Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бейнелік шығармалар мен мүсіндік композициялар

үниені ұмытып жасаған кеңістікпен сырластықты бейтарап фонмен — әлемнің белгісіз, шексіз кеңістігімен алмастырады. Мұны Әжиевтің жаңа моделінің іс-қимыл орны екендігі байқау қиын емес. Біздің алғашқы кескіндемешілердің бейнесі суырып салмалық рухымен, бастан өткен оқиға бір сәттік рухани баға берумен суарылған: Қастеев бар болмысымен шығармашылық қызметте. «Автопортретте» іс-қимылдың – ойланудың, албырттықтың және сезім ашықтығының орнына ой топшылаудың ұстамдылығына орындаушылықтың қызу қиындығына орын береді. Қызыл тілді және өнердің көптеген атрибуттару сараң детальдармен – қылқалам және беретпен ауыстырылады. Суретші енді бала сиқыршы емес, ол шебер өмір сарапшысы. Әжиевтің «Автопортретін» 50 жыл бұрын жазылған Ә.Қастеевтің «Автопортретімен» салыстыру қиын. Әрине, Қастеев «Автопортретті» жасағанда жиырма жетіде, ал Әжиев елу жетіде екендігін ұмытпау керек. Біреуі Хлудовтың екі жылдық мектебін ғана көрсе, екіншісі 30 жылдық шығармашылық өмірді басынан өткізді. Алайда, бұл жұмыстар өзінің деңгейі жағынан жеке адам мен уақытты кескіндеудегі портреттік жанр міндетін бірдей атқарды деп бағаланады. Ең бастысы – осы жарты ғасырда болып өткен жеке адамның өзіне баға беруі мен суретшінің алмасуы алаңдатады.Қастеев өмір сүру мен жасау өнерін түсініп аңғаруға шөліркеген «ысылмаған» жігіт болып көрінеді. Ал Әжиев суретші, өзінің шеберлігіне сенген және өзі туралы, әлем жайында айтуға құқы бар өзін еркін суретші ретінде сезінеді /32/.
Белгілі қылқалам шеберлерімен қатар өздерін өнердің әртүрлі жанырлары мен түрлері бойынша танытуға ұмтылған жас суретшілер де жұмыс істеді. Михаил Рапопорт өзінің «Айва сатушысында» (1984) есте қаларлық образ жасады. Уайымшыл тоғышардың басы иығына қарай не түсініксіз әлемге кешірім ишарасында, не ішкі жан-дүниесінде туындаған бір ойды түсіну әрекетінде еңкейген. Мүсінші фактураны пластикалық бейне әуенінде өрнектеген. «Айва сатушының» жанында сырттай қарағанда Асқар Есенбаевтың «Виктор» (1984) қайратты да қуанышты көрінеді. Шығыңқы иегі, төмен түскен жанарының отты көзқарасты толық мәнерлілік сипатын білдіреді. Есенбаевтың да «Кезекші» (1989) қызықты. Басты төрт түсте – қызыл, қара, ақ, жасылмен боялған. Бұл образ суретші өміріндегі бірінші оқиғалардың арқасында туған. Мүсін өнері – бұл табиғатында тамақтардың да, шаң-тозандардың да, адам жанының да, ойлар мен армандардың да сыйып кететін ыдысы-сауыты, вазасы, қыш құмыра. Әскер қатарында жүргенде тумбочка алдында тұруға, яғни кезекші болуға тура келді. Кішкентай, арық қырғызбен танысу ол үшін ауыр сынақ болды. Оның образында мүсінші әртүрлі жағдайда ұйықтап үйренген кезекшінің санасында жанғырған көңіл-күйлер мен ойлардың ауысуын түрлі түстердегі дақтардың тоғысуы көмегімен жасайды. Мұндағы ақ түс – бақытты өткен шақты, ал қара түс — әскерде қызмет ету жағдайындағы таяу болашақты білдіреді.
Марат Әйнеков өзінің «Аманың портретінде» (1989) ерекше ғажап жұмбақ образды жасайды. Аса дұрыс емес формадағы сом гранитте бірден бет-әлпет пайда болады. Онда алғашқы адам пайда болғандай, жалпы Аман атты нақты адам сезіледі. Көздері ойлар мен сезімдердің тасқынынан дамыл таппайтын сияқты. Еріндері қысылғаны соншалықты, жұқа мұртының астына жасырына түскен табиғаттың материалы мәдениетпен байланыса отырып, бет әлпен айқындала отырып, дарынды мүсінші не істей алуы мүмкін: әрбір деталь, кез келген сызық пайдаға жарап, мүлде бір-біріне ұқсамайтын, бірақ таңдандыратын образдар туындайды. Мұнда пластикалық тілін сезінетіндер үшін мүсін өнерінің кеңістігі өте үлкен екендігін түсіну үшін Рапопорт Есенбаевтың және әйнековтің «басқа» арналған мүсіндермен салыстыруға болады. Бәрібір кескіндеме мен графикада портреттер көп жасалыныпты. Исатай Исабаевтың жұмысында мұңды суретшінің романтикалық образы келтірілген. «Қ.Зекіровтың портретінде» модельдің бар болмыс-бітімі біздің алдымызда өнер адамы тұрғандығын анықтап тұр. Мұнда әңгіме жұмсақ шляпада ғана емес, кескіннің характерінде. Барлық жазықтығында штрих, түзу емес, айқыш-ұйқыш жолақтар түрінде қою түстер берілген. Мұнда бейнеленген адамның жайдары фигурасы өзіне тартатын сияқты немесе өздеріне ғана белгілі логика бойынша бөлетін қою қуатты және бояудың импульстік қозғалысын береді. Өмірде салмақты, бірақ өнерде қызуқанды адамның образы шығады. Бейнелеу мәнерінде модельдің график Қайырбай Зәкіров екендігін білдіруге деген ишарасы байқалады.
Көрмеде қағазға орындалған тағы бір портретті атап айтуға болады. Ол Әлия Хайруллинаның қола бояуы қосылған акварельдегі «Алтын шашы» (1988). Түстің сапасына және форманың жасалуына қарай акварельдің мәртебесі – графика ма, кескіндеме ме деген дау-дамай еріксіз еске түседі. Акварельдің шекаралық жағдайы, яғни балалық пен жас өспірімдік шақтың әлі де бір-бірінен ажырамаған бейнесінің модельдің бейнесіндегі мінезбен үндесуі суретшіні қанағаттандырады.
Шаймардан Сариев 60-шы жылдардағы «Тұран полотносын» еске салатын сары түс фонында 1987 жылы «Лебиздің ұлының портретін» салды. Тізесін құшақтаған баланың денесі жарық түсіп тұрған жаққа қою сары түсті дақтармен, денесі қою қызылмен шартты кеңістікте бейнеленген. Онда оң жақтағы кемпірқосақ пейзаждың компонентті білдірсе, ал оның маңайындағы ақ және ашық сары түстер күн сәулесі сияқты. Маңдайындағы қоңыр түске түскен ақ дақтар тағдырдың салған белгісі. Баланың денесі еңкіштеу және иілуге бейім, сонымен қатар тұрақсыз да сенімді қалыпта берілген. Оның көздері сұлулы пішінде және әлемге сенгіштік көзқарас байқалады.
Бақтияр Табиев салған «Айтбаевтың портретін» (1988) Айтбаевтың қылқаламынан туған «Әкенің портретімен» салыстырғың келеді. Полотнолардағы түстер шешімінің ұқсастығын байқамауға болмас: екі модельде де көк көйлек пен қызыл кеудеше бар. Меніңше, бұл сәйкестік мүлде кездейсоқ емес. Екі суретші де не істеп отырғандарын біледі: Айтбаев биылғы жылы 50 жасқа толады. «Алғашқы қорытындыларды» шығаратын уақыт келді. Көрген адам таңданатын және оған ұқсағысы келетін өз әкесінің (бостан-бос бірнеше портрет салған жоқ) мінезі мен тағдырын, костюмін өлшейтін уақыт болған жоқ па? Табиев өз досын шеберханада салады: кергіштер мен кітаптар модельдің тұрмысын ұқсас, қажетті ортаны жасайды. Айтбаев өз әкесіне ұқсайды да және құсамайды. Оның өмір ауыртпашылықтарын көтеруге ерік-жігері аз, бірақ әлемнің әртүрлі дыбыстары мен образдарына шығармашылық үшін қажетті жұмсақтық пен қайырымдылық көбірек болуы шарт. Портрет ұқыптыжәне жылы сезіммен салынған.
80-ші жылдарда шығармашылық пен өмірдің мәні туралы, суретші көңіл-күйінің өзгеруіне тең формаларды жетілдірумен айналысу туралы мәселені шешу жалғасты. Бұл жылдары өнер 70-ші жылдардағыдай, өз айтарларын шешімді және тиімді түрде бере алмады. Енді образдардың сөйлеуінде мамыражайлық пен тыныштық көбірек болды, бірақ адамның тұлғасын және оның әлеммен байланысын тереңірек аңдауға көбірек ден қойылған болуы мүмкін.
90-шы жылдары КСРО-ның құлауына және экономикалық қиындықтар туындауына байланысты мұражай ұзақ уақыт өз қорын толтыра алмады. Сондықтан да экспозицияға суретшілердің шеберханаларынан бірнеше жұмыстар алынды. Олардың ішінде Кенжебай Хайрулиннің «Автопортреті» (2000) және Тимур Асылбековтың «Ұлымның портреті» (2001) еңбектері бар. Бұл жылдары портреттік жанрларға қызығушылық азая бастағандығын айта кетейік. Мұның бірнеше түсіндірмесі де бар. Кеңістік дәуірде суретшілер елдің және идеологияның «тапсырмасы» бойынша орындалған көптеген портреттермен өздерін және көрермендерді шаршатты, былайша айтқанда «тойғызып жіберді». Көптеген көрмелерде колхозшылар мен жұмысшылардың, депутаттар мен Социолистік Еңбек ерлерінің аса сәтті емес бейнелері кездесіп жатты. Мұндай портреттер заводтар мен егістіктерге шығармашылық іс-сапар кезінде өте тез, образға көп зерттеу жүргізбей-ақ жиі салынып жатты. Форма мен мазмұнның құрылымы портреттік жанрдың мәртебесін төмендетті, сонымен қатар саяси жүйенің ыдырауына байланысты өнердің барлық түрі енгізген социолистік реализмнің мәні жойылды. Суретшілер Батыс өнерінде әлдеқашан ашылған және дамыған барлық мүмкіндіктердегі «измдермен» көркемдік құралдар арсеналын кеңейтті және байытты. Адамның керекті және қызықты тұстарын көрсетуге сәйкес келетін дүниелерді табуға мүмкіндік берді. Суретшілер қиялдауға қызыға түсті, бұрын болмаған нәрселерді жасауға тырысты. Өзің қалағанды жасаудан қызықты ешнәрсе жоқ сияқты көрінеді. Осындай қату кезеңде өзгені тануға мүмкіндік болмады. Кейбіреулер аңыздарға және санаға сыймайтын дүниелерге кете бастаса, өзгелері контемпорари арттың табынушылары болып, перформансамен, хэппинингімен, инвайронментамен және инсталляциямен айналысты. Алайда дәстүрлі бейнелеу өнеріне сеніммен және құралдарды ойната пайдаланып, содан ләззат алып, екі бағытта жұмыс істеді.
Кенжебай Дүйсенбаев қылқаламсыз, бояусыз әлем жайында айтуға болатын пікірлерге жол бермейді. Оның «Ер адамның портреті» (1998) түстердің стихиясымен ерекшеленеді. Азғана бояу заттарынан «түсінуді», белгілі бір пікірді қажет етпейтін әлем туады. Мұнда оның параметрлеріне тең емес физикалық сыртқы пішініне тиесілі түстің әуенін, поэзиялық жанының дыбысты образын сезіне білу қажет. Мөлдір көлеңкелермен байытылған күміс түсті кеңістік әлем дыбыстарын сезетін жас жігіттің келбетін сақтаған. Немесе, нәзік жан өзінің жарығы мен тіршілік кеңістігін гүлдендіреді. Бұл биікке жылдам көтеріліп келе жатқан суретші шәкіртінің портреті.
Қадыржан Хайруллиннің «Автопортреті» (2000) өте назар аударарлық дүние. Портрет-картинаның композициясы әртүрлі көлемдегі үш бөліктен: ұйқыдағы адам, пейзаж, телефон трубкасы және «Библиядан» үзіндіден тұрады. Ондағы бір фрагментте былай: «Жер сілкінісінен кейінгі от; Құдай отта емес; Оттан кейінгі баяу самал есіп т
12345
скачать работу

Бейнелік шығармалар мен мүсіндік композициялар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ