Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ипотекалық несие



 Другие рефераты
Халықаралық несие Мемлекеттік несие Тұтыну несиесі Коммерциялық несие

Ипотекалық несие – жылжымайтын мүліктерді : жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.

Ипотекалық несие беру – тұрғын үй саласына инвестициялар тартудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Дәл осы ипотека, халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту, банктердің тиімді және пайдалы жұмыс істеу, құрылыс кешенінің өндірісті ырғақты жұмыспен жүктеу және халыққа ипотекалық несие беруді кең қолдануға жәрдемдесетін экономикалық өсуге ынталы мемлекеттің мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік береді.

Азаматтарға ипотекалық несиелер беруді екінші деңгейдегі банктер 1998  жылдан бастап жүзеге асыруда. Ипотекалық несиелер бойынша сыйақының бастапқы ставкасы жылына 20 %, бастапқы жарна мөлшері 40 — 50 %- ға жуықты құрады, несие 5 – 10 жылдан аспайтын мерзімге берілді.

Алайда, ипотекалық несие беру жүйесінің осындай дамуы кезінің өзінде қызметтер көрсетудің бұл түрі ҚР  азаматтарының аз санатына ғана қол жетімді болды. Негізгі себептердің бірі халықта сыйақы төлеу мен бастапқы жарна үшін жеткілікті қаражаттың жоқтығы болып табылады. Осыған байланысты « Қазақстандық Ипотекалық Компания » ЖАҚ ( бұдан әрі – ҚИК ) құрылды. Қазіргі кезде ҚИК-тің жарғылық капиталы 2,5 млрд. теңгені құрайды.

Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық  несие беру көлемін ұлғайту үшін ипотекалық несие бойынша талап ету құқықтарын сатып алу жолымен екінші деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру ҚИК қызметінің мақсаты болып табылады.

ҚИК – тің қатысуымен ипотекалық несие беру жүйесінде 8 банк және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 2 ұйым жұмыс істейді. ҚИК – тің бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беру жөніндегі өз қызметін жүзеге асыратын « Каспий », « Астана – Қаржы » банкі, « Центр – Кредит » банкі, « АСҚ », « БТА – Ипотека » банкі, « Нұрбанк », « Қазақстанның Наурыз банкі », « Техака банк », « Альянс банкі », « Цесна банк » сияқты екінші деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдары ҚИК – тің серіктестері болып табылады. Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің бірқатары тұрғын үй құрылысына ипотекалық несие беруді дербес жүзеге асырады.

2001 жылғы 1 – наурыздағы жағдай бойынша ҚИК екінші деңгейдегі банктерден 10 млрд. теңгеден астам сомаға ипотекалық несиелер бойынша талап ету құқықтарын сатып алды.

Ипотекалық несиелерге кепілдік беру ( сақтандыру ) жүйесі айтарлықтай рөл атқаратынын атап өткен жөн. Ипотекалық несиелерге кепілдік беру ( сақтандыру ) жүйесі екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық несиелерді сақтандырушы ұйымдар арасындағы несие бойынша несиелік тәуекелдерді бөлу жолымен ипотекалық несиелерге қолжетімділікті арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Осыған байланысты ҚР – да 2003 жылы Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры (  ҚИНБҚ ) құрылды. Ипотекалық несиелерге кепілдік беру ( сақтандыру ) жүйесін құру ҚР – на ипотекалық несиелер рыногын оңтайландыруға және кеңейтуге мүмкіндік береді[1].

Тұрғын үй саласының ипотекалық несиелеу мәселесі қазіргі таңда халық арасындағы ең өзекті проблемалардың бірі болып отырғаны баршамызға мәлім. Республикамыздың елбасы да ипотекалық несиелеу қызметіне көп көңіл бөлуде. Президентіміз өзінің халыққа жолдауында ипотекалық несиені алдыңғы бағыттарында атап көрсетті. Мен осы курстық жұмысымда, ипотекалық несие мәселесін жалғастыра отырып, президенттің 19 – наурыз 2004 жылы күні Қазақстан халқына жолдауындағы  2.1. « Тұрғын үй құрылысының жаңа саясаты » бөлімін жеке атап кеткенді жөн көрдім.

« Соңғы кездері тұрғын үй құрылысы проблемаларының шешілу жолдары туралы көп айтылуда. Мемлекеттік қайтарымсыз тұрғын үй салудың идеясы әлі күнге дейін күшінде қалуда. Бар жауапкершілікпен мынаны атаймын, кейбір жекеленген топтар болмаса, тұрғын үйді тегін беру деген болмайды. Тұрғын үй жеке – меншік болып табылады, демек, адамның өзінің жауапкершілігінде деген сөз. Бүгін де еліміздегі тұрғын үй қорындағы жеке – меншік үйдің үлесі 97 %- ға жуық. Бұл бұдан әрі төмендемейді.Осымен қатар тұрғын үй проблемасы ең басты болып қалып отыр. 2003 жылы Қазақстанда 2 млн. – нан астам шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл 2002 жылы пайдалануға берілген үй санынан 30 %- ға артық. Алайда, бұл жетістіктің өзі бізді қанағаттандырмайды. Есептеулер көрсеткендей, жыл сайын кем дегенде 4 млн. шаршы метр үй салу керек. Мен осы саланы біздің экономикалық дамуымыздың жетекші саласының біріне айналдыру идеясын көптен айтып келемін. Сіздер түсінесіздер ме, тұрғын үйлерді жаппай салу өзімен бірге құрылыс материалдар өнеркәсібін, жихаз өнеркәсібін, металл өңдеуді дамытады. Осыған байланысты мен қазақстандықтарға 2005 жылдан бастап тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты іске асыру басталатыны жөнінде үлкен қанағаттанған сезіммен айта кеткім келеді. Бұл саясаттың мән – мағынасы оның құнының арзандауы, тұрғын үйді несиеге алудың мерзімінің ұзаруы, алғашқы төлемдік жарнасының және несиелік өсімінің төмендетілуі арқасында халықтың басым бөлігінің қолы жететін тұрғын үймен қамтылуына жағдай жасау.

Сонымен, ипотекалық несиелер үшін қайтарым мерзімі бүгінгі 10 жылдан 20 жылға дейін арттырылады. Алғашқы төлемақы жарнасы үй бағасының 20% — дан 10 %- ға дейін төмендетіледі, бұл жағдайда несие ставкасы 13 – тен 10 %- ға дейін азайтылады. Тұрғын үй құрылысы қаражаты жүйесі туралы айтсақ, онда алғашқы төлемақы жарнасы 50 – ден 25 %-ға дейін төмендетіледі. Несині қайтару мерзімі қалған сома бойынша 15 – тен 25 – ке дейін ұлғайтылады. Бұл жағдайда үлкен қалалардағы аз мөлшердегі өрлеу жұмыстарымен жақсартылған жобадағы тұрғын жайдың бір шаршы метрінің құны бүгінгі әр шаршы метрі үшін 700 доллардан 350 долларға дейін төмендетіледі. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде еліміз бойынша жобаланып отырған ЖІӨ өсімі 2 %- ға жуық өседі деп күтілуде…»[2].

19 – наурыз 2004 ж. Астана.



[1]  « Жас қазақ » ақпаратты – сараптамалық апталық газеті, № 17 (17) 26 – ақпан 2004 ж. 7 — бет, таратылымы — 10000 дана.

[2] Қазақстанның « Өмір » атты қоғамдық журналы, № 4 (5), сәуір 2004 , 6 – бет, 2.1., таратылымы 12000 дана.

 

скачать работу


 Другие рефераты
Бақытжан Қаратаевтың ғылыми зерттеу жұмыстары
Технология неконцентрированной азотной кислоты
Шарт ұғымы
Возникновение и идеи правового государства


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ