Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Еритрея



 Другие рефераты
Жаңа-Зеландия Эстония Экваторлық Гвинея Дания

Эритрея мемлекеті – Африканың солт.-шығысында орналасқан мемлекет. Жер аум. Қызыл т-дегі 350-ден астам аралдарын қоса есептегенде 125 мың км2. Халқы 4,4 млн. (2004). Негізінен тигран (тигринья), тигре, афор, сахо, беджа, билен, кунама, нара, хедареб, рашайда этн. топтарынан және шет елдіктер (3%) тұрады. Ресми тілі – тигран және араб тілдері. Тұрғындарының көпшілігі ислам және христиан діндерін, аз ғана бөлігі дәстүрлі наным-сенімдері ұстанады. Мемлекет және мемл. кеңестің басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – 1 палаталы парламент (Ұлттық ассамблея). Астанасы – Асмэра қ. Әкімш.-аумақтық жағынан 6 облысқа бөлінеді. Ұлттық мейрамы – тәуелсіздік күні, 24 мамыр (1993). БҰҰ-ның (1993), Африка Одағының (2002) мүшесі. Ақша бірлігі – накфа. Жерінің көп бөлігін Эфиопия таулы қыраты, оңт.-шығысын Афар ойысы, Қызыл тау жағалауының бойын шөлейт және саванна табиғат белдемдері алып жатыр. Эритрея үстіртіндегі ең биік жері – Соира тауы (2989 м). Климаты субэкваторлық, шөлді. Орташа айлық темп-расы 23 – 37қС. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 50 – 200 мм, Э. үстіртінде 500 – 850 мм. Жиі құрғақшылық болып тұрады. Басты өзені – Тэкэзе. Шөл және шөлейттік өсімдіктер, сонымен қатар жағалауларда агава, акация, құрма пальмасы, эвкалипт, саваннада баобаб, биік тауларда сикоморе ағашы, т.б. өседі. Жануарлар түрлері өте бай: киіктер, бегемот, шибөрі, тау ешкі, леопард тектес мысық, қоян, қолтырауын, арыстан, мүйізтұмсық, піл, тасбақа, қорқау қасқыр, әр түрлі маймылдар, кеміргіштер және құстардың көптеген түрлері, суларында балықтардың 250 түрі кездеседі. Пайдалы қазбалары – алтын, мыс, темір, никель, хром, слюда, титан, мұнай, күміс, күкірт, калий және ас тұздары, магний, мрамор, мырыш, т.б. Қазіргі Эритрея аумағында 4 – 7 ғ-лардаАксум патшалығы өмір сүрді. 8 ғ-да елге ислам діні енді. 12 – 16 ғ-ларда Эритрея жерінің дені Эфиопиялық Абиссиния патшалығының құрамына кірді. 16 ғ-дың ортасынан Осман сұлтандығына қарады. 1889 – 1941 ж. Италияның отары болды. 1941 – 51 ж. Ұлыбританияға бағынды. 1952 – 62 ж. Эфиопияның автономиялы обл., 1962 – 87 ж. Эфиопияның провинциясы, әкімш. ауд. болды. 1962 жылдан басталған Эритрея халықтық азат ету майданының Эфиопиядан тәуелсіздік алу жолында 30 жылға созылған күресі барысында 150 мың адам құрбан болды. 1991 ж. көтерілісшілер Асмэраны азат етіп, эфиоп әскерлерін елден қуып шықты. 1993 ж. жүргізілген референдум барысында Эритрея тәуелсіздігі жарияланды. 500 мыңнан астам елден кеткен босқындар елге орала бастады. 1997 ж. Э-ның жаңа конституциясы қабылданды. 1998 ж. Эфиопиямен арадағы даулы аумаққа байланысты жаңа соғыс басталып, 2000 ж. Эритреяның жеңілуімен аяқталды. Екі ел бейбіт бітімге қол қойды. Дегенмен бұл соғыс барысында екі жақтан 10 мыңдаған адам қаза тауып, экономикаға аса ауыр нұқсан келді. Көптеген Эритреялықтар көрші Суданға, Еуропа елдері мен АҚШ-қа кетуге мәжбүр болды. Елдегі халықтың 70%-ы халықар. ұйымдардан азық-түлік көмегін алады. Эритрея – аграрлы ел. Ел экономикасының негізгі саласы – а. ш. Құрма пальмасы, дәнді бұршақ және майлы дақылдар, көкөніс өсіріледі. Негізгі азық-түлік дақылдары – сорго, тары, бидау, жүгері, т.б. Ірі қара, қой, ешкі, түйе, үй құстары өсіріледі. Су айдындарынан балық ауланады. Өнеркәсібінің негізгі салалары – мұнай айыру, тоқыма, тігін, химия, былғары аяқ киім, ағаш өңдеу, цемент, тамақ. Теңізден тұз өндіріледі. Басты теңіз порттары – Асэб,Массауа. Сыртқа – тоқыма, тері, былғарыдан жасалған тауарлар, тамақ өнімдері, сусындар, мұнай өнімдері, темекі, т.б. шығарылады. Басқа елдерден машина, ауыр машина жасау құралдары, көлік құрал-жабдықтары, мұнай, тамақ өнімдері және мал, негізгі өнеркәсіп тауарлары, электроника сатып алынады. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. 1010 АҚШ долл. Негізгі сауда серіктестері – Эфиопия, Сауд Арабиясы, Италия, Судан, Біріккен Араб Әмірлігі. Әдеб.: Африка. Энциклопедический словарь, М., 1988; Трошин Ю.А., История стран Азии и Африки в новейшее время (1918 – 2000), М., 2004; Страны и регионы мира. Экономико-политический справочник, М., 2005.

С. Хасенұлы

Пайдаланған әдебиет

  1. Қазақ энциклопедиясы, 10 том
скачать работу


 Другие рефераты
Классы и партии в октябре 1917 года
Германия Федеративтік Республикасы
Методы измерения дальности в РЛС ЗРК
Слово о полку Игореве, языческие и христианские мотивы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ