мемлекеттік қаржы бюджеті
Другие рефераты
Жоспар:
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының облыстық бюджетінің 2011 жылғы бөліну бағыттары.
2. Қазақстан Республикасының 2012 -2013 жылдар ішіндегі облыс бюджетінің бөліну жоспары.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының 2011-2013 жылдардағы облыс бюджеті
Бюджет(ағылш. budget – қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы.
Мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік жоспарлау / Бюджетті жоспарлау — бюджеттің жоспарлы түрде жасалуы, қаралуы, бекітілуі және атқарылуы барысы; басқарудың әрбір деңгейінде бюджеттік ресурстардың көлемін, құралу көздерін, нысаналы мақсатқа пайдаланылуын анықтауға мүмкіндік беретін қаржы жоспарлауының құрамдас бөлігі. Бюджетгік жоспарлауда бюджеттік ресурстарды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарынан туындайтын мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жұмылдыру жолдары айқындалады. Нарықтық қатынастар жағдайында Бюджеттік жоспарлаудың мазмұны, әдіснамасы мен әдістемесі түбегейлі өзгерді. Ол директивалық жоспарлаудан индикативтік жоспарлауға айналды; онда жалпы шығындық көрсеткіштердің орнына пайда алуға бағдарланған өзге өлшеуіштерді пайдалануға мүмкіндік туды.
Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады . Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады. Қазан айының 31күні, дүйсенбіде облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы болып өтті.Оған облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевқатысты. Депутаттар қараған мәселелердің ең бастысы 2011- 2013 жылдарға арналған облыс бюджеті болды.
Облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Г. Давдрикованың сөзіне қарағанда, келесі жылы дақомақты қаражат әлеуметтік салаларға бағытталатын болады. Бұл ретте бюджеттің жеке кірісі 2010 жылмен салыстырғанда 27,5пайызға өсіп отыр. Негізгі кіріс көзін Павлодар және Екібастұз қалалары бюджеттерінен алынатын салықтар құрайды. Сондай-ақ қоршаған ортаны, су және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін эмиссиялар да есепке алынған. Келесі жылы салықтықемес түсімдер көлемі 256,4 млн. теңге болады деп белгіленген.
2011 жылы республикалық бюджеттен берілетін субвенция 25,8 млрд теңгені, 2012 жылы – 28,9 млрд теңгені, 2013 жылы27,7 млрд теңгені құрайды деп күтілуде.
Енді «облыс бюджетін келер жылы қандай мақсаттарға жұмсаймыз?» дегенге толығырақ тоқталсақ.2011 жылы бюджеттіңшығын бөлігі 54,1 млрд теңге шамасында болады деп жоспарланған. Яғни, осынша сомада қаражат маңызды ісшараларға бағытталады. Г.Давдрикованың айтуынша, келер жылғы бюджеттің жобасын әзірлеуде үнемдеушілікке баса мән берілді. Десе де,әлеуметтік бағдарламалар бойынша қысқартулар болған жоқ.
2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала мамандарының еңбекақысы 30 пайызға өседі. Бұл үшін бюджеттен 4,2млрд теңге қарастырылған. Сондайақ кәсіптік лицейлер мен колледж студенттерінің шәкіртақысы 12 мың теңгеге (қазір 9 мың теңгеден астам алуда) жетеді.Келесі жылы білім беру жүйесіне берілетін қаржы 2010 жылдың көрсеткішіне қарағанда 31,6 пайызға өскен. Оның ішінде«Балапан» бағдарламасы бойынша Баянауыл, Железинка, Көктөбе, Баскөл ауылдарында, Ақсу және Павлодар қалаларында тоғызбалабақшаны қайта қалпына келтіруге 293 млн. теңге қаржы бөлінеді. Сөйтіп, облыста бүлдіршіндерді тәрбие мекемесімен қамтудеңгейі 71-ден 76 пайызға дейін өседі деп болжанған. Білім беру басқармасының 27 облыстық мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және тағы 12 білім ошағын күрделі жөндеуден өткізу үшін сұраған 222 млн теңге сомасындағы өтініші қанағаттандырылады. Одан басқа, облыстық бюджет қаржысына қосымша тағы төрт ауылдық мектепті (Ақтоғай, Баянауыл,Железинка, Баянауыл) күрделі жөндеуден өткізу белгіленген. Денсаулық сақтау саласына да баса мән беріліп отыр. Кепілді тегін медициналық көмек көрсету үшін 10,3 млрд теңге қаражат бөлінеді. Бұл — жалпы денсаулық сақтау жүйесіне беріліп отырған қаржының 92 пайызын құрайтын сома. Жалпы келесі жылы бұл салаға берілетін қаржы биылғы жылға қарағанда 37 пайызға артық. Соның есебінен 745 млн теңгеден астам қаражатты дәрілік құралдар алуға жұмсау жоспарланды. Бұл сома қазіргі кезде қажет болып жатқан мөлшерді толығымен қамти алады. Сонымен бірге, 12 емдеу мекемесін күрделі жөндеуден өткізіп, медициналық құрал-жабдықтар сатып алынатын болады. Бұл мақсаттарға 357,6 млн. теңге бөлінеді.2011 жылдың бюджетінде халықты әлеуметтік қорғау мәселелері де ерекше ескерілген. Мүгедектерді сауықтыру шаралары жалғасын табады.
Келесі жылы облыс аудандарында 12 мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіледі. Дене шынықтыру және спортты дамытуға бөлінетін қаржы биылғы жылмен салыстырғанда 16,1 пайызға өседі. Қоғамдық тәртіпті сақтайтын құқық қорғау органдарына 3,6 млрд теңге беріледі. Ауыл шаруашылығы саласы да ұмыт қалған жоқ. 2011 жылы өнімділікті көтеруге және өндірілетін дәнді-дақылдардың сапасын арттыруға 303 млн. теңге жұмсалады.
Г.Давдрикованың айтуынша, қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығын екі есеге ұлғаяды. 2011 жылы 46135 млн. теңге облыс жолдарын жеңіл және орташа деңгейде жөндеп, бірқалыпта ұстауға бағытталады. Айтпақшы, Баянауыл ауданындағы Жаңажол-Ескелді автокөлік жолының құрылысын аяқтауға 179 млн. теңге бөлінетін болды.
Павлодар қаласына берілетін бюджет қаржысына (барлығы 572 млн. теңге) аулаларды көріктендіру, көшелерді жарықтандыру желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, аудандарға берілетін субвенция 2011 жылы – 14,4 млрд теңгені, 2012 жылы – 15,9 млрд теңге, 2013 жылы – 16,1 млрд теңгені құрайды деп күтілуде, деді баяндамасында басқарма бастығы.
Бұдан соң депутаттар пікірлерін ортаға салды. Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Н.Шабрат бюджет жобасының қолға кештеу тигеніне қарамастан, онымен толық танысып шыққанын жеткізді. Шын мәнінде, келер жылы бірқатар маңызды істерді атқару көзделіп отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбие орындарымен қамту үлесінің артуы қуантады. Десе де, түйіні шешілмей тұрған мәселелер әлі де бар. Соның бірі – жетім балалардың баспаналы болуы. «Балалар үйінің түлектеріне жеке баспана берумен кім айналысуы керек?» деген сауалға нақты жауап беретін орган табылмай тұр. Соның салдарынан бүгін тағдыр тәлкегіне ұшыраған жастар әркімнің босағасын тоздырумен жүр. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың пәтер жалдап күн кешетіндері де жанға батады. Осы жерде Алюминстрой шағын ауданындағы ескі үйлердің жағдайы да алаңдатады. Ұзақ жылдар бойы созылып келе жатқан жағдайға бұдан әрі төзу мүмкін емес. Қаладағы аула клубтарының жұмыстары да көңіл көншітпейді, бұған жеткіншектердің қылмыстық оқиғаларға жиі баруы дәлел.
Н.Шабрат алдағы уақытта осы мәселелердің ескерілуіне тілектестік білдірді.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ерлан Арын да келесі жылы бюджет есебінен көптеген істердің жоспарланғанына оң баға берді. Спорт және білім мекемелерін күрделі жөндеу ісі қолға алынады. «Балапан» бағдарламасы әрі қарай жүзеге асады. Дәрі-дәрмекпен қамту жайы да көңілден шығады. Мұның бәрі — әлеумет үшін жасалатын жағдай.
Бұдан кейін сөз алған депутат Л.Белогривый ауызсуды тасып пайдаланатын ауылдардың мәселесін Беловод және Май топтауыш су құбырларын жөндеу арқылы шешуді еске салса, А.Бабенко құқық қорғау органдарына берілетін қаржы жол-көлік апаты секілді оқиғалардың азаюына ықпал ететініне сенім білдірді.Халық қалаулылары облыстық бюджет жобасына қатысты ой-пікірлерін білдірген соң, облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев көтерілген сауалдар бойынша түсініктеме берді. Аймақ басшысы алдымен соңғы екі жыл бойы іске асырылған «Жол картасы» бағдарламасы халықтың оң бағасын алғанын, келер жылы да осы қарқыннан таймау көзделгенін жеткізді. Бюджет шығынының 70 пайызын әлеуметтік мәселелерге жұмсау жоспарланған. Алюминстрой ауданындағы ескі үйлер жағдайына келсек, оны шешуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Арнайы жоспар әзірленуде. Десе де, тұрғындарды көшірудің заң негізіндегі тетіктері табылмай тұр. Құзырлы агенттік бұдан хабардар. Заңды мүмкіндік болған жағдайда мәселені шешуді қазір-ақ бастап кетуге дайынбыз, деді облыс әкімі. Жалпы алғанда, 5 млрд теңге қаржы қажет. Бұл — қомақты қаржы, дегенмен құрылысты бастау керек.
Ал жеткіншектер қылмыстарының алдын алу жұмыстарын жандандыру үшін арнайы мамандар дайындау мәселесіне назар аударылады.Бақытжан Әбдірұлы бүгінгі таңда экономикамыз түзеліп, кәсіпорындарымыз тұрақты жұмыс қарқынына көшкенін, оның нәтижесі бюджет түсімдерінің көбеюіне әкелетінін айтты. Яғни, аталған мәселелер ескерусіз қалмайды.Депутаттар облыстық бюджет жобасынан басқа, қоршаған ортаның эмиссия төлемдері мөлшерлемесін, су қорларын пайдаланудың ақысын көтеруді мақұлдады. Сондай-ақ ұлы мерекеміз – Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ президенті Алмаз Ибрагимовке «Павлодар облысының құрметті азаматы» атағын беретін болды.
Қорыта келгенде, сөйтіп, 2011
| | скачать работу |
Другие рефераты
|