Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ғарифолла Құрманғалиев



 Другие рефераты
Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары Қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастыру Б. Адамбаев - фольклортанушы Ахмет Жұбанов

Ғарифолла Құрманғалиев

 

Ғарифолла Құрманғалиев – ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің ерен құбылысы. «Бүгінгінің Мұхиты» атанған, ондаған жылдар бойы ол жалғыз өзі Батыс Қазақстанның көне де жоғары дәрежеде дамыған вокалды-аспаптық дәстүрін паш еткен. ХІХ ғасырда эпикалық кең тынысты әннің асқан шебері болған Мұхит мұрасын жеткізген де Ғарифолла Құрманғалиев болатын. Халықтың сүйіп тыңдайтын теңдесі жоқ екпінді дауысты әншісі болды.

 

Сөйтіп, Мұхиттың әндері оның туған жері Орал облысы шеңберінен шығып, шалғай жерлерге де кеңінен тарады. Республиканың батыс облыстарында Мұхиттың әнін орындамаған өнерпазды кәсіпқой әнші деп санамаған. Сондықтан мамандар Мұхит әндерінің авторлығын анықтауға арналған зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Орындаушылық өнері бүкіл Қазақстан үшін үлгі болған Ғарифолла Құрманғалиев “екінші Мұхит” атанды. Әнші өз өлкесінің халық әндері мен термелерін (халық және авторлық термелер) тамаша орындай білген. Диск іде Батыс Қазақстан әуендерінің бірнеше аймақтық атыраулық (“Гурьев”, “Гүлжан-Сара”) маңғыстаулық (Қайыптың “Ақбөбегі”), ақтөбелік (Сары Батақовтың әні) үлгілері келтірілген. “Егер адам талантты болса, онда ол барлық жағынан да талантты”, - деген бар. Ғарифолла керемет концерттік орындаушы және опералық әнші ретінде өз өнерімен қазақ мәдениетінде өшпестей із қалдырды.

 

Шырайлы шығармалар - әндер, өлеңдер, жырлардың авторы және қайталанбас киноактер, фольклор жинаушы, ұлағатты ұстаз ретінде де Ғарифолла Құрманғалиев әрқашанда халықтың аса сүйіктісі бола білді. Оның сахналық өмірінің көбі гастрольдік сапарларда өтіп, барлық жерде табыстан – табысқа жете білді. Халық қашанда, қай жерде де он қуана қарсы алып, дамылсыз соғылған қол шапалақтаулармен қолпаштап отыратын. КСРО – да аралаған ең елеулі де жауапты гастрольдері – Мәскеу, Ленінград, Киев, Ташкент, Ашхабад, Фрунзеге барған сапарлары еді.

 

Ғарифолланың аңызға бергісіз үні Қытай, Пәкістан, Иран, Германия, Италия елдерінде шарықтады. Опера сахнасында Құрманғалиев (1934 жылдан 1966 жылға дейін) жиырмадан астам партиялар орындады. Қуатты да айқын даусы, таңқалдырарлық актерлік өнері әншіге ұлттық (“Қыз жібектегі” Шеге ақынның, “Ер тарғындағы” Сақан батыр мен жыраудың, “Біржан Сарадағы” Естайдың, “Дударайдағы” молданың, “Абайдағы” Нарымбеттің), сондай-ақ, шетелдік операда (“Даисидегі” Титоның, “Нергиздегі” Латифтің) қайталанбас бейнелер сомдауына мүмкіншілік берді. “Қыз Жібек” операсындағы көптеген әуендерді Е.Г.Брусиловский Құрманғалиевтан жазып алған. Осы себепті де бірыңғай фольклорлық материал негізінде дүниеге келген алғашқы қазақ операсының жасалуында әншінің баға жетпес үлесі бар. Құрманғалиев опералық спектакльдерде өзі сомдаған бейнелер шоғырын қазақ киносына да алып келді. Дегенмен, тек кино ғана оның ғаламат актерлық дарынын әр қырынан ашып, қимыл – қозғалыс, ым – ишара әдебін мүлтіксіз игеруіне мүмкіндік берді. Әлбетте, оның от шашқан көздері де көрермен көкейінен кет пек емес.

 

Орындаушылықтың, халықтың мектебінен өткен Құрманғалиев дәстүрлі оқыту жүйесін сақтап қалудың маңыздылығын басқалардан артық түсінді. Сол жүйе бойынша ол Республикалық эстрадалық – цирк студиясында ұзақ жылдар бойы ұстаздық ете жүріп, өз шәкірттерін тәрбиеледі (1967-1984 ж.ж). Құрманғалиевтың от басылық мұрағатында Ғарифолланың орындаушылық өнерге деген өзіндік көзқарасы тұрғысынан халықтың тәжірибені ой елегінен өткізген көптеген қызғылықты пікірлері-әдістемелік жазбалары мен күнделіктері сақталған. Қалай болған да Құрманғалиев ғажайып өнер иесі.

 

Бірақ, өкінішке орай, шәкірттері оның шалқар талантының тек бір-бір тамшысына ғана таңдай жібітті, олардың ешқайсысы да Ғарекеңдей ән сала алмайды. Осыған сәйкес, Мұхиттың орындаушылық дәстүрі өз дамуын Ғарифолламен аяқтады деген Таласбек Әсемқұловтың сөзі ерекше еске түседі.

скачать работу


 Другие рефераты
Зарубежное искусство второй половины ХХ века
Ар түзейтін бір ғылым табылмаса
Применение метода частотных диаграмм в исследовании устойчивости систем с логическими алгоритмами управления
Психическая напряженность и ее влияние на деятельность


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ