Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

нгенімен, тілде олардың барыс септік тұлғасында да тіркесетіні бар: (отынды) ңорада жар қораға жар, (балықты) үйдің төбесінде ңақтаүйдің төбесіне қақта, жағада ойна жағаға ойна, уәдеде түр уәдеге тұр. Мұндай жерлерге толқын пайда болды, ағын пайда болды (Ғ. М. «Әмина»).

Екі септік жалғаудың қатар жұмсалуы ертеден бар: иырайа оғузығ үкус өк өлүрті Теріскейде көп оғыздарды қырдық .[32-35-б]

ЖАТЫС СЕПТІКТЕГІ СӨЗДІ МЕҢГЕРГЕН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Жатыс септік формасының негізгі мағынасы заттардың мекендік қатынасын білдіру. Етістік сөздерге жатыс септік формасы арқылы меңгеріліп зат есімдер осы қатынасқа түседі: сазда отыр, қорада жүр. Жатыс (статикалық) мекендік қатынас негізінен осы септік формасы арқылы білдіріледі. Тек санаулы сөздердің тіркесуінде ғана бұл қатынасты білдіруде жатыс, барыс септіктері қатар жұмсалатынын ілгеріде айттық.

Жатыс септіктегі сөз жеке етістікке қатыспай, субъект — етістік-баяндауыш немесе объект — етістік-баяндауыш болып құралған тұтас тіркеске қатысты болып
келетіні бар және мұндай байланысқа түскен есім сөз-
дер генетивтік қатынаста тұрады: жатыс септіктегі жал-
пы мағыналы сөз бен оған байланысты басыңқы сөз
екеуі жалпы мен жалқы заттардың генетивтік қатына-
сын білдіреді: екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бо-
та  тату.

Әйелде Шолпаннан, биеде мынадан артықты әзір көргем жоқ!деді Аман (Ғ. Мұст.). Осы өзіміз көргенде мырза кім? (М. Ә.).

Жалпы мағыналы сөздің жатыс септігі арқылы генетивтік қатынасқа тікелей түсуі ауызекі сөйлеу тіліне, ауызекі сөйлеу тілі дәстүрінде қалыптасқан мақал-мәтелдерге тән. Генетивтік қатынасты дәлірек білдіретін екінші амал бар. Ол амал — ішінде көмекші есімі. Бағыныңқы сөз осы көмекші есім арқылы басыңқы компонентпен байланысады: әйелде Шолпан ақылды әйелдің ішінде Шолпан ақылды.

Жатыс септікте меңгерілетін сөз -ған, -ген тұлғалы есімше болып, ол етістікпен тіркескенде мезгілдік қатынасты білдіреді: көргенде айтқаны, (осы), жолыққанда айтқанын (жеткіздім).

Осы мезгілдік қатынасты білдіретін тіркес қабысу арқылы де құралады. Ол үшін бағыныңқы есімше жатыс септіктің үстіне -ғы- -гі жұрнақтарын жалғап сын есімдік сапаға ауысады: көргендегі айтқаным осы Бұл екі арада қысты күні Шұғаны сағынып жүргендегі Кәрімнің шығарған өлеңі деп біреуі өлең айтты Б. М.). Күнімен жүргендегі әкелгенің осы ма?— деді қатыны (Б. М.).

Мезгілдік қатынасты білдіретін тіркестің (жүргенде әкелгені) атрибутивтік тіркес қалпына асуына үлгі болған қаладағы музей, күздегі суық тәрізділер болуға тиіс.

Право, нормаға байланысты ұғымдарды білдіретін сөздерді (заң, тәртіп, әдет) жатыс септікте меңгеріп, етістік тіркестер жөн-жоралғы мағынасындағы пысықтауыштық қатынасты білдіреді: өзбек заңында (бұл) жоқ, елдің әдетінде (ұзын) киеді т. т.

Айтпағаным қазақтың ескі әдетінде некелі жары немесе басқа бір ет жақыны болмаса, оң жақта отырған қыз бөтен жігіт үшін жұрт көзінше жылауға тиіс емес (Ә.Нүр.).

Осы тіркестердің екінші функциялас сыңары бар. Ол функциялық вариант тіркес мына түрде құралады: зат есім — бойынша — етістік. Мысалы: қазақтың ескі әдетінде жылауға тиіс емес қазақтың ескі әдеті бойынша жылауға тиіс емес.

Функциялас осы екі тіркестің көмекші есімсіз құралатын түрін ауызекі сөйлеу тілінің аясында туған үнемді вариант деп тануымыз керек.

Жас мөлшерді білдіретін сөздер жатыс септікте етістікпен тіркескенде, мезгіл пысықтауыштық қатынасты білдіреді: жасында өткір еді.

Тайында қысыр емді. Байталында құлын тастады (Ғ. Мүст.).

Жатыс септіктегі бұл сөздер статикалық үзінді мезгілді атайды. Осынысымен ол жасынан өткір деген тәрізді тіркестен өзгеше.[35-37-б]

ШЫҒЫС СЕПТІКТЕГІ СӨЗДІ МЕҢГЕРГЕН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Барыс септік бағытты, жетер жерді, мезгілді білдірсе, шығыс септік — оған кері мағыналы форма. Ол іс-қимылдың басталған мекенін, мезгілін атайды: қалаға барады қаладан барады. Шығыс септіктің де осы басты мағына негізінде сараланған көп мағыналары бар. Ол мағына тіркеске енген бағыныңқы компоненттердің семантикасына байланысты көрінеді.

1.           Шығыс септіктегі сөз дара бір ғана етістік немесе
есім сөзге қатысты болып тіркеспей, бастауыш — баян-
дауыштық байланыстағы екі сөзге бірдей қатысты болады. Үлкендерден Оспан келді, қос аяқтыдан осы жүйрік. Мұндайда шығыс септіктегі сөз өкіл шығарған жалпы топты атайды да, тіркестегі басыңқы зат есім, есімдік сол дара секілді білдіреді: Ойлап тұрсам, үлкеннен мен, жастан сен екенсің қалған (Ғ. Мұст.). Бұл тіркестің ерекшелігі мына салыстырудан айқын байқалады: Оспан үлкендерден келді үлкендерден Оспан келді.

2.           Шығыс септіктегі сөз жақсы, жаман, озық, кейін,
жүйрік, шабан т. б. осы сияқты сапалық сын есімдермен
тіркескенде, салыстыруға алынған объектіні білдіреді:
Мынау менен жазымпаз екен!— деді Жақып. Жаман құр-
быныц   серіктігінен   сендердің   серіктігің   артық екен

(Ғ. Мұст.).

Осы салыстыру объектісін білдіруді «шығыс септіктегі зат есім озды» болып құралған тіркестен де көреміз: баладан озды, көптен озды.

3. Тіркестің бағыныңқысы бүтіннің бөлшегін атайтын сөз болып (мойны, қолы, көзі — адамның дене мүшелері: шеті, ортасы, төрі үйдің орны, бөліктері), басыңқы семантикалық жағынан іс-қимыл басталған мекенді атайтын сөзді талап ете алмайтын етістік болса (ұстады, қысты, ұрды, орды, шашты, байлады, шешті т. б.), мұндайда шығыс септіктегі сөз бөлшек ретіндегі объектіні білдіреді: мойнынан қысты, етігінен ұстады. Объект сөз табыс септігінде меңгерілсе, бөлшек екендігін білдіру жоғалады: мойнын қысты мойнынан қысты, етегін ұстады етегінен ұстады.

Осы бөлшек объектіні білдіру үшін тиді, көздеді етістіктеріне де меңгерілетін сөз шығыс септік тұлғаны қабылдайды: көзінен тиді, қолынан тиді, көзінен көздеді, қолынан көздеді. Ал тиді, көздеді өз семантикасының ынғайында болса, бағыныңқы сөзді негізінен барыс септікте меңгерген болар еді: көзіне тиді, қолына көздеді т. б. Тиді, көздеді объектілік қатыстығы сөзді шығыс, барыс септікке бірдей меңгере береді. Бірақ объектінің бүтін бір заттың бөлігі екенін баса таныту керек болғанда, бағыныңқы сөз шығыс септік тұлғасын қабылдайды.

  1. Шығыс септік формасы аталған мағына ерекше-
    лігі арқасында мекендік мағынадағы көмектес септіктің
    орнын басатыны бар. Пысықтауыштық қатысқа түскен
    сөзді осы екі формада меңгеру жүрді, өтті етістіктері
    құрайтын тіркестерден байқалады: шетімен өтті шеті-
    нен өтті, ортасынан жүрді
    ортасымен жүрді.
  2. Санаулы сөздердің катысуымен құралып, шығыс
    септіктегі зат есім мен етістіктен жасалған тіркестер іс-
    қимылдың амалын, құралын білдіреді. Басыңкы етістік
    пен меңгерілген сөздің арасында мұндай қатынас мына
    жағдайларда пайда болады:

а) бағыныңқы сөз қол болып, басыңкы ретінде атты, жөнелтті, өткерді, өткізді, атқарды, сойды, бауыздады етістіктері катысса: қолынан сойды, қолынан жөнелтті т. б. Куамын, қолымнан бауыздап өлтіремін! (М. Ә.) Жантаев қызуланып алып, Есіркептерді өз қолынан атпақ боп, наганын суырып алмасын ба! (Б. М.).

Іс-қимылдың амалын, құралын, негізінен көмектес септік білдіреді. Аталған тіркестерді де көмектес септігі арқылы кұрауға болады. Бұл тіркестердін шығыс септік арқылы кұралуы колынан өткізді, қолынан берді тәрізді лексикалық аядан басталған болу керек. Бұл сөздердің арасындағы қатынас амалдық, мекендіктің аралығында көрінеді.

Құрал — объектілік қатынас оқшау, дара құралған мына тіркесте де бар: көзінен атқызды. Кейде төсекке жатқанда да ойға шомып, щиялданып көрер таңды көзі-нен атқызатын күні де болады (Б. М.).

ә) бағыныңқы компонент ретінде кісіге байланысты атау сөздер қатысып, басыңқы ретінде жібер, айт, білдір етістіктері қатысса: балаңнан хабарла, жәрдемшіңнен білдір т. б. Хабарыңды Раңыштан айтарсың (М. Ә.).

Іс-қимылдың амалы, құралы ретінде объектіні білдіргендіктен аталған тіркестер арқылы көмекші есімнің жәрдемімен құралатын тіркеске қызмет жағынан жуықтасады: балаңнан хабарла балаң арқылы хабарла.

Тура объектілік қатынасты шығыс септіктегі зат есім айналайын (эмоцияны білдіретін) сөзіне тіркескенде білдіреді: баласынан айналайын, елден айналайын. Оны хабарлаған Аманнан да айналайын (Ғ. Мүст.).

6. Шығыс септіктегі зат есім мен етістіктен, шығыс септіктегі -ған, -ген тұлғалы есімше мен етістіктен жасалған тіркестер себеп-салдарлық қатынасты білдіреді: астан ауырды, құмнан шаршады, орғаннан сұйылды т. т. Бұл қатынас есімше мен етістіктен құралған тіркестерде әсіресе басым көрінеді. Зат есім мен етістік

12345
скачать работу

ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ