Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Экономикалық және әлеуметтік сипаттағы үкіметаралық ұйымы



 Другие рефераты
Сұраныс пен ұсыныс негіздері. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі Микроэкономика пәніне кіріспе Сыртқы саудалық бағаларды есептеу Франколау немесе жеткізілімнің базистік шарты

ЮНИСЕФ, БҰҰ даму бағдарламасы, БҰҰ балалар қоры туралы түсінік беру.

Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып қарастырылатын сұрақтар:

  1. Экономикалық және әлеуметтік сипаттағы үкіметаралық ұйымы ЮНИДО, ПРООН, ЮНИСЕФ;
  2. БҰҰ даму бағдарламасы
  3. БҰҰ балалар қоры.

Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):   

БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді.

Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу, босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен  күрес бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.

БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі — бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда. Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Қазақстанда келесі 15 ұйымы жұмыс істейді: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ), БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ), Әйелдер қоры (ЮНИФЕМ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО), Дүниежізілік  Банк (ДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент (ҚАД).

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

  1. Экономикалық және әлеуметтік сипаттағы үкіметаралық ұйымы ЮНИДО, ПРООН, ЮНИСЕФ?
  2.  БҰҰ даму бағдарламасы?
  3.  БҰҰ балалар қоры?
скачать работу


 Другие рефераты
Меркантилизм как первая школа экономической мысли
Биологический круговорот химических элементов в распространенных тропических сообществах
Фридерик Шопен
Бауырымен жорғалаушылар класы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ