Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Биология пәнін оқыту

Қауырсын жабынды. 5. Ауа қапшықтары. 6. Сүзгілі тұмсық пішінді. 7. Нерв системасы жақсы жетілген. 8. Май бездері. 9. Ұрпағына қамқорлығы. Жауабы: а — 124579, и — 368.
Бүкіл класс білімін жазбаша тексеру суреттерді табиғи құралдарды, микропрепараттарды, модельдерді және басқа құрал-жабдықтарды пайдалануға есептелген тапсырмалар көмегімен де тиімді болады. Мәселен, мектеп оқушыларына ерекше белгіленген флора және фауна өкілдері бар әр түрлі геологиялық дәуірлердегі органикалық дүниенін, суреттерін таратып беріп, сонымен қатар, оларға: дәуірлер мен организмдерді танып айыруды; организмдердің систематикалық қалпын анықтауды; өкілдері белгіленген топтардың эволюциялық бағытын сипаттауды; эралардың климаттық және геологиялық жағдайларын суреттеуді ұсынуға болады.
Әсіресе IX класс курсындағы жалпы биология бойынша білім тексерудің тиімді және орынды формасы толық қамтып сұрау, мұнда тексерудің әр түрлі тәсілдері үйлестіріліп, мектеп оқушыларының көпшілігінің дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік болады. 3-5 адамнан құралған топқа жазбаша жауап қайтаруға сұрақтар ұсынылады, 2-3 оқушы суреттер немесе микропрепараттар бойынша жазбаша тапсырмаларды орындайды, тағы 2-3 мектеп оқушысы тақтада өз жауаптарының схемаларын, суреттерін, жоспарларын даярлайды, ал басқалары класта қалған оқушылардың бақылауымен ауызша жауап қайтарып, олар жолдастарының қайтарған жауаптарына қысқаша «пікір» жазады.
Бақылау және эксперимент. Анықтауыштармен жұмыс істеу ережесін білуді, микропрепараттарды даярлауды, микроскопты пайдалана білуді, қарапайым биохимиялық тәжірибелер жасай білуді, генетика және экологиядан тәжірибе негізін салуды, бақылау өткізіп, оның нәтижелерін биометриялық тұрғыдан сауатты өңдеуді мектеп оқушылары болашақ қызметі үшін білуі қажет және оларды бақылау, эксперимент тәрізді методтардың жәрдемімен тексеруге болады. Мектеп оқушыларының экскурсияларда, лабораториялық сабақтарда өздігінен тексеру жұмыстарын орындау барысында, сабақта толық қамтып сұрау кезінде, мына типтегі тапсырмаларды: клеткалардың препараттарың тканьдерді, қарапайым жәндіктер культурасын дайындап, объектілерді танып білуді; тірі клеткалардағы ферменттердің әсері мен хлорофилдің оптикалық қасиеттерін көрсететін тәжірибе жасауды; қарапайымдардың қозғалыс реакциясының бейімділік маңызын эксперимент жәрдемімен дәлелдей білуді; моно және дигийиридтік шағылыстыруға арналған дрозофиланы іріктеп алуды, дрозофилалармен жасалған тәжірибелер нәтижесі бойынша ата-ана жұбының генотипін анықтауды; ас бұршақ және жүгері өсімдіктеріндегі фенотиптер арақатынасын анализдеу жолымен белгілердің ажырауы мен тұқым қуалауы сипатын дәлелдеуді; клеткалық мембрананың су өткізгіштігін дәлелдеп көрсетуді орындаған кезде іскерлік пен дағды тексеріледі.
Әңгімелеу және әңгімемен салыстырғанда оқушылардың білімін бақылау мен экспериментті пайдалана отырып тексерудің артықшылығы мынада: олар мектеп оқушыларының іскерлігі мен дағдысын айқындауға, шағын уақыттың ішінде бірнеше оқушылардың білімін тексеруге, берілген сұрақтарға ғылымда пайдаланылатын методтарға ұқсас методтармен іздестіруді, сондай-ақ жаңа информацияларды оқып үйрену және баянды ету кезінде жөн сілтеуге мүмкіндік береді.
Мектеп оқушыларының экскурсиялар, лабораториялық сабақтар өздігінен жұмыс істеу кезінде алған білімі, іскерлігі мен дағдысы берген есептері бойынша бағаланады. Есептерді салыстырып, бағалай білу үшін оқушыларға жоспар жасап беру қажет, мысалы, «Қолдан сұрыптау – мәдени формалар эволюциясынын, қозғаушы күші» тақырыбындағы экскурсия бойынша жоспардың мынадай болуы мүмкін:
1. Бір түрдің (варианттар бойынша) 2-3 сортын салыстыру. Олардың ұқсастық және айырмашылық себептерін түсіндіру.
2. Әлдебір сорттардың (варианттар бойынша) халық шаруашылығындағы маңызын ашу. Оны адамның өсіруі үшін қажетті белгілерін сипаттау.
3. Сол түр сорттарының пайда болуындағы сұрыптау мен тұқым қуалау өзгергіштігінің ролін суреттеп беру.
Мектеп оқушылары өздігінен есепті баяндама жазу үшін оқушылардың әрбір тобына белгілі объектіні бақылап, оны сипаттап жазуын тапсыру қажет.
Лабораториялық сабақтар да тапсырмаларға орай өткізіледі, онымен бірге ол есепті баяндаманың жоспары да бола алады. Кейде жұмыс нәтижелері графиктер, салыстырмалы таблицалар ретінде дайындалады. Демонстрацияланатын оқу кинофильмдері, телевизиялық хабар бойынша берілген сұрақтарға жазбаша түрде жауап қайтару да оқушылардың білімі туралы информацияның жазбаша ескерткіш материалы болып табылады.
Білімді тексерудің мазмұны. Тексеру мазмұны мектеп оқушыларына түсінікті болып, үміт еткен информация мазмұнына толық сай келетін сұрақтармен, тапсырмалармен анықталады.
Білім тексеруге сұрақтардың мынадай екі тобы пайдаланылады:
1) оқушылардың игерілген білімді жай еске түсіру бағытында; 2) мектеп оқушыларының анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, абстракция, айқындауды творчестволықпен пайдалана білуге міндеттеу. Сұрақтардың бірінші тобы биологиялық құбылыстар, тарихи оқиғалар туралы заңдарды, анықтамаларды, фактілерді тексеру қажет болғанда орынды болады. Егер заңдылықтарды қорытындылап, айқындауға себепші бола алмайтын болса, оқушылардан білімді өте тәптіштеп, болар-болмас фактілерді сұраудың қажеті жоқ. Мектеп оқушыларынан информацияларды қатаң жүйелілікпен, оқулық көлемінде еске түсіруді қажет ететін сұрақтардан батыл түрде бас тарту керек. Параграфтардың немесе олардың бөлімдерінің аттарын қайталайтын тұжырымдар сондай механикалық, ешқандай творчестволықты қажет етпейтін білімді еске түсіруге себепші болады.
Себеп-салдар байланыстарын айқындап, құбылыстар арасындағы заңды қатынастарды ашуды, ескі және жаңа білім арасындағы байланысты анықтауды талап ететін сұрақтар мектеп оқушыларының ой өрісін дамытады. Білімді талдай білуді тексерудің тиімді әдісі – фактілер мен концепцияларды жай ғана атап өтпей, олардың арасындағы қатынасты анықтауға бағытталған сұрақтардың екі, үш рет қайталанып қойылуы.
Егер мұғалім алдын ала білімнін, ең маңызды элементтерінен «тамаша жауап» моделін жасап алса, оқушылардың жауабына талдау жасау оңайлап, бір үлгіге келеді. Информацияның ойдағыдай тұжырымдау сұрағының арақатынастығын тек осындай жолмен жүзеге асыруға болады.
Мысалы, митохондрийдің құрылысы және қызметі туралы сұраққа «тамаша жауап» мынадай білім элементтерінен құралады:
1. Митохондрийдің құрылысы (сыртқы және ішкі мембрана, кристалар). Оларда толық тотығудың ферменттік жүйесінің орналасуы.
2. Митохондрийлердегі органикалық қышқылдар молекулаларынан – шала тотығу өнімдерінен сутегі мен көміртегі қос тотығынын, бөлінуі.
3. Электрондарды ферментті тізбек бойымен сутегінен оттегіне қарай ауыстыру – судың синтезі.
4. Электрон ағынының АТФ синтезімен кездесуі. Толық тотығудың энергетикалық тиімділігі.
5. Митохондрий құрылысының атқаратын қызметімен байланысы туралы қорытынды.
Осыған ұқсас «бір үлгіге келтірілген» ойдағыдай жауаптар алдын ала жеке қағаз парақтарына даярланып, ауызша, сондай-ақ жазбаша жауаптарды талдау үшін пайдаланылады.

12345
скачать работу

Биология пәнін оқыту

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ