Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тұтыну несиесі



 Другие рефераты
Мемлекеттік несие Ипотекалық несие Коммерциялық несие Несиенің формалары және түрлері

Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық және банктік формада берілетін несие.

Тұтыну несиесінің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан – тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан – тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе қазіргі уақытта нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.

Несиенің бұл түрін әр түрлі елдерде салыстыру, оның дамуының әр түрлі деңгейін көрсетеді. Италия мен Жапонияда тұрғындардың жалпы қарыз сомасының қатынасы осы елдердің ЖІӨ — не 10 % деңгейінде, ГФР және Францияда 30 %, ал Ұлыбритания мен АҚШ – та 60 % астам.   Тұтыну несиесі негізінен, қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезінде: автомобильдерді, электр тұрмыстық құралдарды, жихаздарды және т.б. пайдаланылады. Тауар бағасы қымбат болған сайын, тұтыну несиесі де жиі қолданылады. Капиталисттік елдерде несие көлемінің жартысынан көбі автомобильдерді сатудың үлесіне тиеді. Қалған тауарлар көбінесе қолма – қол төлеу шартымен сатылады.

70 жылдардан бастап, бірқатар елдерде жеке тұлғаларға тұрақты несиелер ашу тәжірибесі кең таралды. Бұл жерде айтылатын нәрсе, тауарларды сырттай каталогтардың көмегімен немесе ірі әмбебаптардан сатып алатын алушылар туралы болып отыр. Тұтыну несиесінің бұл түрінің мақсаты – клиенттерді жоғалтпай сақтап қалу және оларды көбейту, сонымен қатар сәйкесінше фирманың сауда айналымын ұлғайту.

КСРО – да тұтыну несиесі 60 – 70 жылдары дамыды. Несие ұзақ қолданыстағы тұрмыстық заттарды сатып алу үшін 1 – 2 %  жылдық мөлшерлемемен 6 – 24 айға берілді.

Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банктік қарыз формасында тұрғын үй алуға және салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда осы үшін мамандандырылған Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкі құрылған.

Жаңа тұрғын үй саясатының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес азаматтарға қызмет көрсету үшін Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкінде қарыз – жинақ шоттары ашылады. Қарыз – жинақ шоттарын құрылысты бастауға, аяқталмаған құрылысты жалғастыруға, жарналарды жинақтау мен тұрғын үй сатып алуға және осы мақсаттарға жеңілдік несиелерін беру үшін пайдаланылады.

скачать работу


 Другие рефераты
Основные принципы создания группировок войск для сражения, принятия решения командованием и организации управления
Социальный интеллект, как способность к эффективному общению
Отты күндер шежіресі
Организация прямых продаж


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ