Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары



 Другие рефераты
Қаржы саясаты және қаржы механизмі Мемлекеттік қаржылық реттеу мемлекеттік қаржы бюджеті Камералдық бақылау. Мониторинг

Жоспар :

I-Кіріспе Инвестиция және оның теориялары.
1.1 Инвестицияның мәні , қызметі .
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар.

ІІ-Негізгі бөлім. Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары.
2.1 Қ. Р–ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.
2.2 Еліміздегі шетел инвесторлрының рөлі және оның қызметтері.

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары.

Кіріспе

Бұл тақырыпты алғандағы мақсат  еліміздің инвестициялық саясаттың ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету .

Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп  айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз  табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.

«Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың  еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.

2003 жылдың 9-сәуірдің Президенттік Қазақстан Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық — инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген:

Инвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау мен жаңартуға жұмсалатын болады.

Индустриалық — инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында даму институттарының жүйесі құрылады әрі капиталданатын болады.

Соның ішінде, қазірдің өзінде жинақтаушы, сондай-ақ тұрақтандырушы уәзипалар атқарып жатқан Ұлттық қор бар.

Қазақстанның инвестициялық қоры құрылатын болады. Ол капиталына үлестік қатысу арқылы қосылған құны жоғары тауарлар өндіретін қазақстандық компаниялардың құрылуына жәрдемдесуге тиіс.

Ғылыми — техникалық және кәсіпкерлік салалардың тұрақты өзара іс — қимылын қамтамасыз ету мақсатында Инновациялық қор құрылып, оған инновациялар мен венчурлық кәсіпкерлікті дамыту мен енгізу жөнінде неғұрлым кең өкілеттіктер жүктеледі.

Инвестициялық саясат. Он жылдықта  әлеуметтік – экономикалық салада жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтуды, сөйтіп, негізінен алғанда, кедейшілік мен жұмыссыздық проблемасын шешуді міндетімізге алған.

Экономика саласында 2004 жылы экономикалық өрлеудің барынша жоғары қарқынына жету басты міндет ретінде алға қойылып отыр.

Мұның өзі инвестициялардың тез өсуіне және жалпы ішкі өнімдегі жинақтау нормасының артуына тікелей байланысты.

Экономикалық өсімнің жоғары қарқынын тұрақты ұстап тұру үшін біздің таяудағы 4-5 жылдың ішінде негізгі капиталдың ІЖӨ -ге қатысты жалпы жинақталу көлемін 28 пайыз деңгейіне дейін жеткізуіміз керек. Соның ішінде мемлекеттік инвестициялардың ІЖӨ жөнінде 2-ден 4 пайызға дейінгі өсіміне жету шарт.

2003 жылы мемлекеттік бюджеттің асыра орындалатыны, сөйтіп көкейге қонымды маңызды деңгейге — бір триллион теңгеге жақындайтыны қазірдің өзінде білініп отыр.

Сондықтан, 2003 жылдың ішінде–ақ бюджетті нақтылай түсу қажет, ал экономиканың стратегиялық салаларында жұмыс  істейтін мемлекеттік ірі кәсіпорындар акцияларының пакеттерін сатудан алынған жоспардан тыс түсімдерді  Ұлттық қорға жіберу керек.

Осыған орай мен Үкіметке 2003 жылдың бюджетін Парламентте нақтылаған кезде артылған қаражатты жинақтауға, сондай-ақ әлеуметтік дамуға  бағыттауды тапсырамын.

Мемлекеттік инвестициялар . Индустриалық- инновациялық даму бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз ететін қаржы институттарын құру мен капиталдандыру мақсатында :

- Даму банкінің жарғылық капиталын ұлғайтуда және оның кредиттік жадығатын молықтыруға – 12 миллиард теңге;

- құрылатын Қазақстан инвестициялыққорының жарғылық  капиталына – 23 миллиард теңге ;

-  құрылатын Инновациялық  қорға – 36 миллиард теңге;

- Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация құру үшін -7.7 миллиард теңге жіберуді ұсынамын.

Жеке инвестициялар .Біздің экономикамыздағы жеке сектордың рөлі барған сайын арта беруге тиіс. Бүгінгі таңда зейнетақы жинақтау жүйесінің жиынтық капиталы 300 миллиард теңгеге жуықтап отыр. Банк жүйесіндегі депозиттер 600 миллиард теңгеден асып түсті.

Банктердің жиынтық меншік капиталы бір жылдың ішінде үштің біріне ұлғайып, миллиард доллардан асып түсті, ал экономикаға берілген кредиттер соңғы үш жылда 4.5 есе көбейді.

Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады.

1.1   Инвестицияның мәні, қызметі.

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция  экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;

Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.

Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.

Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді:

- жеке инвесторлар (жеке адамдар).

- инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары).

Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.

Ал , капитал дегеніміз — тауар өндірісінің жұмыс күші

12345
скачать работу


 Другие рефераты
История возникновения представлений о психике
Қант қызылшасы шығынға батыра бастады
Социология семьи
Қазақстан Республикасында ұйымдасқан кәсiпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ерекшелiктерi


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ