Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ғылыми концепциялар мәселесі



 Другие рефераты
Еліміздің экологиялық проблемалары Дәрілік өсімдіктермен емдеу Білім эволюциясы Биологиядан ҰБТ-ге дайындалудағы оқу құралдарының және әдістемелік құралдардың мәні

Қазіргі заманның адамы бұл дүниеге келіп о дүниелік болғанына дейін сырттай қарағанда бір бірімен мүлдем байланысы жоқ екі әлемде – шынайы (табиғи) сондай ақ жасанды техно-психоәлеуметтік ортада өмір сүретіндігі белгілі. Бұл жерде, техно-және психоәлеуметтік ортаның табиғи ортаға қарағанда басым болатындығын атап көрсету керек.
Адамды қоршаған орта жасанды техникалық орта мен қоғамнан құралған. Адам өз қолымен жасаған материалдық әлемнің барлығы да техникалық орта болып табылады (мысалға: үй хайуанаттары, дәрі - дәрмек, киім, механизмдер, үйлер және т.б.). Техникалық ортаны адамды қоршаған ортаның табиғи психоәлеуметтік ортаға өту кезеңі, яғни, аралық өтпелі орта деп көрсетсек те болады. Техникалық орта адамның дене және ой еңбегінің, басқа сөзбен айтқанда білім мен ғылымның арқасында пайда болған. Техникалық орта адамзаттың табиғатты ұзақ жылдар бойы түпкілікті зерттеуінің арқасында қалыптастырылған (модельденген). Ал психоәлеуметтік орта болса (қоғам) осы қоғамға тиесілі әлеуметтік-саяси институттардың негізінде қалыптасады және эволюцияға ұшырайды. Осындай институттар ретінде мемлекеттің құқықтық және идеологиялық негізі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының сипаты мен деңгейі, аталған қоғамда елеулі орынға ие болып отырған жанұялық, топтық, ұйымдық, рулық, ұлттық, діни, ғылыми және т. б. түрлі әдет - ғұрып, салт- дәстүрді көрсетсек болады.
Сонымен қатар техникалық және психоәлеуметтік ортаның адамға деген әсерінің өте жоғары екендігін байқау қиын емес. Сол себепті адамға табиғаттың, ғылымның, техника және қоғам дамуының заңдылықтарын білмей қазіргі заманда өмір сүру белгілі бір деңгейде қиындықтар тудыратыны сөзсіз.
Америкалық және ағылшын классификациясында психоәлеуметтік ортаны қоғамдық (гуманитарлық) ғылымдардың объектісі деп санап, оны “fіctіon” тарауына жатқызады. Бұл жерде “fіctіon” сөзінің бірнеше мағынасы бар: 1. Беллетристика, 2. Ойдан шығарылған зат немесе құбылыс, фикция. Бұл ғылымды оны жаратылыстану және техникалық ғылымдарға қарама - қарсы қояды. Осымен қатар жоғарыда көрсетілген классификацияда жаратылыстану және техникалық ғылымдар “scіense” тарауына жатқызылған. Бұл жерде де “scіense” сөзінің: 1) ғылым; 2) жаратылыстану ғылымдары және 3) білім секілді әртүрлі мағыналарының бар екендігін көрсеткеніміз абзал.

Қазіргі кезде адамның санасына оның психоәлеуметтік ортасында орын алып отырған алуан түрлі жалған ғылыми, діни, мистикалық көзқарастар әсер етуде. Әрине, шынайы ғылым мен білім бұл жалған ілімдермен сиысуы мүмкін емес және ғылыми дүние танымды елемей бұрмалау аса қауіпті әлеуметтік және жекелеген зардаптарға душар етуі мүмкін. Бұл қауіп саяси билік, дін және жалған ғылым одақтасқан жағдайда бірнеше есе күшейуі мүмкін. Оған мысал ретінде инквизиция, діни фундаментализм мен фанатизм, фашизм, кибернетика мен генетиканы қудалау және т.б. келтіруге әбден болады.
Ғылымның дамуы нәтижесінде біздің өміріміз бір ғана ұрпақ ішінде елеулі өзгерістерге ұшырап отыр. Қоршаған орта туралы ақпараттың ағымы бірнеше жыл ішінде еселеп көбеюде. Адам болса бұл ақпарат ағымын жеткілікті деңгейде қабылдап үлгере алмау үстінде. Оның себебі, қоғам дамуы барысындағы мүлдем жаңа ғылыми пәндердің пайда болып, осыған қоса олардың тармақтанып, салаларға бөлінуінде. Ғылымның салаларға бөліну үрдісі нәтижесінде қазіргі кезде ғылымда 15 мыңнан астам ғылыми пән бар. Әрине, осыған байланысты адамзаттың өзін қоршаған табиғат пен қоғам туралы білімінің тереңдігі мен дәлдігі де елеулі түрде өскен. Осымен қатар ғылымның әртүрлі салаларының және ғалымдардың арасындағы байланыс пен өзара түсіністіктің де әлсірегендігін мойындау керек. Тіпті кейбір жағдайларда, бір ғылымның әртүрлі салаларында жұмыс істейтін ғалымдар екінші бір саланың зерттеу әдістері мен нәтижелері жайлы мүлдем бейхабар болады. Абырой болғанда қазіргі кезде ғылымның өзі дүниені тек пәндік сипатта зерттеуге қарсы әдістер мен құралдар қалыптастырып, шығарып отыр. Ғылыми салалардың арасындағы байланысқа деген бұл жаңа көзқарас интегративті немесе пәнаралық деген атқа ие болды.
Қазіргі кезде дамыған капиталистік елдер ғылымға жалпы ұлттық кірістің 2-3 % жұмсауда. Бұл шығындарсыз елдің қорғаныс және өндіріс саласының жоғары деңгейін сақтап қалу мүмкін емес. Ғылым экспонент бойынша дамуда, яғни ғылыми ақпарат пен ғылыми еңбектердің көлемі әр 10-15 жыл сайын екі есе көбеюде. Ғылымдардың көбеюі нәтижесінде ғалымдардың да саны ұлғаюда. Егер 1900 жылы ғалымдардың саны 100000 болса, қазіргі кезде олардың саны 5000000 - ға жеткен (яғни Жер шарында тұратын әрбір мың адамның біреуі).
Егер қазіргі заман адамы ешқашан ғылым саласында еңбек етпеген болса, оның ғылыми қағидаларды (концепцияларды), қаншалықты білуі қажет? Ғылым - тек білімнің, фактілердің және т.б. жиынтығы ғана емес ол сондай ақ, қоғамның мәдени-әлеуметтік маңызды құбылыстарының бірі. Яғни ғылым дегеніміз бұл:
1) мәдениеттің бір саласы;
2) дүниетанымдық әдістің бірі;
3) адамды және табиғатты қайта өңдеуші өндіргіш күш;
4) арнаулы институт (институт түсінігіне тек жоғары оқу орны емес, сонымен қатар ғылыми қауымдастықтар, академиялар, лабораториялар, журналдар және т.б, кіргізіледі).
Біздің жаңа капиталисттік дәуірімізде көптеген құбылыстар ғылыми методологияға сәйкес қалыптастырылып отыр. Әрине адамзат еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыруға әлі қол жеткізе қоймаса да, дегенмен ғылыми қағидалар қазірдің өзінде еңбекте қолдануда. Осыған сәйкес бұл қағидаларды қолдану үшін, ең алдымен оларды білу қажет – себебі дамып келе жатқан капиталистік өндіріс жаңа табиғи ресурстарды, технологиялар мен машиналарды еңгізуді талап етіп отыр. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін капиталистік қоғамның өндіргіш күштері ретінде қазіргі заманғы ғылыми концепцияларды білу қажет.
Адамзат санының 1900 жылғы 1 млрд-тан 2000 жылы 6 млрд-қа дейін күрт өсуі, жаппай сауаттану, ғылыми революция, ғылыми-техникалық прогресс өкінішке орай, адамзаттың мәдениеті мен дүние танымының тап осылай дамуына себеп бола алған жоқ. Әдетте ғылымның қалыптасуы, шынайы ғылымдарға ұқсас әртүрлі жалған ғылымдар мен ілімдердің пайда болуымен қатар жүреді. Мысалға астрономиямен қатар табысы көп астрология, психологияның қасында парапсихология қолданыста. Ғылыми жетістіктермен қатар надандық пен тағылық қатар жүріп, діннің, мистиканың, окультизмнің және жалған ғылымдардың жаңарған түрлері таралуда. Осыған сәйкес табиғат пен қоғам дамуының жалпы принциптерін, әлемнің ғылыми бейнесіне сай дүниеге көзқарастың концепцияларын білмеу көп ретте діни және ұлттық экстремизмге әкеліп соғады.
Гуманитарлық салада білім алып жатқан студенттің жалпы білім деңгейі, ойлау мәдениеті мен ғылыми дүние танымының қалыптасуы оның ғылым дамуының бүкіл тарихында пайда болған аса маңызды концепциялармен танысып, оларды игеруі арқылы анықталады. Осымен қатар осы пән қоршаған ортаға деген концептуалдық көзқарастың қалыптасуына, эрудицияның деңгейінің көтерілуіне, жалпы мәдениеттің және жауапкершіліктің пайда болуына себеп болады.
Сонымен, концепция дегеніміз не? Ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып теориялар, заңдар, модельдер, гипотезалар, эмпирикалық тұжырымдар болатындығы белгілі. Әрқайсысының өз мәні, мағынасы бар, бірақ бұл түсініктерді бір ғана “концепция” сөзімен ақ біріктіруге болады. Яғни “концепция” термині белгілі бір көзқарастардың жүйесі, белгілі бір құбылыстардың, процестердің түсінігі, белгілі бір туындының басты ойы ретінде түсінілуі .
Ғылыми методологиялық көзқарастардың ішіндегі ең жақсы тұжырымдалып, фундаменталды түрде зерттелгені – эволюция концепциясы болып табылады. Эволюциялық концепция қазіргі заманғы әлемдегі бүкіл ғылымның негізін құрайды десек те қателеспейміз. Біз осы концепцияға сүйене отырып, қоғам мен табиғат арасындағы процестердің байланыстары мен арақатынастарын айқындайтын жаратылыстанудың басқа барлық концепцияларын дұрыс түсініп және түсіндіріп бере аламыз.
Ғылымның концепцияларына ғылымдарды классификациялау проблемасы да жатқызылады. О.Конт алғашқылардың бірі болып ғылыми классификацияны жасауға тырысты. Ол сызықтық классификация деген атқа ие болған класификацияны ұсынды, бұл классификация бойынша ол ғылымды жалпыдан жеке түрлерге, қарапайымнан күрделі және спецификалық түрлерге қарай қатарластырыптоптады. Өз кезегінде Б.Кедров ғылымды ғылыми білімнің координациясы мен субординациясы қағидаларын ұстана отырып классификациялауды ұсынды. Оның ойы бойынша ғылымдар жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар деп үшке бөлінуі қажет болды. Бірақ қоғамда ғылымды бұрыннан бері қалыптасқан гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарына бөлу қолданылып отыр. Тіпті Англияда білім беру жүйесі де қатаң түрде гуманитарлық, және жаратылыстанушылық - техникалық болып келеді.
Ал егерде біз ғылым мен өнерді салыстыратын болсақ, көрсетілгеннен бөлек жағдайды көреміз. Ғылым - қоршаған ортаны зерттеп білу процесіндегі көптеген адамдардың өз тәжірибелерін жинақтап, оларды түсіндіруге бағытталған өзара үйлесімді, жүйелі іс-әрекеттерінің нәтижесі. Ал өнер болса жекелеген адамның жан – тәнінің белгілі бір жағдайын суреттеп, нақты бір сезімдерді оятуға бағытталған белгілі бір адамның интуитивтік әрекеттері.
Ғылым дегеніміз - білім. Ғылымда дәстүрлі екі бағыт қалыптасқан. Бұл бағыттың бірі - қоғам мен техникалық ортаның тарихын сипаттау болса, екіншісі- табиғат тарихы. Бұл бағыттардың екеуі де мәдениеттің бет - бейнесін тарихи анықтай алады. Әрине, біздің техникалық өркениеттің дамуы кезеңінде жаратылыстануды абсолютті түрде қарастыру тенденциясы байқалып отырғандығы ақиқат. Бұл тарихи фактыны жаратылыстанудың мәдениет шеңберіндегі орны мен маңызын анықтауы мен түсіндіруге тырысуы деп қабылдауымыз керек. Жаратылыстану мәдени құндылық ретінде қарастырылады. Сондай – ақ ол міндетті түрде екінші бір концепцияға қарама-қарсы қойылуы керек, мысалға гуманитарлық мәдениетте: физика – лирика дегеніміз секіл

12
скачать работу


 Другие рефераты
Интернеттегі web серверлер
Личность Сандро Боттичелли в контексте эпохи Возрождения
Времяоника. Теория, которой суждено изменить жизнь человечества
Киевская Русь


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ