Кiрлiкшелi құрттар класы
Другие рефераты
Кiрлiкшелi құрттар барлык ортаға кең тараған, көпшiлiгi ез бетiмен қозғалып жыртқыштық тiршiлiк етедi, тек кейбiреулерi паразиттiк тiршiлiк етедi. Олар теңiздерде, тұщы суларда және ылғалды топырақ арасьнда тiршiлiк етедi. Шамамен 3400 түрi белгiлi.
Құрылысы. Кiрпiкшелi құрттардың өкiлдерi тоспа суларда, баяу ағатын өзендерде, суда тiршiлiк ететiн ак планария (Dеndrосоеlum lасtеum). Пiшiнi жапырақ тәрiздi, арқасынан құрсағына қарай жалпақ болыл келедi. Оныц денесiнiц алдыңғыы ұшында құлақша дел аталатын екi өсiндiсi болады. Ұзындығы 24-26 мм. Денесiнiң реңi ақ, қара, күлгiн, жасыл, сары т.б. түрлi түстi болады.
Эпителиалық клеткалардың арасында жарықты шағылыстырып кейiн қайтаратын, әрi қауiп төнгенде атылып шығып, дененiң бетiне шыққан соң улы ерiтiндiге айналып, қорғану қызметiн атқаратын рабдит клеткалары болады.
Терi эпителий қабатының астында ұзынша, сақина тәрiздi және қиғаш салалы ет талшықтары болады. Терi эпителиiмен барлық үш ет қабаттары қосылып жалпақ құрттарға тән терi — ет қапшығын құрайды. Терi-ет қапшығы iшiнде iшкi мүшелерi орналасқан паренхиманы қаптап тұрады.
Паренхима. Терi-ет қапшығының iшiнде орналасқан барлық мүшелердiң арасы борпылдақ паренхима клеткаларымен толтырылған. Паренхима — құрттың маңызды мүшесi:
а) оның iшiнде қоректiк зат қоры жиналады;
б) регенерация — қайтадан қалпына келу процесiне қатынасады, оның iшiнде түрлi икемделген клеткалық элементтер құрылады;
в) тiрек қимыл қызметiн аткарады;
г) зат алмасу процесiне қатынасады.
Кiрлiкшелi құрттың сыртын, кластың аталуына сай, майда кiрпiкшелер қаптайды. Кiрпiкшелердiң көмегiмен қозғалады. Кiрпiкшенің астында бiр қабат эпителий клеткалары орналасқан.
15-сурет. Сүт түстi планарияның (Геж1госое1штi 1асешii) ішкі құрылысы: 1 — ауыз тесiгi, 2 — жұтқыншақ, 3 — iшектiң алдыңғы саласы, 4 — iшектiң артқы оң жақ саласы, 5 — жұмыртқа безi, 6 — жұмыртқа жолы, 7 — сарыуыз без, 8 — жьтныс клоакасы, 9 — жыныс тесiгi, 10 — аталық бездерi, 11 – тұқым жолы, 12 — шағылысу мүшесi, 13 — тұқым қапшығы, 14 — нерв түйiнi, 15 — бүйiр нерв бағанасы, 16 – көлденең нерв комиссуралары, 17- көзi, 18- қармалуыш.
Нерв жүйесi. Эволюция процесiнің барысында орталық нерв жүйесi күшейе түседi. Денесiнiң алдыңғы бөлiмiнде нерв клеткалары шоғырланып ми ганглиясын құрайды. Нерв жүйесi екi бүйiр тiзбегiнен жене оларды косып, дененi өзара келденең торлап жататын коммисуралардан немесе сабакшаларымен жалғасып жатады.
Эмбрионның алғашқы дамуы сатысында нерв орталығы, ұрықтың сыртқы қабаты эктодерма пайда болады. Эволюцияның дамуында сыртқы ортаның әсерiнен жарақаттанбас үшiн, организмнiң басқа бөлiктерiмен дұрыс байланыста болу үшiн, нерв орталығы дененiң iшіне қарай орналасқан.
Сезiм мүшелерi. Кiрпiкшелi құрттар өз бетiмен қозғалып тiршiлiк еткендiктен, оларда сезiм мүшелерi жақсы дамыған. Көпшiлiгiнде бiр немесе бiрнеше жұп көздерi болады. Олар көру клеткаларымен пигмент бокалдарынан тұрады. Кеңiстiктi бағдарлайтын жене дененi бiр қалыпта тепе-теңдiкте ұстайтын статоцисталары болады. Кейбiр құрттардың басындағы құлақшалары химиялық сезу мүшелерiнің қызметiн атқарады.
Ас қырыту жүйесi. Ас қорыту жүйесi құрсақта орналасқан ауыз тесiгiнен басталады. Оған жұтқыншак жалғасады, ол ортаңғы iшекпен тұйык бiтедi. Бiраз тобында жұтқыншақ және iшектер тiпті болмайды. Сөйтiп ауыз арқылы тамақ кiрiп, ауыз арқылы қалдық заттары сыртқа шығарылады. Кiрпiкшелi құрттар жыртқыштар. Олар судағы әр түрлi ұсақ организмдермен, ұсақ шаяндармен қоректенедi.
Ішектерi болмайтын құрттарда ас қорытқыш клеткалары паренхимада болады.
Тыныс алу. Бүкiл дененiң сырттымен тыныс алады. Олардың арнаулы тыныс алу мүшесi болмайды. Қан айналу мүшесi болмайды.
Зәр шығару жүйесi. Кiрпiкшелi құрттарда ең бiрiншi рет зәр шығару мүшесi пайда болды. Зәр шығару жүйесi протонефридия түрiнде болады. Ол тармақталған түтiкшелерден және тұйық терминалдық клеткалардан тұрады. Әрбiр клеткалардың түтiкшелерi өзара бiрiгiп iрi түтiкшелерге, олар бiрiмен-бiрi қосылып негiзгi зәр шығару каналына айналып, бiрнеше тесiк арқылы сыртқа ашылады. Мұндай мүше арқылы денедегi артық су мен зат алмасу кезiнде пайда болған зәр заттары организмнен сыртқа шығарылады.
Жыныс жүйесi. Кiрпiкшелi құрттардың барлығы жынысты жолмен көбейедi, олардың жыныс жүйесi қос жынысты (гермафродиттi) болады. Аталық жыныс жүйесi көпттеген көпiршiк тәрiздi ұрық бездерiнен, ұрық түтiкшелерiнен, ұрық жолынан құрылған. Аналық жыныс жүйесi бiр жұп жұмыртқа безiнен, одан кететiн бiр жұп жұмыртқа жолынан және қосымша бездерден құрылған. Жұмыртқа жолының түтiктерi шағылыс мүшесiнің қалтасы мен жыныс клоакасына ашылатын тесiгi бар ортақ жыныс қынабына қосылады. Кiрпiкшелi құрттар айқаспалы арқылы ұрықтанады. Бұл кезде екi құрт бiрiмен-бiрi (айқаспалы) жыныс тесiктерi арқылы жанасады. Жыныс клоакасы арқылы ұрық қалтасына енiп бiр-бiрiне ұрық клеткаларын қалдырады. Жұмыртқаның ұрықтануы жұмыртқа жолына шыға берiсте орындалады да, сарыуызбен қоршалып, жыныс клоакасына келедi. Жыныс клоакасында сарыуыз клеткаларының бөлiнiп шығатын зат есебiнен құрылған қабықпен қоршалады. Ұрыктанған жұмыртқалар денесiнiң жыртылған тесiгi арқылы немесе ауызы аркылы немесе арнаулы түтiктер арқылы сыртқа шығарылады. Содан кейін (кокон) шүйкелердi су астындағы заттардың үстiне салып кетедi. Оның iшінде 40-қа дейiн эмбрионы болады.
Дамуы. Теңiз жалпақ құрттырының көпшiлiгi түрленiп дамиды. Личинка бiр қатар уақыт жүзiп жүредi де, ескектерi жойылып, личинка жүзу қабiлетiн жояды да теңiздiң түбiне түсiл, жас кiрпiкшелi құртқа айналады. Жұмыртқадан планктонды личинкалар дамиды. Кiрпiкшелерi арқылы су қабатында личинка жүзiл жүредi. Тұщы суларда тiршiлiк ететін жалпақ құрттарда (ақ планария) тура дамиды. Жұмыртқадан бiрден ересектерiне ұқсас организм шығады.
Экологиясы. Кiрпiкшелi құрттар дүниежүзiнде көп таралған. Олар теңiздер мен мұхиттардың түбiнде, көбiне жағаларда өмiр сүредi. Ондағы құмдарды, тұнбаларды жене балдырларды мекендейдi.
Кiрпiкшелi құрттардьщ бәрi жыртқыштық өмiр сүредi, соған сәйкес азықтарының да түрi көп. Мысалы, олар қарапайым жануарларды, майда шаянтәрiздiлердi, масалардың личинкаларын т.б. қорек етедi.
Кiрпiкшелi құрттардың тiршiлiгiнде регенерациялық құбылыстың мәнi зор. Оларды денесiнiң 279/1 бөлiгi регенерацияланып тұтас жануарга айнала алады. Планарияның денесiнің үзiліп қалған жерін қалпына келтiрiп қана қоймай, кез келген денесiнің кiшкентай 0,01 бөлiгiнен де тұтас организм қалпына келген. Планарияның осы қабiлетiн көрген бiр ғалым “пышақ астында өлмейтiн ғажап” дептi.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|