Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ер Жәнібек

ең сөзге араласып.

- Бұл сұлу әйел ханның қызы ма, әлде жесірі ме онысын біле алмадым. Әйтеуір осы батыр жігітпен көңіл қосыпты. Сол себепті хан ашық жазалай алмай орда төңірегінен жылжытып жіберіпті. Ол өзіне қарасты әскерін бастап, осы әйелді жапан түзге алып кетіпті. Хан әскері қуып келіп соғысып, мұны ала алмапты, - деді жол бастаушы.

- Біз сенің білегіңді бір көрсетіп қоя берейік деген едің, - енді Бөкең сөзін жалғап, - себебі, мынау тірі кетсе жоңғар хандығы екі ұдай болып, тозғындай берер еді. Бірақ, мынау тірі кетпейді. Менің адам танитыным рас болса, оның жаңа әйелін ала жөнелгендігі жүрісі - өлім есірігі басқан адамның жүрісі. Ендігі өліп те болған шығар-ау.

Осыдан кейін біз бір-бірімізден сөз байласқан адамдай әлгі тұлпардың ізімен жүріп кеттік. Көп ұзамай олардың өліп жатқанын бір жартастың басында тұрып көрдік. Олар жартастың ұшпа жеріне келіп (тегі жатар орындарын көрсе керек), атты қыдыртып айнала шауып, жартастан қарғытып кетіпті. Батырдың бір қолы атының тізгінінен айырылмапты да, әйел батырдың мойынынан құшақтаған беті түсіпті. Талай-талай соғыстарда болғаныммен осы батырдың өзін-өзі өлтіруі мені көп ойландыра берді. «Халқынан айырылған қан құсады» деген осы ғой. Халық дегеніміз қара таудай иеміз емес пе? Оның ашу-ызасын мен мұң-наласы қорқаққа үрей, батырға күш қосады, тіпті ол саған жеңіс әпереді. Мен басын алмағаныммен де оған жасайтын орын қалмады ғой. Ел-жұрттың ортасы ғана алтын орда. Батырдың батыр атын шығаратын да, аруағын көтеріп, құрмет тұтатын да халық ғана.

Жиырманың жуан ортасына келіп, батыр атағым жұртқа таралып, ел басқарып, қол бастап, жұрт ағасы болып қалған кезімде қайыныма ұрын бардым. Қайын жұртым аса бай ауылдар еді. Үлкен көгіл жазыққа, тойға бола топтана қоныпты. Бізді бастап келе жатқан еліміздің үлкендері әлгі ауылдарға таяй бере іркілмей жүріп кетті де екі жолдасыммен қарсы ала шығатын жеңге, балдыздарымды күтіп тұруға бұйырды. Бір кезде ақ шылауышты жеңгелер мен қызылды-жасылды киінген қыздар ауылдан бізге қарай жүрді. Сонда: «Алыстан жау емес, айтыстан дау емес, мыналар нені сұрап, мен не айтармын» деп жол көрген жолдасымнан сұрай берсем керек. Жолдасым:

- Бәрекелді, Жәнібек! Жарақты жауға шабарда ақыл салмағанда, мына елдің қыз-қатындарының жүзін көрмей қарасынан-ақ ықтай бердің ғой, - деді.

- Пәле, жігітім, олар төбесін көрсетпей жатып-ақ бізді аттан түсірмеді ме? Қамалы берік алып батырдың, алдырмас шешенің дәл осылар болмағай, - дегенімде жолдасым күліп:

- Бұл да ер азаматтың бір кешуі, ер азаматтың туда нағашы жұрты, ата жұртты дейін екі жұрты болса, қайын жұрты өсе келе, жүре келе өзі тауып алатын жұрты емес пе, - деді.

Елден ерекше мен мұндалап, шошақ төбелі, үкілі тымақты киіп мен тұрмын, менің жел шықпаса басқа жан шықпаған тұлпарымды екі-үш бала мінгесе ойқастатып жоғалды.

Жаңағы теңге-моншағы сылдырап келген жеңгелер бізді ақ боз отауға бастап кіріп, шымылдығы құрулы қайқыбас төсек алдына отырғызды да, екі жолдасымды менен бөліп, төр алдына алып кетті. Әзіл-қалжыңға өткір ашық-жарқын жеңгелер де аз сөйлесе де, ақырын сөйлесе де ұтып сөйлейтін, зейінді бойжеткендер де бар екен. Бұлар қан майдандағы батырлықтан да ары сынайды. Сынағанда қандай, сенің ең әлсіз жеріңді көреді. Қалжыңнан бір кетірсең «өлдім» десеңде тұрғызбайды. Және сені өмір бойы сені сыйлап отырады. Бірі сенің жүзіңді көргісі келіп тымағыңды шалқайтып кигізіп кетсе, бірі «қасқаюын батырдың», «мынау жоңғардың майданы емес, құдайдай атаңның ауылы» деп еңкейтіп, қайтадан нұқи кигізіп кетеді. Біреуінің қабырғасынан мытып қалайын десең, ол қабырға майдандағы батырдың білектей қабырғасы емес, қатты тиіп қате кете ме деп және қорынасың, сен қорынған сайын олар басынады, күледі, ішек-сілесі қатқанша күледі. Үлкендерді де өздеріне еліктіріп, қоса күлгізеді. Ыза болайын десең олар қандай байқағыш, үшеу-төртеуі бас қоса қалып:

- Қой деймін, Жамал, батыр атқа мініп ұран салып шығып кетпесін, - деп қитығыңа тие, тіпті сыңғырлай күледі. Ақыры осылар жеңбей қоймайды. Иілдірмей, тізе бүктірмей, шаршатпай тынбайды. Өмірімде қысылып, қымтырылып, адам еркіне көнген бір кезім сол екен. Үлкенсимін дегенмен үлкенси алмайсың, өйткені ата-салты бәрінен үлкен. Оған халықтан басқаның пәрмені жетпейді.

 

 

ЖӘНІБЕК БАТЫР ЖӘНЕ КЕРЕЙ ЕЛІ

 

Жәнібек қол басқаруда аруақты батыр, ел басқаруда әділ болып, Абылайдың санаттарының қатарына қосылғаннан кейін керей еліне иелік етіп, басқа өскен рулардың алмандас етіп пайдалануынан елді қорғап, Шыңғыс тауына ірге теуіп, керей елінің басын қосып, сардарын сайлап, сарбаздарын сығайлап, ру-ру бойынша қолбасы батырларын іріктеп, керей қосынын құрады. Сөйтіп, найманның қаракерей Қабанбай батыры, арғынныңқҚанжығалы Бөгенбай батыры, уақтың Өтеген батыры, шектінің Шыңғыры мен Малайсары қатарлы батырлармен тізе қосып, бүкіл қазақ халқын қорғауға, ұйымдастыруға бар өмірін арнады.

Ол кезде Жәнібек батырдың сенімді серігі – жәдік Жантай батыр мен шеруші Байтайлақ батыр екен. Бұл батырлардың жәдік пен шеруші руының ұраны болып кетуі де ел басын біріктіріп, жағаласып жау алғандығынан болған.

Абақ керейдің он екі абақ болып бүкіл үш жүздің баласына танылып, есе теңдік алуы да, дәл осы Жәнібектің тұсы еді. Сондықтан Жәнібек батырдың есімі бүкіл абақ керейдің ұранына айналады да, он екі абақ өз алдына бөлек ұрандар тұтынады. Олар еліне олжа салған батырларын, есесін әперген шежіре шешендерін, әйгілі ақын-жырауларын, ел иесі адамдарын ұран етеді. Ашамайлы керейлер Ошанбай, Тұрсынбай секілді батырларын ұран етсе, абақ керейдің белгілі адамдары мыналар болған:

Жәдіктің ұраны – Жантай. Бұл ру Мәлік, Жанат, Итеңмен дейтін үш атадан тарайды да, абақтың өскен руының бірі саналады. Абақ елі төрт-бес айлағанда Дөненбайұлы Бейсенбі би, Жантеліұлы Құлыбек би осы рудан шығып керейді билеген. Мұның сыртында тарихта аты бар атақты адамдардан Жантай, Қуандық, Далаймерген, Шегетай сияқты, және атақты Бейсенбі күйші, ақын - Күдері, шешен – Бықыш, жырау - Өмірзақ, шежіре Қылышбай осы жәдіктен шыққан.

Жәнтекейдің ұраны - арыда Сәменбет, беріде Шақабай. Бұл ру Сүйінбай, Сүйіндік, Шүйіншәлі дейтін үш атадан тарайды. Абақ руларының ішіндегі ең көбі саналады. «Жәнтекейдің бұқа қарағаны бір үйлік» деген мақал осы көптігіне қараған. Бұл рудан Мамытұлы Көкен би, Сатайұлы Топан би, абақ керей төрт би сайлағанда билік басына шығып, керейді басқарған, тарихқа белгілі Шәу жырау, Төлебай Бөжекұлы, Көтбай Көшкіншіұлы, Зия Мәмиұлы қатарлы ақындары, сыбызғышы – Балжан, домбырашы – Шалап қатарлы күйшілері, Тауасар, Лақ, Барлыбай, Сары, Шылғаубай қатарлы шешендері, Байқозы, Ызғұтты, Жақынбай, Иман, Ақан, Көбеш, Тергенбай қатарлы батыр балуандары болған.

Қарақастың ұраны - Қаптағай, бұл ру Қосын, Назар, Байым дейтін үш атадан тараған. Тарихта даңқы бар Байхан, Бітімші қатарлы билері, Арқалық, Тұяқ қатарлы батырлары болған.

Молқының ұраны – Машан. Бұл ру – Машан, Қошақ, Құл, Қайып дейтін төрт атадан тараған. Тарихта даңқы бар Сәмек би, Жанторы би, Бөке батыр, Оспан батыр, Ақыт Үлімжі қатарлы ақындары болған.

Ителінің ұраны – Бұқарбай. Бұл ру – Тоқтағұл, Ақпақты, Тымбек (Күйік) дейтін үш атадан тарайды. Зуқа қажы, Тұрым қатарлы батырлар, Отарбай, Бәтіш Қоншақызы, Рамазан (лақабы Шыбарақын) қатарлы ақындары болған.

Шеруші ұраны – Байтайлақ. Бұл ру – Ожық, Бақат, Ұзынмылтық, Құрман, Саңырау, Шақпас болып алты атадан таралады. Тарихта орыны бар Байтайлақ батыр, Ақтай батыр, Жылқышы би, Тоғаншыкеншін, Сүлеймен мерген, тарихшы Малгаждар молда сынды адамдар осы рудан шыққан.

Меркіттің ұраны – Құлсары. Бұл ру - Әлменбет, Құлсары, Лепес, Шағыр дейтін төрт атадан таралады. Тарихта орыны бар Жәке би, Сартқан би, Демежан батыр, ағартушы Баймолда Қарекеұлы қатарлы кісілер осы атадан шыққан.

Шыбарайғырдың ұраны – Қожаберген. Бұл ру – Қабыл, Мұрат, Байбура, Кәлпе, Балта дейтін бес адамнан таралады. Тарихта орыны бар Өсер, Тоқыра шешен, Дабы би осы атадан шыққан.

Сарбастың ұраны – Сартоқай. Бұл ру – Шотқара, Тайманқұл, Шұғыл дейтін төрт атадан тарайды.

Жастабанның ұраны - Жобалай. Бұл ру – Байназар, Қосай дейтін екі атадан тарайды. Байназардан Шақантай, Құдайберді, Қожакелді. Қосайдан Ырысек, Құтыке, Тобыке туындайды, бұлардың көбі болыс ел Шынжаңға өтіп, Алтай, Тарбағатай төңірегіне бытырай қоныстанған.

Күнсадақтың ұраны - Жабай. Бұл ру – Байгүбек, Қожаберген, Атағозы, Жеулан дейтін төрт атадан тарайды. Көпшілігі Зайсанда, Шынжаңға келгендері бытырай қоныстанған. Ахмет молда деген атақты ақын осы атадан туған.

Құлтайболаттың жеке ұраны болмаған себебі, төрт бидің біреуі Жұртбай бидің кезінде осы бай елді Назарқұлмен алмандас етіп алып, жәнтекейдің бір баласы деп сіңіріп кеткен. Оның ұранына он екі абақтың бірі деп Шимойынды атаған. Әсілі Шимойын ашамайлы керейден абақ ішіне сіңген ауыл болатын. Құлтайболат руынан кезінде Биқадам деген атақты би шыққан.

Бұдан сырт, абақ керей ішіне мекендеген Жарболды руынан Торайғыр би, Саутай ақын шыққан.

Бура руынан бір Үкірдай ел болған, арғын, уақтан бытыранды қоныстанғандар көп. Керей төресі Көгедай, Сәмен жабағы Төленгіті мен Қожалары қосылып бір үкірдай ел болған. Қаба ауданындағы әділ төре, Санияз төре ұрпақтары мен төре-матайлар бір үкірдай ел болып қалыптасқан. Осы елден Алтай халқының іргесін орнықтыруға еселі үлес қосқан Ожеке батыр (Қожамжар) шыққан.

Жоғарыда айтылған рулар Алтай, Тарбағатай, Еренқабырға, Құмыл, Баркөлге дейін мекенденген сырт Қазақстанда жасайды. Моңғолияда шеруші, жәнтекей және басқа керейлерден болып төрт үкірдай ел қоныстанып қалған. Көпшілігі Баян-Өлгей аймағында. Кейінгі кезде қоныс аударғандардың бір қауымы

Пред.678910
скачать работу

Ер Жәнібек

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ