Камералдық бақылау. Мониторинг
Другие рефераты
Берілген сұрақтардың біреуіне жауап беріңіз
1.Салық төлеушілерді салық төлеушілердің мемлекеттік базасындағы мәліметтерден алынып тасталуы
2. Ірі салық төлеушілер мониторингінің мазмұны мен мақсаты
ІРІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР МОНИТОРИНГІ
Жалпы ережелер
1. Ірі салық төлеушілер мониторингі (бұдан әрі – осы тараудың мақсаты үшін — мониторинг) ірі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың қаржылық-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп, бiр мезгiлде мына талаптарға сай келетiн:
1) барлық активтерiнiң баланстық құнының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мо¬ни¬торинг жүргiзуге жататын iрi салық төлеушiлердiң тiзбесi бе¬кiтiлуге жататын жылдың соңында қолданыста болған айлық есеп¬тiк көрсеткiштiң кемiнде 325 000 еселенген мөлшерiн құрайтын;
2) қызметкерлерiнiң саны кемiнде 250 адамды құрайтын iрi салық төлеушiлер мониторинг жүргiзiлуге жатады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық са¬рап¬тамасынан өткен өнiмдi бөлу туралы келiсiмде (келiсiм¬шартта) көр¬сетiлген, осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетудi есеп¬ке алмағанда, жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп се¬нiм бiлдiрiлген адам (оператор) және (немесе) жер қой¬науын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) iрi салық төлеушiлердiң мониторинг жүргiзiлуiне жатқызылады және осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тар¬мақшаларында белгiленген шарттардың сақталуына қарамастан iрi салық төлеушiлер тiзбесiне енгiзiледi.
Осы баптың мақсатында:
1) осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзету есепке алынбаған жылдық жиынтық табыс, мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесi бекiтуге жататын жылдың алдындағы салық кезеңiндегi корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация деректерi негiзiнде айқындалады;
2) активтердiң баланстық құны мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесi бекiтуге жататын жылдың алдындағы жылдағы жылдық қаржылық есептiлiк деректерi негiзiнде айқындалады;
3) қызметкерлердiң саны мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесi бекiтуге жататын жылдың бiрiншi тоқсанының соңғы айындағы жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық бойынша декларациялардың деректерi негiзiнде айқындалады.
Осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетудi есепке алмағанда, осы тармақта белгiленген шарттарға сәйкес келетiн iрi салық төлеушiлердiң iшiнен жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп алғашқы үш жүз iрi салық төлеушi мониторинг жүргiзiлуге жататын iрi салық төлеушiлер тiзбесiне енгiзiледi.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесін аталған тізбе қолданысқа енізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
Егер мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін қолданысқа енгізер жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін салық төлеуші таратылу алдында тұрса, мұндай салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды.
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі оны бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойына қолданыста болады және осы кезең ішінде қайта қаралуға жатады
4. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры (құқық мирасқорлары) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің келесі тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін мониторингке жатады.
5. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгізілген күннен бастап аталған салық төлеуші мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесінен шығарып тасталған деп танылады.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|