Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры

а, пішіні (аруздық) жөнінен де Йасауи «Мінәжаты» араб-парсылық қалыбын көбірек сақтаған деген тұжырымға келіп отырмыз.
Сонымен, кез келген ұлт әдебиетіндегі секілді жалбарыну мәнді тіркестер, шумақтар мен арнаулар төл әдебиетімізге де ежелден етене екендігін жоғарыдағы талдаулар айқын танытады. Көнеден жеткен ауыз әдебиеті үлгілері, әсіресе эпостық жырлар мінәжатсыз келмейді десек, қателеспейміз. Дегенмен жазба әдебиетіміздегі мінәжат жырларының дербес жанр ретінде тұтастай тұлғалануы Йасауи хикметтерінен басталды деуге негіз бар. Йасауи хикметтері арқылы қалыптасқан мінәжат жанры бертінгі түркі әдебиетінде қастерлі дәстүр ретінде орнықты. Мұның мысалын ауыз әдебиетінен де, жазба әдебиеттен де көптеп кездестіруге болады. Полистадиялық құбылысына негіздеп, фольклор үлгілеріндегі исламдық реңктегі мінәжат жырларын кейіннен қосылған деп қарастырғанның өзінде оларда «Диуани хикметпен» өзара әсерлесу құбылысы бар екенін жоққа шығару мүмкін емес. Хикмет дәстүрімен жырлаған ақындар мен барлық діндар ақындар өлеңдері мінәжатсыз келмейді. Аты аталып, түсі түстеліп тұрмағанымен, жалпы мінәжат мәнді жырлар ортағасырлық түркі әдебиетінің өн бойында өріліп жатыр. Мұхамед пайғамбардың үмбеті санатына енген түркі халықтарының әдебиетінде мінәжат міндетті жанр дәрежесіне көтерілген. Осындай жазылмаған заңның төл әдебиетімізде берік орныққанын мінәжат жанрының сан ғасырлық даму кезеңдері дәлелдейді.
Мінәжат жанрының ортағасырлық әдебиеттегі даму ерекшеліктері
Ортағасырлық әдебиеттегі мінәжат жанрының даму ерекшеліктерін сөз еткенде тоқталып өтпеуге болмайтын бір жайт бар. Бұл – жоғарыда жазба әдебиеттегі мінәжат жанрының негізін салушы ретінде шығармалары толығырақ талданған Қожа Ахмет Йасауи қалыптастырған ақындық мектеп өкілдерінің шығармашылығы. «Түркі тілді діни поэзия» дегеніміздің өзі негізінен сопылық поэзия болып табылады. Діни бағыттың бүкіл ортағасырлық поэзиядағы басты бағыт болғаны, ал «түркі халықтарының лирикалық позэиясы сопылық поэзия негізінде туындағаны» (А.Бомбачи) белгілі. Әлішер Науаиге дейінгі Орта Азиядағы ақындық мектеп – Қожа Ахмет Ясауи мектебі болғанын өз кезегінде көрнекті ғалым Ә.Қоңыратбаев атап көрсеткен болатын .
Қожа Ахмет Ясауидің ақындық мектебінің даму үдерісінде екі сала құбылыс байқалады. Біріншісі – төл әдебиетіміздің, барша түркі халықтары әдебиетінің өн бойында көрініс тапқан сопылық сарын. Ислам өркениетімен біте қайнасқалы бері туындаған ауызша-жазбаша әдеби мұраларымыздың барлығында дерлік осы тақырып орын алған. Жыраулар поэзиясын, кітаби ақындар шығармашылығын, зар заман өкілдері мен бертіндегі ағартушы ақындар мұраларын сопылық сарын көктей өтіп жатыр. Бұл үдеріс төл әдебиеттануымызда біршама зерттелген. Екінші сала – Қожа Ахмет Ясауи негізін салған хикмет жанрын дамытып, ұстаз ақын үлгісімен жырлаған шәкірттер шығармашылығынан құралатын хикметші ақындар мектебі. Бұл мектеп өкілдеріне белгілі бір дәрежеде кәсіби біліктілік тән. Кейбірі ежелгі дәуір әдебиетіне, кейі шағатай әдебиетіне телініп, жүйелі зерттелуін таппаған шығармашылық иелері де осы хикмет жанрында жырлаған ақындар болып табылады. Осы екі саланы біріктіретін «сопылық сарын» ұғымы өз аясында «мінәжат» жанрын міндетті жанр ретінде қамтитыны белгілі. Әсіресе Йасауи ұстаз дәстүрлеріне деген адалдықтан айнымай келген хикметші ақындар шығармашылығы – мінәжат жанрының дамуындағы маңызды белес болып табылады. Сондықтан осы мектептің бірқатар көрнекті өкілдерінің шығармашылығындағы мінәжат жанрының көріністері арнайы тоқталуды қажет етеді.
Йасауи ақындық мектебінің ең көрнекті өкілі – Сүлеймен Бақырғани (Хакім ата). Едәуір бөлігі С.Бақырғани қаламына тиесілі хикметтер болып табылатын «Бақырған кітабы» – «Диуани хикмет» секілді бертініректе құрастырылып, ХVІІІ ғасырға дейін толықтырылумен келген, хикмет жанрында жазылған көптеген шығармаларды қамтыған жинақ. Құл Сүлеймен хикметтері мазмұны жағынан да, өлең құрылысы жөнінен де көп ретте Йасауи туындыларына ұқсас болып келеді. Белгілі бір ілімді ортақ ұғымдар арқылы бірдей жанрда насихаттап отырғандықтан, Бақырғани шығармаларында Йасауи хикметтерімен мазмұндық ұқсастықтардың көп болуы заңды да. Бақырғани туындылары көп жағдайда Йасауи хикметтеріне стильдік еліктеу немесе оларды қайта жырлаудан гөрі нәзирагөйлік үрдіспен жалғастыру, жауаптасу секілді әсер қалдырады. Қос ақынның бірқатар шығармаларының негізгі мазмұндық желісі сәйкес келеді, өзара мәндес сөздермен арнайы қайта жазылғандай әсер қалдырады. Осындай хикметтердің бірі екі ақында да «Рахмат атлығ рахматыңдын» деп басталатын мінәжат жыры болып табылады. Құл Сүлеймен жырлауында ол төмендегіше жалғасады:
Рахмат атлығ рахматыңдын үмідлікмән иләһім,
Қаһһар атлығ қаһрыңдан қорқынчлықмән иләһім.
Қылауызсыз керуендек, из етургән сәрвандек
Құлмын десәм йалғандек, құлым дегіл иләһім.
Ғафу қылғыл азғанны, йолға салғыл йазғанны,
Мендәк йолсыз кезгәнні йолға салғыл иләһім.
Бұлдым қадір түніні, салдым ғафләт тоныны,
Білдім құллық йолыны, қабул қылғыл иләһім .
Құл Сүлейменнің өзіндік мәнер-машығын толығырақ аңдататын мінәжат жыры ретінде «Йә Раббана» хикметін атауға болады. Мұнда ақын сопылық «мәләмәт» (өзін өзі сөгу, айыптау) дәстүрімен жасаған күнәсін санамалай отырып, Жаратқаннан кешу (истиғфар) сұрайды, тәубаға келіп, ақыретте жарылқауын тілейді:
Йә Раббана! Сен кечүргіл мән асийның гүнәһыны,
Ярлақаю бергил мәңа ахиретнің панаһыны.
Нә іш қылдым, йаман қылдым, алимсұндым, харам алдым,
Дәргаһыңа сығнуб келдім йығлайуб қан фирақымны.
Йаманлығым хаддын ашты, мағсиятым толды, ташды,
Міскінлігім мәндін қачды, міндім мәнлік бурақымны.
«Мәнлік» атыға міндім өзім, нәмәһрамға бақты көзім,
Дәргәһыңгә отлұғ йүзім, өчріб иман чырағыны .
Йасауи заманынан төрт ғасыр кейін өмір сүріп, «Шәмси Аси», «Шәмси Кәмина» лақаптарымен танылған хикмет дәстүрін жалғастырушылардың бірі Шәмсатдин Өзгенди (ХVІ ғ.) туындыларына да Йасауи және Бақырғани хикметтерімен көптеген ортақтықтар тән. Бұл ортақтықтар бірінші кезекте сопылық ұғымдарға, тариқат үрдісіне тән қолданыстарға, өлеңдік түрлерге, сөздер мен сөз тіркестеріне қатысты болып келеді. Шәмсатдин мінәжаты ішкі-сыртқы ұйқасқа бай, әуезді де әсерлі тілмен өрнектелген:
Йә Раббана, иғфирләнә,
Асий мән-а, ғафир сән-а,
Мұңлұғ мән-а, эрлік сән-а,
Ажиз мән-а, қадир сән-а.
Сәндін – кәрәм, мәндін – хата,
Мәндін – ситәм, сәндін – ғата.
Бұл асий құлларыңны
Лутфың білән йәпәрсән-а .
Шәмсатдин мінәжатындағы тосын әрі ұтымды қолданыстар аталмыш жанрдағы көркемдік-стильдік ізденістердің арта түскенін аңғартады. Автордың белсенді сөздік қорында көне түркілік түбірлер де біршама сақталған. Ал араб-парсы сөздері Шәмси Аси хикметтерінде Йасауи мен Бақырғаниге қарағанда анағұрлым жиі қолданылған. Өлең құрылысы жөнінен де ақынның кейбір мінәжаттары Йасауи хикметтерінің құрылымын қайталайды:
Ходая, тұтты аләмні гүнәһым,
Кечіргіл язықым, астағфируллаҺ!
Сәнуқсын әувәл ва ахыр гүн аһым,
Кечіргіл язықым, астағфируллаҺ!
Сәңә хазыр көрубән йандым имди,
Ни кем қылмышдарымдын тандым имди,
Сығынып хәзрәтіңә келдім емді,
Кечіргіл язықым, астағфируллаҺ!
Шәмсатдин хикметтері мінәжат жырларына ерекше бай. Мұның өзі ақын туындыларының терең сыршылдығын а

1234
скачать работу

Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ