Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі

дит жүйесінің жағдайына, теңгенің бағамына, оның тұрақтылығына жауапкершілік жүктеледі, сонымен бірге, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады. Сондай-ақ инфляция мәселесі де Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің құзыретіне енеді.

    Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да маңызды мәні бар – соған сәйкесті аймақта істің жағдайына жергілікті өкілетті органдар (мәслихаттар) және атқарушы биліктер (әкімиаттар) жауапты. Алғашқысы жалпы мемлекеттік мүдденің есебінен және тұрғындардың қалауын білдіріп, оларды жүзеге асырудың шараларын белгілейді.  Екіншісі ат  –

қарушы  билікте  жалпы  мемлекеттік

саясатты жүргізуді қамтамасыз  етеді.

    2-сұрақ.   Мемлекеттік      реттеу

ғылыми негізделген тұжырымдамасыз

мүмкін емес.

    Тұжырымдама экономиканың басымдылығы мен мақсатын – дағы саясатқа негізделу тиісті (2-сурет).

 

 

2-сурет. Мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы

    2-суретте белгіленген байланыстар ЭМР-дің тұжырымдама– ларының мәнін ашып көрсетеді.

    ЭМР-ң тұжырымдамасы – бұл макроэкономикалық, құрылым–дық –инвестициялық және қоғамның шаруашылық қызметін үйлестірудің нарықтық моделін және жоспарлы басымдылығын оңтайлы пайдалану кезіндегі сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыру бойынша тиімді және практикалық бағытын әзірлеу.

    Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру кезінде төмендегілерді анықтау қажет:

–      басымдық  мәсәлелері;

–      мемлекеттік реттеудің сипаты мен деңгейіне сәйкес келетін, құралдардың жиынтығы.

Мына негізгі сегіз құралды атап өтеміз:

·       болжау және стратегиялық

жаспарлау;

·       қаржылық-бюджеттік реттеу;

·       салықтық реттеу;

·       ақша-кредиттік реттеу;

·       бағалық реттеу;

·       кедендік-баж реттеуі;

·       нормативтік-трафиктік реттеу;

·       әкімшілік-құқықтық және лицензиялық реттеу.

    3-сұрақ. Тақырыптың келесі сұрағына көше отырып, әлеумет–тік-экономикалық дамудың шешімін қабылдау барысында негізделуі көрсеткіштердің әдістерін атап өтеміз:

·       экономиканың математикалық, құрылымдық-логикалық модельдері;

·       келешектегі экономикалық көрсеткіштердің баланстық және факторлық әдістері;

·       «мақсат ағашы» құралын пайдалаумен әлеуметтік-экономикалық дамуды мақсаты белгілеудің әдістерін әзірлеу;

·       әлеуметтік-экономикалық даму түрлерінің оңтайлы әдістері және осы негізде мемлекет тарапынан басымды қалдау бағытын айқындау;

·       салааралық баланс – келешектегі экономикалық салалық құрылымының негіздеме құрал ретінде;

·       аймақаралық байланыстарды ұтымды қамтамасыз етудің баланстық әдісі.

    Экономикадағы баланс экономика арасында өзгермелі бай–ланыс орнатады. Олар екі немесе экономикалық (мемлекеттік бюджет, табыстар және тұрғындардың шығындары, сыртқы экономикалық баланс, төлем балансы және т.б.) көбірек бөлігінің теңдігін көрсететін кесте немесе теңдеу түрінде көрсетілген.

    4-сұрақ. ЭМР-дің шетелдік тәжірибесін пайдаланудың ерекшеліктеріне тоқталамыз.

    Дамыған елдердегі шетел тәжіриебесі біз үшін тұжырымдама–лық негіздердегі анықтауда бағдар болып табылады, бірақ әлеуметтік-экономикалық дамуда шетел моделін біздің жағдаға абсолютті және өзгеріссіз көшіріп алу міндетті емес.

Бұл бірнеше себептерден мүмкін емес:

1.    Республика геосаяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтік-демографиялық, этномәдени және басқа да ерекшеліктер–мен айрықшаланады.

2.    Қазақстан жағдайында директивтік-жоспарлы экономика–дан (ұқсастығы әлемде жоқ ) нарықта көшу үдерісі өтуде.

3.    Басқару мен шаруашылық жүргізу жүйесінде көп жағдайда негізгі өзгерістер тиісті негіздерсіз өтеді және «төңкерісшіл» сипатта болады, онда нарықтық экономикалы елдердегі мемлекеттік реттеу шаралары, олардың эволюциялық дамуының «өнімі» болып табылады.

Бақылау мен талқылау сұрақтары

1.     Елдің мемлекеттік органдарының құрылымы туралы айтып беріңіздер және олардың қызметін атап өтіңіздер .

2.     Қоғамдағы экономикалық үдерістерге жауапты, мемлекеттік органдардың қызметінің мазмұнын ашып көрсетіңіздер.

3.     ЭМР-дің тұжырымдамасы неден құрылады?

4.     Әлеуметтік-экономикалық даму барысында қабылданған шешімдер кезіндегі көрсеткіштер негізделуінің әдісін атап өтіңіздер.

5.     ЭМР-дің шетелдік тәжіриебесі туралы (Қытай, Үндістан) әңгімелеңіздер.

 

 

 

 

4-ТАҚЫРЫП

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҒА МОНИТОРИНГІ

Жоспар.

1.    Монополиялар және мемлекеттік реттеу.

2.    Мемлекеттік монополияға қарсы саясаты. Монополистік тенденцияны зерттеу және қолайлы бәсекелестік ортаны құру.

3.    Баға саясаты және оларды мемлекеттік реттеудің тетіктері.

    1-сұрақ.Белгілі тезистерден бастайық.

    Нарық экономикасының басты қозғаушы күші – тауар өндірушілердің бәсекелестігі.

    Бәсекелестік өндірушілердің (сатушылардың) тауарлар мен қызметті тұтынушылар (сатып алушылар) үшін күресі ретінде көрінеді.

    Егер жалпы бәсекелестік қатнастар туралы айтылса, онда бәсекелестік қатнастары кез келген экономикалық жүйеге тән. Олар ресурстардың шектеулігінің болмай қоймайтын салдарлары болып табылады. Ресурстар шектеулі болғандықтан, шарушылық жүргізуші субъектілер оларға ие болу үшін күресуге мәжбір болады.

    Мемлекеттік араласудың қажеттілігін атай отырып, біз бәсекелестік күрес монополияның пайда болуы факторларының бірі болып табылатынын атап өткенбіз. Монопоияның дамуы экономиканың бәсекелестік бастауларына тосқауыл қояды. Яғни, бәсекелестіктің бастауын арнаулы қолдау және монополиялық тенденцияны шектеу қажеттілігі туындайды. Бұл мемлекеттің монополияға қарсы қызметінің

арқасында ғана болуы   мүмкін.                                                        

    Сөйтіп,  монополия  бәсеке –

лестікке   қарама-қарсы  жұмыс

істейді.

    Алайда, таза монополия өмір-

де сирек кездеседі. Нарық-та бір

фирманың билік жүргізуі жеткі-

лікті түрде шартты болады. Шы-

найы өмірде белгілі бір салаларда

ірі фирманың шектеулі саны бол-

ғанда, олигополия жиі кездеседі.

    Жетілген бәсекелестік үшін фирмалар көп болса және оның әрбірі монополиялық биліктің бір шағын бөлшегіне ие болса, оңтайлы болар еді. Мұндай жағдай монополистік бәсекелестік деп аталады, оған сатып алушылар мен сатушылардың көптігі, бағалық кемсітушіліктің болмауы, капиталдың құйылуының еркіндігі сипатты болады.

3-суретте нарық құрлымының жіктелімі көрсетілген.

Нарық құрылымының түрлері

      Жетілген            Монополистік        Олигополия          Та

12345След.
скачать работу

Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ