Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

тен жасалған тіркестерде себептік қатынас сөздердің лексикалық мағыналарының арасалмағына байланысты. Бұл сөздер мағынасыиа орай мекендік (іс-қимылдың басталған мекені), мезгілдік (іс-қимылдын, басталған мезгілі) катынасқа түсе алмайтындай болуға тиіс. Есімше мен етістік катынасқан сөздердің арасында себеп-салдарлык қатынастың басым болуы да олардың лексикалық мағыналарының арасалмағына байланысты.

Бұл тіркесті себептік қатынасты білдіру мақсатында пайдаланудың шеңбері әр стильде әрқалай көрінеді. Жазба тіл тіркесті, ілгеріде атаған шартқа сай, белгілі жатыкқан сөздерді қатыстырып, өлшеммен жұмсайды. Ауызекі сөйлеу тілі бұл тіркеске сөздерді мол қатыстырып кұрайды: мінезінен (тілінен) тауып тұр, керенаулығынан ұнатпайды т. т.

Шығыс септіктегі зат есім (есімше) мен етістіктен күралған тіркестер себеп-салдарлық қатынасты білдіргенде, осы мағыналас, «барыс септіктегі зат есім (есімше) етістік» түріндегі тіркестермен шамаласады: Суықтан ауырды суыққа ауырды, орғаннан сүйылды орғанға сұйылды. Екі тіркестің бұлай жуықтасуы тілдің себеп-салдарлық қатынасты білдіру үшін шығыс, барыс септіктерінің мекендік, мезгілдік мағыналарын бірдей негіз етіп алғанын байқатады. Ал себеп-салдарлық катынас білдіретін бұл тіркеске орнықпаған, тосын сөздер енгізілгенде, оған үшін арқылы құралған тіркес параллель болып жұмсала алады: тілінен табады тілі үшін табады, мінезінен жек көреді мінезі үшін жек көреді. Осы мінезінен көбі оны жек көреді. (Ғ. Мұст.).

7.             Шығыс септіктегі зат есім адамның дүние тану
әрекетін білдіретін етістіктермен (естіді, білді, байқады,
сұрады, көрді  т. т.)   тіркескенде  информация берген
объектіні атайды: елден естіді, сөзінен байқады, қаба-
ғынан таниды
т. б.

8.            Біз ілгеріде шығыс септіктегі зат есім етістікпен
тіркескенде іс-әрекеттің басталған мекенін білдіретінін
айтқанбыз. Бұл қатынас козғалыс, жүріс процестерін
атайтын етістіктерге (барды, келді, шьщты, басталды,
қозғалды т. т.) байланыста пайда болады. Басқа етістік-
терден бұл мағыналық қатынас тумайды, түрлі объек-
тілік, себеп-салдарлық қатынастар пайда болады.  Ал
мына тіркесте шығыс септік жатыс септік білдіретін ме-
кендік мағынаға жуықтайды:  ауылдан көрді (ауылда
көрді), қаладан ұстады (қалада ұстады). Сол түстан ол
бір жаңа қазылған борсықтың інін көрген екен, кешкі
салқынмен соны қазбақшы болдьқ. (Қ. Сақабаев).

Шығыс септіктегі сөз бұл қызметті санаулы етістіктермен (көрді, ұстады) тіркескенде ғана атқарады. Орхон жазуларында осы күнгі шығыс, жатыс септіктерінің мағынасын жалғыз шығыс септік атқарған, аталған фактілер осы синкретизмнің жаңғырығы ретінде пайда болған болу керек ‘.

9.           Шығыс септіктегі -ған, -ген тұлғалы есімше бағы-
ныңқы компонент болып етістікпен тіркескенде мезгіл-
дік қатынасты білдіреді. Сөйлескеннен-ақ Әбдірақман
туралы сұрады.
(Б. М.).

10.          Шығыс септіктегі зат есім құрау, жасау, тұрғызу
процестерін білдіретін етістіктермен (тікті, салды, қала-
ды, жасады
т. т.) тіркескенде, сол процестерге жұмсал-
ған материалды атайтын объектілік қатынас пайда бо-
лады: кірпіштен қалады.[37-40-б]

 

КӨМЕКТЕС СЕПТІКТЕГІ СӨЗДІ МЕҢГЕРГЕН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

«Көмектес септіктегі зат есім—етістік» болып кұралатын тіркестің білдіретін грамматикалық мағынасы әр қилы және көп жағдайда бұл тіркеске грамматикалық кұрылысы өзгеше тіркестер функция жағынан қатар келеді.

  1. «Көмектес септіктегі зат есім — етістік» болып кұралған тіркес іс-әрекетке субъектімен қатар  қатысқан объектіні білдіреді: (ағам) кісілермен келді.
  2. 2.  Аталған тіркес іс-әрекет пен оның сынын атайтын сөздерді біріктіріп пысықтауыштық қатынасты білдіреді: жақсылықпен кездесейік, (өз) азығымен кетті т. т.
    Бұл пысықтауыштық қатынас -мен, -пен, -бен жалғауының іс-әрекетке субъектімен қатар қатысуды білдіретін грамматикалық   мағынасының  негізінде қалыптаскан. Меңгерілетін компонент ретінде жансыз заттын білдіретін сөз қатысқанда тіркес пысықтауыштық қатынасты білдіреді.

Көп жағдайда пысықтауыштық катынасты білдіретін «көмектес септіктегі зат есім — етістік» болып кұралатын сөз тіркестері «көсемше-етістік» типтегі сөз тіркестерімен функциялас болып жұмсалады: қуанышпен қарсы алды қуанып қарсы алды, ойға шомумен келе жатыр ойға шомып келе жатыр.

3.          «Көмектес септік тұлғадағы зат есім — етістік» болып құралған тіркесте бағыныңқы компонент іс-әрекетке құрал, амал болған объектіні атайды: балтамен шапты, сөзімен жеңді.

Етістік пен объектілік сөздің арасындағы бұл мағы-налық қатынас «зат есіМ’—арқылы — етістік» болып кұралған тіркес аркылы да білдіріледі: телефонмен ха-барласты телефон арқылы хабарласты. Бірак, арқылы септеулігінің катысуымен кұралған тіркес іс-әрекетке құрал объектіні атауда өз ерекшелігі бар. Сондыктан оның көмектес септік аркылы кұралған тіркестерм^н тең түсуі ете елшеулі. Бірді-екілі сез — түбір зат есім (хат, телефон, зейін) және жұрнақты есімдер ғана объекті-лік катынасқа осы екі формада түсіп жұмсалады: оқу-мен сауаты ашылды оқу арқылы сауаты ашылды.

4.          Аталған тіркес мекен пысықтауыштық қатынасты
білдіреді: жолмен жүрді, ауылдың шетімен жүрді т. т.

5.          «Көмектес септіктегі зат есім сөз — етістік» болып
кұралған тіркестер себептік қатынасты білдіре алады.
Бұл тіркеске түскен сөздердің лексикалық мағынасының
арақатынасына тәуелді. Бұндайда тіркестерге бағының-
қы компонент ретінде абстрактылы сөздер қатысады.
Дәмеш мұнан әрі ештеңені ойланбастан, бәрін ашу-ыза-
мен істеді.
(С. Мұрат). Сізге звонда деген өтінішімен ха-
барлап тұрмын.
(Қ. М.). Аманның кеңесімен келді жа-
тақтарға
(Ғ. Мұст.).

6.          «Біз ілгеріде көмектес септіктегі зат есім — етіс-
тік» болып құралған тіркестердің сын-қимыл пысықтау-
ыштық қатынас білдіретінін айттық. Мына сөйлем бұл
типтес тіркестің мезгіл пысықтауыштық қатынасты біл-
діру үшін жұмсалатынын байқатады. Сол тұстан ол жа-
ңа қазылған борсықтың інін көрген екен, кешкі салқын-
мен соны қазбақшы болды
(К. Сақабаев). Осы жұмса-
лудың ізімен   ертеңмен келді,   ыстықпен   келді деген
тіркестер де кұралған.

Пысықтауыштық қатынас білдіру қызметі негізінде көмектес септіктің жалғауы үстеу сөз жасауға көп қатысып жүр: атымен жоқ, түгелімен жиналды, келісімен жолықты т. т.[41-42-б]

СЕПТЕУЛІКТЕР АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Сөз тіркестерін кұрауға мына септеуліктер катысады: арқылы, үшін, соң, кейін, қарай, таман, сайын, әрі, бері, дейін, шейін, құрлы, туралы.

Септеуліктер зат есім, есімше сөздерге жалғасып,
оларды етістікпен тіркестіреді: келген соң сөйлесеміз,
келгені үшін риза болды.

Септеуліктердің көпшілігі мекендік, мезгілдік қатынасты білдіру үшін жұмсалады. Олар мыналар: соң, кейін, қарай, таман, сайын, дейін, бері.

Қой дүркіреп үркіп, қойшыға қарай қашты (М. Ә.). Содан соң бұл адырға кіріп, бір-екі бел асңан соң қуғыншыны адастырып, құтылып алды (М. Ә.).

Бағыныңқы сөз (зат есім) арқылы септеулігі арқылы етістікпен тіркесіп, іс-әрекеттің құралы ретіндегі объектіні қатыстырады: телефон арқылы хабарласты.

Бағыныңқы сөз үшін септеулігі арқылы етістікпен тіркескенде мақсаттық қатынас білдіріледі: колхоз мына жолды салу үшін көп еңбектенді. -ған формалы.есімше соң, кейін септеуліктері арқылы етістікпен тіркесіп, мезгілдік, себеп-салдарлық қатынасқа түседі. Жолыққан соң оралады.

Қазақ тілінде себеп-салдарлық қатынасты білдіретін тағы бір форма бар. Ол — дықтан. Себептік катынасты білдіру үшін жүмсалатын осы екі форманың ара салмағына қарай ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілдің ерекшелігін байқауға болады. Себеп-салдарлық мағынаны білдіруге арнайы бейімделген форма -дықтан. Бұл форманың басқа мағынасы жоқ. Жазба тіл себеп-салдарлық қатынасты білдіру үшін осы форманы басым қолданады.

Ауызекі сөйлеу тілі бұл форманы аз жұмсайды, оны ол созалаңқы, әрі ауызекі сөйлеу тілінің негізгі тәсілдерінен шет көретін болуға тиіс. Өйткені ауызекі сөйлеу тілі сын есім, есімше сөздерді -дық (алғандық) жұрна-ынын қатысуынсыз синтаксистік жолмен тікелей субстантивтендіріп жұмсайды: Сенен жасыратыны жоқ, мен осы қатынды басқа зар болғаннан соң алып отырғаным -жоқ (Б. М.).

12345
скачать работу

ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ