Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Бұқаралық ақпарат құралдары – саяси күрестің субъектісі мен объектісі



 Другие рефераты
Қазақтың халықтық саяси ой-пікірлері Қазақтағы ел басқарудың үлгісі Идеология — қоғамдық қатынастардың құрамдас бөлігі Ұлы дала атаулары

Қарулы төңкеріс пен ақпараттық төңкеріс туралы. Үстіміздегі ғасырдың сексеніші жылдарының аяғында дүниежүзілік ең құдіретті елдердің бірі – КСРО ыдырап, тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Бұл адамзат тарихындағы аса ірі өзгерістердің бірі еді. Оны көптеген көзі қарақтылар «ақпаратттық төңкеріс» деп атап жүр. Бұрынғы Француз немесе Ұлы Қазан сияқты ірі төңкерістерге қарағанда «ақпарттық төңкерістің» барысында әрқилы идеялар үшін мыңдаған адамның өмірі құрбан балған жоқ. Бұрын әркім өзінің идеясының дұрыстығын дәлелдеу үшін қарсыласын қарудың күшімен құртатын еді. Соңғы «өркениетті» төңкерістің өзгешелігі де сол, қарсыласымызды ақпараттық кеңістікте дәлелдің, ақыл-ойдың, саясаттың күшімен «құртатын» болдық. Идеялар шайқасы суық қарудан гөрі ақпарат қаруларының көмегімен жүретін болды.

«Ақпарттық төңкеріс» кезеңінде газет-журанлдардың таралымы шығандап өсіп, астрономиялық сандармен өлшенетін дәрежеге жетті. Өкіметті басып алғысы келген әрбір саяси күш алдымен ақпарат құралдарын басып алуға тырысады. Ақпарат құралдарына ие болу саяси билікке ие болумен тең еді.

Ақпарат құралдарының маңызы дәл осылай артуының себебі неде еді, деген сұрақтың төңірегінде ой таратып көрелік. Қазіргі заманда халық ақпарат құралдары арқылы ойлалады. Бұрынғыдай «бір газет шыққанда не, шықпағанда не, ол не жазса соны жазсын» деген сияқты қарапайым долбармен шектелу дұрыс емес. Халықтың ақпарат құралдары арқылы ойлайтынын пәлендей дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ойтұғыр ретінде қабылдасақ, көптеген нәрселерге көзіміз жетер еді.

Ақпарат құралдарының осындай құдыретін мойындасақ, онда ақпарат кеңістігінде түрлі кереғар идеяларды әдейі қоздыру арқылы халықтар арасында от салуға, мемлекеттік саясатты бұрмалап, қоғамдық ақыл–ойды жасампаздық, іскерлік жолынан тайдырып, ниеті бұзық жасанды идеяларды талқылап та қоюға болатынына көзіміз жетеді.

Қазіргі Қазақстанда тікелей мерзімдік басылым тізімі 1,5 мыңға жуықтаған. Түрлі көзқарастағы, түрлі бағыттағы және түрлі тақырып пен түрлі тілдегі осы күнделікті, апталық немесе айлық-тоқсандық басылымдардың бірде – бірі үкімет тарапынан қысым көрмейді.

Айталық, қос азаматтық туралы мәселе ақпараттық кеңістікте әдейі қоздырылған осындай жасанды проблема. Бұл идеяны Қазақстанда тұратын бүкіл орыстардың бәрінің негізгі арман-мақсаты етіп көрсетушілік жалғандық. Шын мәнінде қос азаматтықты қолдамайтын орыстарда көп. Ал, халықтың қалың бұқарасын, мейлі ол қайсы ұлттың өкілі болмасын, саясат мәселелері қызықтырмайды. Әлеуметтанушылардың есебі бойынша, жұртшылықтың небәрі 15 проценті ғана саясат мәселесіне қызығады екен. Қалғандарын негізінен өзінің жеке басының, отбасының мәселелері, қалтасының қамы толғандыратын көрінеді. Бұл үшін оларды жазғыру да орынсыз. Ал, қос тілдідікті, қос азаматтықты ту етіп жүргендер негізінен ұлтшылдықты қозыру арқылы өзінің қадір-қасиетін арттыруға тырысушы саясаткерлер, халықтың арасына от салуға тырысушы журналистер және қазақтың өз ана тілі мен туған халқынан жерінетін мәңгүрттері.

Оларға «идеологиялық тұғыр» жасаушылар қоғамдық пікірді біржақты көрсетіп, әдейі бұрмалап жүрген ақпарат құралдары. Мысалы, осындай керағар бағыттағы газеттердің бетінде қостілділікке немесе қосазаматтыққа қарсы жазылған орыс диаспорасы азаматтарының хаттарын, дәйекті мақалаларын кездестірмейміз. Ал, ондайлар аз да емес қой. Осындай мәселелерді көрсетуде әділдіктің, көппікірліктің сақталуынан, аз ғана топтың қара ниетті мақсаты қалың қауымның ой мүдесі ретінде берілетін болып жүр. Ал, қосазаматтық, қостілділік, миграция сияқты мәселелердің бәрі де жасанды проблемалар. Айталық, 1989 жылдан 1994 жылға дейінгі 5 жылдың ішінде орыс азамттарының Ресейге көшуі мен қайта келуінің айырмашылығы 200 мыңдай ғана екен. Егер еліміздің 6 миллиондай орыс тұрғындары бар екенін ескерсек, «орыстар Қазақстаннан жаппай қашып жатыр» деп айтуға кімнің аузы барады.

Тиісті органдарда «азаматтық құқығыма қарсы қысым жасалды» деген бірде-бір арыз жоқ. Басты себеп – балалардың болашағына алаңдаушылық, жандүниесіндегі сәйкессіздіктер. Бұған, ең алдымен, ұлттық оқшаулануды көксейтін қозғалыстар мен ұйымдардың көпірме сөзді жетекшілері кінәлі. Президент Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «егер біздің жерімізді орыстар, украиндықтар, немістер, басқа да туысқан халықтар өкілдері тастап кетер болса, сол сағатта өз ішімізден жанжалдардың бұрық ете қалатыны сөзсіз».

Ресей мамандарының есептеуіне қарағанда, егемен елдердің арасына шекара тарту 300 миллиард долларды қажет етеді екен. Ал, Ресейден тысқары жерде тұратын 25 миллион орысты көшіру ақылға сыймайтын сомаға – 4 триллион долларға түсетін көрінеді. Ондай байлық ешқандай елде табылмайды. Ендеше Ресей де басқа елдерден өз отандастарын жаппай көшіп келуіне мүдделі емес. Содан соң бұрынғы КСРО бірыңғай славян мен түркі-мұсылмандар принципі бойынша бөлініске түсер еді де, арты адам айтып болмайтын қырғынға әкеліп соғар еді. Ал бұл Ресейдің де, орыс халқының да мүддесіне мүлдем қайшы.

Ұлтсыздардың пікірі – бүкіл қазақтың пікірі, ой – арманы бола алмайды. Соңғы кезде бірқатар орыс тілді басылымдар Н.Масанов, Н.Әміреқұлов сияқты «белсенді күрескерлерге» сөз бергіш болып кетті. Мұндағы мақсат қазақтың ауызымен қазаққа қарсы сөз айту. Халқымыздың осындай аз ғана тобының көңіл ауғанын бүкіл қазақтың ой-мақсаты ретінде көрсетуге тырысушылық біздің ақпараттық кеңістігіміздегі біржақтылықтың көрнісі. Асылы, қазақ сияқты жас та серпінді ұлттың сезімімен санаспау жақсылыққа апармайды. Космополитизм ұлтсыздық идеясы Масанов пен Әміреқұловтың ойлап тапқан жаңалығы ғана емес. Космополиттік көзқарастағы адамдардың дүниетанымын құрметтей отырып, олардың біздің ұлттық сезімімізді де құрметтегенін, ар-намысымызға орынсыз тимегенін қалар едік.

Бұл ретте үлкен қауып Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарының тарапынан екенін ұмытпайық. Бір ұлтты екінші ұлтқа айдап салып, арандатудың шеберлері жеткілікті. Соған бейімделген орыс тілінде жаза білетін саясаткерлер мен журналистеріміз болуы керек. Мәселен, өз газетіміз «Казахстанская правла» 1993 жылы қазақ пен орыстың арасын ашатын мақала жариялағанда Құттықадам Сейдахмет «Очнись, профессор» деп өткір мақала жазғанда арандатушы автор түгіл редактор В.Срыбных шар ете түсіп, жаны шығып кете жаздағаны, Сейдахметов журналист емес, министрдің орынбасары деп «әшкерлегеніне» көп ел күліп қарық болған еді. Арандатушыларға әзірге Алдан Әйімбетов қана өзінің «Казахская правда» газетінде тойтарыс беріп жүр. Ресейдегі әр арандатушыны Ресейдің де, Қазақсанның да халқы аты-жөнімен біліп, қанық болаиындай жағдай жасамай болмайды. Ол үшін Сыртқы істер министрлігі, Қаз ТАГ, Ақпарат министрлігі сияқты ресми органдарды да, Ресейдегі газеттерді де, өзіміздегі орыс тіліндегі газеттерді де кеңірек пайдалануымыз қажет. «Бұға берсең, сұға бередіні» ұмытпағанымыз жөн.

Ақпараттық кеңістіктегі орныққан идеялардың қоғам үшін қаншалықты маңызы бар екенін мына бір жәйіттерден айқын байқаймыз. Кезінде коммунистік идеяға бүкіл дүниеде миллиондаған адамдар жан-тәнімен сенді. Ал, діни идеологияға сену де сондай болған. Осы тұрғыдан алсақ, идеология дегенді халықтың санасын басқару деп пайымдауға негіз бар. Яғни, ақпарат құралдары арқылы қоғамдағы ой бір жақты қалыптаспауы керек. әбір құбылысты дұрыс тадау, түсіндіру идеологиялық жұмыстың ең бір өзекті саласы болып қала бермек. Бұл егемендікті баянды етудің бір кепілі.

Енді осы тұрғыдан ақпарат кеңістігі үшін күрестің кейбір қырларына тоқталып өтейік. Алдымен газет – журанлдарды мемлекеттің дотациясынсыз, тәуелсіз басылым ретінде қалай шығаруға болады деген сұрақ төңірегінде ой қозғап көрсек.

Немістің «Вестдойче альгемайне» атты 750 мың таралыммен шығатын газетінің әр нөмерінің бағасы бір марка («Литературная газета», 22, 1994 жылы). Осы газет өз қаржысының 60 процентін жарнамасы есебінен және 40 процентін жазылу мен сатудан алады екен. Ал, Ресейдің жағдайы өзімізге ұқсас. «Коммерсант» газеті өзіне қажетті қаржының 20 процентін жазылудан, 30 процентін әрқилы сауда-саттық ісінен және 10-15 процентін жарнамадан алады. Бірақ бұл газет қажетті қаржының үлкен бөлігін 40 процентін мемлекеттік дотация есебінен толтырады.

Елімізде мемлекеттік дотация есебінен тәуелсіз газет шығару бойынша «Караван» газетінің тәжірибесін талдап көрелік. Бұл газеттің таралымы 300 мыңға жетті. 96 бет болып шығып жатыр, соның 48 беті жарнама. «Караван» жарнаманың толық бір бетіне 120 мың теңге, бір шаршы см. 120 теңге, ал құлақтандырудың әр әрпіне 10 теңгеден алады екен. Сонда бұл газеттің әр номерінен тек жарнамадан шамамен 5-6 миллион теңгедей ақша түсіп жатыр. Оның үстіне әр облыста 10-15 беттік қосымшасы тағы шығады. Ресейге тарайтын «Караван Рост» деген қосымшасы тағы бар көрінеді. Газеттің әр номері көшеде 9-10 теңгеден сатылып жатыр.

Біздің еліміздің жағдайында жарнама ақпарат кеңістігін ұйымдастыру мәселесінен тікелей әсер етіп, бірте-бірте саяси мәнге ие болып бара жатыр. Сондықтан жарнаманы бағыттап, бағдарлап отыру ісін де ойластырып көрген жөн. Ал, бұл еліміздегі біртұтас ұлттық- патритоттық рухтағы бизнес кеңістігі жағдайында ғана мүмкін. Яғни, ақпарат кеңістігін ұйымдастыру ісі ұлттық бизнес кеңістігін жасау мәселесімен ұштасып жатыр.

Газет шығару, әсіресе, апталық газет шығару өте пайдалы бизнес. Мұны шетелдік ірі газет-журнал, телерадио концерндерінің іс-тәжірбиесі көрсетіп отыр. Осындай аса пайдалы бизнестен қазақ бизнесмендері неге қашып отыр? Немес, мемлекет осындай игілікті шаруамен неге өз қолына алмайды? Сонда мемлекеттік идеологияны жүргізудің өте тиімді тұтқасына ие болар еді ғой. әрі қаржы жетпей тұншығып жатқан талай басылымдарды қодауға мүмкіндік туар еді.

«

12
скачать работу


 Другие рефераты
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты, негізгі міндеттері мен қағидаттары
Мектеп жұмысын басқару қызметтері, əдістері жəне формалары
Становление и развитие социальной психологии
Становление классического джаза


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ