Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бөкей ханның кесенесі



 Другие рефераты
Ақырып теңдік сұраған Моғолстандағы Дулат әмірліктері Ноғай ордасының күшеюі және әлсіреуі Қазақ хандығының қалыптасу кезеңі

Жуырда Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев ресми сапармен Ресей Федерациясының Астрахан облысында болып, сол өңірдің губернаторы Александр Жилкинмен кездесті. Бұл күні қазақ жұрты сағына күткен тарихи тұлға, көрнекті қайраткер Бөкей ханның кесенесі салтанатты жағдайда ашылды. Айтулы шара Елбасының тапсырмасымен қолға алынып, бір топ қазақстандық азаматтардың қаржылай көмегімен жүзеге асқаны белгілі. Аймақ басшысы бастап барған бір топ атыраулық делегация осынау тарихи-мәдени шараның куәсі болды.

Шекара асып, Астрахан облысының Қызылжар ауданына табан тірегенімізде Ресейдегі қандастарымыз бізді жылы шыраймен қарсы алып, қонақжайлылықпен құрмет көрсетті. Одан кейін тарихи тұлғамыз жатқан Кіші Арал ауылын бетке алдық. Бүгінгі болатын тарихи оқиғаны естіген жұрт кесене айналасына ертемен жиналыпты. Бөкей хан кесенесінен 100 метр жердегі әулие Сейіт бабадан медет тілеп келуші халықта шек жоқ. Барлығы да ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында ғұмыр кешкен, 1812 жылы өмірден өткен халық емшісі, ислам дінін насихаттаушы Сейіт бабаның басына Құран оқып, мінәжат етуде.
Көрші мемлекеттердің достастығын одан әрі дамытуға себепші болған Бөкей хан кесенесінің ашылуына келген екі ел өкілі қалыптасқан әдет бойынша алдымен Сейіт бабаның басына Құран бағыштады.
– Бөкей хан үлкен құрметке ие тұлға болғандықтан, мен оған Астрахан жерінде ескерткіш орнату жөніндегі бастаманы қолдадым, оның үстіне бұл жердің әрбір жетінші тұрғыны – қазақ. Күні бүгін біздің облыста қазақ халқының рухани және мәдени тұрғыдан толыққанды дамуына барлық жағдай жасалған. Көптеген астрахандық мектептерде қазақ тілі жүреді, облыстың өнер ұжымдары өздерінің репертуарына қазақтың музыкалық туындыларын енгізген. Әсіресе «Жолдастық» астрахандық қоғамы қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін дамытуда үлкен маңызға ие.
Бүгін Астрахан топырағында ашылған кесенені дәстүрлі Шығыстың классикалық үлгідегі туындысы деуге де болады. Мен бұл орынның біздің аймақ үшін тағылымы мол тамаша ғимарат болатынына сенімдімін. Кесенеге байланысты атқарылған жұмыстың барлығына қаражатты қазақ елі, соның ішінде Атырау облысының жомарт жүрек азаматтары шығарды. Ал біздің тарапымыздан Астрахан облысының қазақтары белсенділік танытып, кесене айналасының жасақталуына, абаттандырылуына көмектесті.
Бөкей хан кесенесінің құрылысы екі ел арасындағы терең түсіністік пен ынтымақтастықты тағы бір дәлелдеген жұмыс болды. Бүгінгі айтулы шара қатысушылардың есінде ұзақ сақталатынына және Ресей мен қазақ елінің берік достығының айғағы болғанына толық сенімдімін, – деді Астрахан облысының губернаторы Александр Жилкин. Губернатор одан кейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша басқармасының бастығы Мұхит Ізбановқа Алғыс хат табыс етті.
Одан соң Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев арнайы баяндама жасап, ұлтымыздың, ардақты тұлғасы Бөкей ханның халқы алдындағы ағартушылық, қайраткерлік істеріне тоқталды:
– Бөкей хан – Қазақстан мен Ресей тарихында елеулі орын алған сұңғыла қайраткер. Оның тікелей бастамасымен ХІХ ғасырдың басында құрылған хандық – Ішкі орда қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы маңызды кезең болды. Бұл кешен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен салынды. Осы сәтті пайдаланып, өзімнің әріптесім Астрахан облысының губернаторы Александр Александрович Жилкинге осы облыс аумағынан кешенді салуға рұқсат бергені және осы жобаға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін үлкен алғыс сезімін білдіремін.
Атырау мен Астраханды ежелден мәдени, экономикалық және гуманитарлық қатынастар тығыз байланыстырады. Бізді сағасы біздің аумаққа дейін созылып жатқан Еділ-анамыз жалғап жатыр.
Бізді ортақ тарихи естеліктер біріктіреді. Атырау – бай тарихы мен даңқты дәстүрлері қалыптасқан өңір. Мұнда ықылым заманда әлемдік өркениетті байланыстырған керуен жолдары өткен. Қазір біздің қарым-қатынасымыз жаңа деңгейге көтерілді, өте күшті серпін алды. Біздің өзара қарым-қатынасымыздағы мұндай оң құбылыс тұтастай алғанда Ресей мен Қазақстан берік ұстанып отырған бейбітшілік саясаты мен біздің президенттеріміздің арасындағы жеке достықтың нәтижесі екендігіне назар аударғым келеді.
Өзара достық байланыстарды бекітуге, аумақаралық ынтымақтастықты нығайтуға, соның ішінде Бөкей хан кесенесін жаңғыртуға үлкен еңбек сіңірген марқұм Гужбин Анатолий Петровичті де ілтипатпен еске алғым келеді.
Сізге, құрметті Александр Александрович, барша астрахандықтарға жылы да шын ниетті қабылдауларыңыз үшін терең алғыс сезімін білдіруге рұқсат етіңіз. Қызметіңізге табыс, барлық бастамаларыңызға жетістік тілеймін. Гүлдене берулеріңізге тілектеспін.
Құрметті достар! Бүгінгі салтанатты сәтте кесенені салуға қолдау көрсетіп, атсалысқан азаматтарды атап кеткім келеді. Осы құрылысқа демеуші болып, қаржылық көмек көрсеткен кәсіпкерлерге алғысымды айтамын.
Ұлыларымызды ұлықтап, халықтың жадын жаңғырту – бабалар алдындағы парызымыз. Міне, осындай игі іске бастамашы болып, басы-қасында жүрген, Бөкей ханның кесенесін салуға демеуші жігіттердің басын қосып, ұйымдастырған Мұхит Кәрімұлы Ізбановқа ризашылығымды білдіремін. Бірлесіп атқарар берекелі істеріміз алда да көп болсын, ағайын! Барлығыңызға да жемісті еңбек, толайым табыстар тілеймін! – деді Бергей Рысқалиев.

Бөкей хан кесенесі барша қазақ рухын көтерді!

Ынтымақтастық пен ауызбіршіліктің белгісі саналатын Астрахан облысы Кіші Арал ауылындағы Бөкей хан кесенесінің құрылысы тура бір жылда аяқталды. Айта кету керек, бұл – облыс басшысы Бергей Рыс­қалиевтың тікелей басшылығының, шебер ұйымдастырушылығының нәтижесінде бой көтерген ерекше маңызға ие тарихи ғимарат.
Бөкей хан – тарихымыздағы Еділ мен Жайық өзендері арасындағы қазақтардың басын біріктірген Ішкі Орданың негізін қалаушы тұлға. 1801 жылы Ресей үкіметінен рұқсат алып, Кіші жүз қазақтарын Еділ мен Жайық аралығына қоныстандырды. Көксеген арманын жүзеге асырып, бес мың түтіні бар ауылын атамекенге көшірген ханның ерлігі тарихта алтын әріппен жазылған. Бірақ оны бүгінгі ұрпақтың бірі – білсе, бірі біле бермес. Ол көз жұмар алдында өзін Сейіт бабаның жанына жерлеуді өтінген екен. 1815 жылы Бөкей ханның ұлы Жәңгір хан әкесінің аманатын орындап, осы жерден темір мазар тұрғызыпты. Күні бүгін темір мазар дәл сол күйінде көшіріліп, Сейіт баба мазарының жанында тұр. Осылайша, ханның өтініші орындалып, ол Сейіт баба зиратының жанында жатыр. Ардақты тұлғамыздың Сейіт бабаның жанынан жерлеуін өтінгендігінің себебін Сейіт бабаның ұрпағы Диляра Жамалова: «Бөкей атамыз көзі тірісінде Сейіт бабамен араласып, тумаса да туғаннан бетер жақын болып кеткен. Оларды туыстық емес, рухани түсіністік байланыстыратын. Осылайша, Бөкей хан көз жұмар алдында «халық Сейіт бабаға зиярат еткеннен кейін маған да соғып кетсін» деген ниетпен жанына жерлеуді аманаттапты», – деп түсіндіреді.
Жоғарыда атап өткеніміздей, кесененің тұрғызылуына атыраулық кәсіпкерлер де қаражат бөліп, көмектесті. Атап айтқанда, Аманжан Рысқали, Аманкелді Барақатов, Әбдібек Бисенов, Орынғали Алдекенов, Болат Қонарбаев, Сәрсенбай Еңсегенов, Мұрат Жақабаев және Әділ Жұбанов сынды азаматтар демеушілік көрсетті. Сонымен қатар «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының директоры Фердинат Мамонов су жүйесі жұмыстарын жүргізуге көмектессе, Құрманғазы ауданының тұрғындары әр демалыс сайын сенбіліктер ұйымдастырып отырған. Аталған азаматтарға Қазақстанның Ресейдегі елшісі Зауытбек Тұрысбековтің шынайы ризашылығын білдірген Алғысхаттары берілді.
Жалпы көлемі 120 шаршы метрді алып жатқан Бөкей хан кесенесінің биіктігі – 21 метр, алдындағы порталы – 12 метр. Кесене ішінде Бөкей ханға арналған жазулы қой тасы және ішке кірген адам айнала өтетін галерея жасақталған. Мазардың қабырғалары ақ таспен өрнектеліп, төбесіне күмбез орнатылыпты. Көршілес Астрахан облысында 170 мыңнан астам қазақ қандасымыз тұрады. Оларды рухтандырып, ұлтымызды, дінімізді, ділімізді насихаттауға аталмыш кесененің септігі тиері сөзсіз. Ғасырлар бойы қанды қасірет пен қаралы қайғыдан көз ашпаған қазақ халқы тағдыр талайымен атажұрттан безініп, туған жерден жерініп, тарыдай шашылып кете барды. Тек егемендік алғаннан кейін Елбасымыздың саясатының арқасында талай қандасымыз атамекенімен қауышып, жоғалтқанын тапты, жоғын бүтіндеді. Амал не, миллиондаған қазақ әлі де жырақта жүр. Солардың ішінде Ресей елін сағалап кеткен бауырларымыз үшін туған даласында жүргендей әсер қалдыратын, сағынышын басатын – жал­ғыз осы кесене ғана. Бүгінгідей шаттықты, қайталанбас қуанышты сәтті жерлестерімен бірге бөлісуге келген олардың жүзінен атажұртқа деген шерменде көңіл мен туған елді аңсаған сағыныш анық байқалады.

скачать работу


 Другие рефераты
Сальвадор Дали
Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны
Синергетика и формы образования материи
Образование русского централизованного государства


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ