Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы салдарынан туындайтын аурулар



 Другие рефераты
Кiрлiкшелi құрттар класы Ішкі секрециялық бездер және олардың жіктелуі Ішкі секреция бездерінің қызметін зерттеу әдістері Ішімдіктің зияны

Ішкі секреция бездері қызметінде екі түрлі ауытқу байқалады 1) гиперфункция — без қызметінің күшеюі, мұндай жағдайда без гормонды көп бөледі; 2) гипофункция — без қызметінің әлсіреуі, мұндай жағдайда без гормонды аз, жеткіліксіз мөлшерде бөледі. Организм үшін бездің гиперфункциясы да, гипофункциясы да қолайсыз, олар түрлі аурулар тудырады.

Қалқанша без қызметі күшейсе организм базед ауруына шалдығады бездің көлемі үлкейіп, көз шарасынан шығады (бадырақ көз), жүрек қағады, нерв жүйесінің қозғыштығы жоғарылап, организм тез қажиды, терлегіш келеді. Без жұмысы әлсіресе ересек организмде шырышты ісік — микседема дерті байқалады тері кебірсіп, қатаяды да, ісінеді, түк түсіп қалады, зат алмасу қарқыны төмендеп, психика өзгереді. Без қызметі жас шақтан жетіспесе өсу процесі нашарлап, ақыл-ойдың дамуы тежеледі, нақұрыс — кретинизм ауруы байқалады. Ауыз су мен топырақта йод жетіспесе бездегі дәнекер ұлпа шамадан тыс ұлғайып, секрециялық торшалар әлсірейді де, организм зоб ауруына шалдығады. Бездің көлемі үлкейгенімен, гормон жеткіліксіз мөлшерде бөлінеді, зат алмасу процесінің қарқыны төмендейді.

Қалқанша серік безінің қызметі нашарласа тетания — құрысу байқалады, дененің бұлшық еттері тартылып, қарысып, қанда кальций мөлшері күрт төмендейді, тіс бұзылады, салмақ кемиді. Бүйрек үсті безінің қыртысты бөлігінің қызметі нашарласа аддисон ауруы туындайды тері қошқылданып, тәбет жойылады, қандағы қант мөлшері азаяды, қан қысымы төмендейді, организм ариды. Ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметі нашарласа сусамыр — диабет ауруы байқалады, көмірсулар мен майлардың алмасуы бұзылады, қан мен зәрде қант мөлшері көбейеді.

Гипофиздің алдыңғы бөлімінің қызметі күшейсе организмнің өсу қарқыны үдеп, алыптық (гигантизм), ал әлсіресе — ергежейлік байқалады. Гипофиз қызметінің бұзылуы салдарынан организм акромегамия (дененің жеке бөліктерінің өсуіндегі үйлестіктің бұзылуы), май басу сияқты дерттерге де шалдығады.

скачать работу


 Другие рефераты
Искусство Византии
КӘСІПТІК АУРУЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАРЫ
Русский космизм
Глобальные проблемы человечества


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ