Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі

елде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық жіне аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.

   ЭМР құралдары. Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді  (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты). Мемлекет өндірістік кәсіпорындарды сол жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай жасауға күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді.

   Нарықтық экономикалы дамыған елдерде реттеудің әкімшілік құралы елеусіз көлемде пайдаланады. Олардың қызметінің аясы негізінен қоршған ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасаумен шектеледі.

   Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:

   - қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықтардың құқықтық

     аумағындағы саясат;

   - ақша саясаты;

   - табыстарды реттеу саясаты;

   - әлеуметтік саясаты;

   - баға бегіленімін мемлекеттік реттеу;

   - сыртқы экономикалық реттеу;

   Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша    - кредит қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.

   Негізгі экономикалық құралдар:

   - есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін,   

      дисконттық саясат);

   - елдің қаржылық институттары орталық банкте сақтауға

      міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;

-мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздар рыногындағы мемлекеттік міндеттемелер эмиссиясы олармен сауда жасау және өтеу сияқты операциялары.

3-сұрақ. ЭМР-дің экономикалық қызметі.

   Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады:

-         экономиканың қызмет ету үшін құқықтық негіздерді құру мен реттеу;

-         монополияға қарсы реттеу;

-         макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;

-         ресурстарды орналастыруға ықпал ету;

-         табыстарды бөлу аясындағы қызмет;

-         мүліктік қатнастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.

Заңдық базаны құру – бұл барлық тауар өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің өзі іс - әрекетінде жетекшілікке алуға тиісті экономикалық агенттің тәртібінің ережесін, экономикалық араласудың заңдық қағидаларын белгілеу. Бұл ереженің ішінде жеке меншіктің құқығын қорғайтын, кәсіпкерлік қызметтің нысанын, кәсіпорынның қызмет ету жағдайын, олардың өзімен және мемлекет арасындағы өзара қатнастарды анықтайтын заңдар мен нормативті актілерді атап өтуге болады.

   Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық өсумен,  жұмыспен толық қамтамасыз етілуімен және бағаның тұрақты деңгейімен байланысты.

   Ресурстарды қайта бөлу өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты болуы мүмкін. Әрбір нақты  жағдайда мемлекеттік ықпал етудің белгілі бір түрлері қолданылады. Салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу және т.б. – құралдар ретінде қолданылуы мүмкін.

   Бәсекелестік тетіктерін қамтамасыз етудегі бөлу - әлеуметтік топқа жіктелуге және кедейлікке әкеледі. Қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында қолданылған, табыстарды салықты қайта бөлу арқылы ауқатсыз азаматтарға қамқорлық жасауды өз мойнына алады.

   Мемлекеттік меншік – сату-сатып алу объектісі болмайтын және пайда әкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді. Мемлекеттік меншіктің қалыптасу көзі мемлекет меншігіне айналдыру және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады.

Бақылау мен талқылау сұрақтыры

1.         Нарыққа мемлекеттік араласудың объективті қажеттілігі қандай?  «Нарық сәтсіздігі » дегеніміз нені білдіреді?

2.        Мемлекеттің рөлі және оның араласу мөлшеріне қатысты өткен дәуір теоретиктерінің көзқарастары қалай өзгерді?

3.        ЭМР-дің объектісін және оның құралдарын атап көрсетіндер?

4.        ЭМР-дің мақсаттары мен экономикалық қызметтері қандай?

 

 

 

 

2-ТАҚЫРЫП

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТПЕН МЕНШІККЕ ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

 

Жоспар

1.                Жеке меншік және кәсіпкерлік қызметтің нысандары .

2.                Жеке меншік пен жекешелендіруге қатысты қайта құру.

3.                Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау.

 

 

   1-сұрақ.Жеке меншік туралы мәселе – қоғамдағы өндірістік қатнастарды зерттеудің негізгі көзі болып табылады. Жеке меншік туралы талас бірнеше жылдан бері созылып келеді. Әсіресе, адамзаи қалыптасқан дәстүрді бұзып-жарып, қоғамдық меншікті қалыптастыруға алғашқы қадам жасағанда, олар орасан қарсылықтарға ұшырады.

   «Меншік» түсінігінің экономикалық және заңдық мәнін ажырату қажет.

   Заңгерлер мншікті ие болу, пайдалану және заттардың, объектінің белгілі бір жиынтығын билеу тұрғысынан қарастырады. Заң түсінігі меншік құқығын объективті және субъективті мәнде қарастырады. Сонымен бірге заң актілері арқылы түрлі меншік субъектілеріне тиісті, иеболуға, пайдалануға және мүлікті билеуге байланысты адамдар арасындағы қатнастарды реттейтін құқықтық нысандар белгіленеді.

 

       Субъекті –объекті                                 Субъекті – Объекті

Меншік құқығы тұрғысынан              Адамдар арасындағы өндірістік

мүліктік қатнастарды реттеу                    қатнастарды реттеу 

 

   Меншік экономикалық мағынадағы техникалық, технологиялық ғылыми және зияткерлік әлеуеттің , шығарылған материалдық және рухани игіліктердің  өндірістік қатнастарын көрсетеді. Бұл қатнастар шаруашылық, табыстарды бөлу нысандарында, адамдардың экономикалық және әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесі мен сипаттарында қалыптасады. Экономикалық қатнастардың қатысушылары бір-біріннің тең ерекшеленген меншік иелерін мойындайды.

   Материалдық игіліктер кімге тиісті немесе табиғат өнімдерін кім иемденуде?

   Иемдену қоғамдық өндірістің мәнін білдіреді. Иеліктен айыру – сол немесе басқа экономикалық ресурсты, қоғамдық қатынастардағы субъектінің өзінің өмірлік қызметінің игіліктерін иемдену үрдісі және мүмкіндігі.

   Меншік – бұл игіліктерді иеліктен айыру – иемденудің белгілі бір нысанын көрсететін, адамдар арасындағы қатнастар, қоғамдық  қатнастардың барлық жүйесінің негізгі. Бөлу, айырбастау және тұтыну нысаны меншік нысанының сипатына (қоғамдық немесе жеке) байланысты.

   Қоғамдағы топтар мен әр түрлі таптардың жағдайы және олардың өндірістің  барлық факторларын пайдалануға қолы жету мүмкіндігі меншікке тәуелді.

   Меншік – тарихи дамудың нәтижесі. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің және оған тән өндіріс тәсілінің өзгеруіне орай ныса

12345След.
скачать работу

Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ