер алдында, суретші көптеген кірісер алдында, суретші көптеген дайындық этюдтарын салады. Көптеген көркемсуреттік жазбалар мен ізденістерді жинақтау үзілмей жүріп жатуы тиіс.
Эскизді толығымен аяқтағанда, ойлаған композиция көңілден шықса, онда эскизді торкөздеу арқылы үлкейтіп, картонға көшіреді. Тағы да мұқият бір қарап шығып, өзгерістер енгізгеннен кейін, картондағы сурет холсқа ауыстырылады. Енді картина салу жұмыстары басталады. Кейде жүздеген этюдтар картина жасауға жеткіліксіз болады. Ол үшін суретшінің қажырлы ой-жігері, табандылығы қажет.
Суретші басқа да қосымша материалдармен бірге натураны егжей-тегжейлі зерттеу арқылы картина салу жұмысын шыңдай түседі. Ол кейде жұмысын орта жолда тоқтатып қайып, біраз уақыт өткізіп барып қайта оралуы мүмкін. Бұл көзбен көру қасиетін шыңдау,яғни өз ісіне сын көзбен қарау тәсілі болып табылады.
Шебер, бұл айтылған әдіс-тәсілдер мен шарттарды, портрет, пейзаж, натюрморт салу кезінде де дұрыс пайдалануға міндетті.
Суретші портрет салуға кіріспес бұрын, портреті салынатын адамды зерттейді, мінезін, ішкі жан-дүниесін түсінуге тырысады. Бірнеше суреттемелер сала отырып, оларды, ұзақ ізденісті натурамен байланыстыра көптеген сеансты жұмыстар жүргізуге тура келеді. Бір қарағанда жеңіл көрінетін адамдар портретінде, суретшінің орасан зор еңбегі мен ізденістері жатқанын ұмытпаған жөн.
Пейзаж, натюрморт, сәндік эскиз, интерьер жасағанда да әр бөлікті ой елегінен сан қайтара өткізіп, жөндеп, түзетумен ғана табысқа қол жеткізуге болады. Салып отырған затының өзіне қарап, салыстырып, ұқсамаған жерлерін түзетіп, қайта жөндеумен суретші өзінің шығармасын аяқтайды.
Композиция жасағанда, заттың өзіне қарап көп жұмыс істеуді дағдыға айналдырған дұрыс. Көре білу, көргенді есте сақтау қабілеттерін шындай отырып, қоршаған ортаның сұлу келбетін, әсерлі сәттерді бейнелей білу үлкен талант. Талант, талап бар да, оның қайнар көзін ашып, үнемі үзбей шыңдау, машықтандыру, ұштау бар. Талай іздену, көп оқып, ой-өрісті кеңейту, дүниетанымды арттыра, рухани жан дүниені байыту ғана киелі өнер жолында мұратқа жеткізбек. «Өнердің қолын ұста, өнегелінің жолын ұста»,- дегендей, ата-баба кәсібінен нәр алған, өмірдің ыстығы мен суығына, тәттісі мен ащысына дәмін татқан атамекенінен алыс жүрсе де Өмірзақ Рыстанұлы қазақ ұлттық өнерін өрбітуге айырықша үлес қосты. Монголия елінде туып, Батыс Еуропа Германия елінде көркем академиялық жоғары білім алған. Суретшінің ұлттық өнермен үндес көркем туындылары Монголия Мемлекеттік өнер мұражайында сақтаулы. Ө.Рыстанұлы – сыршыл, қиял ғажаып суретші. Сан ғасырлық тарихы бар ою-өрнекті көркем шығармасына арқау етіп тіл білдірді. Өрнекті ой елегінен өткізіп, тыңнан жол іздеді. Суретшінің өзіне тән қолтаңбасының сыры – көркем өнеріндегі табиғи ұлттық қисынында жатыр. Ұлттық ою-өрнектің табиғи бұлжымас заңын зерттеп, көркем шығармашылық композициялық құрылымын шешуде әрі орындау тәсілінде үздік жол таба біліп, бейнелеу өнерінде жаңа бағыт әкеле білді десек артық айтылған болмас еді. Суретші Ө.Рыстанұлының алуан түрлі тақырыпта сомдаған көркем туындылары дербес галерея құрайды. Сондықтан болар Өмірзақ Рыстанұлы «Қазақ бейнелеу өнеріндегі абстракциялық ой – ою-өрнектен басталады» — деп дәлелдейді. Суретшінің бейнелік ой жүйесінен туындаған көркем шығармалары өрнек арқылы образ құрып, өзіндік үйлесім тапқан /33/.
Батыс Еуропа елінде жүріп танымал Пикассо, Матисс еңбектерімен танысты. Әр халықтың өнер туындысы сол халыққа қызмет ететінің білген суретші Ө.Рыстанұлы ұлттық өнердің өрісі биік екендігін бағалай білді. Нағыз өнердің асылы мен жасығын айыра білу үшін өзге өнердің көшірмесі болудың қажеті жоқ екендігіне көзі жетті. Әрбір ұлттың қайталанбас көркем туындысы екінші ұлттың рухани қазынасы бола алмайды, әр өнердің өмірге келуінің үш қасиетін анықтауға болады – тілі, дәстүрі және тарихы. Әлемдік өнердің әуені бір болғанымен идеясы мен мазмұны әр алуан. Әлемдік өнер дегеніміз — әрбір халықтың өнерінің жоғары сапасы. Әр халықтың әлеуметтік рухани болмысы өнер тұлғаларының еңбегімен өлшенеді. Сондықтан болар суретші Өмірзақ атамекенінен алыс жүрсе де Ә.Қастеев, М.Кенбаев, Қ.Телжанов, А.Ғалымбаева, еңбектерімен етене танысуға құштар болған. Ұлттық өнерді шыңдауға енген жаңа өнердің үлкен-кішісі болмайды, көркем туындының жасампаздығы мен жаңалығы көркем идеяның мазмұнымен өлшенеді. Өнер жат елдің қолында күн көре алмайды, өз халқының игілігінде өмір сүреді.
Атамекеніне аман-есен оралған суретші Өмірзақ Рыстанұлы туған халқына қалтқысыз еңбек етуде. Көркем шығарма суға түскен сәуле емес, ол суретшінің творчестволық ізденпаздығы арқылы туындайды. Өмірін өнерге сарп етіп, жанын живопиське жайып, күндерін көркем шығарма жазымен өткізген Өмірзақ ата жұртына таныла бастады. Оның «Қалпақты жігіт», «Желтоқсан», «Құрылым», атты көркем туындылары Қазақстан Республикасының мәдениет қорына алынды. Суретшінің көркем шығармадағы баяу үндестігі табиғи тазалығымен қарапайым өміршеңдігімен дараланып жатады. Біз оның жазу стилінен көре аламыз. Өрнектеп сурет салудың сырын ашқан суретші ретінде Ө.Рыстанұлы әлемге таныла бастады. Сәндік живописьтің ұлттық сипатын өрнектеп шешу қазақ қолөнерінің күре тамырымен ұштасып жатыр. Шынайы сурет салуға бейімделудің өзі тарихи дамудан тұрады. Көшпелі халқымыздың ежелден келе жатқан өрнектерін көркем шығарма орындауда сабақтастыруы тегін нәрсе емес. Сондықтан болар суретші Ө.Рыстанұлының өзіне тән жеке дара қолтаңбасы бар екендігі бәрімізге аян. Суретшінің атын асқақтатқан ең құнды көркем туындылары «Бүркітші», «Қош», «Биші қыздар» деп аталады. Әрдайым суретшінің көркем туындылары байыптап қарауы қажет етеді. Өйткені кез келген көркем туындыны көрермен жете қабылдауы мүмкін. Оның басты себебі, өрнектің құпия кілтін тауып көркем шығармада композиция құрып, басу үндестігімен әуен тудыруында жатыр. Мысалы «Екеу» атты көркем туынды да жұлдыздар тәрізді адамға әсерлі ой туғызады. Жарты ай мен жұлдыз тәрізді геометриялық дененің сұлбасында бейнелеген көрініс тас қараңғыдан жол тапқан үкідей болып үн қатады. Ал «Елес» атты көркем шығармада көркем түстей шым шытырық терең философиялық ойдан туындаған әр алуан адамның келбеттік тұлғасынан тұратын пішінде ортақ көзқарастың болмауы суретшінің ішкі жан сезімімен сипатталған. «Ырыл» атты көркем туындының басты идеясында адам арасындағы күншілдік, көре алмаушылық, іштарлық айқын көрінеді. Өмірге айдай иттігін жасайтын заңды құбылыс екендігін көркем шығарма мазмұны арқылы бедерленген. Суретші Ө.Рыстанұлының кез келегн көркем туындысы, шығармалары терең ойлылығымен көркем шеберлігімен көрерменге ұнайды. «Дүбір» атты картина көрінісінде желдей ескен ақ боз бие екі құлының ертіп шауып барады. Зымырап өтіп бара жатқан өмір мен уақыт еске салса, артындағы асқар таулар биік белестердің барлығын аңғартады. Алдында тұрған балбал тас өткен ата-бабалардың мұрасындай көзге ыстық көрінеді. &laqu
12345
скачать работу

Бейнелік шығармалар мен мүсіндік композициялар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ