Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары



 Другие рефераты
Қылқобыздың қос қыраны Қазанғап күйші Қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастыру Ғарифолла Құрманғалиев

Қазақстан опера өнерінің негізін салушы

сахна жұлдыздары

 

2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында “Асыл мұра” жобасы “Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары” атты саз дискісін жарыққа шығарып Қазақстан опера өнерінің негізін салған алғашқы қарлығаштарымен Қазақстан музыкалық мұрасының даңқын асырып осы өнердің басында тұрғандарды тағы да бір еске түсіріп құрмет көрсетіп отыр. Әрине, театр бірден аяғынан тік тұрып кеткен жоқ. Көп ізденістермен сынақтардан өтті (1934 жылы Алматыда Қазақтың музыкалық театры болып ашылды, 1937 жылдан қазіргі атауы, 1941 жылдан академиялық, 1945 жылдан Абай аты берілді). Алғашында оның негізгі құрамында драма театрының музыкалық өте қабілетті талантты әртістері Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Серғали Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова және басқалар болды. Кейін бұлардың көбі Қазақстан опера өнерінің қайраткерлері атанды.

 

Жаңа театрдың шымылдығы 13 қаңтар 1934 жылы музыкалық “Айман-Шолпан” спектаклімен ашылып таңқалдырар табысқа жетті. Сол кезді өз естелігінде Қанабек Байсейітов былай деп жазады: - “15 мамырға дейін “Айман-Шолпан” 100 рет қойылды. Соншама аз мезгілде спектакльдің сахнаға 100 рет шығуын ешбір қойылым көтере алмас еді. Қалада әңгіме тек спектакль жайында болып жұрт гуілдеп оның әндерін айтып жүрді”.

 

Көп ұзамай-ақ театр тарихының жарқын беттеріне жазылған даңқты қойылымдар бірінің артынан бірі сахнаға шыға бастады. Алғашқы жылдың өзінде ғана халық атақты “Айман-Шолпаннан” басқа “Шұға” музыкалық пьесасымен және Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек” атты тұңғыш ұлттық операсымен танысты. Бұдан кейін 1935 жылы “Жалбыр” қойылды, 1936 жылы Мәскеуде алғаш рет қазақ әдебиеті мен өнерінің Декада күндеріне қатынасты, 1937 жылы Е.Брусиловскийдің “Ер-Тарғын” операсының премьерасы Ленинградта қойылды. Театр туындыларының Мәскеу мен Ленинград қалаларының бүкілодақтық сахналарына шығуы театр ұжымын жігерлендіріп жаңа табыстарға бастады, театрға шеттен басқа композиторлардың назары ауып өз шығармаларын ұсынды: 1939 жылы И.Надировтың “Терең көлі” мен В.Великановтың “Тұтқын қызы”, 1940 жылы А.Зильбергтің “Бекеті” және Е.Брусиловскийдің “Алтын астық”, 1942 жылы “Гвардия алға” спектакльдері қойылды.

 

Қазақстанның опера өнері тарихында 1944 жыл жаңа бір үлкен бетбұрыс кезеңі болды. Театрға жаңа буын жас әншілер келіп қосылды. Олар П.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының жанындағы студия түлектері Байғали Досымжанов, Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер, Шабал Бейсекова, Кәукен Кенжетаевтар еді. Біраздан соң өз композиторларымыз жазған алғашқы ұлттық операларымыз дүниеге келді. 24 желтоқсан 1944 жылы А.Жұбанов пен Л Хамиди бірігіп жазған “Абай”, 7 қараша 1946 жылы М.Төлебаевтың “Біржан-Сара” операсы қойылды.

 

Опера труппасы бұнымен қатар классикалық шығармаларды да игеріп жұмыс істей бастады. 1936 жылдан бастап құрамында опера өнерінің асқан шеберлері ҚазКСР-ң халық әртістері Н.Самышина, А.Круглыхина, Н.Куклина бар орыс труппасы қазақ солистерімен бірлесіп “Кармен”, “Евгений Онегин”, “Қарғаның мәткесі”, “Демон”, “Фауст”, ”Аида” спектакльдерін сахнаға шығарды. Соғыс кезіндегі бес жылдың ішінде театр ұжымы ұлттық опералардан басқа үлкен-үлкен қомақты “Иван Сусанин”, “Мазепа”, “Отелло”, “Чио-Чио-сан”, “Даиси” сияқты классикалық шығармаларды сахналады. Бұған эвакуация жылдары Алматыда тұрған Кеңестер Одағының Үлкен театры солистерімен өнер адамдары баға жетпес үлкен көмек көрсетті.

 

Аталған дискі театрдың аса бір жарқын табысты да қиын жылдарын яғни алғашқы ұлттық опера өнерінің тууымен ең жоғарғы шыққан биігін, шарықтау шегіне дейінгі кезеңін қамтиды. Қазақстан композиторлары шығармаларының сол биік тұғырдағы туындылары ішінде “Қыз Жібек”, “Абай”, “Біржан-Сара” опералары шын мәніндегі қазақ ұлттық кәсіби музыка өнерінің шоқтығы биік тамаша шынайы шығармалары болып саналғандықтан дискінің негізін осы опералардан үзінділер құрайды.

 

Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібегі” республикамыздың кәсіби опера өнерінің ашылған бірінші беті, ғажап туындысы. “Әу” - деп басталғаннан-ақ тұла бойы, мазмұны, жазылуы, қойылуы, тіпті сахналық таңқаларлық тағдырымен болсын айырықша көркем дүние. Халықтың сүйіп тыңдайтын, рахаттана көретін операсы болғандықтан күні бүгінге дейін театр репертуарынан түспей келеді. Бұл керемет шығарма ұлы өнер саңлақтары композитор Е.Брусиловский мен жазушы Ғ.Мүсіреповтың және орындаушылардың шығармашылық достығы тудырған аса биік өнер үлгісі. Оның табысты өтуі заңды әрі соның бір айғағындай. Шығарманың музыкалық арқауын көбіне халық композиторларының әндері мен күйлері құрайды. Халықтың сүйікті әндері түрленіп, әдемі күйге малынып құлпырып жарқырап шыға келді. “Қыз Жібек” операсы өз сахнамызда ғана табысты өтіп қойған жоқ, сол кездегі еліміздің Үлкен театрында көрсетіліп қазақ өнерінің Декада күндері кезінде де зор шабытпен шырқалды. Мәскеуліктер қазақтың бірінші операсына аса зор ықыласпен сүйсініп ұзақ қол соқты. Спектакль баспасөз беттерінде төбесі көкке жете мақталды. Әсіресе сахнаны жайнатып жіберетін бұлбұл әнші Күләш Байсейітова талғампаз Мәскеу халқының жүрегін баурап алды. “Қыз Жібекті” қойған опера өнерінің негізін салушы – жұлдызды құрамы Қазақстан халқының аға буын өкілдері үшін мәңгі есте қалды.

 

Ұлттық композиторларымыздың алғашқы тырнақалды шығармасы А .Жұбанов пен Л.Хамиди бірігіп жазған “Абай” операсы театр репертуарынан берік орын тепті. 1944 жылы жазылғаннан бері театр өзінің әрбір ашылу маусымын тек осы “Абаймен” ашады. “Абай” операсы театрдың шығармашылық сапарларында атақты опера сахналарында қойылды. Ленинград, Берлин, Дрезден, Лейпциг, Тәшкен, Ярославль қалаларында көрсетіліп, 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің Декада күндерінде Үлкен театр сахнасында басты рольді Ришат Абдуллин орындаған “Абай” операсы зор құрметке ие болды. Ришат Абдуллин сомдаған Абай қайталанбас бейне ретінде халық жадында мәңгі өшпес орын алады және есте сақталады.

 

“Біржан-Сара” операсы 1946 жылы жарық көрді. Кейбір жекеленген үзінділері премьераға дейін-ақ концерттерде айтылып радиодан жиі беріліп жүрді. Халық премьераны асыға күтті. Үміт ақталып, Қазақстан опера өнерінің жарқын туындысының соңы тамаша мерекеге ұласты. Мұқан Төлебаев бірден қазақ музыка өнерінің классигі боп шыға келді. Содан күні бүгінге дейін бірде-бір театр маусымы тамаша туынды “Біржан – Сарасыз” өтіп көрген емес. “Біржан-Сара” операсы 1958 жылы Мәскеуде өткен Декадада Үлкен театр сахнасында қойылып оның табысы жөнінде “Правда” газеті былай деп жазды: - “Композитор Мұқан Төлебаев өзін Біржанның ізбасарындай сезініп бір тылсым ақындық әлемнің құпиясына шомып кеткендей оның сиқырлы сырлы әлемін сезіну арқылы нағыз толыққанды әсерлі ұлттық опералық шығарма тудырды”.

скачать работу


 Другие рефераты
Глобальные проблемы человечества: загрязнение водной среды
Единство мира и проблема психики
Антикризисное управление финансами при угрозе банкротства
ТҰТЫНУШЫЛАР ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫ АНЫҚТАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ