Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Биология пәнін оқыту



 Другие рефераты
Биология сабақтары Биология сабағы Бидай Жетісу экологиясы

ЖОСПАР
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім.
Биология пәнін оқыту әдістері
2.1 Оқыту әдістері және оның түрлері
2.2 Жаңа материалды оқытудың методтары
2.3 Білімді бекітудің методтары
ІІІ Қорытынды
Әдебиеттер

І Кіріспе

Оқушылардың пәндер мен тірі табиғат құбылыстары танымынан сабақ үлгеруі көп жағдайларда оқыту методтарына байланысты болады. Мұғалім методты анықтау кезінде курстың жалпы қорытындылау сипаты мен мектегі оқушыларының жас ерекшеліктерін еске алуы қажет. Оқыту методын таңдап алу оқу материалының мазмұны және мектеп оқушыларының танымдық әрекеттері – репродукциялы (еске түсіру, иллюстрациялы) немесе зерттеу сипаттарымен анықталады.
Мектеп оқушысы репродукциялы танымдық әрекет кезінде мұғалімнен, кітаптан, оқу фильмінен даяр информация алатын болғандықтан оны онша көп қиналмай еске түсіреді.
Оқытуды өздігінен іздену жауабына мәжбүр етілетін зерттеу принципін пайдаланған кезде мектеп оқушыларының танымдық процесі мүлде басқаша өтеді. Оқушының танымдық әрекетін зерттеу сипаты өздігінен жұмыс істеу кезінде өте айқын байқалады.
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Оқыту әдістері және оның түрлері

Биология пәнінің мазмұны мен құрылымын және сабақ өткізуге тиісті материалдарды сараптап алуын тағайындаудан басқа, ең бір басты маңызды мәселелердің бірі оның әдістерін де орынды қолдана білу болып табылады.
Пәннен сабақ өткізу әдісін дұрыс таңдай, қолданбаған жағдайда әрбір ұстаз алдына қойған мақсатына жете алмайды.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу материалының мазмұнын сәйкестендіре отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдағанда ғана сапалы білім беруді қамтамасыз етуге болады.
Оқыту әдісі дегеніміз – оқушы мен оқушының алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері деп айтуға болады. Сондықтанда осындай іс-әрекетті дидактикалық принцип тұрғысынан қарайтын болсақ, білім беру мен тәрбиелеуді дамыту деп те айтуға болады.
Сонымен, оқыту әдісі дегеніміз – ұстаздың білім беру әдістері деп қарасақ, екінші жағынан оқушының білімді игеру, қабылдау кабілеттілігі немесе әдісі. Оқыту әдістерінің құрылымы сабақ өткізу тәсілдерінен тұрады. Тәсіл дегеніміз – оқыту әдісінің бір ғана элементі, оның жеке бір бөлігі.
Биологиядан сабақ беру практикасында оның көптеген әдістері бар екендігін байқауға болады. Оларды кейбір белгілеріне қарай отырып, былай топтастыруға болады.
Дәстүрлі сабақ беру әдістері, ол сол ертедегі философтар мен педагогтардың сабақ беру жүйелері болып есептеледі. Бұл әдістегі ең басты мақсат оқушыларға білім берудің қайнар көзіне, білімді қалай, қайдан алу әдістері бойынша қолданады. Бүл әдіс бойынша білімнің қайнар көзі үшеу деп көрсетеді: практика, көрнектілік, сөз. Соңғы кездерде тағы бір әдістер қосылды, ол – оқулық және әртүрлі техникалық жүйелер. Сондықтан бұл топтан бес әдісті бөліп қарауға болады: практикалық, көрнектілік, сөйлеу, оқулықпен жұмыс жүргізу, техникалық құрал-жабдықтарды пайдалану. Осы әдістердің өзіне тән қолдану ерекшеліктері бар.
Атқарылатын міндетіне қарай топтастыру әдістері. Сабақты өткізу процесінің жүйелілік кезеңіне байданысты топтастыру. Ол мынандай әдістерден тұрады:
а) білімді игеру;
ә) шеберлігі мен дағдылығын қаяыптастыру;
б) білімді іс жүзінде қолдану;
в) шығармашылық қызметі;
г) алған білімді бекіту, баяндау;
ғ) білімін, шеберлігін, іскерлігін тексеру.
Осы айтылған әдістердің басты ерекшеліктерінің бірі оқу процесін ұйымдастырудың классикалық схемаларына сәйкестелінген, ұстаздарға оқу-тәрбие жұмысын іске асыруға үлкен көмегін тигізетіндігі айқын.
3. Танымдылық іс-әрекетіне сәйкес топтастыру (И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин). Бұл әдістердің көмегімен оқытушының көрсеткен тапсырмасы бойынша оқушы өзінің білім деңгейін өз бетінше игеру. Бұл әрине әрбір оқушының ойлау қабілеттілігін арттырады. Бұл топқа бірнеше әдістер кіретіндігін айту керек:
- бейнелеу арқылы түсіндіру (ақпаратты-рецептивті);
- репродуктивтік;
- проблемалы мазмұндау;
- жартылай ізденіс (эвристический);
- зерттеу.
Егер, танымдылық іс-әрекетті тек қана мұғалімнің көмегімен іске асырылса, оқушылар дайын материалдарды ұғып, есте сақтап, оны қатесіз айтып берумен ғана шектелген жағдайда, олардың ойлау белсенділік деңгейінің төмендігін көрсетеді.
Егер оқушының ойлау қабілеттілік деңгейі өте қарқынды болса, ол танымдылық іс-әрекетінде шығармашылық еңбектің нәтижесінде, өз бетінше ізденіс жасау және зерттеу әдістерін қолдану нәтижесінде ғана табысқа жететіндігін байқауға болады.
Сондықтанда, әдістер осындай топтастыру өз қолдауын тауып, кең таралып жүр. Енді осы әдістерге жеке-жеке тоқталып сипаттама берген жөн.
Ақпаратты-рецептивті (қабылдау) әдістің басты мәні, олар мынандай белгілерімен сипатталады:
1. Оқушыға білімді «дайын» күйінде ұсынады.
2. Оқушы дұрыс түсіну үшін, оқытушы әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастырады.
3. Оқушы білімді қабылдап және оны есте сақтайды. Білімді қабылдауда барлық ақпарат көздерін (сөз, көрнектілігі т.б.), мазмұндау логикасының индукциялық және дедукциялық жақтарын дамытып пайдалану жолдарын іске асырады.
- Репродуктивті әдіспен оқытудың басты белгілері:
1. Білімді оқушыға «дайын» күйінде беру.
2. Мұғалім оны түсіндірумен қатар, оны әңгімелей береді.
3. Оқушы оны саналы түрде ұға отырып, түсініп, есінде ұстайды. Оның басты критериясы оқушының берген дұрыс жауабы болып танылады немесе дұрыс есіне түсіру (воспроизведение, репродукция).
4. Білімінің тұрақтылығының ең басты куәсі, оны бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде болады.
Репродуктивті әдісті мынандай жағдайларда қолдану өте тиімді:
- оқу материалының мазмұны бірыңғай ақпаратта болса;
- практикалық және еңбек тану іс-әрекетін қолдануын сипаттауда;
- егер оқушының өз бетімен іздену, ойлану процесіне қиындақ жағдайлар туатын болса;
- жаңа проблемалы материалдарды игеруге оқушының тіректік білімі әлі аздау болған жағдайларда.
Бұл әдістің тағы да бір қолданылатын кездерінің бірі – проблемалық маңызды мәселелерді өз бетімен шешу барысында оқушылар әлі дағдыланбаған жағдайларда.
Репродуктивті әдістің тағы да бір ерекше пайдалы әсерлерінің бірі оқу материалын жедел игеруді, практикалық, еңбекке деген шеберлігі мен іскерлігін қалыптастыруды қамтамасыз етумен бірге, оқу процесіндегі білімділігін, шеберлігін, іскерлігін басқаруды, кейбір қателік жақтарын айқындауына мүмкіндік береді. Сондықтанда, жоғарыдағы айтылған көптеген пайдалы жактарын басқа әдістермен байланыстыра отырып, күнделікті оқу процессіне қолдана білген жөн.
Проблемалық-ізденіс оқыту әдістерінің ең басты принциптері оқу процесінің кейбір кезеңдерінде оқушы кейбір проблемалық мәселелерді өз бетімен шешуге әлі мүмкіншіліктері жоқ, сондықтан мұғалім, осы проблеманы шешу үшін белгілі бір жүйемен, бағытпен оқушыларды тарта отырып, олардың белсенділігін арттыра отырып, жаңа білімді игеру жолдарын көрсету арқылы, оқу материалының танымдылық жағын арттыруға көмектеседі.
Проблемалы-ізденіс оқыту әдістері көп жағдайларда оқушының шығармашылық шеберлігін дамытуда, оқу-танымдылық және еңбектену іс-әрекетінің дамыту, ойлану және өз бетімен білімді игеру, жеке басының еңбекке деген шығармашылық көзқарасын, белсенділігін, саналылығын дамытуға тиімді әдістердің бірі болып саналады.
Проблемалы-ізденіс әдістерін қолдануының тағы да тиімді жерлерінің бірі – оқу материалының мазмұнындағы жаңа ғылыми түсініктер мен заңдылықтарды, теорияларды қалыптастыруда ең басты рөл атқарады. Осы алған білімдерінің негізінде проблемалық ситуацияларды өз бетімен іздену барысында жаңа ғылыми мәліметтерді шешуге, игеруге, түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл әдісті ең бір ерекше түрі деп есептеуге болмайды, себебі бұл әдіспен оқыту көп уақыт алумен қатар, жаңа оқу материалын игеруге, оқушының базалық білімі болмаса, оны қолдануда дұрыс нәтиже бермейді.
Егер оқу материалының күнделік деңгейі орта және оқушының базалық білімі жеткілікті болса, олар өздерінің болжамдарын, құбылыстар мен заңдылықтар арасындағы байланыстарды анықтауда осы әдісті қолдану өте пайдалы деп есептеледі.
Зерттеу әдісінің басты мәні мынада:
- белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір проблеманы анықтап, оны шешуді оқытушы мен оқушы бірге жүргізеді;
- оқушыға проблема жайлы алдын ала хабарламай, оны өз бетімен шешуге мақсат қою. Онын шешу жолын оқушы өзі тауып қорытындылайды;
- оқушының басты қызметі оперативті түрде берілген проблемаларды шешуді басқару;
- оқу процессінің қарқыны жоғары, оқу өте қызықты жүргізілуде, нәтижесінде білімнің тереңділігі, нақтылығы, жан-жақтылығы айқын көрініп тұрады.
Сондықтан бұл әдіс оқушының білім алу барысында шығармашылық қабілеттілігінің дамуына байланысты болатындығын көрсетеді. Оның басты кемшілігі – оқушыдан да, оқытушыдан да көп уақытты және энергияны шығындауды талап етеді және бұл әдісті қолдану оқытушының білім деңгейінің жоғары болуын талап етеді.
4. Дидактикалық мақсатқа байланысты екі әдістер тобын бөліп қарауға болады:
1. Оқу материалын алғаш игеруге мүмкіндік жасау әдісі.
2. Алған білімді тиянақтау және жетілдіруге мүмкіндік жасау әдісі (Г.И.Шукина, И.Т.Огородников).
Бірінші топқа жататындар: ақпаратгы-дамытушы (ауызша мазмұндау, әңгіме, кітаппен жұмыс істеу), ізденіс (эвристический, әңгімелесу, диспут, лабораториялық жұмыс), ғылыми зерттеу әдісі.
Екінші топқа жататындар: жаттығу жұмысын орындау (үлгі бойынша, жаттығудың комментариясы, вариативті жаттығулар т.б.), практикалық жұмыс.
5. Бинарлы және полинарлы әдістердің түрлерін құрастырудың қолдаушылар бар. Мысалы, М.И.Махмутов бинарлы әдісті жасады:
1. оқыту тәсілі;
2. оқу тәсілі.

12345
скачать работу


 Другие рефераты
Исторические этапы формирования и развития валютной системы
НАТО
Природные душистые вещества и современная химия
Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ