Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ



 Другие рефераты
ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ СӨЗ ТІРКЕСІ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ САН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ МАТАСУ АМАЛЫМЕН ҚҰРЫЛҒАН СЫН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Етістік сөздер сөйлемнің құрамын, кұрылысын белгілеуде ерекше орын алады. Бұл оның лексикалық, грамматикалық мағынасына байланысты. Етістік сөздің процессуалдық іс-әрекетті білдіруі, іс-әрекеттің болмыстағы қатынасының мол болуы осыған себеп.

Етістік сөздер басым компонент ретінде сөз тіркесін кабысу, матасу, меңгеру амалдары арқылы құрайды. Қабысу мен матасу амалын жұмсауда сан мөлшері жағын ескергенде, есімді тіркес пен етістікті тіркесте кеп ал-шақтық жоқ: қызыл қалам, шай қасық кеше келді, қаламның ұшы інімнің келгені т. б.

Бірақ меңгеру амалы түр жағынан да, жиілік жағынан да етістік тіркесте өте мол көрінеді.

Бірақ етістік сөздердің өзі іштей тіркестік қабілеті— тіркесу амалдарының түр-түрін пайдалануы, бір амалдың өзінің түрлерін қолдануы бірдей емес. Әр  етістік сөздің тіркестік кабілеті оның грамматикалык,  формасына, лексикалық  мағынасына байланысты.  Тіркестік қабілеті жағынан етістіктер ен алдымен субстантивті-қимыл атауы болатын формалары  мен ол  формалары жоқ калпына карай ерекшеленеді. Субстантивті формалар (есімше, тұйық рай) бағыныңқы сөзбен матасу арқылы байланыса алады, ол форманы алмаған етістіктер бағыныңқы компонентті матастырып тіркестіре алмайды: бұлттың сейілгені бұлттан сейілді.

Етістіктерді тіркесу кабілеті жағынан өзара ажырататын, бөлетін тағы бір жай — олардың салт сабақты болуы. Сабақты етістіктер бағыныңқы сөзді табыс септік формада меңгере алады, салт етістік бұл тұлғадағы сөзді меңгере алмайды.

Етістік сөздердің әрқайсысы өз мағынасына сай тіркес құрау қабілетіне ие болатыны тағы бар. Мұнымен қатар етістіктер мағыналық топтарға қатысы жағынан да түрлі тіркестік сапаға ие болып жатады.[25-27-б]

ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Етістікті сөз тіркестеріне қабысу амалы арқылы бағыныңқы компонент ретінде қатысатын сөздер мыналар: сын есімдер, сан есімдер, көсемшелер, үстеулер, еліктеуіш сөздер.

Етістікті сөз тіркесіне бағыныңкы болып сын есімдер жаппай еркін қатыса бермейді. Етістікпен мол тіркесетіндер -дай, -дей, -тай, -тей, -сыз, -сіз жұнақтары арқылы жасалған сын есім сөздер: сынаптай құбылды, шайдай ашылды, дамылсыз сөйледі.

Сапалык сын есім сөздердін. бағыныңқы болып етістікті сөз тіркеске кіруі аз. Бұлардың көбі күрделі көсемшенің шегерілуі негізінде қалыптасқан: (ұзын қылып кестіұзын кесті, қалың болып шъқтықалың шықты), Сын есімді қабыстырып катыстырған етістікті сөз тіркестері пысықтауыштық қатынасты білдіреді.

Сан есімдер етістікті сөз тіркесіне негізінен дүркіндік, көлемдік мағыналы рет, есе сөздерінің жетегінде кірігеді: екі рет сүңгіді, екі есе өлшеді. Тек ауызекі сөзде немесе осы стильге еліктеген жазба тілде сан есім етістікпен тікелей қабысып тіркеседі: ол ұзағанша артына үш қарады. Соңғы тіркес — толық варианттың шегерілген түрі. Үш рет қарады үш  қарады.[27-б]

 

ЗАТ ЕСІМДІ ҚАБЫСТЫРЫП ҚАТЫСТЫРҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ   ТІРКЕСТЕРІ

 

Атау күйіндегі зат есім мен сабақты етістік сөздің, қабысуы аркылы құрылған сөз тіркестері объектілік қатынасты білдіреді: асфальт төседі, кітап үлестірді, киім киді.

Іс-әрекет пен объектінің арасындағы қатынас «табыс септіктегі зат есім—етістік болып» құралған сөз тіркестері аркылы да білдіріледі: асфальтты төседі, кітапты үлестірді, киімді киді.

Бұл екі тең тіркес функция жағынан біріне-бірі байланысты болғанмен генезисі (шығу тарихы) жағынан бір-біріне бағынышты емес, яғни жалғаусыз объектілік катынас жалғаулы тіркестің қысқарған түрі емес. Керісінше, тіліміздің тарихи даму жолын ескергенде, объектілік қатынас алғашқыда тек қабысу арқылы құралған тіркес арқылы білдірілген болу керек.

«Атау тұлғалы зат есім — етістік» типті тіркестер компоненттерінің тығыз байланысты болуына, айтуға ықшам болуына сай қимыл атауларын жасау үшін көп жұмсалады. Көз тікті, құлақ тікті, жол салды, әрекет істеді.

     Бірақ қабыса байланысқан бұл тіркестердін бағыныңқысы әр уақыт табыс септік жалғауын жалғап, меңгерілген тіркес кұрай алады: көзін тікті, жолды салды, әрекетті істеді. Мұндай өзгеріске түскенде объект пен қимыл дараланады, қимыл  атауы ретінде етістік сөз жалпы мағынасында көрінеді: көз тікті көзін тікті, ән-салды әнді салды.

Күрделі атау ретінде құралған «зат есім-етістік» кұрамдағы тіркестің компоненттері салт етістік болған жағдайда (жол жүру) аталғандай анық объектілік қатынасқа ауыса алмайды.

Қабысу арқылы кұрылған «зат есім-етістік» тіркестерінің компоненттері арасына сөз түсірмейді.[27-28-б]

ҮСТЕУ СӨЗДІ ҚАБЫСТЫРА ҚАТЫСТЫРҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Үстеулер қимылға тән амалды, сапаны, мезгілді, мекенді атайтын сөздер болғандыктан, олар етістіктермен мол тіркеседі және олар морфологиялық өзгеріске түсе алмайтын болғандыктан етістікпен тек қабысып тіркеседі. Тіркескен үстеу сөз бен етістік мынадай мағыналық катынаста тұрады:

1. Мезгілдік жаңа қарады, ерте бітті, биыл көшті. 2. Мекендік әрі отырды, кері бұрылды т. т. 3. Амалдық шапшаң көнеді, бастан-аяқ айтты, қасқырша ұлиды.[28-б]

 

ЕЛІКТЕУШІ СӨЗДІҢ ҚАБЫСУЫ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Еліктеуіштер — мағынасына орай тек етістіктермен тіркесіп, қимылдың сапасын, сынын білдіретін сөздер.

Сөздердің еліктеуіштік мағынасы оларды белгілі етістіктермен ғана тіркесуге мәжбүр етеді. Мысалы, қарш-қарш. тек шайнады етістігімен, бұрқ-бұрқ қайнады, қарқ-қарқ күлді етістігімен тіркеседі. Еліктеуіш сөз-дердің бәрі бірдей түбір күйінде тікелей етістікке тіркесе алмайды. Мысалы, шіңк-шіңк, жалт-жұлт, адыраң-адыраң, қылп-қылп тәрізді көптеген еліктеуіш сөздер көмекші етістіктің жәрдемімен көсемшелік тұлға алып тіркеседі: жалт-жұлт етіп. жарқырады, шіңк-шіңк етіп сөйледі.[29-б]

КӨСЕМШЕНІҢ ҚАБЫСУЫ АРҚЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Көсемше өзгермейтін форма екені, әрі екінші бір қимылға қатысты қимылды, іс-әрекетті соның сапалық қасиеті ретінде атайтын форма екені белгілі. Бұл жерде біз көсемшенің синтаксистік қызметін атап отырмыз. Синтаксистік жүйенің өзінде көсемшенің қызметі алуан, әрі кейде тіпті бірінен-бірі алшақ боп көрінетіні бар. Бірақ барлық жағдайда — бірыңғай мүшелерді байланыстырғанда да, бағыныңқы қатынастағы сөздерді бай-ланыстырғанда да — көсемше екі етістіктің біріне-бірі қатысты екенін білдіреді.

Қарындаш жерге түсіп, домалап кетті. Перде жиырылып түсті.

Сонымен, көсемше өз алдына дербес жұмсала алмайтын, сөйлемде тек екінші бір етістік сөзге ілесіп кіретін форма болғандықтан, етістік сөздермен ғана тіркесуі өте заңды және көсемше өзгермейтін форма болғандықтан, сөз тіркесіне қабысу амалы арқылы кіреді.        ,

Етістікті тіркеске көсемшенің үш түрі де (-ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі) қатысады. Қөсемшелермен етістіктердің тіркесу мүмкіншілігі екі шартпен өлшенеді.

1. Көсемше сөз бен етістік сөздің мағыналық үйлесімі: Шошып оянды, түрды, қарады.

2. КөсемшенІң грамматикалық түрлеріне тән мағына да олардың тіркесу мүмкіншілігіне әсер етеді.

Қызмет, мағына жағынан біріне-бірі -ып, -іп, -п формасы мен -а, -е, -й формасы жуық келеді. Көптеген мысалдар бұл екі форманың мағына жұмсалу жағынан қатар келе алатынын байқатады: Күле кіріп, күңіреніп шықты. Дайындалып сөйледі дайындалмай сөйледі. Айтып-айтпай немене.

Осы мысалдар, болымды-болымсыздық форма жасауда, іс-әрекеттің сынын білдіруде көсемшелік екі форманың тең келе алатынын байқатып тұр. Н. Қ. Дмитриев көсемшелердің бұл формаларының жұмсалу аясы, ерекшелігі әр дәуірге тән нормаға ғана бағынышты деуі осындайдан .

Қазақ тілінің жүйесінде көсемшенің аталған формаларының анық дараланып жұмсалатын жайлары да бар:

1. Іс-әрекеттердің іле қатар болғанын білдіретін етіс-
тікті тіркесте -а, -е тұлғалы көсемше бағыныңқы компо-
нент болып жұмсалады: келе (іске) кірісті, бара сөйледі.

2. -а, -е тұлғалы көсемшелердің санаулы түрі дәстүр
бойынша қалыптасып тіркесетіндері де бар: сөйлей-сөй-
лей шешен боларсың, жүре-жүре (тауға) жеттік.

Осы сияқты көсемшелердің дәстүрмен қалыптасқан тіркесте тұрақтағандары бар: жүре сөйледі, жаба тоқыды. Мұндай дәстүрмен бекітілмеген жағдайда -ып, -іп, -п және -а, -е, -й тұлғалы көсемшелер тең вариант ретінде алмасып жұмсала береді: күле сөйледі күліп сөйледі, қадала қарады қадалып қарады.

…Қайрат та қисық сапты бишігін шошаңдатып қойды. Онан соң ішігін шешіп тастап, келсең кел дегендей шана үстіне тізерлеп, қоқырая отырды (С. Мүрат.). Көсемшелердің ерекше дара мағынада тіркеске түсетіні —

-ғалы, -гелі, -қалы, -келі формалары. Бұлар өз дара мағынасына сай мақсат, мезгіл мағыналы қатынасты білдіреді: көргелі келді, келгелі есітіп жүрмін.

Сонымен «көсемш

12345
скачать работу


 Другие рефераты
Участие казахов в восстании Е. Пугачева
Инквизиция
Экологические проблемы современной экономики
Обзор судебной практики по делам о признании брака недействительным


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ