Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры

еттік желісі, көркемдік-бейнелілік жүйесі, лексикалық құрамы түпнұсқадағы қалпын сақтаған деуге болады. Бұған жырдағы сюжеттік құрылымның қарапайымдығы, баяндау әдісінің қалыпты-тұрақтылығы, көркемдік жүйенің түркілік төл дүниетанымнан туындаған табиғилығы себеп болуы мүмкін. Аталған ерекшеліктермен қатар дастандағы мифологиялық элементтердің басымдығы да оны «Қорқыт ата кітабынан» анағұрлым ерте, Түркі қағанаттары дәуіріне дейін дүниеге келген деп пайымдауға мүмкіндік береді. «Оғызнама» жыры ел арасында ертегі іспетті кеңінен таралып, қағазға түспес бұрын қалыпқа түскен болса керек. Аңыздық сипаты басым «Оғызнаманың» тақырып аясы, баяндау-суреттеу әдісі, көркемдік ерекшелігі мүлде басқа мазмұнға лайықталғандықтан, мінәжат мәнді мәтіндердің қамтылуына қолайлы емес. Жырда Оғыздың Тәңіріге жалбарынып отырғандығы айтылатын жалқы сөйлем ғана кездеседі .
«Қорқыт ата кітабының» ауызша тарала бастағаннан хатқа түсіп болғанға дейінгі аралықта бірнеше ғасырлық сүзгіден өткен көп қабатты мәтіні Тәңірлік сенімнің де, ислам дінінің де әсер-ықпалын молынан қамтитыны белгілі. Дегенмен жырлаушылар мен көшірушілердің өзіндік өңдеулері мәтін мазмұнын барынша жатықтырып, оның ислами реңкін күшейткен. «Көңіліне Тәңірім нұр құйған әулие» Қорқыттың алғашқы нақыл сөздерінің өзі мінәжатқа меңзейтін: «Алла, Алла демейінше іс түзелмес, Тәңірі бермейінше, ер байымас» деген жолдардан басталады. Қорқыттың нақыл сөздері де, Аллаға мадағы да, оғызнама жырлары да Алладан дұға тілей отырып берілген батамен аяқталады:
Ақ сақалды бабаңның жатқан жері ұжмақ болсын!
Ақ шашты анаңның жатқан жері жәннат болсын!
Ақыр соңы ар-иманнан айырмасын!
Әумин дегендер Тәңірінің жүзін көрсін!
Хақ алдында бес ауыз сөзбен дұға қылдық, қабыл болсын!
Алланың берген үміті кесілмесін!
Барша күнәңызды аты қасиетті Мұхаммед Мұстафаның нұрлы дидары үшін кешірсін, ей, хан ием!
«Мінәжат қазақ әдебиетінде өзімен мазмұндас, бірақ түркілік тілек салтымен біте қайнасқан «бата» сөзімен өмір сүріп келе жатыр… «Бата» қазақ арасында кеңінен тараған қария-даналардың ұрпағына тілейтін ақ тілегі. Осы бата-мінәжат «Алладан тілеу» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан мінәжаттың исламдық мазмұны мен қазақтың «бата» салты әдемі үйлесім тапқанын көреміз» деген И.Жеменей пікірі орынды пайымдаудан туғанын осы тұста атап айтқан жөн.
«Қорқыт ата кітабындағы» «Қазылық Қожаұлы Икенек бек әңгімесінің баяны» жырында бас кейіпкердің «жаратқан Аллаға сиынып, құлшылықпен мадақтауы» былай беріледі:
Биіктердің биігісің!
Ешкім білмес ұлықсың!
Уа, әзіз Тәңірім!
Сен анадан тумадың,
Сен атадан тумадың!
…Із-түзін білдіртпес білгір Тәңірім!
Зорлығың жоқ ешкімге, ұлы Тәңірім!
Қаһарлансаң қақыратқан Тәңірім!
Бірлігіңе сиындым, Ұлы Тәңірім!
Медет бер!
…Ісімді оңғара көр, Тәңірім!
Жаратушы есімі дәстүрлі ислами-құрандық баламалармен берілген аталмыш мінәжаттың толық мәтінінде Құран персонаждары аталып, ондағы хикаяларға меңзеу жасалады. Мұның өзі Икенек бек атынан айтылатын жалбарыну жырының тұтастай ислами сүзгіден өткенін немесе толығымен бертінде қосылғанын аңдатады. Хронологиялық жағынан дүдәмал мұндай мәтіндер мінәжат жанрының қалыптасуы мен дамуын зерттеуде біршама қиындық туғызады.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны – түркі тілінде туындаған тұңғыш толымды дастан. Әдебиет зерттеушілерінің анықтағанындай, ортағасырлық түркі дастандарына төмендегідей құрылымдық ерекшелік тән:
1.Тәухид (Алланы ұлықтау)
2. Мінәжат (Аллаға сыйыну, жалбарыну)
3. Нағыт (Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабаларына мадақ)
4. Мәдхия (шығарма сыйға тартылатын кісіге мадақ)
5. Сәбәб-и тәлиф немесе сәбәб-и китаб (шығарманың жазылу себебін баяндау)
6. Ағаз-и дастан (негізгі бөлім)
7. Хатима (Қорытынды сөз)
Дегенмен, бұл құрылымдық ерекшелік барлық дастандарда бірізді қалыпта сақтала бермеген, жекелеген бөліктерінің жазылмауы, кейбірінің орын ауыстыруы, ішінара мінәжат жырының дастанның соңына қарай орналасуы кездесіп отырады. Тәухид пен мінәжат секілді бір-бірімен астас тақырыптық бөліктер көбіне қатар келіп, ара-жігі білінбей жымдасып та жатады. «Құтты білік» дастанынан да осы ерекшелікті аңғаруға болады. Жазылу кезеңі исламның біршама орнығып, Қарахан мемлекетінің бас дініне айналған тұсына сәйкес келгенімен, дастанның сыртқы композициясында оқшау тұлғаланған мінәжат жыры кездеспейді. Мұнда Аллаға мадақ айтылғаннан кейін нағытқа кірісер тұста екі бәйіт көлемінде сыйыну сөз айтылған:
Ей, мұңсыз ием, бұл мұңлық құлыңды
Жарылқап, күнәсін кешкін бұрынғы.
Үмітім тек сенде, сиындым саған,
Мұңайған сәтімде қолың соз маған .
Баласағұн дастанында ортағасырлық түркі дастандарына тән құрылымдық тұтастықтың сақталмауының екінші бір себебі аталмыш дәуірде жанрдың толығымен тұлғаланып, құрамдас бөліктерінің айқындалып болмағандығында жатса керек. Қалыптасу кезеңіндегі жанрларда мұндай ауытқулардың кездесуі заңды.
Сонымен қатар жоғарыда аталғандай, мемлекеттік діні ислам болған елде туындаған бұл шығарманың өн бойында өзге сарындармен аралас мінәжат мәнді бәйіттер де кездесіп отырады. Баласағұн дастанының бір ерекшелігі – ондағы тұтастай тарауларды қамтып жататын Өгдүлміш пен Озғұрмыш арасындағы сопылық сыр-сұхбатқа құрылған жырлар болып табылады. Оларда кейде жекелеген бәйіттер күйінде, кейде бес-алты бәйіт көлемінде (3703-3708 бәйіттер, 577 б.) мінәжат мәнді жырлар көрініс тауып отырады.
Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғати-т-түрк» («Түркі тілінің сөздігі») еңбегіндегі өлең мәтіндері көне түркі тайпалары тудырған әдебиет үлгілерінің қатарына кіреді. «Диуандағы» өлең жолдарының жекелеген сөздердің қолданыс ерекшелігін айқындайтын мысал ретінде беріліп, сөздіктің өн бойында шашырай орналасқаны белгілі. Олардың арасында махаббат және табиғат лирикасы, жорық жырлары, жоқтау үлгілері, насихат өлеңдермен қатар таза мінәжат жырлары болып табылмағанымен, мазмұны жөнінен соған жуықтайтын Тәңіріні ұлықтау, оған табыну мәніндегі бірқатар жолдар кездеседі: «Тәңірге тәубе еттік біз» , «Анда болып, Тәңіріне құлдық етер» , «Құт берсе Құдайым құлына, Күн санап ісі алға басады» , «Күн-түн табын Тәңірге, менменсіме, Қорқып Одан именгін, ойнамағын» .
Төл әдебиетіміздің жазбаша туындыларында мінәжаттың дербес жанр ретінде алғаш көрініс беруі ислами әдебиеттің біршама орныққан кезінен – ХІІ ғасырдағы Қожа Ахмет Йасауи шығармашылығынан бастау алады. Отандық йасауитану ғылымында бірқатар іргелі зерттеулер жасалғанымен, бүгінге дейін хикметтердің жанрлық сипаты арнайы ізденіске арқау болып көрген жоқ. Дегенмен Йасауи мұрасын әр қырынан қарастырған зерттеушілер жанр мәселесіне жанама түрде тоқтала отырып, біршама орнықты пікір қалыптастырды. Х.Сүйіншәлиев, А.Ахметбек, А.И.Пылев сынды зерттеуші ғалымдар Йасауидің дастан-толғау, дастан-қисса және сопылық эпос үлгісіндегі хикметтерін бөліп қарастырған. «Диуани хикметте» түркі фольклорынан ауысқан айтыс жанрлық түрінің кездесетіні аталмыш тақырыптағы алғашқы зерттеулерден бастап белгілі. Бұл мәселеге айтыс жанрының тегі мен дамуы жөнінде іргелі зерттеу жүргізген М.Жармұхамедұлы ерекше назар аударған. Йасауи хикметтерінде өлең түрі ретіндегі ғазалдың қолданылғаны бірқатар авторлар тарапынан сөз болғанымен, оның жанрлық ерекшеліктерінің қаншалықты дамытылғаны жөнінде де дәйекті пікір айтыла қойған жоқ. Ал хикметтердегі мінәжат жанрының көріністеріне алғашқы болып назар аударған татар зерттеушісі А.Шарипов: «А.Ясеви можно рассматривать в качестве зачинателя жанра письменного мунаджата на тюркском языке» деп жазған болатын. Отандық ғалым И.Жеменей де өз еңбегінде : «Түркі әдебиетіне мінәжат Қожа Ахмет Йасауимен келді» деп тұжырымдайды . Келтірілген мағлұматтардан «хикмет» ұғымы аясында бірнеше жанрлық түрдің топтасқанын аңғару қиын емес. Солардың ішінде мінәжат жанры «Диуани хикметтегі» әрі жанрлық түр, әрі дербес жанр ретінде тұлғалануымен ерекшеленеді.
Әдебиеттанушы А.Шарипов «хикмет» ұғымы аясында ғазал, қытға, мадақ, мінәжат, муназара, мураббағ сынды бірнеше жанрлық түр мен өлеңдік қалыптардың көрініс тапқанын айтады, оларға біршама түсінік беріп өтеді . Іргелі ізденістерге арқау болар соны идея ұсына отырғанымен автор аталған ұғымдарды талдауда және түсіндіруде араб-парсы поэтикасы заңдылықтарына біржақты бейімделген тәрізді. Біздің пайымдауымызша, Йасауи шығармашылығы арқылы толыққанды сипат алған хикмет жанры – аса күрделі симбиоз жанр. Оның қалыптасуы мен қабылдануын жеңілдеткен басты себеп – аталмыш жанр алғышарттарының түркі поэзиясында ежелден бар болуы дер едік. Әдебиеттанушы ғалым А.Ісімақованың орынды тұжырымдағанындай: «Внешнее литературное влияние не способно что-либо породить, если в самой национальной среде не шел процесс накопления художественно-эстетических средств, которые могли бы быть первопричиной зарождения нового жанра. Прививается лишь то, что так или иначе было уже знакомо по опыту предшествовавшего развития» . Төл әдебиетімізге түбірімен жат жанр ешбір жағдайда берік орнығып, терең тамырласып кете алмасы анық.
Хикмет жанры аясына Йасауи кіріктірген шығыстық жанрлардың бірі мінәжат болып табылатынын жоғарыда айтып өттік. Түркі сопылық поэзиясының бастауында тұрған Йасауи «Диуанының» өн бойы мінәжат мәнді хикметтерге толы. Йасауи хикметтерінің негізгі тіні, өзегі – мінәжат жырлары десек, қателеспейміз. Йасауи мінәжаттары негізінен Аллаға жалбарыну, одан тілек тілеу, баз бір тұстарда Алламен сырласу сарынында жазылған. «Мінәжат» атауымен берілген
1234
скачать работу

Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ