Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Биология пәнін оқыту

; кітабы және оқулықпен жұмыс істеу барысында мына сұрақтар мен тапсырмалар бойынша сол жағдайларды өздігінен айқындау ұсынылады:
1. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясын жасауына XIX ғасырдың басында Англиядағы қандай әлеуметтік-экономикалық факторлар әсер етті?
2. XIX ғасырдың бас кезінде биологиялық ғылымның негізгі табыстары қандай болды?
3. XIX ғасырдық ортасындағы селекцияның табыстарына не жатады, Дарвин эволюция теориясын жасаған кезде оларды қалай пайдаланды?
4. Ч. Дарвиннің жер шарын айналу саяхаты кезінде жинаған қандай фактілері эволюциялық теорияны жасауға мүмкіндік берді?
5. Ч. Дарвин мінезіндегі қандай ерекшеліктер оның жаңалық ашуына зор роль атқарды?
6. Ч. Дарвиннің жер шарын айналу саяхатының ізімен жүріп, оның эволюциялық теорияны жасау үшін қызықты материал жинаған географиялық пункттерін жазып алыңдар.
Оқушылардың оқулықпен өздігінен жұмыс істеуі үшін таблицаға өсімдіктер мен жануарлар, ландшафт және планетамыздағы климат туралы мағлұматтарды жаза отырып, әр түрлі геологиялық эралардағы Жердегі тіршілік көрінісін бейнелеуге арналған материалды ұсынуға болады.
Оқушыларға тапсырма беру – көрнекті ғалымдардың өмірі мен қызметі, табиғатты қорғау, бионика, кибернетика мәселелері бойынша биологиядағы табыстар туралы жаңалық хабарлар даярлау, сондай-ақ Ч. Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі», Ф. Энгельстің «Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектін ролі» еңбектерінен үзінділер оқып үйрену практикаға өнгелі көп болды.

2.3 Білімді бекітудің методтары

Оқушылардың білімін тексеру. Білім тексеру де негізгі биологиялық ұғымдарды қалыптастырып, білімді, іскерлікті және дағдыны баянды ету мақсатын атқарады.
Оқытудың әр түрлі кезеңдерінде оқушылардың білім жағдайын анықтау – оқу процесін жетілдіріп, оның сапасын арттырудың өте қажет жағдайы. Жүйелі түрде тексеріп отырғанда мектеп оқушыларында оқуға жауапкершілікпен қарау әдеті тәрбиеленіп, олардың жеке ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді, сөйтіп олардың әрқайсысына түрліше ыңғаймен келуге болады. Мектеп оқушылары неғұрлым көбірек есепке алынып отырса, соғұрлым оқу процесін басқару жүйелі де кең мүмкіндікте болады. Білімді үнемі тексеріп тұрса, мектеп оқушылары оны ұзақ есте сақтап, ондағы кемшіліктерін толықтыруға мүмкіндік алады. Егер мұғалім тек жаңасын ғана емес, бұрынғы алған білімдерін де жүйелі түрде тексеріп отыратын болса, оқушылар оқу материалын әрқашан да пысықтап отыратын болады. Бұрын өтілген оқу информациясын жаңа білімді тексерумен ұштастыру курс бөлімдері арасындағы байланысты тиянақтап, ұғымдар тұтастық жүйесінің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Жалпы биология курсында мына методтар мен білім тексеру формалары көбірек таралған: әрбір сабақтарда дерлік қолданылатын жеке және жаппай ауызша сұрау; класс оқушыларын толық қамтып сұрау, білімді мезгіл-мезгіл және жинақтап тексеру үшін жазбаша жұмыс жүргізу; зачет алу, семинарлар мен конференциялар өткізу; практикалық тексеру. Курстың теорияға бағытталуы білімді практикалық тексеру мүмкіндігіне кедергі келтіреді. Солай болғанмен де мектеп оқушыларының экскурсиялар, лабораториялық сабақтар және басқа өздігінен істейтін жұмыстар туралы есептеріне мұғалімнің талдау жасауы – мектеп оқушыларының білімі туралы информациялардың маңызды көзі.
Ауызша тексеру. Мектеп оқушыларының сабаққа әзірлігін, үй тапсырмаларын орындауын, ұғымдарынын, дамуын ауызша тексеру үнемі бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сабақтың басында немесе жаңа материалды түсіндіруге байланысты сұрақ қою мектеп оқушыларының жаңа оқу информациясын меңгеруге негіз болатын білімді жүйеге келтірулеріне көмектеседі. Тікелей оқып үйренуге қажетті тақырыпқа жатпайтын материалдан білім тексеру оқу процесінің тұтастығын бұзып, мектеп оқушыларының назарын аударады. Мәселен, пән мен цитология методына арналған сабақта антропогенез кезеңдері және факторлары туралы мектеп оқушыларының білімін тексеру қолайлы емес. Одан да мектеп оқушыларына органикалық дүниедегі клеткалардың ролі туралы мәселеге жауап қайтаруды ойлануды ұсыну және жаңа материалды баяндау барысында тіршіліктің клеткалы формасының даму бағыттары, көп клеткалы организмдердегі клетканың ролі және т. б. туралы хабарларды тыңдау әлдеқайда дұрысырақ болады.
Әдетте ауызша тексеру сабақтың басында өткізіледі де, мектеп оқушыларының өткен материалды қаншалықты игергендігін айқындауға мүмкіндік береді, ол жаңа ұғымдар мазмұнын ашуға тірек болады. Ауызша сұраққа оқушылардың әрқайсысына 4-5 мин-тан, барлығы 15-18 мин мөлшерінен артық уақыт бөлуге болмайды. Мектеп оқушылары осы уақыттың ішінде мәселенің негізгі мазмұнын баяндап бере алады.
Жеке сұрау берген кезде бүкіл класқа сұрақ әзірлеп, мектеп оқушыларына жауап қайтаруға жоспар жасауына (кейде тіпті жазбаша түрде) уақыт беру қажет, оқушылардан жолдасының жауабын қадағалап, информациялау барысында жіберген дәлсіздікті, қисынсыздықты жазып алуға, түзетулер мен қосымшалар енгізуді талап ету керек. Жолдастарының ауызша қайтарған жауабына барлық оқушылардың жазбаша ескерту даярлауын міндеттеу орынды болады.
Жауабы дұрыс болмаған жағдайда оқушыны сыпайы ғана кідіртіп, класс оқушыларының жіберілген кемшілікті түзетуіне мүмкіндік жасау қажет. Оқушының ойын бөліп, жоғары класс оқушысы болғандықтан оның намысына тимеу үшін әңгімелеу аяқталған соң ғана қосымшалар енгізген дұрыс.
Білім тексеру кезінде әңгіме немесе жаппай сұрау да қолданылады, оның әңгімелеуден бірқатар артықшылығы бар, өйткені бұл кезде көптеген оқушылардың білімін тексеруге болады және бүкіл класс қатысады. Алайда бұл методтың көмегімен оқушылардың білімін тұтас қалпында айқындауға, оқу информациясын қисынды әңгімелеу түрінде құрып, дәлелді түсінік беруге мүмкіндік бере алмайды.
Кейде білім тексеруді түсіндіру кезінде енгізген қолайлы. Мысалы, оқушылардың эволюцияны зерттеу методтары туралы білімін органикалық дүниенің даму кезеңдері туралы информацияны баяндау кезінде тексеруге болады.
Тақырыпты аяқтаған кезде оны барлық оқушылардың қалай меңгергендігін тексеру қажет. Бұл үшін не семинарлық сабақтар, не конференция ұйымдастырылып, бүкіл бөлімдер бойынша қорытындылау және бөлімдер тұтастығын сақтауға бағытталған оқушылардың баяндамалары, сөйлеген сөздері тыңдалады.
Ауызша тексерудің басқа формасы – курстағы ірі бөлімдерді: дарвинизм, цитология, генетика және селекция, экология негіздері және биосфера туралы ілімді оқып үйренгеннен кейін сабақтан тыс уақытта жеке зачет алу айтарлықтай тұтастық сипатта болмайды. Мектеп оқушыларына зачет туралы алдын ала ескертіледі, үлгі сұрақтар мен қосымша әдебиеттердің тізімі беріледі. Зачет өткізуге арналған сұрақтар өте маңызды білімді тексеруге, себеп-салдарлық байланысты қорытындылап, талдауға, салыстырып, тұжырымдай білуге, оқу информациясын жүйелілік пен толық түсінуге бағыттай білуге жөн сілтеуі қажет. Бір күнде сұралатын оқушылардың саны оннан артық жоспарланбайды. Зачет өткізу графигін алдын ала жасап, ол туралы оқушыларды хабарландырып қою қажет. Алайда білім тексерудің бұл формасына өте әуестеніп кетуге болмайды, өйткені мектеп оқушылары зачеттық система кезінде сабаққа үнемі дайындалмайтын болып кетеді.
Жазбаша жұмыстар кластағы бүкіл оқушыларды бір мезгілде қамтып, білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдетте сабақ үстінде 15-20 мин ішінде-ақ мектеп оқушылары курс мазмұны бойынша сұрақтарға жауап қайтарып, молекулалық бкологиядан, генетикадан есеп шығарады, сынақ тестіне (карточкасына) жауап қайтарып, терминологиялық диктанттар жазады, схемалар, таблицалар жасайды, суреттерге талдау береді.
Диктант өткізген кезде қатар отырған мектеп оқушылары бір-бірінен анықтамасын немесе сипаттамасын көшіріп алмау үшін кем дегенде терминдерді екі түрлі жасау қажет. Мәселен, «Дарвинге дейінгі кезеңдегі биологияның дамуы» тақырыбын оқып үйрену соңынан алынатын бес минуттық жидиктантта бір қатардағы оқушылар «систематика», «градиация» «эволюция», «биологиялық түр», екінші қатардағылар «бинарлық номенклатура», «эволюция факторлары», «градиациядан ауытқу», «классификация» және т. б. терминдердің мәнін ашып береді.
Тестілік бақылаудың мектеп оқушыларының үлгерімін есепке алуда шешуші мәні болмайды, өйткені ол білімді түпкілікті, толық ашуға мүмкіндік бере алмайды. Алайда тексерудің бұл формасының сөзсіз бірқатар артықшылықтары бар: оқушылармен қолма-қол байланыс жасау, оқушылардың қайтарған жауабын олардың көз алдында тексеру, түсініксіз сұрақтарды дереу түсіндіру мүмкіндіктері болады. Тестінің мыналарға: а) мектеп оқушыларының нақтылы білімді меңгеруін тексеруге; б) алған білімін жаңа жағдайларда пайдалана білетіндігін бақылауға; в) себеп-салдарлық байланысты белгілеуді айқындауға басқа да ойлана білу операцияларын жүзеге асыруға арналуы мүмкін.
Мәселен, тест арқылы митоз фазаларының жүйелілігінен немесе систематикалық категориялардың үндестігінен алған білімді анықтауға болады.
Келесі тестің жәрдемімен Ламарк пен Дарвин ілімі мазмұндарының арасындағы айырмашылықты қаншалықты түсінгендігін тексеруге болады:
Ең алдымен Дарвиннің (Д.) түсінігі, ал одан сон Ламарктың (Л.) гипотезасы бойынша эволюциялық қозғаушы күштер атының қарсысында тұрған цифрларды жазып шығыңдар: 1. Қолайлы белгілердің барлығы да тұқым қуалайды. 2. Организмдердің орта әсеріне сәйкес өзгеруі және сол өзгерістердің тұқым қуалауы. 3. Қездейсоқ, әр бағытта ауытқи тұқым қуалау. 4. Табиғи сұрыпталу. 5. Қолдан сұрыптау. 6. Организмдердің жетілу тенденциясы. Жауабы: Д-345, Л-126.
Жаңа материалды оқып үйрену кезінде білім тексеру үшін мынадай тест пайдаланылады: ең алдымен жабайы үйректегі ароген өзгешелік (а) белгілері сипаттамасынық жанында тұрған цифрларды, ал соңынан идиогендік өзгешеліктің (и) жанында тұрған цнфрларды көшіріп жазыңдар: 1. Жүрегі төрт камералы. 2. Жылы қандылық. 3. Табандарында жүзу жарғақтары бар. 4.

12345
скачать работу

Биология пәнін оқыту

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ