Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Биология пәнін оқыту

Оқу-тәжірибе учаскесіндегі, оқушылардың өндірістік бригадасындағы практикалық жұмыстар, әр түрлі кластан тыс жұмыстар да бақылауды қамтиды.
Лабораториялық сабақ кезінде «Организмдердің мекен ортасына бейімделушілігі және оның салыстырмалы сипаты» тақырыбында бақылау өткізу мысалын қарастыралық. Сабақ үшін табиғи объектілер — өсіп тұрған өсімдік, сондай-ақ гербарийлер мен коллекциялар қажет. Уақытты бекерге өткізіп алмау үшін оқушылар бұрыннан білетін объектіні анықтау ұтымды болады. Жұмыс міндетінің нақтылы анықталуы оқушылардың бақылауына бағыт сілтеп, жүйелілігін белгілейді.
1. Зерттелетін объектінің мекен ортасын сипаттап жазу.
2. Мекен ортасындағы организм құрылысының ұқсастық ерекшеліктерін табу.
3. Құрылыс белгілерінің барлығы бірдей әрқашан да бейімделе алатын-алмайтындығын түсіндіру.
Бақылау ісі мектеп оқушыларына зерттелетін түр өткен ұзақ тарихи жол процесіндегі адаптацияның пайда болуы туралы ғылыми жорамал құруға, организмдердің өзгергіштік ролін, тіршілік үшін күресін, сұрыпталу әсерінің бағытын белгілеуге жәрдемдеседі. Оқушылардың ауызша берген жауаптары, сондай-ақ дәптерлеріндегі жазбалары бақылау нәтижелерін тексеруге көмектеседі.
Бақылау барысында алынған білімді бекіту мақсатында таныс емес объектілерге осыған ұқсас жұмыс істеуді, сондай-ақ организмдердің дене пішіні, әлдебір органдарының құрылысы бойынша мекен ортасын анықтауды оқушыларға ұсынады.
Бақылау ісін ұйымдастыру үшін оқушылар экскурсия туралы есеп беруге арналған қажетті тапсырмалар мен жоспарларды пайдаланады. Мәселен, оқушылар түрлердің құрылыс құрамын, биоценоздағы коректену тізбегін зерттеу үшін мынадай тапсырмалар алады:
1. Өсімдіктердің негізгі түрлерін, туыстарын, тұқымдастарын және егер мүмкіндігі болса, зерттелетін биоценозда орын тепкен жануарлар түрлерін анықтау.
2. Өсімдіктердің вертикаль орналасу заңдылықтарын ашу және олардың мекен ортасын сипаттап жазу.
3. Негізгі түрлер организмдеріндегі абиотикалық және биотикалық факторларға бейімделу ерекшеліктерін анықтау.
4. Мүмкіндігінше биоценоздың мекендеушілері арасындағы қоректік байланысты айқындау.
5. Өсімдіктер тіршілігіндегі (егер мүмкіндігі болса, жануарлардың да) маусымдық өзгерістерді сипаттап жазу.
Оқушылар бақылау нәтижелерін жазбаша есеп ретінде дайындайды, оған қоса гербарий материалдарын, коллекцияларды, фото-суреттерді, биоценоз құрамының популяциялар, түрлер саны, табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы таблицаларды және т. б. әзірлеп береді. Бұдан басқа экскурсия соңынан өткізілетін жалпы қорытындылаушы әңгіме бақылаудың тиімділігі туралы пікір айтуға мүмкіндік береді.
Эксперимент. Эксперимент тірі табиғат құбылыстары мен процестерін зерттеудің ең тиімді методтарының қатарына жатады. Ол зерттеу принципін кең жүргізуге мүмкіндік береді, оқушылардың, өздігінен жұмыс істеп, ойлануын дамытады, ғылыми методтармен таныстырып, белгілі іскерлік қалыптастырады.
Эксперимент арнайы жасалған жағдайларда зерттелетін процесті жасанды еске түсіруді ұйғарады және зерттелетін объектіні бөгде, қосымша құбылыстардан тазартуға мүмкіндік береді. Бақылау – эксперименттің қажетті компоненті.
Эксперимент оқу процесін ұйымдастырудың лабораториялық сабақ, практикалық жұмыстар тәрізді формаларыңда цитология, генетика, селекция, экология мәселелерін оқып үйрену кезінде жиі пайдаланылады.
Бұл методты лабораториялық сабақ барысында «Клеткадағы зат алмасу реакциясының ферментативтік сипаты» тақырыбында пайдалану мысалын қарастыралық.
Кезекші лаборанттар әрбір екі оқушыға дер кезінде крахмалды-желатинді пластинкалар, сутегі асқын тотығының, йодты калийдегі йод ерітінділерін даярлап, астық және бұршақ тұқымдастардың тұқымдарын өсіреді, пісірілген және шикі картоптың шағын кесектерін, элодеяның бұтақшасын пробиркаларға таратып салады. Олар сабақ басталардың алдында әрбір үстелге микроскоп, заттық шынылары және жабын әйнектерді, шыны таяқшаларды, қандауырларды, пинцеттерді, пробиркаларды таратып береді.
Оқушыларға эксперимент өткізу үшін мынадай жазба нұсқау беріледі.
1. Тамшы судағы элодея жапырағының клеткаларын микроскоппен қараңдар.
2. Элодея жапырағына сутегі асқын тотығының бір тамшысын тамызып, микроскоптан көрген құбылысты сипаттап жазыңдар.
3. Петри табақшасындағы крахмалды-желатинді пластинкаға ұзына бойына тілініп, суға батырылып суланған үрме бұршақ (арпа, ас бұршақ) өскіндерін салыңдар. Оларды 30-40 мин пластинка үстінде қалдырыңдар. Сабақтың аяқталуына 5 мин қалған кезде өскінді пинцетпен абайлап алып, пластинканы йодтың әлсіз ерітіндісімен ылғалдандырыңдар. Болып өткен құбылысты сипаттап жазып, оларды түсіндіріңдер.
4. Пісірілген және шикі картобы бар пробиркаларға 0,5-1 мл-ден сутегі асқын тотығын құйыңдар. Байқалған құбылыстарды сипаттап жазып, түсіндіріңдер.
Бұл тәжірибелер мектеп оқушыларына зат алмасу реакциясының ферментативтік сипаты туралы өздігінен қорытынды шығаруларына мүмкіндік береді.
Оқушылар сабақ бойында өткізе алатын қысқа мерзімде тәжірибелерден басқа биология курсында ұзақ эксперимент те пайдаланылады. Мәселен, модификациялық өзгергіштікті оқып үйренуге 1,5-2 ай қалғанда оқушылар традесканцияның есетін ортасын өзгертуі бойынша және оның құрғақшылықтан сулы ортаға ауысуына тәжірибе жасай бастайды. Оқушылардың назарына тәжірибенің мына методы ұсынылады: традесканцияны 20 күн бойы ылғалдылығы жоғары жағдайда өсіру. Осы мақсатқа сай өсірілген өсімдігі бар құмыраны су құйылған басқа бір ыдысқа ернеуіне 1-2 см жетпей тұратындай етіп орналастырады. 20 күн өткен соң өсімдікті суға жартылай малып, 10 күннен кейін оған суды толтыра құяды.
Бақылауға басқа бір өсімдікті алып, оны алдын ала әзірлеместен бірден суға салады.
Өсімдіктерді әр түрлі ылғалдылық, жарық түсу, минералдық қоректендіру жағдайларында өсіру бойынша жасалған тәжірибелер де ұзақ мерзімді қажет етеді, олар организмге абиотикалық факторлардың әсері туралы материалды игеруге көмектеседі. Оқушылар үздіксіз бақылау жасап, өсімдіктерді күтеді. Эксперимент барысын мезгіл-мезгіл демонстрациялап отырған дұрыс және ең сонында оны толық жазып алып, барлық оқушылардың игілігіне қорытынды жасау керек.
Курстың теориялық негіздерін игеруде оқу-тәжірибе учаскесінде өткізілетін практикалық жұмыстарға байланысты эксперименттердің көп көмегі болады.
Бұл тәжірибелер вегетативтік көбеюді айқас тозаңдандыруды; біркелкілік, белгілердің ажырауы, белгілердің тәуелсіз тұқым қуалауын; гетерозис, полиплоидияны; организмге экологиялық факторлардың әсері, фотопериодизмді; селекция методтарын зерттеу мақсатын көздейді.
Оқушылар VIII класты бітіргеннен кейін тәжірибелер өткізуге теориялық жағынан даяр болмайтындығын ескеру керек. Сондықтан оларды толық нұсқауландыру қажет.
Эксперимент нәтижелері сәйкес тақырыптарды оқытып үйретілген кездегі сабақтарда кеңінен пайдаланылады. Өздері тәжірибе өткізген экспериментші-оқушылар жаңа материалды баяндаған кезде мұғалімдерге белсенді көмекші болып алады.
Мұғалім лекция немесе әңгіме барысында тәжірибені демонстрациялаған кезде эксперимент методикальгқ тәсіл ретінде сабақтарға пайдаланылады. Егер тәжірибе мұғалімнің айтқанын иллюстрациялап қана қоймай, білім негізі бола алса, онда бұл тәсіл жақсы нәтижелер береді. Мысалы, мұғалім клеткаға судың келуі туралы әңгімелеу барысында Траубенің «жасанды клеткасын» демонстрациялап, мынадай сұрақ қояды: ««Клеткалардың» көлемі ненің есебінен ұлғаяды?» Оқушылар сыртқы ортадан «клеткаға» судың келетіндігі туралы қорытынды жасайды. Бұдан соң мұғалім осы модель мен тірі клетка мембранасының суды сыртқы және ішкі ерітінділер концентрация теңелгенге дейін өткізе беретін қасиеттерін салыстырады.
Өздігінен жұмыс істеу. Бұл метод жаңа материалды баяндаған кезде де, сондай-ақ ұғымдарды қайталап, бекіткен кезде де пайдаланылады.
Оқулықпен, хрестоматиялармен, оқуға арналған кітаптармен оқушылардың өздігімен жұмыс істеуін ұйымдастыру, мүмкіндігі оқытып үйретілетін материалдың негізгі қасиетіне орай анықталады. Бұл методты пайдалануға тым шектен тыс әуестенуге болмайды, алайда сипаттамалы информацияны зерттеген кезде, сондай-ақ оқу әдебиеттерінде айтарлықтай толық, түсінікті, жақсы иллюстрациялармен баяндалған проблемаларды оқып үйренген кезде мұны пайдалануға әбден болады.
Кітаппен өздігінен жұмыс істеу мұғалімге мектеп оқушысының бұдан білім негізін меңгеріп, суреттерді, схемаларды, сұрақтарды пайдалана білуіне үйретуге жәрдемдеседі. Жұмыстың бүл түрі мектеп бітірушілердің одан әрі өз білімін көтеруіне негіз болады.
Кітаппен өздігінен жұмыс істеу, әдетте, әңгіме, лекция тәрізді методтармен ұштастырылады.
Кітаппен өздігінен жұмыс істеудің оқу-тәрбиелік тиімділігін арттыру үшін оқушылар орындауға тиісті тапсырмаларды пайдаланып, есеп беру формасын анықтау, мектеп оқушыларын көрнекі құралдармен жабдықтау қажет.
Оқыту көрнекілігін кітаптағы иллюстрацияларды пайдалану есебінен арттырумен шектелуге болмайды. Оқу әдебиеттерін оқыту барысында оқушыларды табиғи объектілерді қарап көруіне бағыттау қажет.
«Ч.Дарвин ілімі шығуының тарихи алғы шарттары» тақырыбының материалын оқып үйрену кезінде осы методты пайдалану мысалын қарастыралық. Кіріспе әңгіме Линней мен Ламарктың органикалық дүниеге көзқарасы туралы информацияны еске түсіріп, эволюциялық идеяның ХІХ ғасырдың басында таза ғылыми негізге ие бола алмағандығы туралы қорытынды жасалады. Ч. Дарвиннің органикалық дүниенің эволюциясы туралы ілім жасап, ғылыми дәлелдегені туралы информация беріледі. Ч.Дарвиннің теориясы биологияда революция жасады, ол данышпандық теория және сол кездегі биологиялық жаңалықтардың бірде-бірімен салыстыруға болмайтын еді. Ч. Дарвиннін, эволюциялық теорияны жасауына мүмкіндік берген жағдайлар туралы проблема қалыптастырылады. Оқушыларға Э. А. Қиселеваның «Книга для чтения по дарвинизму»
12345
скачать работу

Биология пәнін оқыту

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ